Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38



жүктеу 9.53 Mb.
бет29/54
Дата09.06.2016
өлшемі9.53 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54

Разнотолщинность (покрытия)

Gage interference

Разница между максимальной и минимальной локальными толщинами покрытия.



Түрлі қалыңдық (беттің)

Gage interference

Беттің максимал және минимал локалды қалыңдықтары арасындағы айырмашылық.



Разогрев радиационный

Radiation heating

Повышение температуры конструктивных элементов радиационной установки или облучаемых объектов в результате поглощения ими энергии ионизирующего излучения.



Радиациялық қыздыру

Radiation heating

Радиациялық қондырғылардағы құрылымдық элементтердің немесе сәулелендірілген объектілердің иондаушы сәуле энергиясын жұтуы кезіндегі температурасының артуы.



Разря́д (разря́д электри́ческий)

Electric(al) discharge

Прохождение электрического тока через вещество, сопровождающееся изменением состояния вещества.



Разряд (электрлік разряд)

Electric(al) discharge

Зат күйінің өзгеруімен қатар жүретін, зат арқылы өтетін электр тогы.


разряд  безэлектродный / electrodeless discharge — вид вы­сокочастотного разряда, в котором разрядный промежуток изолирован от электродов, а разрядный ток может быть либо током смещения, либо индукционным током.

электродсыз разряд / electrodeless discharge разрядтық аралық электродтан оқшауланған, ал разрядты ток не ығысу тоғы, не индукциялық ток бола алатын жоғары жиілікті разряд түрі.

разряд высоковольтный / high voltage discharge — газовый разряд при прило-жении высокого напряжения (> 1000 В).

жоғары вольтты разряд / high voltage discharge — жоғары кернеу (> 1000 В) түсіргендегі газ разряды.

разряд высокочастотный / high-frequency discharge — электрический разряд в газе под действием высокочастотного электрического поля.

жоғары жиілікті разряд / high-frequency discharge - жоғары жиілікті электр өрісінің әсерінен туындайтын газдағы электр разряды.

разряд газовый / gas(eous) discharge — процесс прохождения электрического тока через газ.

газ разряды / gas(eous) dischargeэлектр тогының газ арқылы өту процесі

разряд дуговой / arc discharge, voltaic arc, arc — самостоятельный газовый разряд с большой плотностью тока, при котором основную роль в иони­зации играют электроны, возникшие вследствие термоэлектронной эмиссии с разогретого самим разрядом катода, а газ находится в состоянии плазмы.

См. также дуга электрическая.



доғалық разряд / arc discharge, voltaic arc, arc иондану кезінде разрядтың өзі қыздырған катодтағы термоэлектронды эмиссия нәтижесінде пайда болған электрондар негізгі роль атқаратын үлкен тығыздықты токқа ие өзіндік газ разряды, ал газ плазма күйінде болады.

Сон. қ. қараңыз электрлік доға



разряд импульсный / pulse discharge, flash — самостоятельный нестационарный электрический разряд в газах, возникающий при наложении на электроды кратковременного импульса напряжения.

импульсті разряд / pulse discharge, flash электродқа қысқа уақытты кернеу импульсін берген кездегі газда туындайтын стационар емес өзіндік электр разряды.


разряд искровой / spark discharge, electric spark, spark — неустановив­шийся газовый разряд, быстро прекращающийся после электрического пробоя разрядного промежутка вследствие уменьшения напряжения, вызванного самим разрядом, и возникающий повторно после нового достижения напряжения пробоя.

ұшқын разряд / spark discharge, electric spark, sparkразрядтың өзі тудырған разрядтық аралықтың тесілуі нәтижесінде кернеудің азаюы салдарынан тез тоқтайтын, және жаңа тесілу кернеуіне жеткен кезде қайта туындайтын, орнықпаған газ разряды.


разряд коронный/ corona discharge — высоковольтный самостоятельный газовый разряд, возникающий в резко неоднородном электрическом поле вблизи электро­дов с большой кривизной поверхности (остриё, проволока) при атмосферном давлении. Используется в плазменных технологиях для активации больших поверхностей пластмасс, например, полимерных плёнок.

тәждік разряд / corona discharge - атмосфералық қысымда электродтардың айқын біртекті емес электр өрісінің жанындағы қисықтығы жоғары беттерде пайда болатын жоғары вольтты өздік газ разряды. Пластмассалардың үлкен беттерін, мысалы, полимерлі пленкаларды, активациялау үшін, плазмалық технологияларда қолданылады.

разряд коронный высокочастотный / high-frequency corona discharge — коронный разряд, наблюдаемый на частотах в интервале 0,1 – 10 МГц. При повышении частоты переходит в факельный разряд.

жоғарыжиілікті тәждік разряд / high-frequency corona discharge - 0,1 – 10 МГц аралығындағы жиілікте бақыланатын тәждік разряд. Жиіліктің одан әрі артуы кезінде факелді разрядқа ауысады.

разряд лавинный / avalanche discharge — электрический разряд в газе, при котором возникающие при ионизации электроны сами производят дальнейшую ионизацию.

көшкінді разряд / avalanche dischargeиондану кезінде пайда болатын электрондар өздері ары қарай иондануды жалғастыратын газдағы электр разряды.

разряд несамостоятельный / non-self-maintained discharge — газовый разряд, существующий при ионизации газа внешним ионизатором.

өздік емес разряд / non-self-maintained dischargeгазды сыртқы иондаушының көмегімен иондау нәтижесінде туындайтын газдық разряд.

разряд оптический / optical discharge — газоразрядное явление, аналогичное электрическому разряду в газе, возникающее под действием лазерного излучения высокой интенсивности.

См. также пробой оптический.



оптикалық разряд / optical discharge - газдағы электр разряды секілді, қарқыны жоғары лазерлік сәуле әсерінен туындайтын газдық разряд.

Сон. қ. қараңыз: оптикалық тесілу.




разряд Пеннинга / Penning discharge — тлеющий разряд в продольном магнитном поле. Из-за большой длины пути электронов, движущихся по спиральным траекториям вокруг силовых линий магнитного поля, значительно возррастает вероятность ионизации, что создаёт условия для существования разряда при низких давлениях (до 10-4 Па). Широко используется в вакуумной технике, ионных источниках, плазменных технологиях.

Пеннинг разряды / Penning dischargeбойлық магнит өрісіндегі солғын разряд. Магнит өрісінің күш сызықтарының айналасында спирал тәріздес траектория бойымен электронның ұзақ жолды жүріп өтуіне байланысты иондану ықтималдылығы айтарлықтай ұлғаяды, бұл төменгі қысымда да ( 10-4 Па-ға дейін) рязрядтың пайда болуына мүмкіндік жасайды. Вакуумдық техника, иондық көздер, плазмалық технологияларда кеңінен қолданылады.

разряд плазменно-пучковый / plasma beam discharge — один из видов электрического разряда в газе, в котором в межэлектродное пространство вводится ускоренный электронный пучок и плазма разряда разогревается главным образом за счет плазменно-пучковой неустойчивости.

См. также неустойчивость пучковая.



плазмалы-шоқтық разряд / plasma beam discharge - электрод аралық кеңістікке үдетілген электрондық шоқ енгізілетін және разряд плазмасы негізінен плазмалы-шоқтың тұрақсыздығы есебінен қызатын газдағы электр разрядының бір түрі.

Сон. қ. қараңыз: шоқтық тұрақсыздық.



разряд с полым катодом / hollow cathode discharge — особый вид разряда в системе, состоящей из отрицательного цилиндрического электрода с полостью внутри и положительного в форме диска со стороны катодной полости. Отличительной чертой его (или, как говорят, эффектом полого катода) является большая величина тока, протекающего через зону разряда по сравнению с системой с плоскими электродами, имеющей геометрические размеры того же порядка. В первый момент возникает тлеющий разряд между анодом и передней стенкой катода как в случае с плоскими электродами. Затем по мере увеличения напряжения на аноде светящийся столб разряда проникает в отверстие катода. Внутри катода образуется положительный столб разряда. Формируется система, напоминающая коаксиальные электроды. Электроны под действием поля начинают осциллировать около центральной части катода. Часть из них вылетает из полости катода через отверстие в крышке в анодные области разряда, ионизируя и возбуждая молекулы газа в промежутке между анодом и катодом.

қуыс катодты разряд / hollow cathode discharge іші қуыс теріс цилиндрлі электродтан және оң дискілі формадағы катодтан тұратын жүйеде пайда болатын разрядтың ерекше түрі. Оның геометриялық өлшемі шамалас жазық электродтардан негізгі ерекшелігі, разряд зонасы арқылы өтетін тоқтың шамасы өте үлкен болуында. Алғашқы мезетте жазық электродтардағы сияқты анод пен катодтың алдыңғы қабыр-ғасы арасында солғын разряд пайда болады. Одан соң кернеудің өсуіне байланысты анодтағы жарқырайтын разряд бағанасы катод тесігіне енеді. Катодтың ішінде оң бағаналы разряд пайда болады. Коаксиальды электрод тәрізді жүйе құрылады. Катодтың орталық бөлігінің айналасында өрістің әсері-нен электрондар тербеле бастайды. Электр-ондардың бір бөлігі анод пен катодтың арасындағы газдардың молекуласын иондап және қоздыра отырып, катод қақпағындағы тесігі арқылы анодтық разрядтық аймаққа өтеді. Олардың бір бөлігі қақпақтағы саңылау арқылы катод қуысынан ұшып шығып, анод пен катод арасындағы газ молекулаларын иондап және қоздыра отырып, разрядтың анодтық облыстарына қарай қозғалады.

разряд самостоятельный / self-maintained discharge — газо­вый разряд, не требующий для своего поддержания ио­низации газа внешним иони­затором.

дербес разряд / self-maintained discharge - сыртқы иондаушының көмегімен иондауды қажет етпейтін газдық разряд.

разряд самостягивающийся / cylindrical pinch, magnetic pinch, pinch — газовый разряд, в котором сечение токового канала умень­шается под действием порождаемого им самим магнитного поля.

өздігінен тартылатын разряд / cylindrical pinch, magnetic pinch, pinch - өзі тудыратын магнит өрісінің әсерінен тогы бар канал қимасы кішірейетін газ разряды.


разряд скользящий / creepage — разновидность импульсного искрового разряда по поверхности диэлектрика.

сырғанайтын разряд / creepage диэлектриктің бетіндегі импульстік ұшқындық разрядтың бір көрінісі.

разряд тёмный / dark discharge, silent discharge — самостоятельный газовый разряд при низких давлениях и очень малых токах.

қара разряд / dark discharge, silent discharge төменгі қысымда және өте аз ток кезіндегі өздік газ разряды.

разряд тихий / silent discharge — несамостоятельный разряд в газе при малом значении разности потенциалов между анодом и катодом. При повышении напряжения сила тока тихого разряда сначала увеличивается пропорционально напряжению. Затем рост его замедляется и, когда все заряженные частицы, возникшие под действием ионизатора в единицу времени, уходят за то же время на катод и анод, усиление тока с ростом напряжения не происходит. При дальнейшем росте напряжения ток снова возрастает и тихий разряд переходит в несамостоятельный лавинный разряд. В этом случае сила тока определяется как интенсивностью воздействия ионизатора, так и газовым усилением, которое зависит от давления газа и напряжённости электрического поля в области, занимаемой разрядом. Тихий разряд наблюдается при давлении газа порядка атмосферного. Внешними ионизаторами могут быть радиоактивное излучение, космические лучи, свет, пучки быстрых электронов и т. д.

тыныш разряд / silent discharge - анод пен катод арасындағы потенциалдар айырымы аз болған кезде пайда болатын өздік емес разряд. Бастапқыда тыныш разрядтың ток күші кернеудің өсуіне байланысты пропорционал артады. Кейіннен оның өсуі баяулайды, және бірлік уақыт ішінде иондаушының әсерінен пайда болған зарядталған бөлшектердің барлығы түгелімен сол уақыт ішінде анод пен катодқа кеткенде, кернеудің артуына байланысты токтың артуы болмайды. Кернеудің одан ары өсуінде ток қайта арта бастайды және тыныш разряд өздік емес көшкіндік разрядқа айналады. Бұл жағдайда ток күші иондаушының әсер ету қарқыны мен газдың қысымына және разряд орын алған облыстағы электр өрісінің кернеулігіне тәуелді, газдық күшеюдің көмегімен анықталады. Тыныш разряд газдың атмосрфералық қысымы шамасында бақыланады. Сыртқы иондаушы қызметін радиоактивті сәуле, космостық сәулелер, жарық, жылдам электрондардың шоғы және т.б. атқаруы мүмкін.

разряд тлеющий / glow discharge — самостоятельный газовый разряд при низкой температуре катода, сравнительно малой плотности тока и пониженном, по сравнению с атмосферным, давлении газа.

солғын разряд / glow dischargeкатодтың төменгі температура жағдайында, токтың тығыздығы аз кезінде және газ қысымы атмосфералық қысымнан төмен болған жағдайда пайда болатын өздік газ разряды.

разряд факельный / flare discharge, torch discharge — особый вид одноэлектродного высокочастотного разряда; возникает при повышении тока и частоты (≥ 10Гц) в разряде коронном или при удалении, например, одного из электродов высокочастотной дуги. При давлениях порядка атмосферного и выше факельный разряд похож по форме на пламя свечи. С понижением давления постепенно утрачивает свою характерную форму, превращаясь в разряд с равномерным диффузным свечением.

алаулы разряд / flare discharge, torch dischargeбір электронды жоғары жиілікті разрядтың ерекше түрі; тәждік разрядта токтың және жиіліктің (≥ 10Гц) жоғарылуы кезінде немесе жоғарыжиілікті доғада электродтың біреуін алып тастаған кезде пайда болады. Қысым деңгейінің атмосфералық және одан жоғары жағдайында алаулық разряд шырақтың жалынына ұқсас болады. Қысымның біртіндеп төмендеуімен ол өзіне тән бейнесін жоғалтып, біртекті диффузиялық жарқырау разрядына айналады.


Разупрочнение

Softening

Процесс понижения прочности и повышения пластичности материалов, предварительно упрочненных в результате наклепа, термической обработки или облучения частицами с высокой энергией.



Беріксіздендіру

Softening

Термиялық өңдеу немесе жоғары энергиялы бөлшектермен сәулелену қақ түзу нәтижесінде алдын ала беріктендірілген материалдардың созылғыштығын жоғарылату мен беріктігін төмендету процесі.



Распределение

Distribution

Основное понятие теории вероятностей и математической статистики, полнстью характеризует случайную величину. Функция, определяющая вероятность состояния системы многих частиц в зависимости от значений каких-либо переменных.



Таралу

Distribution

Ықтималдылық теориясы мен математикалық статистика теорияларының негізгі ұғымы, кездейсоқ шаманы сипаттайды. Көптеген бөлшектер жүйесінің ықтимал күйін қандай да бір айнымалылардың мәндеріне тәуелділігін анықтайтын функция.



Распределение Больцмана / Boltzmann distributionраспределение по импульсам и координатам частиц идеального газа, молекулы которого движутся во внешнем потенциальном поле по законам классической механики.


Больцман таралуы / Boltzmann distributionмолекулалары сыртқы потенциалды өрісте классикалық механика заңы бойынша жылжитын идеал газ бөлшектерінің координаттары мен импульстары бойынша таралуы.

Распределение Гиббса / Gibbs canonical distriburion – распределение состояний малой части произвольной системы многих частиц, находящейся в состоянии статистического равновесия, при условии, что эта часть слабо взаимодействует с остальными частями системы.

Гиббс таралуы / Gibbs canonical distriburion – бұл бөлік жүйенің басқа бөліктерімен әлсіз әсерлеседі деген шарт орындалғанда ғана статистикалық тепе-теңдік күйінде орналасқан көп бөлшектердің кез келген жүйесінің шағын бөлігі күйінің таралуы.


Распредение дефектов / defect distribution – среднее значение энергии, выделяемое в элементе объема в результате упругих соударений налетающего иона и всех образовавшихся атомов отдачи с атомами мишени. Эта функция определяет долю энергии иона, переданную на движение атомов мишени.


Ақаулардың таралуы / defect distribution –

ұшып келетін ионның серпімді соққылары мен нысана атомдарымен түзілген барлық тебілу атомдарының нәтижесінде көлем элементінде бөлінетін энергияның орташа мәні. Бұл функция нысана атомдарының қозғалысына берілген ион энергиясының үлесін анықтайды.




Распределение зарядовое (функция зарядовая) / charging distribution (charging function) – распределение ионов пучка или плазмы по зарядовым состояниям.


Зарядты таралу (зарядты функция ) / charging distribution (charging function) – зарядты күйлер бойынша шоқ иондары немесе плазманың таралуы.


Распределение изотропное / isotropic distribution – распределение вероятностей каких-либо состояний системы, свидетельствующее о независимости их свойств относительно направления.


Распределение изотропное / isotropic distribution –бағытқа қатысты қандай да бір жүйе күйлері ықтималдылықтарының олардың қасиеттерінің тәуелсіздігін көрсететін таралу.


Распределение ионизаций / ionization distribution – среднее значение энергии, выделенной в элементе объема в неупругих соударениях налетающего иона и атомов отдачи с атомами мишени. Эта функция определяет долю энергии иона, идущую на ионизацию и возбуждение атомов мишени.


Ионданудың таралуы / ionization distribution – ұшып келуші ионның серпімсіз соққылары мен нысана атомдарымен түзілген көлем элементінде бөлінген энергияның орташа мәні. Бұл функция иондану мен нысана атомдарының қозуына кететін ион энергиясының үлесін анықтайды.


Распределение Максвелла / Maxwellian distribution – распределение частиц по скоростям в рамках модели идеального газа, находящегося в состоянии термодина-мического равновесия.


Максвелл таралуы / Maxwellian distribution – термодинамикалық тепе-теңдік күйіндегі идеал газ моделі шеңберінде бөлшектердің жылдамдықтары бойынша таралуы.


Распределение пробегов ионов / ion pass distribution – вероятность того, что ион или атомная частица, влетающие в мишень в определенном направлении и с определенной энергией, остановится в результате взаимодействия с атомами и электронами мишени в определенном элементе объема.


Иондар жүріп өту жолының таралуы / ion pass distribution – белгілі бір бағытта және белгілі бір энергиямен нысанаға ұшып кірген ион немесе атомдық бөлшек белгілі бір көлем элементінде нысанның атомдары және электрондарымен өзара әсерлескенде тоқтау ықтималдылығы.


Распуха́ние радиацио́нное (свеллинг)

Radiative swelling

Увеличение удельного объема стали или сплава, используемых в конструкциях ядерного реактора, вследствие образования в структуре пор и межузельных атомов при взаимодействии с потоками быстрых нейтронов (образуются при реакции деления ядер, их энергия 0,1-10 МэВ). Распухание является процессом, который значительно снижающий пластичность сталей и сплавов при их применении в ядерных реакторах.



Радиациялық ісіну

Radiative swelling

Ядролық реактордың құрылысында пайдаланылатын болат немесе құймалардың жылдам нейтрондармен (ядролардың бөліну реакциясы кезінде туындайды, олардың энергиясы 0,1-10 МэВ) әсерлесуі кезінде құрылымдық қуыс және түйінаралық атомдардың пайда болуы салдарынан меншікті көлемінің ұлғаюы. Ісіну болат пен құймалардың ядролық реакторларда пайдалану кезінде олардың пластикалық қасиетін төмендететін процесс болып табылады.


распухание пороговое /  threshold swelling — фаза распухания материала, при котором дальнейшее облучение его приводит к блистерингу.

ісіну табалдырығы /  threshold swelling одан ары сәулелендіру оның пластикалық қасиетін жоғалтуына әкеп соғатын материалдың ісіну фазасы.

распухание топлива /  fuel swelling — увеличение объема ядерного топлива в процессе эксплуатации реактора, обусловленное поглощением газов и летучих элементов, образующихся в результате деления ядер топлива. К газообразным продуктам деления относятся ксенон и криптон, накапливающиеся а зазоре между топливом и оболочкой твэла, в виде маленьких газовых пузырьков в кристаллитах и на их границах.

отынның ісінуі / fuel swellingреакторда қолдану процесінде ядролық отынның бөлуінен пайда болатын газдар және ұшқын элементтерді жұту арқылы ядролық отын көлемінің ұлғаюы. Бөлінудің газ тәрізді өнімдеріне ксенон және криптон жатады, олар отын мен жылу бөлуші элемент қабығының арасындағы кристалиттерде кішкентай газ көпіршіктері түрінде және олардың шекараларында жинақталады.

1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет