Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет45/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Жұмалиев Қ. Абайдың сөз өнері // Абайтану.Таңдамалы бектер. 
XXXIX том. Ойлар мен толғаныстар / Жалпы ред. басқ. Ж.Дәдебаев. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 80-94-бб.
2. Майтанов Б. Абай және уақыт тұғырнамасы // Абай институтының ха-
баршысы. – 2010. – №1. – 79-83 бб. 
3. Лотман Ю. Структура художественного текста. – СПб: Искусство. 
1998. – С. 285.
4. Бахтин М.М. Формы времени и хронотопа в романе // Бахтин М.М. 
Собрание сочинений. Т. 3. Теория романа (1930-1961 гг). – М.: Языки 
славянских культур, 2012. – С. 340-511.
5. Аристотель. Поэтика / Пер. М.Л. Гаспарова // Аристотель. Сочинения: 
В 4-х т. Т. 4 / Пер. с древнегреч.; Общ. Ред. А.И. Доватура. – М.: Мысль, 
1983. – С. 645-680.
6. Дәдебаев Ж. Абайдың көркемдік әлемі // Абайтану. Таңдамалы еңбек-
тер. L том. Ойлар мен толғаныстар / жалпы ред. басқ. Ж.Дәдебаев. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 37-91 бб.
7. Абай шығармашылығы және қазіргі қазақ әдебиетінің қалыптасуы. 
Көп томдық. Том І. Дәдебаев Ж. Абайдың шығармашылық даралығы. 
Ойлар, толғаныстар, талдаулар. – Нұр-Сұлтан: БиКА, 2021. – 307 б.
8. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жи-
нағы. І том. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Ғылым, 1977. – 454 б.
9. Темірболат А.Б. Категории хронотопа и темпорального ритма в лите-
ратуре. Монография. – Алматы: Ценные бумаги, 2009. – С. 504.


208
Жансая ОРАЗБАЕВА
АБАЙТАНУ: АВТОР-МӘТІН-ТЫҢДАУШЫ ҮШТІГІ
Абай шығармашылығы – терең зерттеуді қажет ететін, 
адамзаттың көзқарасы мен түсінігі ауысқан сайын жаңаша қа-
былданатын ерекше құбылыс. Оның мәні мен мағынасын ұғу 
үшін әр сөздің астарына үңілу керек болады. Абай шығарма-
ларында сөзін ұғынатұғын тыңдаушы жоқтығын жиі айтады. 
Дегенмен, өлеңдер де, қарасөздер де белгілі бір тыңдаушылар 
тобына арналғаны белгілі. Мақалада автор-мәтін-тыңдаушы 
үштігіндегі тыңдаушы теориясы талқыланды. Тыңдаушының 
көркем шығармаға қатынасы туралы біраз зерттеушілер түр-
лі пайымдаулар жасаған. Көркем шығарманы автор жазғанмен 
тыңдаушының мәтінге әсері болады екен. Көзге көрінбейтін нә-
зік байланыс болады. Шығарманы тыңдаушының қабылдауы 
– шығармашылық акт. Өйткені тыңдаушы мәтіннен идеяға де-
йінгі жолды жүріп өтеді. Авторда ең алдымен идея туып сосын 
шығарма жазылатын болса, тыңдаушы дайын мәтінді оқып оты-
рып, негізгі идеяны бір-бірімен сабақтастыра отырып тауып ала-
ды. Тыңдаушы үшін ешқашан маңызы жойылмайтын, әр буын 
үшін азық болатын көркем туындылар бар. Әрі олар сол елдің 
әдебиетін толықтырып, сапасын арттырып, әлемдік әдебиетке де 
өз үлесін қосып отырады. Қазақ халқы үшін сөз Абайдан бас-
талған. Қазақтың бас ақыны да, қарасөздің иесі де – Абай. Абай-
дың шығармашылығы әр дәуірде жаңа қырынан қарастырылып, 
қоғамға, адамзатқа көрінбей келген қазынасы анықталып жата-
ды. Әлемдік әдебиетте авторлардың өз тыңдаушыларына түрлі 
жол салып, іштей, сырттай диалог жүргізгенін көрдік. Мысалы, 
Тургенев «тыңдаушы шатасып кетпес үшін сәл артқа шегіне-
йік» деген сияқты хабарламалар келтірген. Абай өлеңдерінен біз 
тыңдаушымен тығыз байланысты көреміз. Тыңдаушысын іздеп, 
тәрбиелеп, ең соңында «өзіңе сен, өзіңді алып шығар» деп өсиет 
қалдырған.
Абайдың тыңдаушыларына қатысты «сөз мәнісін білерлік 
кейбіреу бар» десе, бірде «көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ» 
деп қынжылады. Абай өлеңдерін топтастыра отырып, аудито-


209
риясын бірнеше сегментке бөлуге болады. Мысалы, оның арна-
йы адамдар тобына арналған өлеңдері бар: «жігіттер», «қалың 
елім, қазағым», «жасөспірім», «бозбала»,т.б. деп кете береді. 
Абай шығармаларындағы автор мен тыңдаушы арасындағы бір 
жақты байланысты көреміз. Автор үнемі тыңдаушысын өзіне 
қаратып, тәрбиелеп отырған. Қазақтың бас ақыны өз уақытын-
да өзімен теңдей отырып, маслихат құратын, сөзін ұғатын тың-
даушысы жоқ екенін айтып отырған. Дегенмен, оның шынайы 
тыңдаушылары ұрпақтар сабақтастығымен осы күнімізге Абай 
сөздерін түсінуге, түсіндіруге үлкен қызмет етіп жүр. Мақалада 
ақынның бірнеше өлеңдері талданып, тыңдаушыларына қатыс-
ты ойлары сараланды. 
Сөз құдіретін түсіну үшін адамға терең пайым мен парасат, 
сыни ойлау дағдылары керек. Әр заманның өз дауылпазы, үн қа-
ғары болады. Соны ұғатын да, ұқпайтын да тыңдаушы арқылы 
айтушының сөзі өз мақсатына жете бермейді. Ақын-жазушылар 
өз шығармаларын белгілі бір тыңдаушылардың тобына арнап 
жазады. Ол контекстен автордың ойы кейде анық білінсе, кей-
де кімге не айтқысы келгенін ұғу қиынға соғады. Қазақ халқы 
үшін бас ақын атанған Абайдың сөзі заман ауысса да, өз тыңдау-
шысын тауып, әркім өзіне керегін алып жүр. Ақынның астарлы 
өлеңдері мен пәлсапалық қара сөздерін түсінгісі келетін тыңдау-
шы қай кезде де шығатыны анық. 
Абайдың өлеңдерін зерделеп қарайтын болсақ, нақты кімге 
айтты екен деген ойға қаласың. Әдебиеттанудағы автор-мәтін-
тыңдаушы үштігі бойынша талдайтын болсақ, Абай өлеңдерінің 
тыңдаушы топтарын ажыратуға болады. ХІХ-ХХ ғғ. әдебиетта-
ну ғылымында көркем шығарманың өзін, авторын, контексті, 
тыңдаушы тұлғасын бөлек-бөлек зерттейтін әдістер пайда бол-
ды. Бұл тәсілдер көркем шығарманың негізгі мәнін бере алма-
ғандықтан, диалогтік дискурс тұрғысынан қарастыратын жаңа 
нарративтік талдаулар жасалынды. Көркем шығарма автордың 
ойын жандандыру үшін, шығармашылық ниетін жүзеге асыру, 
адам мен әлем туралы білім мен идеяларды жеткізу, осы идея-
ларды автордың санасынан тыс шығарып, басқа адамдардың 
меншігіне айналдыру үшін керек. Әрбір жазушы осы әлемді өзі-
нің қабылдауына, ішкі күйіне қарай суреттеп, ұсынады. Автор 


210
қиялымен өзгерген әлем тыңдаушының алдында көркем образ-
дар арқылы көрінеді. Әдеби шығарма тыңдаушыға эмоционал-
ды, әрі ұтымды әсер етеді. Бұндай қос әсердің болуы шығар-
маның семантикалық элементімен қоса, эстетикалық қырының 
болуымен байланысты. Бұл көркемдік ақпарат жеке көркемдік 
құрылым ішінде ғана жүзеге асады. Мәтіндегі көркем ақпарат 
тасушылары оның кез келген элементі болуы мүмкін. Мәтін көр-
кемдік диалогтағы негізгі элемент саналады [1]. 
«Қазақ поэзиясын Абай алғаш рет терең философиялық 
қуатты оймен суарды. Дешті қыпшақ даласына жаңа поэзия қа-
малын соғып, ой мен суреткерлік тоғысқан кенен бұлақтың, тұ-
нық көзін алғаш ашты» [2, 533], – деп Р.Сейсенбаев айтпақшы, 
заманында Абайды түсінетұғын орта болмады. 
Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма [3, 280], –
деп ақын тыңдаушыға өзін «жұмбақпын», мені тереңірек түсіну 
керек деген нұсқаулық бергендей болады. Абай осы бір өлеңі-
мен-ақ тыңдаушысына деген қамқорлығын көрсетеді. Абайдың 
болмысын білген соң, тыңдаушы да оның әр сөзінен мән іздеп 
отырары хақ. Өнер-білім – тұтас бір елдің дамуына, алға жыл-
жуына, тіпті бостандық алуына ықпал ететін күш. Замана ой-
шылдары адамзатты білімге, жақсы тәрбиеге баулып отырған. 
Жақсы мінез бен білімнің қазаққа да қажет екенін ұққан хакім 
Абай жастарды, замандастарын білімге шақыратын ағартушы-
лық өлеңдер жазды. Мысалы, «Жасымда ғылым бар деп ескер-
медім» өлеңі жасқа да, кәріге де айтылған.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім [3, 27], –
деп ары қарай баланы оқыту керектігін сөз қылады. «Өзім де 
қара сөзде ешкімге дес бермедім» деп, өзімен иықтас отырып, 


211
сұхбат құратын ортаның жоқтығын айтады. Осы тыңдаушы то-
бына арналған тағы бір өлеңі – «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – 
ол». Осы өлеңнің әр шумағы тыңдаушысын отырғызып қойып, 
көзбе-көз айтылған ақыл-кеңес сияқты, яғни нақты тыңдаушыға 
қаратылып айтылған. Мысалы, 
Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ [3, 74], –
деп авторға да, тыңдаушыға да ескерту жасап тұр. Абай сөз тың-
дайтын адам таппай күйінген. Сол күйініші әр шығармасынан 
анық сезіліп тұрады. М.М. Иоскевич көркем шығарманы тари-
хи-функционалды талдаудың тиімділігін сөз етті. Зерттеуші 
автор-тыңдаушы диалогын тарихи тұрғыдан зерттеу адекватты 
болар еді дейді. Өйткені көркем әдебиет пен әдебиеттану ғылы-
мында түсіну ұғымы тарихи құбылыс саналды. М.М. Иоскевич 
зерттеуінде автор мен тыңдаушының бірнеше типологиясын 
көрсеткен болатын [4]. М.М. Иоскевич тыңдаушы мен автордың 
өз типологиясын ұсынады:
1. Ішкі диалогтағы дерексіз автор мен дерексіз тыңдаушы. 
2. Сыртқы диалогтағы шынайы тыңдаушы мен автор. Шы-
найы тыңдаушы ретінде зерттеуші әдебиеттанушы ғалымды, 
әдеби мектептің өкілдерін көрсетті. Олар автордың негізгі ойын 
жете түсіну үшін барлық мүмкіндіктерді қарап, зерделей түсетін 
топ деді.
3. Тарихи диалогта шынайы тыңдаушы жүгінетін дәстүр-
лерді зерделеу керек.
Абай өлеңдерінде ішкі және сыртқы диалогтар қатар келеді. 
Мысалы: 
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ [3, 74]
Абай өз миссиясы мен нақты адресатты көрсеткен. Ақынның 
осы сияқты «Жігіттерге», «Әбдірахманға», «Оспанға», «Дүтбай-


212
ға», т.б. нақты адресаттары белгілі өлеңдері бар. Әсіресе жастық 
шақты бекер өткізбеуге үгіттейтін өлеңдері көп-ақ. 
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік 
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат [3,44]
Немесе,
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық,
Қартаймастай көрмелік, ойланалық.
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ,
Дейміз бе еш нәрседен құр қалалық [3, 54]
Немесе, 
Жас өспірім замандас қапа қылды,
Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды.
Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай,
Сенімі жоқ сермеңде өңкей жынды [3, 172].
Автор мен тыңдаушының имплицитті, эксплицитті деген 
түрлеріне зерттеуші С.П. Рубцова тоқталды [5]. Ол мақаласын-
да көркем шығарманы талдауды автор-тыңдаушы-түсіндіруші 
(интерпретатор) үштігінде қарастыруды ұсынды. Осы үштікте-
гі басты тұлға – автор деп көрсетті. Автор-жазушының өз тың-
даушысы бар. Тыңдаушы – ең алдымен, тұтынушы. Ол көркем 
шығарма арқылы демалады, қажет ақпарат алады, ой түйеді. 
Кейіпкерлерге еліктеп, өзіне үлгі етеді немесе олардың мінез-
дері мен күрестеріне мән бермей, тек көңіл көтеру үшін оқиды. 
Кейбір көркем шығармалар салиқалы, ақыл тоқтатқан жандар 
үшін жаңа әдет, жаңа көзқарас қалыптастыру үшін керек. Осы 
кітаптарды жасөспірімдер оқитын болса, оларға қауіпті болуы 
мүмкін. Себебі, орта жастағы тыңдаушы көркем шығармаға 
сыни көзбен қарап, қорыта алады. С.П. Рубцова нарратор және 
наррататор деп екіге бөліп қойды. Нарраторға миплицитті және 
эксплицитті автор кіреді. Олар мәтіннің түсінуіне қатыспайды. 
Наррататорға имплицитті және эксплицитті тыңдаушы жата-


213
ды. Олар да қозғала қоймайды. Ал шынайы тыңдаушы – барлық 
дәуір үшін қажет тұлға. Ол заман ауысқан сайын жаңа түсінік-
терді қалыаптастыру үшін, көркем шығарманы сол уақыт пен 
кеңістікке сай қабылдау үшін қызмет қылады.
Абайдың табиғатты, жануарды суреттеген бір топ өлеңдері 
бар. Жыл мезгілдеріне арналған «Жаз», «Қыс», «Жазғытұры», 
«Күз» деген өлеңдері көз алдыңа сол мезгілдегі табиғаттың то-
сын мінезі халықтың тұрмыс-тіршілігін көрсетеді.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан [3, 75].
Тыңдаушы бірден күздің ызғарын сезініп, көңілсіз картина-
ны көз алдына әкеледі. Бұл өлеңді оқыған бала да, жас та, орта 
жастағы адам да өзі көрген, сезінген сезімдері арқылы күзді 
елестеді. Тыңдаушының ішкі сезімдеріне әсер етіп, әркім өзі 
көрген, сезінген күйді әкеле қояды. 
Абай – суреткер ақын. Оның сөзбен кілем тоқып, дәл қасың-
да болып жатқандай, өзің сол жерде жүргендей сезінесің. Мы-
салы, «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңі – жылқыға 
жасалған сипаттама.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ, – 
деген өлең жолдарын оқи отырып, тыңдаушының алдында жыл-
қы малының суреті салына бастайды. Әрине, Абай айтқан түрлі 
теңеулерге сай түсінік болса, дұрыс образ қалыптасар еді. Осы 
орайда автор мен мен оның шығармасын үшінші қабылдаушы 
топпен бірге қарастыру – әдебиеттанудағы негізгі мәселелердің 
бірі. Мысалы, Д.Н. Овсянико-Куликовский тыңдаушыны миниа-
тюрадағы суретші деп сипаттаған. Өзі тыңдаушы ретінде шы-
ғарманы қалай қабылдайтынын айтқан. «... көркем шығарманы 
түсіну белгілі бір дәрежеде суретшінің шығармашылығын қай-


214
талау дер едім. Мен «Евгений Онегинді», «Әкелер мен балалар-
ды», «Бейбітшілік пен соғысты», Репиннің картинасын түсінсем, 
бұл менің бірде ақын, бірде жазушы, бірде суретші, бірде мүсін-
ші болғанымды білдірмейді. Алайда өз қиялымның күшімен 
көркем образдарды, шығармадағы мәліметтерді жасай аламын. 
Мен дайын ойды, идеяны алмаймын, ақынның, суретшінің жа-
зушының ойына өзімнің шығармашылық деңгейіме қарай жауап 
беремін» дейді [6]. Сол сияқты Абайдың «Шоқпардай кекілі ба-
рын» оқып отырып, әркім өзі көрген жылқы малына ұқсатары 
анық. 
Абайдың тыңдаушылары – жалпы қазақ жұрты. Бірде жал-
пылама айтса, бірде ішінен бір топты бөліп алып айтқан. Ақын 
сөз құдіретін топты қандай жолмен болса да іріктеп алғысы кел-
ді. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» – жалпыға арнау. 
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Ұстарасыз ұртыңа түсті-ау мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың [3, 35].
Автор да, тыңдаушы да анық. Абай халқының қамын жеген 
перзент еді. Қайтсем қазақты оқытамын, жақсы өмірге жетелей-
мін деп жүріп, «мыңмен жалғыз алысқанын» айтады. Қазақтың 
сол кездегі бодандығына қатысты қынжылып айтылған сөз бол-
са, қазір сол бодандық қанға сіңіп кеткен ұрпаққа қатысты ай-
тылған болар еді. Тарихи диалогта шынайы тыңдаушы жүгіне-
тін дәстүрлерді зерделеу керек. Себебі тарихи-мәдени дәуірдің 
ауысуына қарай, көркем шығарма туралы көптеген түсініктер 
туындауы мүмкін. Тыңдаушы заман ауысқан сайын оның құн-
дылықтары мен тұжырымдары ауысып отартыны анық. Сол 
себепті әр дәуірдің буындары үшін басты құндылықты тану 
арқылы біз көркем шығарманың қабылдануын болжай аламыз, 
сараптама жасай аламыз.
Ақынның «Балалық өлді білдің бе?» деген риторикалық 
өлеңі М.М. Иоскевич айтқан дерексіз автор мен дерексіз тыңдау-
шының ішкі диалогы сияқты. Сол сияқты «Сап,сап, көңілім,сап, 
көңілім!», «Не іздейсің,көңілім, не іздейсің?» деген өлеңдерін де 
жатқызуға болады.


215
Балалық өлді білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе?
Кім біледі, сен кәпір,
Баяндыдан сөндің бе?
Баянсызға төндің бе?
Әлде айналып кім білер,
Боталы түйе секілді,
Қорадан шықпай өлдің бе? [3, 189].
Автор мен тыңдаушының кездесуі – бұл екі сананың, екі 
«Меннің» кездесуі. Б.В. Кондаков «Мен-Басқа» жүйесі бойынша 
автор мен тыңдаушы тұлғасын қарастырады [7]. Автор мен тың-
даушы арасында осы аралықта қамтылатын кейіпкерлер, оқиға-
лар, түрлі диалогтар пайда болады. Автордың санасы мен кейіп-
керлердің «мені» арасындағы күрес көркем шығарманың ішкі 
әлемін тудырады. Көркем шығарманың кейіпкері автор үшін де, 
тыңдаушы үшін де «басқа» саналады. Автор мен тыңдаушы ке-
йіпкер тұлғасында өзара араласып, оны бір-біріне тәуелсіз түр-
де табады. Автор мен тыңдаушының санасы кейіпкерге деген 
ұмтылыста бірдей әрекеттесіп, олардың санасының субъектілік 
позициясы бірдей орынды алады. «Өлең – сөздің патшасы, сөз 
сарасы» өлеңінде де сөздің құдіреті туралы айта келіп:
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап, – 
дейді. Байқап отырсақ, Абай үнемі тыңдаушысын өзіне қаратып, 
сөз айтқан. Бұл сөзді Абай неше ғасыр бұрын айтса да, әлі де 
осы жолдардың тыңдаушысы бар. Көркем шығармада тыңдаушы 
әр түрлі қырынан көрінеді. Тыңдаушы алдын-ала анықталған 
«мінсіз адресат» және нақты «алушы-қабылдаушы» нұсқасында 
келеді [8]. Тыңдаушы – танымның субъектісі, шығарманы құн-
дылықтарына негіздей отырып қабылдайды. Кейде тыңдаушы 
автор мәтін арқылы әсер ете алатын объект бола алады. Мінсіз 
адресат – кәдімгі адресаттың мәтінді түсінудегі түйткілдерін 
болжайды, мәтінді және оның жасаушысы-авторды толық, әрі 
әділ түрде түсінеді. Автордың соңғы сөзіне дейін түсіну мүмкін-


216
дігі бар, түсінік пен түсінушінің ойы бір жерден шығатын мінсіз 
адресатты жасап алады. Шынайы тыңдаушы – шығарманың не-
гізгі ойын өзінше ұйғарады. Ол әлеуметтік және мәдени қасиет-
тердің иесі ретінде әрекет етеді. Тыңдаушы оқиғаға басқа адам 
ретінде басқа кеңістік пен уақыт нүктесінен басқа көзқараспен 
қарауға мүмкіндік алады.Тыңдаушының мәтіні автордың күрде-
лі мәтіндік потенциалы мен тыңдаушының өмірлік, эстетикалық 
тәжірибесімен қиысқан нүктеде туындайды[9]. Абайдың шына-
йы тыңдаушылары – өз заманының аз-кем оқыған-тоқығандары, 
қазіргі қоғамның адамдары, зерттеушілер, әдебиеттанушылар. 
Өйткені, «түзелу» үнемі қайтаналанып отарытн процесс. «Тү-
зелуді» әр тыңдаушы өзінің осал жағына қарай түсініп, орнын 
толтыруға тырысады. 
В.С. Александров мәтінді түсінудің шекарасы туралы бірне-
ше пайымдаулар жасаған. «Тыңдаушының шығарған қорытын-
дысы мен күткен нәтижесі мәтінге әсер етеді» деген пайымдау-
ды талдайтын болсақ, жоғарыда айтып өткеніміздей екі бағыт-
тағы әсер етудің нәтижесінде мәтінге әсер етеді [10]. Алайда В.С. 
Александров көркем шығармаға қатысты қандай ой айтылса да, 
автор мәтінді өзгертпейді дейді. Абайдың «Сегіз аяқ» шығарма-
сы – тыңдаушы аудиториясының бірнеше сегментін қамтитын 
күрделі туынды. Өлеңнің құрылымы, мазмұны бұрынғыдан 
өзгерек болған. Абайдың қара өлеңге енгізген жаңалығы қазақ 
поэзия өнерінде резонанс тудырды.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ, 
Күлкішіл кердең наданның;
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды – 
Әдеті надан адамның;
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз [3, 94].
Автордың сөзін түсіну үшін тыңдаушының «миы» мен 
«ойы», «бойында қайраты» болу керек екен. Бұлардың бәрі об-
разды түрде айтылған. Абайдың өз тыңдаушысын надан етіп 
көрстеуінде де мән бар. Зерттеуші Ж.Дәдебаев «Сегіз аяқтың» 


217
мән мен мағына поэтикасына талдау жасай келе, мынадай пайым 
жасайды: «Ақын шығармасының мағыналық болмысын тану 
оны құрамдас бөліктерге ажыратып, даралауды, сөйтіп әр бөлік-
тің мағынасын, мазмұнын, мәнін анықтауды талап етеді. Алайда 
олардың өзара байланыстарының, өзара қатынастарының сырын 
ашпайынша, тұтас шығарманың мәні мен мәнісін білу қиын» 
[11]. Тыңдаушы мәтінді өзінің қалауы бойынша өзгерте алмай-
ды, өйткені мәтінде герменевтикалық сілтемелер бар. 
Абайдың: 
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – 
деген өлең жолдары автор мен шынайы тыңдаушы арасындағы 
байланысты көрсетеді. Ақын өзінен кейінгілер өзінің іші алтын, 
сырты күміс сөзін дұрыс түсінеді, дұрыс ұғады деп үміт еткен. 
Өзінің болашақтағы тыңдаушыларының көкірек көзінің ашық 
болатынына, көңілінде сәуле болатынына сенген.
Тыңдаушының көркем шығармаға қатынасы туралы біраз 
зерттеушілер түрлі пайымдаулар жасаған. Көркем шығарманы 
автор жазғанмен тыңдаушының мәтінге әсері болады екен. Көз-
ге көрінбейтін нәзік байланыс болады. Шығарманы тыңдаушы-
ның қабылдауы – шығармашылық акт. Өйткені тыңдаушы мә-
тіннен идеяға дейінгі жолды жүріп өтеді. Авторда ең алдымен 
идея туып сосын шығарма жазылатын болса, тыңдаушы дайын 
мәтінді оқып отырып, негізгі идеяны бір-бірімен сабақтастыра 
отырып тауып алады. Тыңдаушы үшін ешқашан маңызы жо-
йылмайтын, әр буын үшін азық болатын көркем туындылар бар. 
Әрі олар сол елдің әдебиетін толықтырып, сапасын артырып, 
әлемдік әдебиетке де өз үлесін қосып отырады. 
Абайдың шығармашылығы әр дәуірде жаңа қырынан қарас-
тырылып, қоғамға, адамзатқа көрінбей келген қазынасы анық-
талып жатады. Абай өлеңдерінен біз автордың тыңдаушымен 
тығыз байланысты болғанын көреміз. Абай шығармаларындағы 
тыңдаушы тұлғасы – күрделі, көп қырлы, терең сырлы тұлға. 


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет