Ескерту. Жұмысқа кіріспес бұрын құралды жермен жалғастыру керек
Балқымалы қорғағыштың дұрыс орнатылғанын тексеру керек.
FRM-14 миллисекундомердің ұяларына фотоэлектрлік датчик пен электромагнитті тіркеу керек.
Құралды мұқият горизонталь тұратындай етіп орналастырып электр желісіне қосу керек.
”Cеть ”деген клавишті басып құралдың өлшеуіш бөлігінің индикаторы “0”-ді көрсетіп тұрғанына және фотоэлектрлік датчиктің лампалары жанып тұрғанына көз жеткізу керек.
Құралдың рамкасына зерттелетін жүкті (денені) бекітіп рамканың стрелкасын электромагнитке жақындату керек, сонда электромагнит рамканы белгілі бір жағдайда ұстап тұрады.
”Cеть”деген клавишасын басып, құралды іске қосу керек. Маятник “10” тербеліс жасап болғаннан кейін “стоп” клавишасын басып, маятникті тоқтату керек. Маятниктің тербеліс саны мен оған кеткен уақытын индикатордан жазылып алынады. Тербеліс периоды (8)-ші өрнек арқылы анықталады.
Осындай өлшеулерді құралдың комплектісінде берілген барлық жүктер үшін және жүктер бекітілетін әртүрлі осьтер үшін орындап, қажетті есептеулерді жүргізу керек.
Y x Z a 2 B 2 C 2 T 2a a 2T 2 B 2T 2 c 2T 2 .100
a2 B2 C2 Ta2. Мұнда a, b, c,-жүктің өлшемдері, T-айналым өсі а жүктің табаны мен төбесіне өтетін кездегі системаның тербеліс периодтары.