А. К. Ершина, А. Шақарбекқызы, Н. Байтұрсын



бет2/25
Дата21.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#478127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Mehanika paninen zerthanalik zhumistar 2016 Ershina 2

СТАТИСТИКАЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР



    1. Жұмыстың мақсаты: Тікелей өлшеу нәтижесін өңдеу әдістерімен танысу.




    1. Қысқаша теориялық кіріспе

      1. Өлшеудің қателіктері және оны классификациялау.

Физикалық бір шаманың шын мәні
x0 болсын. Бұл

шаманы өлшесек, әдетте,
x0  ден басқа нәтиже аламыз. Егер

өлшеу саны көп болса, олардың нәтижесі тек қана
x0ден де

емес, өзарада бөлек болады. Өлшеу нәтижелерін x1 , x2 , x3 , … xn
деп белгілейік. Онда

xi
xi x0i  1,2,...n
(1.1)

айырмасы өлшеудің абсолюттік қателігі деп аталады. Оның өлшем бірлігі өлшеніп отырған шаманың өлшем бірлігімен сәйкес келеді. Қателікті қасиеттеріне байланысты систематикалық, кездейсоқ және ағаттық деп бөледі.

      1. Бір шаманы қайталап өлшегенде тұрақты болып қалатын немесе белгілі заңдылықпен өзгертетін қателіктің бөлігін - систематикалық қателік деп атайды. Мысалы, өлшегіш сызғыштың шакаласы біркелкі емес, термометр капиллярының әр бөлігіндегі диаметрі әртүрлі, таразының екі басы теңгерілмеген, тоқ жоқ кезде амперметрдің стрелкасы нөлде тұрмауы мүмкін. Кейде бұл қателіктерді ескеріп өлшеу нәтижесіне түзету енгізуге болады (мысалы, тоқ жоқ кездегі амперметрдің стрелкасының көрсетуін нөлден айырмашылығын ескеруіміз керек).

Систематикалық қатені эксперимент арқылы анықтауға болады. Ол үшін берілген нәтижені басқа әдіспен алынған өлшеу нәтижесімен немесе дәлірек өлшеу құралдарымен алынған нәтижемен салыстыру қажет. Әдетте систематикалық қателікті өлшеу құралдарының белгілі қасиеттеріне сүйеніп

өлшеу шарыттарын талдау арқылы теориялық түрде шамалауға болады.

      1. Ағаттық- тәжірибе (өлшеу) жүргізуші адамның салақтығының салдары. Мысалы, өлшеуіш нәтижелері қате жазылуы мүмкін, прибордың көрсетуі дұрыс жазылмауы мүмкін т.с.с. Егер ағаттық байқалса, оның өлшеу нәтижесін есептеуге енгізбеу керек.

      2. Кездейсоқ қателіктер - өлшеу шарттарының кездейсоқ өзгеруі нәтижесінде пайда болатын қателіктер. Бұл жағдайда өлшеу нәтижелерінің бір-бірінен алшақтығын алдын- ала анықтауға болады, олар белгілі заңдылықпен өлшеу саны көп болғанда анықталады.

      3. Кездейсоқ қателіктері бар тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері. Бірдей жағдайда N рет өлшеу

жүргізілсін және xi i  ші өлшеудің нәтижесі болсын.
Өлшеніп отырған шаманың ең ықтималды мәні оның орташа арифметикалық мәніне тең:
I N


N
x  xi
i1
(1.2)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет