өздік етіс.
!) Н е г і з г і е т і с т і н арнаулы көрсеткіші болмай-ды. Огаи әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістіктердіц де негіздері жатады. Әдетте, етістік негізі-нің субъскті мен объектіге катысы я субъекті мен объек-тініц етістік негізіне (амалға) қатысы сол негіздің бас-тапқы лексикалық семантикасына карай анықталатын-дықтан, опың семантикалық ерекшелігі, грамматикалық (сннтаксистік) кызметі туралы да арнай снпаттама беру қажет болмайды, өйткені тілдегі әрбір етістік негізі езіне лайықты формалары мен функцияларында жүмсала береді (олар оқыды, біз келдік; тақтайды шегелеп қой-дық. инені сабақтадым т. б.). Сөйтіп, н е г і з г і е т і с деп өзге етіс формаларына таяныш— негіз болатын, со-лардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырьіп айқындайтын форманы — айтамыз (бар, кел, сөйле, іиөл-де, ақта, арала, ңарайла, құрсаула, оян, қуан, қүшақта, ермек ет, еңбек сіңір, эн сал, түсініп ал, сүрап қой т. б.).
О р т а қ е т і с -с (-ыс, -іс) жүрнағы арқылы не-гізгі стіс формасынан (етістік негізінен) жасалады. Бұл жүркақ негізгі етістікке амалды (істі) кемі екі я онан да аса субъекті қатысып жүзеге асыратындықты білді-
ретін мән үстейді, демек, бірнеше субъектінің катыс^ арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді. Мысалы: ац. тыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, /сө. мек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс т. т.
с к е р т у : -ла+с формаларынан біріккен қүранды -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы аркылы есім-дерден жасалған туынды етістіктер ортак етіс семантц. касын да білдіреді (ақыл-дас, араз-дас, мұң-дас, ңощ-тас, тату-лас, тіл-дес, пікір-лес, сыр-лас т. б.).
Достарыңызбен бөлісу: |