Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы аив/житс



бет4/20
Дата26.10.2022
өлшемі368.12 Kb.
#463434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
аитв 1

Жұғу жолы

Жұқтыру қаупі




Қан трансфузиясы

90%[39]




Босану (балаға)

25%[40]




Ортақ ине қолдану

0.67%[39]




Қолданылған инеден жарақат алу

0.30%[41]




Анал секс (қабылдаушы)**

0.04–3.0%[42]




Анал секс (енгізуші)**

0.03%[43]




Қынаптық секс (қабылдаушы)*

0.05–0.30%[42][44]




Қынаптық секс (енгізуші)*

0.01–0.38%[42][44]




Орал секс (қабылдаушы)

0–0.04%[42]




Орал секс (енгізуші)

0–0.005%[45]




* жыныстық қатынасқа мүшеқапсыз түскенде
§ Деректер қабылдаушы да енгізуші де ер
болғандағы статистиканы көрсетеді


АИВ берілуінің үш негізі жолы белгілі: жыныстық қатынас, дене сұйықтығы не тіндері арқылы, сондай-ақ жүктілік, босану немесе емізу кезінде анадан балаға (тікесінен берілу).[6] Егер қан араласпаса, нәжіс, мұрын секрециясы, сілекей, қақырық, тер, көз жасы, зәр немесе құсық арқылы АИВ жұқтыру қаупі болмайды.[46] Адам АИВтың бірнеше штаммын қатар жұқтыруы мүмкін, бұл жағдай АИВ суперинфекциясы деп аталады.[47]
Жыныстық қатынас
АИВтың ең жиі жұғу жолы — инфекция жұқтырған адаммен жыныстық қатынасқа түсу.[6] Алайда, ұзақ уақыт емделудің нәтижесінде вирус титрі анықталмайтын деңгейге жеткен адам АИВты жыныстық жолмен өзгеге жұқтырмайды.[48][49] Әлемде АИВ таралуының ең жиі жолы — әр жынысты адамдар арасындағы жыныстық қатынас;[6] дегенмен, негізгі берілу жолдары әр мемлекетте әр түрлі. Мысалы, Қазақстанда бірінші орынға инфекцияның гетеросексуалдар арасындағы жыныстық қатынас жолымен берілуі шығып отыр[13]. 2017 жылы АҚШтағы АИВ жұқтыру жағдайларының көбі – ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер арасында болғаны анықталған (жаңадан АИВ жұқтырған 13 жастан асқан ер адамдардың 82% және жалпы жаңадан жұқтырғандардың 70%).[50][51] АҚШ-та 13-24 жастағы гейлер мен бисексуалдар сол жас тобындағы жаңадан АИВ жұқпасын жұқтырған ер адамдардың 92%-ын, ал барлық гей мен бисексуал ерлердің 27%-ын құрайды.[52] АҚШта гейлер мен бисексуалдардың шамамен 15%, ал трансгендер әйелдердің 28% АИВ статусы – оң.[52][53]
Қорғаусыз гетеросексуал қатынасқа келер болсақ, жыныстық акт кезінде АИВтың берілу қаупі табысы төмен елдерде 4-10 есе жоғары.[54] Аталған елдерде вирустың әйелден ер адамға берілу қаупі — әр актте 0,38%, ал ерден әйелге берілу қаупі — әр актте 0,30% құрайды; табысы жоғары елдер үшін әйелден ерге берілуі 0,04%, ал ерден әйелге берілуі 0,08% құрайды.[54] Әсіресе, анал сексі арқылы берілу қаупі жоғары: гетеросексуал болсын, гомосексуал болсын, анал сексі кезінде әр актте берілу қаупі 1,4-1,7% құрайды.[54][55] Орал секс жолымен берілу қаупі салыстырмалы түрде төмен болғанымен, жоғалып кетпейді.[56] Ауыз арқылы жыныстық қатынасқа түсуде инфекция жұқтыру қаупі «шамамен нөл» деп бағаланады;[57] дегенмен, осы уақытқа дейін бұл секс түрімен жұғу жайлы бірнеше жағдай хабарланған.[58] Орал сексте қабылдаушы үшін қауіп 0–0,04% деңгейінде бағаланады.[59] Табысы аз елдердегі жезөкшелік деңгейіне қарай вирустың әйелден ерге берілу қаупі — әр актте 2,4%, ал ерден әйелге берілу қаупі — әр актте 0,05% деп бағаланады.[54]
Трансмиссия қаупі адамда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар[60] мен жыныс мүшесінде жара болған кезде жоғарылайды.[54] Жыныс мүшелеріндегі жара қауіпті шамамен бес есе арттырады.[54] Гонорея, хламидиоз, трихомониаз және бактериялық вагиноз сияқты жыныстық жолмен берілетін басқа да инфекциялар берілу қаупін аздап жоғарылатады деп есептеледі.[59]
Жұқтырған адамның вирус титрі жыныстық жолмен қатар, анадан балаға берілу кезінде де маңызды қауіп факторы боп саналады.[61] АИВ инфекциясының алғашқы 2,5 айында жіті АИВ салдарынан қандағы вирус титрінің жоғары болуына байланысты жұққыштығы он екі есе,[59] ал инфекцияның соңғы сатыларында шамамен сегіз есе артады.[54]
Коммерциялық секс-қызметкерлерінің (порнографияны қоса алғанда) АИВ жұқтыру ықтималдығы жоғары.[62][63] Дөрекі жыныстық қатынас та жұқтыру қаупін жоғарлататын фактор болуы мүмкін.[64] Сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылық АИВ жұқтыру қаупінің жоғарылауына алып келеді, үйткені зорлау кезінде мүшеқап сирек қолданылады, қынапты не тік ішекті жарақаттау қаупі де жоғары, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін басқа да инфекцияларды жұқтыру қаупі артады.[65]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет