1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»


Журналистиканың ақпараттық қызметі



бет16/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Лекция - Даурен А.

Журналистиканың ақпараттық қызметі “Журналист – Текст – Аудитория” тізбегімен айқындалады. Журналист өміріндегі көрініс, құбылыс, оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып материал жазады. Сол материал қағаз бетіне түсіп немесе эфир арқылы аудиторияға жетеді. Аудитория – тыңдаушы, көрермен, оқырман. Бұл қарапайым формула (Ж – Т – А) ақпарат теориясындағы тіке байланыс және кері байланыс ұғымдарынан туындап отыр. Оны кез-келген газет, радио, теледидар тәжірибесінен мысалға келтіріп, көрсетуге болады.
Журналистикадағы бұқаралық-ақпараттық процесс негізгі үш сатыдан тұрады:
1. Болмыстың бейнеленуі, өмірдегі оқиға, құбылыстың кескінделуі;
2.Шығарма тексінің жазылуы;
3. Аудиторияның тексті игеруі.
Журналистік текстің үш қырын сипаттауға болады:
1. Текстің семантикасы (Семантика – грек сөзі – “Semantі-kоs” – “маңызды”, “көрсететін” деген мағынаны білдіреді”. Бұл оның болмыспен қарым-қатынасының сипатын білдіреді.
2. Текстің синтактикасы. (Синтактика – грек сөзі “Sіntaktіkos” – “құрылған” деген ұғымды білдіреді). Бұл текстің ішкі құрылымының сипаты.
3. Текстің прагматикасы. (Прагматика – грек сөзі “pragma” – “пайда, іс” деген ұғымды білдіреді). Бұл текстің аудиториямен қатынасының сипаты.


Журналист тексті дайындағанда мынадай шарттарды ескергені абзал:
а) Ақпаратта хабарланатын жайттар тың да, тосын болуы қажет.
ә) Хабардың аудиторияға түсініктілігі, көпшілікке жетімді болуы.
б) Ақпараттың құндылығы, маңыздылығы ескерілуі керек.


Журналист шығармаларындағы ақпараттың мән-маңызына тақырыбына қарай төрт топқа бөледі.
Бірінші – дескриптивті (descrіptіo – лат. сөзі “баяндау, бейнелеу”) баяндаушы ақпарат. Мұнда негізінен нақты деректерге сүйене отырып баяндау тәсілі қолданылады.
Екінші – прескриптивті (preskrіptіo – лат. сөзі “алдын-ала көре білу”) көзқарастық ақпарат. Мұнда белгілі бір жайт туралы журналист көзқарасы, болжамы қоса беріледі.
Үшінші – валюативті (лат. valeo. итальян valuta – “баға, құн”) бағалаушы ақпарат. Мұндай тексте журналистің белгілі бір жайтқа берген бағасы байқалады немесе деректерді беру әдісінен-ақ бағалаушылық білдіріледі.
Төртінші – нормативті (лат. norma) іскерлік ақпарат. Яғни тексте “Не істеу керек?” деген сұраққа жауап беріледі.
Жалған ақпарат таратушылық та кейбір газет-журнал, беттерінде радио, телехабарларда кездеседі. Оны “дезинформация” деп те атап жүр. Дезинформация – информация жоқ деген сөз емес. Дезинформация жалған ақпарат тарату – ақпараттың ерекше бір түрі болып табылады. Мұндай жалған ақпар тарату – аудиторияны шатастыруды, өмірде болмаған жайт-тарды, бұрмаланған мақсаттар мен құндылықтарды көрсетуге бастайды.
Қазақстан Республикасының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңының 26-бабында көрсетілгендей шындыққа сәйкеспейтін мәліметтерді таратқаны (дезинформация) үшін еліміздің заң актілерімен жауапқа тартылады [23].
1848 жылы Шеннон Ақпараттың материалдық теориясын жасады. Оны Виннер басқару теориясымен ұштастырған. Кейбір теоретиктердің айтуынша: “Ақпарат дегеніміз хабардың ғана сипаты емес, хабар мен оны тұтынушының арасындағы қарым-қатынас сипаты. Өйткені тұтынушыға жеткен соң ғана хабар ақпаратты бөліп шығарады” [22,33].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет