4.3.1. ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ, ТІРКЕМЕЛЕР МЕН ЖАРТЫЛАЙ ТІРКЕМЕЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Бортты жүк көлігі шанағының діңгектері мен тақтайшалары сынбаған болуы керек. Шанақтың борттары еркін ашылып, оның ілгектері мен тиектері өздігінен ашылып кетпейтіндей, автомобиль қозғалысы кезінде жүк түсіп қалмайтындай, зақымдалмаған болуы қажет.
Жолаушыларды тасымалдау үшін бортты жүк көлігінің шанағын міндетті түрде отырғызу мен түсіруге арналған баспалдақтармен немесе қапсырмалармен, борттардың үстіңгі шетінен ең кемі 15 см жоғары орналастырылған еденнен ыңғайлы биіктіктегі орындықтармен жабдықтайды. Артқы жəне борттардың бойымен бойлай орналастырылған орындықтар мықты арқалықтармен жасақталады. Борт тиектерінің мықтап бекітілуін қадағалау қажет. Тасымалданатын адамдардың саны отыруға арналған орындардың санынан асып кетпеуі қажет.
Жолаушылар тасымалдауға арналған жүк көлігі бəсеңдеткішінің сыртқа шығаратын құбыры автомобиль шанағының габаритінен 30...50 мм-ге сыртқа шығарылады.
Міндетті алып жүруді қажет ететін жүктерді тасымалдауға арналған фургон типтес автомобильде, сонымен бірге шанағында алып жүретін адамдары бар бортты автомобильде шанақтағы борттың оң жақ артқы бөлігіне жұмсақ орындық қосымша орнатылады.
Ұзын өлшемді жүктерді тасымалдайтын тіркемелер, жартылай тіркемелер мен автомобильдер жүк пен кабинаның арасына орнатылған зақымдалмаған, қайтармалы тіректермен жəне қалқандармен жабдықталады. Бұл көлік құралдарында автомобильдің жүксіз қозғалуы кезінде айналдыратын шеңберлерді бекітуге арналған жабдықтармен жасақталған айналмалы шеңберлер қарастырылуы тиіс. Ілініс құрылғысының техникалық жағдайы тіркеменің тартқыштан бөлініп, үзіліп кету ықтималдығын жоққа шығаратындай болуы қажет.
Бір білікті тіркемелер (бір білікті жəне көп білікті тарқатпалардан басқа), сондай-ақ тежегіші жоқ тіркемелердің ілініс құрылғысы сынған жағдайда тіркеменің бөлініп, үзіліп кетуін жоққа шығаратын сақтандырғыш (апатты) шынжырлары мен темір арқаулары болуы қажет.
Бортты тіркеменің шанағы да жүк көлігі шанағына қойылатын талаптарға сай болуы тиіс. Барлық бортты тіркемелердің тіркеменің тартқыштан ажыратылуынан кейін тіркемені ұстап тұратын мықты қол тежегіші болуы керек.
Жартылай тіркемелерді оңай көтеріліп, түсетін, тартқыш-автомобильден ағытқаннан кейін алдыңғы тірек ретінде қызмет ететін ақаусыз құрылғылармен, ақаусыз ер-тоқым құрылғысымен жəне аялдау тежегішімен жабдықтайды.
Жүкті өзі аударатын автомобильдер мен жүкті өзі аударатын тіркемелерде көтерілген шанақтың өз-өзінен түсіп кету ықтималдығын болдырмайтын қажетті беріктіктегі ақаусыз тірек құралдары болуы керек. Артқы жəне қапталдағы борттарда олардың өздігінен ашылып кетуіне жол бермейтін жəне нығыздап жабылуын қамтамасыз ететін құрылғылар қарастырылады.
Өрт қауіпті жүктерді тасымалдайтын автомобильдердің бəсеңдеткішінің сыртқа шығатын құбыры шанақтың астынан өтпеуі керек; оны сыртқа шығатын тесігін төмен қарата отырып, автомобильдің алдыңғы жағының астымен оң жағына қарай шығарады.
Қауіпті заттарды тасымалдауға арналған автомобильдерді Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау жəне сақта кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес өрт сөндіру құрылғыларымен жəне құралдарымен қосымша жабдықталады.
Тұтанғыш сұйықтықтарды тасымалдауға арналған цистерналы автомобильдерде сұйықтық ағатын сызаттар болмау керек, оларды металл жерге қосқыш баулармен, іске қосылмаған түтік құбырларды бекітуге арналған аспаптармен, екі көмірқышқыл өрт сөндіргішімен жəне күрекпен қамтамасыз етілуі қажет.
Шанақтағы жүкпен бірге жүк тиеушілерді тасымалдауға (қауіптілігі аз жүктерден басқа –кеңінен қолданылатын тауарлар, көкөністер жəне т.б.) рұқсат етілмейді.
Тұтанғыш, тозаңданғыш жəне қауіпті жүктерді артатын орынға тасымалдау қажет, тек механизация құралдарын қолдану арқылы ғана артуға немесе түсіруге рұқсат етіледі.
Үйінді түрінде тасымалданатын жүк шанақ бортының биіктігінен асып кетпеуі керек. Шанақ бортының биіктігінен асып кеткен даналап саналатын жүктерді арқандармен жəне жіптермен байлап, бекіту қажет. Жүктың биіктігі жолдың бетінен ең жоғары 3,8 м болуы тиіс. Даналап саналатын жүкті шанақтың бетімен ары-бері сырғымауы үшін бір-біріне тығыз етіп орналастыру қажет. Дөңгелек бөшкедегі жүкті артқан кезде оларды сырғауылмен домалатып шығарған жөн. Сұйық зат құйылған жүкті тығыны жоғары қарап тұратындай етіп орналастырады, сонымен қатар, əр қабатты (қатарды) тақтайлардан тұратын төсемелерге орналастырады. Шыны ыдыстағы сұйықтық түріндегі жүкті тігінен тұрғыза орналастыру қажет, бірбірінің үстіне қабаттастыра артқан жағдайда төсемелер төсеу керек. Қаптар мен қанарларға салынған жүкті өзара байлай отырып, қатарластыра орналастырады. Шыны ыдыстағы қауіпті жəне күйдіргіш сұйықтықтарды жүк арту орнына дейін арнайы жабдықталған арбаларда, зембілдерде, т.с.с. жеткізіп, оларды бір мезгілде екі жүк тиеуші артуы тиіс.
Газ құйылған баллондарды жүк тиеу орнына тасымалдау, түсіру жəне басқа орынға тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін, олардың шайқалып, не болмаса, соққы алуының алдын алу үшін ерекше сақтық шараларын қолданған жөн: апару үшін арнайы арбаларды қолдану, баллондарды автомобиль шанағына көлденең орналастырып тасымалдау кезінде арнайы стеллаждарды қолдану, немесе тігінен орналастырып тасымалдау кезінде арнайы контейнерлерді қолдану керек; сонымен қатар, баллондарды тікелей күн көзінен сақтау қажет, оттегі жəне ацетилен құйылған балллондарды бірге тасымалдамаған жөн.