1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет13/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Лекция - Даурен А.

Гуманистік принцип – ғылыми анықтамаға жүгінсек, ол жоғары адамгершілік. Қоғамдық үрдістің бағасы болып табылады. Әлеуметтік түсініктер бойынша ол, адамның өмір сүруіне жағдай туғызуға бағытталады. Моральдік, адами құндылықтардың ең жоғарғысы – гуманизм. Ол эстетикалық мазмұндылығымен де ерекшеленеді. Адамның физикалық әрекеті мен рухани сұлулығынан көрініс табады. Бұл объектілердің барлығы журналисткадағы гуманистік принциппен ұштасады. Нағыз маман гуманизмнің жалпыға ортақ құндылықтарынан танбауы керек. Ең алдымен, бейбітшілік, демократия, адам құқығы, әлеуметтік прогресс, ұлттық қозғалыс сондай-ақ, кез келген мәдени құндылықтарға сыйластық қажет. Міне, бұл ұғымдар гуманистік принципті ерекшелейді. Сондықтан да қандай жағдай болмасын журналист әрекеті халыққа бағытталуы керек.
Халықтық принцип – бұл принцип баспасөздегі демократиялық тұжырымдарда жетекші орынға ие. Ол ұлттық қызығушылыққа, халықтың негізгі күшіне олардың басты қажеттіліктеріне, көңіл-күйі мен сезіміне келіп саяды. Бұл принциптің маңыздылығы – қазіргі баспа ісінде заң тұрғысынан белгіленген. Журналистикада бұл мәселе екі дүниеге қатысты. Оның бірі – бас редактор тұжырымдағандай баспасөз халық өмірін толық қамти алмайды. Бірақ оның міндеті қоғамға шынайы, сауатты ақпарат беру. Ал оқырман алынған ақпаратты өз талғамымен пайдасына жаратады.
Халықтық принцип патриоттық жоғары күшті бейнелейді. Өз төл мәдениетін қорғауға ат салыспаған маман нағыз журналист деген атаққа ие болуы екіталай. Осы орайда өзге ұлтқа, өзге ұлттың мәдениетіне деген сыйластық сезімі жоғары болу керек. Егер ол ескерілмесе, журналистика шешуі жоқ қақтығысқа түседі. Сонымен, халықтық принцип ұлтқа, ұлттың мәдениетіне деген қарым-қатынаста басты рөлді атқарады.
Әйгілі тарихшы В.О. Ключевский айтқандай: «халық өмірі еш уақытта өткеннен қол үзбей, өмірдің ақ-қарасын бүкпесіз жария ету, қиын да қызық әлемге тура көзбен қарау, әрбір маман диалектикалық ұстанымы арқылы ұлттық мәдени құндылықтар, салт-дәстүрін сақтауына толық құқылы». Бұл принциптер туралы сөз қозғағанда этикалық принциптер қоса ескерілуі қажет. Ол журналистің жалпы қарым-қатынасын, әрекетін реттейді. Бұл этикалық нормалар БАҚ туралы заңда бекітіледі. Бұлардың барлығы журналистік жоғары тәжірибені қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет