1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»


Радиода сөз сөйлеу монолог, диалог



бет24/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Лекция - Даурен А.

Радиода сөз сөйлеу монолог, диалог түрінде келуі мүмкін. Ал монолог дегеніміз не және ол радиода қалай беріледі?

  • Монолог – жеке адамның өз сөзі, ойы болып табылады. Мысалы, монолог түрінде микрофон алдындағы әңгіменің, комментарийдің, сөз сөйлеудің және корреспондент әңгімесінің көп бөлігі өтеді. Тіпті, кейде репортаждың өзі монолог түрінде беріледі. Монолог – радионовелла, радиохат сияқты хабар түрлерінде қолданылады.

  • Бұған керісінше диолог – екі немесе одан да көп адамның микрофон алдында сөйлесуі, әңгімелесуі.

Радио тілінен жай сөйлесу тілін қалай айыруға болады? Радио тілі деңгейіне көтерілмеген сөйлесу сөздері ресми емес, дайындықсыз болып келеді.
Радиомәтіннің интонациялық нормасынан қажетсіз ауытқуға жатады.
Радиосөзде [билемай отыр], [келемай қалды], [барамай жүр], балдар, баллар т.б. тєрізді сөйлеу тіліне тән элементтерді уәжсіз қолдану радиомәтіннің нормасына жат болып есептеледі. Өйткені, радиосөз әлеуметтік бағдарды негізге алған қарым-қатынастың түріне жатады.
Радио сөйлеушінің, яғни Коммуникатор айтып отырған ақпаратты көрермендерге ақпаратпен қоса кәдімгі өмірдегідей «тілдесетін», «пікірлесетін» «әріптестік» керек. Өзі айтып тұрған жайды жетік білуге, ағынан жарылып сөйлеуге және өзі айтып отырған нәрсесіне сенімді болуға тиіс.

Журналистикада ең алдымен телехабар әзірлеу оңай болғанымен оның ұсақ-түйегі болмайды. Телехабар ең алдымен көрермен үшін қызмет етеді.


Тележурналисттің құралы –сөз, сурет, музыка, табиғи дыбыстар, сан реңктегі көріністер. Телередактор осының бәрін бейнелік,көркемдік әрекетке келтіре,кейіпкер ой-түйсік тұрады.
Телематериалдарды эфирге шығаруда бірқатар жұмыс үрдістері жүзеге асады. Атап айтқанда, эфирге шығару алдында қандай да бір материал болмасын оның сценрийі әзірленеді.
Сценарий – теледидардағы сценарий туралы әңгімені тақырыптан бастау орынды. Сценарийге дайындық барысында журналистің жұмысы да кезең кезеңімен өрбиді. Автор сценарий ісіне ене отырып сонымен бір мезгілде оның композициялық шешімен іздейді.
Сценарийге дерек алудың жолы сан алуан олардың бастылары:
- кезекті сапардан оралған редекция қызметінің қызғылықты әңгімесі,
- журналистердің редакцияда отырыста бір бірімен тікелей пікір алысуы,
- белгілі адамдардың өз ісінің маманымен жауапты қызметін үзбей кездесу,
- газет, журналдардың тұрақты өткізіліп тұрған шығармашылық семинары.
Материалды жинақтаудың көздері;

  • жеке тәжірибе,

  • байқау және ойлау

  • сұхбат және әңгіме

  • оқу

Тележурналистиканың бағдарламалары сан алуан. Мәселен, сараптамалық, авторлық бағдарламалар өз көрермендерімен тиісті бағдарламалар бойынша бөлісіп отырады. Теледидар, радиода да ерекшеліктер де көптеп кездеседі. Телефон мен радио байланысында, теледидар мен радиода, дыбыс жазу жүйелерінде қолданылады.


Студия - арнайы жабдықталған бөлме Студияның іші арнайы дыбыс өтпейтіндей етіп, шудың таралуын төмендететін,дыбыстың шағылуын бәсеңдететін материалдармен қапталып, арнайы құрылыс материалдармен көмкерілген. Көлеміне, атқарытын қызметіне жабдықталуына қарай концерттік, әдеби-драмалық және сөз жазуға арналған студиялар болады.
Студия - микрофон, дикторлық пульт, қосымша дауыс күшейткішпен жабдықталған. Микшерлік пультке орналасқан тетік арқылы Микрофондық байланыс жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет