1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет22/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Лекция - Даурен А.

Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.

  • Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

  • Сюжеттік шиеленіс - адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты.

  • Сюжеттің шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы.

  • Сюжеттік шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.

    Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.


    Лид (журналистика) – қарапайым, түсінікті жазылған ең бірінші, ең алғашқы екі сөйлем. Яғни мақаланың басы Лид деп аталады. Лидтің мақсаты – оқырман назарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны ояту.
    Лид  – бүкіл материалдың түйіндемесі іспетті мәтіннің бірінші абзацы. Мақала атауынан кейін оқырман ең алдымен лидті көреді.
    1. Лид тартымды болуы тиіс. Материалдың ең ойға келмейтін, қызықты тұжырымдарын сонда шығарыңыз.
    2. Лид материалдағы бастысынан хабар беруі тиіс. Басты ой, басты идея, басты кейіпкерлер.
    3. Лид ең көп дегенде бес сөйлеммен жазылады. Бір сөйлеммен жазсаңыз да, не шағын әңгіме қылып жазсаңыз да болады.

    Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабар беріледі.


    Қысқа хабар беру 2 түрлі болады: қатты, жұмсақ.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет