4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі


АВТОМОБИЛЬДЕРДІ, АГРЕГАТТАРДЫ ЖӘНЕ



бет22/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

4.4.3. АВТОМОБИЛЬДЕРДІ, АГРЕГАТТАРДЫ ЖӘНЕ
БӨЛШЕКТЕРДІ ЖУУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
ШАРАЛАРЫ
Автомобильдерді, агрегаттарды жəне бөлшектерді жуу кезінде келесі талаптардың сақталуы шарт:
■ жуу жұмыстары арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырылуы тиіс;
■ автомобильдерді механикаландырылған жуу кезінде жуушының жұмыс орны су өтпейтін кабинада болуы керек;
■ ашық құбыршекпен (қолмен) жуу бекеті кернеулі ашық тоқ өткізгіштер мен құрылғылардан оқшауланған аймақта
орналастырылуы қажет;
■ жуу бекетіндегі (теліміндегі) электр сымдары, жарықтандыру көздері мен электр қозғалтқыштары саңылаусыз, бүтін күйде болуы қажет;
■ жуу қондырғылары агрегаттарын электрлі басқарудың вольты төмен болуы керек (42 в-дан көп емес).
220 В жуу құрылғыларын басқару тетіктері мен магнитті босатқыштарды электрмен қуаттауға келесі шарттарда ғана рұқсат етіледі:
■ есіктерді, шкафтарды ашқан кезде магнитті босатқыштардың механикалық жəне электрлі құрылғылардың бұғатталуы;
■ іске қосу құрылғылары мен сымдардың гидрооқшаулануы;
қаптамалардың, кабиналар мен аппаратуралардың жерге қосылуы немесе істен ажыратылуы.
Автомобиль агрегаттары мен бөлшектерін жуу кезінде келесі шарттардың сақталуы талап етіледі:
■ этил бензинімен жұмыс істейтін қозғалтқыштарды тетраэтилқорғасынның қабатталуыларын керосинмен немесе басқа да бейтараптандырғыш сұйықтықтардың көмегімен
бейтараптандырылуынан кейін ғана жууға рұқсат етіледі;
■ сілтілік ерітінділердің шоғырлануы 2,5 %-дан аспауы тиіс;
■ сілтілік ерітіндімен жуғаннан кейін міндетті түрде ыстық сумен шаю керек;
■ салмағы 15 кг-дан асатын (əйелдер жұмыс істеген жағдайда – 10 кг) агрегаттар мен бөлшектерді жуу бекетіне жеткізу жəне жуу қондырғыларына орналастыру мехникаландырылған тəсілмен жүзеге асырылуы шарт.
Керосинмен немесе технологияда қарастырылған басқа да жуу құралдарымен бұлау арқылы жуудан кейін қақпақтармен жауып қою керек.
Тыйым салынады:
■ бөлшектерді жанғыш сұйықтықтармен жуғаннан кейін ғимаратта ашық отты қолдануға;
■ автомобильді ысқылау үшін жəне бөлшектерді жуу үшін бензин қолдануға.
Жуу бекеттеріндегі аппарельдердің, басқыштардың, өткелдердің беті кедір-бұдырлы (елеусіз ой-шұқырлы) болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет