Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


в. Тәнәсух (рух көші: санскритше самсара, Батыс тілдерінде ренкарнация, трансмиграция)



бет83/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126
Діндер тарихы

в. Тәнәсух (рух көші: санскритше самсара, Батыс тілдерінде ренкарнация, трансмиграция)


Ренкарнация – карма доктринасына байланысты туындаған, яғни рухтың бір денеден екінші бір денеге көшуі туралы сенім. Өлімнен кейін үнемі бар болу және рух денеден бөлек деген көзқарас пайда болды. Бұл сенім бойынша рух өз дәрежесінде не биік, не төмен болып туылады. Адам өз істегендеріне қарай жануар, өсімдік, адам не тәңір болып туылады (яғни адам өз тағдырын өзі жасайды). Туылу оқиғасы бір себепке байланған. Рухани-моральдық нәтиже, яғни жасалған іс-әрекеттердің нәтижесі рухтың ренкарнацияға ұшырауымен ғана болады. Адамның кейінгі өмірде бақытты болуы оның шынайы, тура әрекетіне байланысты. Әрбір тұлға өз ісіне жауапты. Өлімнен қорқудың қажеті жоқ. Үнемі қайта туылумен адам баласы қалаған арманына жетеді, әрдайым өз ісінің жемісін көреді, жаны жай табады. Ол тәңір Брахмамен өмір сүреді. Үнділер бұл сенім оларды жақсылыққа жеткізеді деп сенеді.
Үнді дүниетанымының негізін құрайтын инкарнация сенімі, гректерде, пифагоршыларда, жаңа платоншыларда, Ежелгі Мысырда, манихеизмде, орфизмде және гностицизмде кездесетін түсінік. Кейбір христиан тармақтарында және ихуанус сафа сияқты топтарда да осы секілді түсініктер кездеседі (Тәнәсух сеніміне айрықша харбия, жанахия, хабития және хасадия, хадбия, муаммария, нусайрия сияқты сенімдік мәзһәбтарда, бекташилерде, иудаизмнен мұсылмандыққа өткендер де кездеседі) (205).

г. Йога


«Йога» санскритше байланыстыру, біріктіру мағынасын білдіретін «Иуж» немесе «Жоуг» сөзінен шыққан. Йога адам энергиясын белгілі бір мақсатқа қарай бағыттауды көздейтін бір жүйе. Йога – ерік-қалауды тәрбиелеудің бір жолы. Гитада адамзатты бақытқа, еркіндікке жеткізетін жол деп көрсетілген.
Йога – адамның әрі денелік, әрі зейіндік, рухани күшін бір нүктеге шоғырландыратын жаттығу. Йогамен айналысатындарды йог деп атайды. Йогтар алған демін шеберлікпен ұстап тұрып, зейінін бір нүктеге жинақтайды. Осылайша ол тән мен рух, әрекет пен зейін арасындағы үйлесімділікті сақтап, атам заманға, әлемнің өзгермес түпнегізіне жетуге, табиғаттан тыс күштермен байланыс құруға бар күшін салады. Аталмыш йога жүйесі IV ғасырда Патанжалидің «Йога Сутра» атты еңбегінде егжей-тегжейлі түсіндірілген. Йоганы буддистер мен джайнистер жүзеге асырды. Кейінірек өзге топтар мен касталардан бөлектеніп, өзіндік бір жүйені құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет