Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 76. ЕТІСТІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ



бет106/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

§ 76. ЕТІСТІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

Етістік — тіліміздсгі сөз таптарының ішіндегі ең күр-делі және қарымы ец кеи грамматикалык. категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика-семантикалық сипатымеп, бай лексика-грамма-тикалык формаларымен, көсілінкі епнтаксистік қызме-тімен тығыз байланысты.


Етістіктің лексика-семантикалық сипатының мейлін-ше өрісті болатын себебі — ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін гана емес, табнғат ауқымында, қоғам ©мірін-де үшырасатын, адамның абстракты ойы мен саиасы ар-қасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қоз-галыс, жай, күй снякты процестерге қатысты ұғымдар-ды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оныц түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ үғымымен үш-тас болады.


Етістіктің лекснка-грамматикалық формаларының бай болатын себебі — ол формалар амал-әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың ету сипатын, яғни бағыты, қаркыны, тынуы тәрізді жайларды бағ-дарлатады, демек, етістік формалары осы және олардан өзге әр түрлі кұбылыстардын көрсеткіштері есебінде кызмет етеді. Бұлардын үстіне, етістіктен етістік туды-ратын, есімнен етістік тудыратын синтетикалық, анали-тикальік. тәсілдердің жүйелерін, олардын нақтылы үлгі-нұскаларын қоссақ, етістік деп аталатын сөз табы форма жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі. ІТТы-нында да, форма байлығы жағынан етістікке езге бірде-бір сөз табы, солардың ішінде формасы ең бай санала-тын зат есімнің езі бара-бар түсе алмайды.


Етістіктің лексика-семаитикалық мағынасы мен фор-маларының банлығы оныц езіне тән әр алуан лексика-


семантикалык, лексика-грамматикалық және граммати-Калық категорняларынан тіпті айқын керінеді. Мысалы, етістіктің өзіне лайык сөз тудыру жүйесі, ол жүйенін. H e ­ me қилы формаларымен қатар, езіне ғана тән сөз түр-лендіретін де формалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амал-дьш жүзеге асу (өту) сипаты сиякты жүйе-жүйе кате-рориялар — етістіктің семантика жағынан ең бай фор-малары, сондай-ак, етістіктің езге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмүндары да, тұрпат-түрлері де ©згеше есімше, кесемше деп аталатын кате-гориялары бар. Бүлар, бір жағынан, етістікті басқа сез таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екінші-ден, солармен үштастыратын айрықша функцнялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса емір сүріп, тіркестегі езге сөздердін мазмұнына өзінше үлес косып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзге-ріс енгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақтылық және салттық категориялары да бар. Бұлар етістіктің нағыз грамматикалык сипаттарының белгілі көрсеткіштері делінш есептеледі.


Етістіктің осындай әр қилы категорияларыныц мағы-налары да, синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етіс-тіктіц өзге формаларымен және ©зге сез таптарына тән сездермен қарым-катынасқа түскенде айқындала түседі. Өйткені әр форманын мағынасы да, қызметі де көбінесе сөйлемде, белгілі сөз тіркестерінің ауқымында анық ашылады. Мысалы, етістіктің кейбір формаларының тек кана баяндауыш болуы, кейбір формаларының сөйлем-нің барлық мүшелері есебінде қолданылуы сияқты грам-матикалык. кұбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі ауқымында ғана аиықталады. Сонымен бірге. етістіктін. семантикасы, формасы, қызметі ©зара, бір-бірімен ты-ғыз байланысты. Демек, етістіктің семантикасы сол сөз-ДІҢ кұрамы мен қүрылысына астасып жатса, керісінше, қызметі оның семантикасы ыен формасына үштасып отырады. Сол себептен етістік формаларынын сыр-си-паттарын бір-біріне байланыстырмай, алды-алдына тал-Дау, қашан да болсын, ағат болмақшы.





  1. ЕТІСТІКТІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Етістіктің лексикалық құрамында канша сөз болса, солардың әрқайсысыиың өзіне тән лекснкалык мағынасы



222 223



болады. Солай бола тұра лексикалық мағыналары қан-шалықты басқа-басқа болғандарымен, сол етістіктердің бәрі де, ең алдымен, өздерінің мазмұнындағы барлығына да ортақ сипат есебінде танылатын семантикалық ерек-шеліктеріне қарай бір сөз тобына телінеді. Дегенмен де, лексика-грамматикалық белгілері бірыңғай жеке сөз та-бы саналатын естіктердің өздерін іштей бір-біріне мағы-на жағынан жакындыктарына, өзара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады. Мы-салы, оларды осы тұрғыдан алып, іштей: амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше т. б.), қи-мыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір т. б.), қалып-сапа е т і с т і к т е р і (жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай т. б.), ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т. б.),өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, вн т. б.), бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, ңайт, әпер, әкет т. б.), көңіл күйі етістікте-рі (жыла, қайғыр, өкін, күл, ңуан т. б.), бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда, сыр-тылда, сырқыра т. б.), дыбыс-сес етістіктері, көру-есту етістіктері; мінез-құлық етістіктері деген сияқты әлдене-ше топка бөліп, саралауға болады. Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастыктарына немесе мағына-мазмұны жа-қын, алшақ, қашықтықтарына қарай оларды омоним етістіктер, синоним етістіктер, антоним етістіктер деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады.

Етістіктерді мағынасына қарай топтастыру мәселесі де, басқа сөз таптары сияқты, белгілі бір мақсатқа я нысанаға орайлас құрылуы кажет. Өйткені жоғарыдағы топтаулар лексикология, лексикография, семасиология, стилистика, тіл тарихы ғылымдары үшін қонымды бол-ғандарымен, грамматиканың талап-талғамы үшін, әри-не, сондайлықты ұтымды бола қоймайды. Ендеше, етіс-тіктің грамматикалық формалары мен қызметтерін дұрыс айқындау үшін, оларды түбір формалардың, туынды синтетикалық және аналитикалық формалардың семан-тикалык күрылымдарына орай жіктеп, сырын ашу — олардын, формалары мен мазмұндарының аракатынас-тарын анықтауға тиімді де, қонымды да болмақ. Себе-бі — грамматикалық семантика, қашан да болсын, сөздіи кұрылысы мен құрамына байланысты болады. Сон-дықтан жұрнақ аркылы жасалатын туынды етістіктер мен кемі екі сөзден құралатын күрделі етістіктердің се-


маитикалық қүрылымы ж айыида— оларға арналған тпіеті такырыптарда сөз болмақшы да, төменде тек тү-бір етістіктердің семантикалық жүйесі жөнінде қысқа-ша түсіиік берілмекші. Өйткені, әдетте, есімдерге және баска сөз топтарына қатысты (байырғы я кірме болуы шарт емес) сездерден жұрнақ арқылы туған жалаң етіс-тіктер де, кемі екі сезден кұралып жасалған күрделі етістіктер де барлығы тіліміздегі ежелгі түбір етістік-гердін семантикалық жүйесіне, морфологиялык форма-:ьіна және синтаксистік функииясына орай күралып, со-лардың негізгі заңдарына лайық қалыптасып отырған. Онан қала берді, байырғы түбірлер,. кашан да болсын, эзге туынды етістіктерге, әсіресе мағыналық кұрылымы мен грамматикалык функциясы жағынан әрі ұйыткы, әрі өрнек есебінде қызмет еткен. Ал сол байырғы түбір гтістіктерді грамматикалык семантикасыка, соған сәйкес қалыптасқан негізгі функциясына қарай темендегідей уш салаға белуге болады:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет