1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»


- ТАҚЫРЫП. Журналистика нәтижелілігі және БАҚ аудиториясы



бет26/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Лекция - Даурен А.

10- ТАҚЫРЫП. Журналистика нәтижелілігі және БАҚ аудиториясы


Дәріс жоспары:
1. Нәтижелілік түрлері
2. Тиімділік проблемасы аудитриямен жұмыс нәтижесі ретінде
3. Тиімділіктің шығармашылық факторлары


Тиімділік - ол БАҚ әрекетінің ең басты нәтижесі. Әлеуметтік жүйе ретінде өзін-өзі басқару, өзін-өзі дамыту туралы және журналистиканың барлық мүмкіндіктерін сипаттайды.
Жоғары деңгейдегі нәтижеге жетудің өзі – редакция қызметімен жалпы БАҚ қызметкерлерінінің аудитория өкілдерін қанағаттандыру болмақ. БАҚ әрекетінің нәтижесін бірнеше түрге бөлуге болады. Ол әрекет ету нысаны баспасөздің жалпы БАҚ-тың қоғамға әсер етуімен өлшенеді.
Ғылыми әдебиеттерде бҰл нәтижелерді «тиімділік, әрекеттілік» деген түрлі терминдермен атап жүр. Жалпы нәтиженің әлеуметтік сипатын анықтағанда әрекеттілік термині қолданылады. Қоғамдағы нәтижелілік локальді және кең масштабты болып бөлінеді. Ал, әрекет уақыты бойынша жіктеме жасағанда жақын және алыс нәтижелілік терминдері қолданылады.
Тәжірибелі баспасөз практиктерінің айтуынша, нәтижелілік негізгі және жанама болып екіге бөлінеді. Журналист әректіндегі негізгі нәтижелік - алдын-ала жоспарланғандықтан, одан зор үміт күтуге болады. Жанама нәтижелілік - маман үшін кездейсоқ болатын дүние. Кездейсоқ бұл нәтижелер сыни сипаттағы дүниелердің жариялануынан пайда болады. Кез келген материал аудиторияға әсер етпей қоймайды.
Журналист әрекетінің нәтижесі аудиторияға, адмадарға, әлеуметтік топқа, қоғамдық жүйенің жиынтығына байланысты анықталады.
Нәтиженің мазмұнының маңызы өте зор. Ол бірнеше себептерге байланысты:
1. Әрбір БАҚ-тың әрекеті бір сәтте бірнеше тиімді әрекеттің нәтижесін көрсетуі мүмкін.
2. Шындық өмірдегі өзгерістер баспасөзге тұтас, БАҚ – қа жартылай тәуелді.
3. Журналист әректіндегі нәтижені іздеуде оқырман, көрермен, тыңдарман пікірі ескерілуі міндетті.
4. Әрекеттегі нақты нәтижені анықтауда түрлі ғылым салалары атап айтқанда, әлеуметтану, әлеуметтік психология ұғымдарына сүйену керек.
Қоғамда рухани-идеологиялық институттар мен нәтижелер арасындағы тәуелділікті орнату күрделі. Себебі, журналист әрекеті әкімшіліктік немесе, қандай да бір құқықтық акт емес. Оның мүмкіндіктеріне баға беруде түрлі әлеуметтік міндеттердің түрін атауға болады. Оны қоғамтанушылар теориялық және практикалық деп бөледі. Осы баспасөздегі түрлі қорытындыларды даярлау түріне референдум, жобалау, сараптама, ұсыныс жатады. Бұлар басшылық тәжірибесіне журналистің араласу деңгейімен міндеттері болып табылады.
Референдум – заң тілінен тікелей аударсақ, мемлекеттік маңызды мәселе жөнінде азаматтардың еркіндігінің дауыс беру арқылы көрінуі. Бұдан көріп отырғанымыздай БАҚ заң қызметкерлерінің көмегінсіз әрекет ете алмайды. Баспасөз мұндай бірлескен күштің көмегімен адамдарды ынталандырып, билік басындағылардың әрекетіне бақылау жасайды. Осы тәрізді жобалауда журналистиканың өзіндік лауазымдық міндеттерін өтеуде маңызы зор.
Сараптама – ол қоғамның қызығушылығын оятып, жол бастауда негіз болады. Онда сараптаушы маманның көмегіне сүйену керек.
Ұсыныс – ол көбінесе мәселелік материалдарды талдағанда орын алатын үрдіс.

Аудиторияның БАҚ үшін рөлі, бұл терминнің беретін мағынасы жөнінде түрлі пікірлер орнаған. Алғашында аудитория сот үрдісіне басшылық жасауда пайдаланылған. Бүгінгі таңда, «Вебстер» сөздігінде оған: «тыңдаушылар тобы, оқушы, көруші, тыңдаушы көпшілік»,-деген анықтама берілген. Арнайы ағылшын тілі анықтамалығында: «тыңдарман, көрермен, немесе бақылаушы топ, нақытылай түссек теле, радио, бағдарлама, жарнама құрылымы, ақпарат әрекеті БАҚ-қа байланысты отбасы тобы немесе жеке тұлға», - деген анықтама берілген. БАҚ аудиториясы аралас келеді. Бір дүниені аудиторияға бағыттап шығарғанда ол кімге бағытталған, қалай қабылданады, қандай әсер тудырады деген сұрақтарға жауап іздеу керек.


Көп жағдайда аудиторияны түрлі топтарға жіктеуге болады: әлеуметтік, мақсаттық, шынайы, табиғи т.б. Оның ішінде журналист өз әрекетінде мақсатты немесе шынайы аудитория алдында қашықтықты ұстанады. Мазмұны жағынан БАҚ-тың қай саласы болмасын өз бет-бейнесін шығармашылық,шеберлік қабілетін көруге Ұмтылады. Онда аудиторияның пікірі маңызды орын алады.
Аудитория мен БАҚ арасындағы қатынас журналист маманның әлеуметтік сипатын анықтауда зерттеушілер «журналистика парадигмасы» деген атауды Ұсынады. Көп уақыт бойы аудитория басқару парадигмасы болып табылған. Яғни, бұқара, баспасөз, БАҚ әрекетін реттеуші ретінде танылған. Осындай бірлескен күште яғни, БАҚ-қа қажеттілік еш уақытта жоғалмаған.
Бүгінгі таңда одан да берік парадигмалар бар. Аудитория мен журналистің тең құқылы қатынасы сондай-ақ, коммуникативті танымдық, гуманитарлық парадигмалар бар. Мұнда ең алдымен жеке тұлға, қоғам, баспасөз, рухани жағынан істес болады. Оның басты негізі - жалпы қоғамның шынайы қызығушылығы. Автор да, оқырман да еркін. Олардың өзіндік қарым-қатынасы тең дәрежелі. Өз пікірлерін ортаға салуға құқылы. Әрқайсысына шамалы қателік жасауға да болады. Тек сол қателік әшкереленгенде өз әрекетіңді мойындау шарт. Мұнда ортақ мақсат шындыққа ұмтылу бірақ бұл парадигма реттеу құралдары, шынайы өмірде үстірт абстрактілі көрініс табады да, тәжірибеде іске аспай жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет