4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет20/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

4.4. АВТОМОБИЛЬДЕРГЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

КӚРСЕТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖӚНДЕУ КЕЗІНДЕ
ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ
ТАЛАПТАРЫ






4.4.1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жəне оларды жөндеу жұмыстары қажетті құрылғылармен, құралдармен, аспаптармен жəне керекжарақтармен жабдықталған бекеттерде арнайы бөлінген техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу аймақтарында жүзеге асырылады. Техникалық қызмет көрсету əмбебап немесе маманандырылған бекеттерде немесе лекті желілерде жүзеге асырылады.
Ағымдық жөндеу жұмыстары, əдеттегідей, мамандандырылған бекеттерде жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу бекеттері ҚНжЕ талаптары сақтала отырып орналастырылуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсетуге жəне жөндеуге жолданған автомобильдер жуылып, шаңнан жəне қардан тазартылған болуы шарт. Автомобильді техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу бекеттеріне қою жауапты тұлғаның (шебердің немесе телім бастығының) жетекшілігімен жүзеге асырылады. Автомобильді бекетке қою кезінде оның аялдау тежегішін басып, оталу тетігін өшіріп немесе дизельді автомобильдерде жанармайдың берілу тетігін жауып, беріліс қорабында ең төменгі берілісті іске қосып, дөңгелектерінің астына арнайы тіректерді (тоспаларды) қою керек.
Меңгеру дөңгелегіне «Қозғалтқышты іске қоспаңыз – адамдар жұмыс істеуде!» деген жазуы бар хабарлама тақтасын іліп қойған жөн. Автомобильге көтергіште қызмет көрсету кезінде көтергішті басқару пультіне «Тиісуге болмайды – автомобильдің астында адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазуы бар хабарлама тақтасын міндетті түрде іліп қояды. Іске қосылып тұрған (гидравликалық) көтергіштің тығынжылы тірекпен бекітілген болуы қажет.
Лекті желілерде техникалық қызмет көретуді ұйымдастыру кезінде желіде жұмыс істеп жатқандарды автомобильдің орнынан қозғала бастағанын ескертетін дабыл жүйесі құрылғысын қарастырған жөн.
Иінді білікті айналдырумен байланысты жұмыстар кезінде оталу тегінің өшірілгенін немесе дизельді көліктерде жанармайдың берілуі тоқтатылғанын, беріліс қорабының бейтарап күйде орналасқанын жəне аялдау тежегішінен шығарылғанын тексеру қажет. Жұмыстар орындалғаннан кейін автомобильді аялдау тежегішіне қойып, төменгі берілісті қайта іске қосу керек.
Техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу бекеттерінде автомобильдің қозғалтқышын іске қосуға тек айдаушы-жүргізушінің, ұсталар бригадирінің немесе арнайы нұсқаулықтан өткен жəне бұйрық бойынша арнайы тағайындалған жұмыскерге ғана рұқсат етіледі.
Қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылар қажетті құралдармен жəне керек-жарақтармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Байқау шұқырынан, көтергіштен немесе эстакададан тыс жерлерде автомобильдің астында жұмыс істеу кезінде жұмысшыларды жатақ тақтайлармен қамтамасыз етеді. Автомобильдің, тіркеменің немесе жартылай тіркеменің бір бөлігін көтеру механизмдерінің көмегімен іліп қою барысында алдымен көтерілмейтін дөңгелектерінің астына арнайы тіректерді (тоспаларды) қойып, сонан соң, автомобильді іліп қойып, ілінген бөлігінің астына төмпешіктер қойып болған соң, олардың үстіне автомобильді түсіру қажет.
Техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу кезінде мыналарға тыйым салынады:
■ Тек көтеру мехнизмдерінде ғана ілініп тұрған автомобильде (тіркемеде) қандай да бір жұмыстарды жүргізуге. Дөңгелектерді шешумен байланысты жұмыстарды орындау кезінде ілініп тұрған автомобильдің (тіркеменің) астына төмпешіктерді, ал шешілмеген дөңгелектердің астына тіректерді (тоспаларды) қою талап етіледі;
■ ілініп тұрған автомобильдің (тіркеменің) астына төмпешіктердің орнына басқа кез-келген заттарды қоюға;
■ қоректендіру жүйесін реттеу немесе қозғалтқыштың электр жабдығын реттеу немесе тежегіш жүйені тексеру жұмыстарынан басқа кездерде қозғалтқыштың іске қосылған күйінде жұмыстар жүргізуге;
■ автомобильді тіркеу арқанның ілмегінен көтеруге (іліп қоюға);
■ сол көтеру механизмінің техникалық сипаттамасында көрсетілген жүк салмағынан артық салмақтағы жүкті көтеруге;
■ агрегаттарды темір арқанмен немесе шынжырмен байлап қана, арнайы қармауларсыз түсіруге, орнатуға немесе тасымалдауға;
■ жүкті өзі түсіретін автомобильдің арнайы тірек қойылмаған көтерілген күйдегі шанағының астында жұмыс істеуге;
■ жүкті өзі түсіретін автомобильдің шанағын көтеру кезінде қосымша арнайы тіректің орнына кездейсоқ тіреуіштерді қолдануға;
■ жүкті өзі түсіретін автомобильдің жүк тиелген, көтерілген шанағын тіректермен бекітіп қоюға.
Шанақтары биік автобустар мен жүк көліктерін жөндеу жəне оларға қызмет көрсету кезіне жұмысшыларға баспалдақтарының ені кемінде 15 см болатын баспалдақ-сатымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жанама баспалдақты қолдануға рұқсат етілмейді.
Бұрылмалы стендте (аударғышта) жұмыс істеу кезінде оған автомобильді алдын-ала мықтап бекіту керек, автомобильдің жанаржағармай бактарындағы жанармайды, суыту жүйесіндегі сұйықтықты жəне басқа жүйелерінегі сұйықтықтарды төгіп тастау керек, сонан соң қозғалтқыштың құятын аузын мықтап жауып, аккумулятор батареясын шешіп алу қажет.
Салмағы 15 кг-нан (əйелдер үшін – 10 кг-нан көп емес) детальдарды, тораптарды жəне агрегаттарды шешу жəне орнату үшін арнайы тұтқыштармен жабдықталған көтергіш-көлік механизмдерін қолданған дұрыс.
Тасымалдауға арналған арбаларда құлап кетудің немесе өздігінен жылжуының алдын алатын тіректер мен тіреуіштер, сақтық агрегаттары болуы тиіс.
Тез тұтанатын, жарылғыш қауіпті, уытты жəне басқа да қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған цистерналы автомобильдерді, сондай-ақ, оларды сақтауға арналған резервуарларды жөндеуден бұрын жоғарыда аталған өнімдердің қалдығынан алдын ала тазартып алу қажет. Бензин жəне басқа да тез тұтанатын жəне улы сұйықтықтарды тасымалдағаннан кейін цистернаның немесе резервуардың ішінде тазалау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмыскер арнайы киіммен, газқағармен жəне жібі бар құтқару белдігімен қамтамасыз етілуі шарт.
Резервуардың сыртында арнайы нұсқаулықтан өткен көмекші тұруы тиіс. Резервуардың ішіндегі жұмысшының белдігіне мықты арқан байланады да, оның екінші ұшы люк арқылы сыртқа шығарылып, мықтап байланады.
Сыртта тұрған көмекші болса, резервуардың ішіндегі жұмысшыны бақылап, оны сақтандырып отыруы керек. Жанғыш сұйықтықтарға арналған жанармай бактары, жанармай құю бағаншалары, резервуарлар, сорғыштар мен басқа да ыдыстарды олардың ішіндегі сұйықтықтардың толығымен жойылып, тазаланғанынан кейін ғана жөндеуге болады.
Диагностика, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу бекеттеріне, сонымен қоса тежегіштерін тексеру үшін, автомобильді жеткізу үшін кəсіпорын бұйрығымен тағайындалған арнайы жүргізуші (айдаушы) бөлінуі қажет.
Автомобильдерге техникалық қызет көрсету жəне оларды жөндеу аймақтарында мыналарға тыйым салынады:
■ автомобиль мен агрегаттарды тез тұтанатын сұйықтықтармен сүртуге;
■ ауысымдқ қажеттіліктен артық мөлшерде тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш заттарды (жанармай, майлау заттары, бояу-сыр, резина материалдары, техникалық сұйықтықтар, т.с.с.) сақтауға;
автомобильге жанармай құюға;
■ таза сүртетін материалдарды пайдаланғандармен бірге сақтауға;
■ стеллаждардың арасындағы өтетін жолдарды жəне ғимараттан шығатын есіктерді материалдармен, құрылғылармен, ыдыстармен, агрегаттармен, т.с.с. үйіп тастап, бөгеуге;
өңделген майды, жанармай мен майлау материалынан босаған ыдыстарды қолдануға;
■ шаңды, жоңқаларды, үгінділерді, ұсақ бөлшектерді сығылған ауамен үрлеуге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет