1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет18/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Лекция - Даурен А.

Газет бет сандары оның пішіміне тікелей байланысты. А2 пішімін қолданатын газеттердің беті көбінесе шектеулі. А2 пішімін пайдаланатын саяси – апталық газеттердің саны төрт, алты беттен аспайды. Тек кейбіреулері 8, 16 бетке дейін барады. Газет пішімі азайған сайын беттің көлемінің көбею мүмкіндігі туады.
Газет ішіндегі тақырыптар мен тақырыпшалар үлкенірек қаріппен беріледі.
Тақырыптар төмендегі ережелерге сай келуі керек:

  • Тақырып бағанның бас жағына орналастырылса, одан төмен үш жол бос орын қалуы шарт.

  • Тақырып беттің ортасында орналасса, екі шетінен үш бос жол орын қалуы.

  • Тақырып бір жолға сыймай астына тасымалданса әр жол өз мағынасын жоғалтпауы шарт.

  • Бір беттегі тақырыптар бір қаріп көлемімен алынған жөн.

  • Тақырып қоршауға алынса, оның тура қоршаудың ортасына орналасуын қадағалау керек.

  • Тақырыптың сауатты, дұрыс тасымалдануын қадағалауда маңызды.



Түптеудің негізгі түрлері төмендегідей суреттерде көрсетілген:
1-сурет. Шырша (шартты атау) - бір мақала тігінен орналастырылады (діңгек), қалғандары көлденеңінен бірінің астына бірі орналастырылады (бұтақтары). «Бұтақтары» біреу, екеу немесе одан да көп болуы мүмкін. Түптеудің «шырша» түрін бірінші бетте қолданбаған жөн. Мақала саны төртеуден асып кеткен жағдайда бетте мақала арасындағы бос орындар яғни «қиықтар» көбейіп кетеді.
2-сурет. Бағана– мақалалар бірінің үстіне бірі бағана құрай орналасады, екі бағана арасындағы көлденең бос орындардың бір-біріне тұспа-тұс келмеуін қадағалау керек.
3-сурет.Үйшік– мақаланың бірі көлденеңінен жоғарғы немесе төмен жағынан үйдің шатыры сияқты орналасады. Тағы екі мақала тігінен үйдің бағанасын құрай орналасады. Үйдің қабырғасын тігінен созылған бір мақала құрайды.
4-сурет. Қар–қақ ортада бір мақала орналасады, қалған мақалалар ортадағы мақаланы айнала тігінен, ұзынынан орналастырылады. Беттеудің бұл тәсілін қолдану үшін кемінде бес мақала қажет. Қардың ұтымды тұсы мақалалар арасында бос кеңістік «қиықтар» болмайды.

Бұл жерде түптеу барысында ең көп кездесетін тәсілдер түрі мысалға алынған. Сондай-ақ, бұл тәсілдер мақала мен беттегі орынның ыңғайы келген жағдайда бір бетте араластырылып қойылуы да мүмкін.
Ескерту. Мақала арасындағы көлденең тұратын «қиықшалардан» әрдайым құтылуға болады. Бірақ бір бетке бес мақала орналастырсақ, тігінен пайда болатын «қиықшалардан» қашып құтыла алмаймыз. Тігінен түскен қиықшалар мен көлденеңінен түсетін қиықшалардың арасында таңдау жасайтын болсақ, газет бетінде бос орынның ұзыннан түскені жөн.
Газет түптеуде көп бағанды түптеудің негізгі ерекшеліктері бар.
Айдардың бірінші түрін жай бір бағаналы түптеуде көреміз. Екінші түрдегі айдар жолақты қиып өтетінін ескеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет