1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет15/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Лекция - Даурен А.

«Ақпарат» ұғымының мағынасын былайша таратып айтқанымыз жөн
1. Ақпарат бұқараға бағытталады (яғни қоғамға, халыққа, аймаққа, кәсіп иелеріне т.б.)
2. Қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы көпшілікке қажетті, олардың ойларындағы көкейкесті мәселелерге сәйкес келетін ақпарат болуы керек.
3. Жалпы адамзаттық биік мұраттарға ұмтылдыратын мәселелер бойынша жұртшылықтың біртұтас көзқарасын қалыптастыру қажет.
4. Бұқараның ақпаратқа қол жеткізуіне тиімді жағдай жасалуы (яғни тегін немесе аз ғана төлемақыға ақпарат тарату, жаңалықтарды жеткізудің қарапайым түрлерін пайдалану).
5. Аудиторияның бір мезгілде ақпарат алуын қамтамасыз ету мүмкіндігі. Яғни ақпаратты үздіксіз, тұрақты және мер-зімді түрде жеткізу. Теледидар мен радиода тұрақты уақытта хабарлар беріп отыру, ал газетте айдарлар мен циклдардың, беттердің реттілігін қадағалау.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарына барлық қатысқысы келген азаматтарға ашық мүмкіндік беру.
Журналистік ақпарат – адамзат қалыптастырған жалпы ақпараттың құрамдас бір бөлігі болып саналады. Журналисти-кадағы ақпарат ұғымының басты екі мағынасы бар.
Ақпараттың кең мағынасы – журналистика аудиторияға жеткі-зетін барлық мәліметтердің жиынтығы. Яғни көпшіліктің дү-ниетаным шеңберін ұлғайтатын хабарлар мен жарияланым-дардың бәрі де журналистік ақпарат болып табылады. Мақалалар мен очерктер, телефильмдер мен сазды хабарлар, радиоспектакльдер мен бейнеклиптер, жарнамалар мен теле-көпірлер, баспасөз конференциялары мен брифингтер, сөзжұмбақтар мен хабарландырулар, т.б. – БАҚ жүйесінде қолданылатын материалдардың кең спектрі түгел қамтылады.
Журналистикадағы ақпарат тар мағынасында үш түрлі ұғымды білдіреді:
а) бұл – ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы:
ә) публицистиканың ақпараттық жанрлары: заметка, есеп, репортаж, сұхбат;
б) ең шағын жанр заметканы кейде хабар, ақпар деп атаймыз.


Жалпы журналистикадағы ақпаратты мән-маңызына қарай бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: а) оқиғалы ақпарат; ә) көркем ақпарат; б) публицистикалық ақпарат;
в) анықтамалық ақпарат; г) жарнамалық ақпарат; ғ) көңіл көтеретін ақпарат; д) түсініктемелі ақпарат; е) түсініктемесіз ақпарат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет