Проводни́к
Conductor, current conductors
Вещество, обладающее значительной электропроводностью.
Өткізгіш
Conductor, current conductors
Электр өткізгіштігі өте жоғары зат.
|
проводник второго рода / electrolytic conductor, ionic conductor, second class conductor — проводник, в котором прохождение электрического тока сопровождается химическими процессами, а сам ток обусловлен движением положительных и отрицательных ионов.
|
екінші текті өткізгіш / electrolytic conductor, ionic conductor, second class conductor — электр тогының өтуі химиялық процестермен қабаттаса жүретін және ондағы электр тогы оң және теріс иондардың қозғалысымен сипатталатын өткізгіш.
|
проводник двумерный / two-dimensional conductor — искусственно созданная электропроводящая система на границе раздела двух плохо проводящих сред, например, вакуум – диэлектрик, полупроводник – диэлектрик.
|
екі өлшемді өткізгіш / two-dimensional conductor — жасанды түрде жасалған, екі нашар өткізетін орталардың, мысалы, вакуум – диэлектрик, жартылай өткізгіш – диэлектрик, жанасу шекарасындағы электр өткізгіш жүйе.
|
проводник первого рода / electronic conductorfirst class conductor — проводник, в котором прохождение электрического тока не сопровождается химическими процессами, а ток обусловлен движением электронов.
|
бірінші текті өткізгіш / electronic conductorfirst class conductor — электр тогының өтуі химиялық процестермен қабаттаса жүрмейтін және ондағы электр тогы электрондардың қозғалысымен сипатталатын өткізгіш.
|
проводник суперионный / ionic conductor — проводник, обладающий проводимостью суперионной.
|
супер ионды өткізгіш / ionic conductor — супер ионды өткізгіштікке ие өткізгіш.
|
сверхпроводник / superconductor — вещество, обнаруживающее явление сверхпроводимости.
См. также проводимость.
|
асқын өткізгіш / superconductor — асқын өткізгіштік құбылысы байқалатын зат.
Сон. қ. қараңыз: өткізгіштік.
|
Продукты деления
Fission products
Нуклиды, образующиеся как в результате ядерного деления, так и в результате радиоактивного распада нуклидов, образовавшихся при ядерном делении.
|
Бөліну өнімдері
Fission products
Ядролық бөліну нәтижесінде, сонымен қатар ядролық бөліну кезінде пайда болған нуклидтердің радиобелсенді ыдырауы нәтижесінде түзілітен нуклидтер.
|
Проектор ионный – то же, что микроскоп ионный полевой
|
Ионды проектор –ионды өрісті микроскоптың өзі
|
Проектор электронный - то же, что микроскоп электронный полевой
|
Электронды проэктор – электронды өрісті микроскоптың өзі.
|
Прозрачность
Transparency, (optical) transmittance, clarity, transmission ratio, transmissivity
Отношение потока излучения, прошедшего в среде единичный путь без изменения направления, к потоку, вошедшему в эту среду в виде параллельного пучка.
|
Мөлдірлілік
Transparency, (optical) transmittance, clarity, transmission ratio, transmissivity
Бір жолды ортада өзінің бағытын өзгертпеген сәулелену ағынының осы ортаға параллель шоқ түрінде енген ағынға қатынасына тең.
|
прозрачность потенциального барьера / barrier penetrability – отношение вероятностей обнаружения частицы до и после прохождения потенциального барьера.
|
потенциалды бөгеуілдің мөлдірлігі / barrier penetrability – потенциалды бөгеуілдің өтуінен алдын және кейін бөлшектің табылу ықтималдылықтарының қатынасы.
|
прозрачность самоиндуцированная / self-induced transparency – повышенная глубина проникновения в среду коротких мощных когерентных световых импульсов.
|
өздігінен индуцирленген мөлдірлілік / self-induced transparency – ортаға қысқа когерентті жарық импульстарының жоғары ену тереңдігі.
|
Производительность по напыленному материалу
Output of deposited material
Масса материала покрытия, напыленная (осевшая) на модифицируемую поверхность в единицу времени.
|
Тозаңданған материал бойынша өндірушілік
Output of deposited material
Уақыт бірлігінде модификацияланған бетке тозаңданған (тұндырылған) жабын материалының массасы.
|
Производительность по распыленному материалу
Output of spraying material
Масса распыляемого материала, израсхо-дованная (в катодном узле) в единицу времени.
|
Тозаңдалған материал бойынша өндірімділік
Output of spraying material
Уақыт бірлігінде (катодты түйінде) жұмсалған тозаңдаушы материалдың массасы.
|
Промоторы адгезии (праймеры)
Семейство материалов, которые повышают адгезию между двумя фазами, например, подложкой и наносимым слоем. Действие промоторов адгезии основывается на том, что они достаточно сильно интегрируются с обеими фазами неполярными, полярными или ковалентными связями, которые являются более сильными, чем связи двух фаз между собой. Применение праймеров в комбинации методом плазменной очистки или плазменной активации предоставляет оптимальную возможность для соединения двух фаз, особенно для долговременной активации поверхности.
|
Адгезия промоторлары (праймерлері)
Екі фаза, мысалы, төсенішпен жағылатын қабат, арасындағы адгезияны арттыратын материалдар тобы. Адгезия промоторларының әсері екі фазаның арасындағы байланысқа қарағанда күштірек болатын екі фазаның полярлы емес, полярлы немесе ковалентті болатын байланыстармен өте жақсы интеграциялануына негізделеді. Праймерлерді комбинациялай отырып плазмалық тазарту немесе плазмалық активтендіру әдістерінің көмегімен қолдану екі фазаны біріктіру үшін, әсіресе беттерді ұзақ мерзімді активтендіру үшін тиімді жағдай тудырады.
|
Проница́емость
Penetrability
|
Өтімділік
Penetrability
|
проницаемость вакуума диэлектрическая / vacuum inductivity — см. постоянная электрическая.
|
диэлектрлік вакуумның өтімділігі / vacuum inductivity — қараңыз: электрлік тұрақты
|
проницаемость вакуума магнитная / magnetic capacity, magnetic conductivity, magnetic permeability — см. Постоянная магнитная.
|
магнитті вакуумның өтімділігі / magnetic capacity, magnetic conductivity, magnetic permeability — қараңыз: магниттік тұрақты.
|
проницаемость диэлектрическая / dielectric capacitivity penetrability — безразмерная величина, характеризующая свойства диэлектриков, в статическом случае показывающая, во сколько раз увеличивается ёмкость конденсатора, между обкладками которого был вакуум, если пространство между обкладками целиком заполнить однородным диэлектриком.
|
диэлектрлік өтімділік / dielectric capacitivity penetrability — диэлектриктердің қасиетін сипаттайтын, статикалық жағдайда бастапқыда вакуум болған пластиналар аралығын толығымен біртекті диэлектрикпен толтырғанда конденсатордың сыйымдылығы неше есе артатынын көрсететін өлшемсіз шама.
|
проницаемость магнитная / magnetic permeability, magnetic capacity — величина, характеризующая изменение магнитной индукции вещества под действием магнитного поля.
|
магниттік өтімділік / magnetic permeability, magnetic capacity — магнит өрісінің әсерінен заттың магниттік индукциясының өзгеруін сипаттайтын шама.
|
Пропитка покрытия
Заполнение пор и трещин газотермического покрытия пропитывающим веществом.
|
Жабынның сіңіруі
Газды термиялық жабын қуыстары мен сызаттарының сіңірілетін затпен толтырылуы.
|
Проплавле́ние кинжа́льное
Melt penetration, weld penetration
Образование расплавленного слоя на поверхности твёрдого тела под действием пучка заряженных частиц или фотонов лазерного излучения, при котором глубина проплавления существенно (зачастую на порядки) превышает длину пробега частиц в этом веществе. Достигается в какой-то мере теплопроводностью, но в большей степени передачей импульса падающих на поверхность частиц жидкофазной области вещества. В результате жидкая фаза выдавливается в периферийные области расплава, а частицы пучка получают свободный доступ к границе раздела жидкой и твёрдой фаз, и выделяют свою энергию в твёрдой фазе, вызывая плавление тела на большую глубину. Широко используется в радиационных и плазменных технологиях обработки твёрдых тел при оплавлении поверхности, электронной и лазерной сварке и т.д.
|
Қанжарлық балқыту
Melt penetration, weld penetration
Зарядталған бөлшектер шоғы немесе лазерлік сәуле фотондарының әсерінен қатты дененің бетінде заттың балқыған бөлігінің тереңдігі бөлшектердің осы затта жүріп өткен жолының ұзындығынан әлдеқайда терең болатын, балқытылған қабаттың пайда болуы. Қандай да бір дәрежеде жылуөткізгіштіктің нәтижесінде алынады, бірақ негізінен бетке түсіп жатқан бөлшектердің өз импульсін заттың сұйық фазалы учаскесіне беруі нәтижесінде алынады. Нәтижесінде сұйық фаза балқыманың перифериялақ облысына жинақталады, ал бөлшектер шоғы сұйық және қатты фаза шекарасына өтуге мүмкіндік алып, дененің балқуының үлкен тереңдікке енуіне әкеліп, өздерінің энергиясын қатты фазаға береді. Қатты денелерді радиациялық және плазмалық өңдеу технологиясында бетті балқытуда, электронды және лазерлі дәнекерлеуде және т.б. кеңінен қолданылады.
|
Проплавление сквозное
Keyhole
Методика сварки, при которой концентрированный тепловой источник, типа плазменной дуги, проникает полностью через деталь, создавая отверстия на переднем крае расплавленного свариваемого металла. По мере продви-жения источника тепла расплавленный металл заполняет объем позади источника, формируя валик сварного шва.
|
Қуыстық балқыту
Keyhole
Плазмалық доға түріндегі концентрленген жылу көзі дәнекерленетін металдың алдыңғы жағында қуыс тудыра отырып бұйымды тесіп өтетін, дәнекерлеу әдісінің бір түрі. Жылу көзінің алға жылжуы кезінде балқыған металл дәненкерлегіш тігіс білігін тудыра отырып көз артындағы кеңістікті толтырады.
|
Простра́нство
Area, place, room, space
Одно из основных понятий физики, при помощи которого описываются свойства протяжённости и взаимного расположения объектов.
|
Кеңістік
Area, place, room, space
Физикалық негізгі ұғымдардың бірі. Оның көмегімен қашықтықтың қасиеттері мен объектілердің өзара орналасуы сипатталады.
|
пространство изображений / image domain, image space — совокупность точеч-ных изображений точек пространства пред-метов, образуемых оптической системой.
|
кескіннің кеңістігі / image domain, image space — оптикалық жүйе көмегімен жасалатын, кеңістіктегі заттардың нүктелік кескіндерінің жиыны.
|
пространство импульсное / pulse area — многомерное пространство обобщённых импульсов, являющееся подпространством фазового пространства.
|
импульстік кеңістік / pulse area — фазалық кеңістіктің кеңістікшесі болып табылатын жалпыланған импульстердің көп өлшемді кеңістігі.
|
пространство конфигурационное / configuration space — многомерное пространство обобщённых координат, являющееся подпространством фазового пространства.
|
кофигурациялық кеңістік / configuration space — фазалық кеңістіктің кеңістікшесі болып табылатын жалпыланған координаталардың көп өлшемді кеңістігі.
|
пространство тёмное катодное / cathode chamber, dark space — тёмное пространство вблизи катода при тлеющем разряде, наблюдаемое при низких давлениях газа.
|
катодты қара кеңістік / cathode chamber, dark space — төмен қысымды газдағы солғын разрядта байқалатын катод маңындағы қара кеңістік.
|
пространство фазовое / phase space — многомерное пространство обобщённых координат и обобщённых импульсов механической системы.
|
фазалық кеңістік / phase space — механикалық жүйенің жалпыланған импульсі және жалпыланған координаталарының көп өлшемді кеңістігі.
|
пространство фарадеево / Faraday dark space — тёмное пространство, образующееся вслед за тлеющим свечением при тлеющем разряде в условиях низкого давления газа.
|
фарадей кеңістігі / Faraday dark space — төмен қысымды газдағы солғын разряд кезінде солғын жарқыраудың артында байқалатын қара кеңістік.
|
Прото́н
Proton
Стабильная элементарная частица, облада-ющая положительным электрическим зарядом, относящаяся к группе барионов и входящая в состав атомного ядра.
|
Протон
Proton
Бариондар тобына жататын және атом ядросының құрамына кіретін, оң таңбалы электр зарядына ие, тұрақты элементар бөлшек.
|
Профили́рование
Profiling, shaping
Исследование каких-либо свойств поверхностного слоя по глубине (например, состава атомов).
|
Профильдеу
Profiling, shaping
Беттік қабаттың қандай да бір қасиетін тереңдігі бойынша (мысалы, атомдық құрамын) зерттеу.
|
профилирование ионное / ion profile — метод исследования свойств поверхности по глубине, основанный на последовательном удалении внешних атомов путём контролируемого травления ускоренными ионами.
|
иондық профильдеу / ion profile — үдетілген иондармен басқарылатын өңдеудің көмегімен сыртқы атомдарды кезегімен алып тастауға негізделген беттің қасиеттерін тереңдігі бойынша зерттеу әдісі.
|
Про́филь концентрацио́нный
Concentration profile, concentration structure
Изменение концентрации какого-либо вещества (например, диффузанта) по глубине по мере удаления от поверхности.
|
Концентрациялық профиль
Concentration profile, concentration structure
Қандай да бір зат (мысалы, диффузант) концентрациясының беттен зат ішіне тереңдеген сайын өзгеруі.
|
Проход
При обработке твёрдого тела плазмой или пучком заряженных частиц, лучом лазера и т.д. – однократное перемещение напыляющего или излучающего устройства в одном направлении. На практике при проектировании технологии осаждения покрытий производительность по напыляемому материалу выбирается таким образом, чтобы в любом случае количество проходов было целым числом.
|
Өту жолы
Қатты денені лазер сәулесімен, плазмамен немесе зарядталған бөлшектермен және т.б. өңдегенде – тозаңдандырушы немесе сәуле шығарушы қондырғының бір бағытта бір реттік орын ауыстыруы. Практика жүзінде үлгілерді жабу технологиясын жобалау барысында тозаңдатылатын материал бойынша өндіргіштік өту жолдарының саны бүтін болып таңдалады.
|
Процесс изотермический
Isothermal (от греч. isos – равный и therme) process
Термодинамический процесс, происходящий в системе при постоянной температуре. На термодинамической диаграмме изображается изотермой.
|
Изотермиялық процесс
Isothermal (от греч. isos – равный и therme) process
Жүйеде тұрақты температура кезінде орындалушы термодинамикалық процесс. Термодинамикалық диаграммада изотерма түрінде бейнеленеді.
|
Процессы многофотонные
Multiquantum processes
Процессы взаимодействия электромагнит-ного излучения с веществом, при которых в одном элементарном акте одновременно происходит поглощение или испускание (или то и другое вместе) двух и более (до нескольких десятков) фотонов. Вероят-ность многофотонных процессов прене-брежимо мала при интенсивности света обычных источников, но при использовании лазерного излучения становится сравнимой с вероятностью обычного (однофотонного) поглощения. Здесь атом или молекула возбуждается из основного состояния в высоколежащие квантовые состояния дискретного или непрерывного спектра, в результате чего возможны фотоионизация, фотодиссоциация, фотоизомеризация и другие превращения.
|
Көп фотонды процестер
Multiquantum processes
Бір элементар актіде екі немесе одан да көп (бірнеше ондаған) фотонның жұтылуы немесе шығарылуы (немесе екеуі де) жүзеге асатын электромагниттік сәуленің заттармен әсерлесу процестері. Әдеттегі көздердің жарығы қарқындылығында көп фотонды процестердің орындалу ықтималдығы айтарлықтай аз, бірақ лазерлік сәулелерді қолданғанда қарапайым жұтылудың (бір фотонды) ықтималдығымен шамалас болады. Мұнда атом немесе молекула негізгі күйден жоғарыда жатқан дискретті немесе үздіксіз спектрдің кванттық күйлеріне қоздырылады. Нәтижесінде фотоиондалу, фотодиссоциация, фотоизомерлену және басқа түрленулер болуы мүмкін.
|
Процесс необратимый
Irreversible process
Физический процесс, который может самопроизвольно протекать только в одном определенном направлении.
|
Кері қайтпайтын процесс
Reversible process
Термодинамикалық жүйенің бастапқы күйге сол аралық күйлер тізбектілігі арқылы қайта келетін, тура процесте кері ретпен жүретін, бір күйден басқасына өту процессі.
|
Процесс обратимый
Reversible process
Процесс перехода термодинамической системы из одного состояния в другое, допускающий возможность возвращения ее в первоначальное состояние через ту же последовательность промежуточных состояний, что и в прямом процессе, но проходимых в обратном порядке.
|
Қайтымды процесс
Reversible process
Термодинамикалық жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі. Мұндай процесс кезінде тура процесте болып өткен аралық күйлерден өту арқылы (тек кері бағытта) бастапқы күйге қайта оралу мүмкіндігі қарастырылады.
|
Проце́ссы безызлуча́тельные
Non-radiating processes, nonradiative processes
Процессы, при которых энергия квантовой системы (ядра, атома, молекулы и т.д.) изменяется не путём поглощения или испускания ею электромагнитного излучения, а в результате её взаимодействия с другими квантовыми системами. Так при столкновениях атома с другим атомом, электроном или ионом он может передавать энергию возбуждения или получать её. В твёрдом теле в результате безызлучатель-ных процессов энергия возбуждения атома может переходить в энергию колебаний кристаллической решётки.
|
Сәуле шығармайтын процестер
Non-radiating processes, nonradiative processes
Кванттық жүйенің (ядроның, атомның, молекуланың және т.б.) энергиясы электромагниттік сәуленің жұтылуы немесе шығарылуы жолымен, басқа кванттық жүйелермен әсерлесуі нәтижесінде өзгеретін процестер. Атомның басқа атомдармен, элекрондармен немесе иондармен соқтығысуы өзінің қозу энергиясын беруі немесе керісінше, қозу энергиясын қабылдауы мүмкін. Қатты денелерде сәуле шығармайтын процестер нәтижесінде атомның қозу энергиясы кристалл торының тербеліс энергиясына ауысуы мүмкін.
|
Процессы неравновесные
Nonequilibrium processes
Процессы, включающие этап прохождения системы через неравновесные состояния.
|
Тепе-теңсіз процестер
Nonequilibrium processes
Тең емес күйлер арқылы жүйенің өту кезеңдерін қамтитын процестер.
|
Проце́ссы перено́са в пла́зме
Plasma transport process
Неравновесные процессы, приводящие к выравниванию пространственных распреде-лений параметров плазмы — концентраций, среднемассовой скорости и парциальных температур электронов и тяжелых частиц.
|
Плазмадағы тасымалдау процестері
Plasma transport process
Плазма параметрлерінің (электрондар мен ауыр бөлшектер концентрациясының, орта массалы жалдамдығының және парциал температураларының) кеңістіктік таралуын теңестіруге әкелетін тепе-теңсіз процестер.
|
Прочность
Strength, resistance, durability
Свойство твердых тел сопротивляться разрушению (разделению на части), а также необратимому изменению формы (пластической деформации) под действием внешних нагрузок. В зависимости от материала, вида напряженного состояния (растяжения, сжатия, изгиба и др.) и условий эксплуатации (температуры, времени и характера нагрузки) для металлов и сплавов используются разные харак-теристики прочности (предел прочности, время, сопротивление, длительность прочности, предел усталости и др.)
|
Беріктік
Strength, resistance, durability
Бұзылуға (бөлшектерге бөлінуінің), сондай-ақ сыртқы ауыртпалықтардың әсерінен пішінінің қайтымсыз өзгеруіне (пластикалық деформацияның) қарсы тұрушы қатты денелердің қасиеті. Металдар мен қорытпалар үшін материалға, кернеулі күйдің түріне (тартылуға, сығылуға, иілуге және т.б) және орын ауыстыру шартына (температураны, уақыт пен ауыртпалық сипаты) байланысты беріктіктің түрлі сипаттамалары (беріктік шегі, уақыт, қарсыласу, беріктік ұзақтығы, шаршау шегі және т.б) қолданылады.
|
прочность покрытия / coating strength, coating resistance – условное напряжение, соответствующее наибольшей нагрузке, предшествующей разрушению связей между частицами покрытия и (или) самого материала частиц.
|
жабын беріктігі / coating strength, coating resistance – жабын бөлшектері және (немесе) бөлшектер материалдарының өзінің арасындағы байланыстың бұзылуына тосқауыл болатын үлкен ауыртпалыққа сәйкес келетін шартты кернеу.
|
прочность сцепления покрытия с подложкой / bonding strength - условное напряжение, соответстветствующее нагрузке, предшествующей отделению газотермического покрытия от подложки.
|
жабынның төсенішпен жабысу беріктігі bonding strength – газды термиялық жабынның төсеніштен бөлінуінің алдында орын алатын жүктемеге сәйкес келетін шартты кернеу.
|
Пучо́к
Beam
Применительно к радиационным и плазменным технологиям этим термином обозначается поток частиц, движущихся по близким траекториям в одном направлении, обычно имеющий малые поперечные размеры по сравнению с его длиной. При этом частицы вдоль направления распрос-транения пучка движутся со скоростью, значительно превышающей скорость их хаотического теплового движения.
|
Шоқ
Beam
Радиациялы және плазмалы технологияларда бұл терминмен көлденең өлшемі траекториясының ұзындығынан әлдеқайда аз болатын, бір бағытта және бір-біріне жуық траекториямен қозғалатын бөлшектер ағынын айтады. Сонымен қатар, шоқтың таралу бағытындағы бөлшектердің қозғалыс жылдамдығы олардың хаостық жылулық қозғалысының жылдамдығынан әлдеқайда жоғары болады.
|
пучки встречные / counter beams — пучки, в которых ускоренные частицы взаимо-действуют в режиме движения навстречу друг другу при энергиях, максимально доступных в лабораторных условиях.
|
қарама-қарсы шоқтар / counter beams — лабораториялық жағдайда алуға болатын максимал энергияға ие, бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс режимінде өзара әсерлесетін үдетілген бөлшек шоқтары.
|
пучок атомный (молекулярный ) / аtomic (molecular) beam — пучок, в основном состоящий из электрически нейтральных атомов (молекул), движущихся в вакууме практически без взаимодействия друг с другом и с атомами (молекулами) остаточной газовой среды.
|
атомдық (молекулалық) шоқ / аtomic (molecular) beam — вакуумда бір-бірімен және қалдық газдық ортаның атомдарымен (молекулаларымен) әсерлеспей қозғалатын, электрлік бейтарап атомдардан (молекулалардан) тұратын шоқ.
|
пучок заряженных частиц / charged particle beam — пучок, состоящий из одно- или многозарядных (положительных или отрицательных) ионов, электронов или позитронов. Транспортировка такого пучка из-за кулоновского взаимодействия зарядов представляет собой значительную проблему.
|
зарядталған бөлшектер шоғы / charged particle beam — бір немесе көп зарядты (оң және теріс) иондардан, электрондардан немесе позитрондардан тұратын шоқ. Зарядтардың кулондық әсерлесуінің салдарынан мұндай шоқтарды тасымалдауда айтарлықтай қиыншылықтар туындайды.
|
пучок заряженных частиц высоко-интенсивный / high-intensity charged particle beam — то же самое, что и пучок заряженных частиц мощный.
|
жоғары қарқынды зарядталған бөлшектер шоғы / high-intensity charged particle beam — қуатты зарядталған бөлшектер шоғының өзі.
|
пучок заряженных частиц концентри-рованный (высококонцентрированный) / high-intensity charged particle beam — то же самое, что и пучок заряженных частиц мощный.
|
концентрленген (жоғары концентрленген) зарядталған бөлшектер шоғы / high-intensity charged particle beam — қуатты зарядталған бөлшектер шоғының өзі.
|
пучок заряженных частиц мощный / high-power charged particle beam — пучок, под действием которого интенсивность радиационно-стимулированных процессов растёт нелинейно с ростом плотности тока.
|
қуатты зарядталған бөлшектер шоғы / high-power charged particle beam — ток тығыздығының өсуімен радиациялы-қоздырылған процестер қарқындылығының сызықты емес артуын тудыратын шоқ.
|
пучок импульсный / pulsed beam — пучок, в котором плотность тока частиц вначале наростает, достигает максимума, а затем спадает. Характеризуется не только величи-ной тока, но и длительностью импульса.
|
импульсті шоқ / pulsed beam — ондағы бөлшектер ағыны тығыздығы бастапқыда максимумға дейін өсіп, кейіннен біртіндеп төмендейтін шоқ. Тек ток тығыздығымен ғана емес, сонымен қатар импульстің ұзақтығымен де сипатталады.
|
пучок импульсный микросекундный / microsecond beam — импульсный пучок с длиной импульса в интервале 10-6 – 10-3 с.
|
микросекундты импульсті шоқ / microsecond beam — импульс ұзақтығы 10-6 – 10-3 с интервалында болатын шоқ.
|
пучок импульсный наносекундный / nanosecond beam — импульсный пучок с длиной импульса в интервале 10-9 – 10-6 с.
|
наносекундты импульсті шоқ / nanosecond beam — импульс ұзақтығы 10-9 – 10-6 с интервалында болатын шоқ.
|
пучок импульсный пикосекундный / picosecond beam — импульсный пучок с длиной импульса в интервале 10-12 – 10-9 с.
|
пикосекундты импульсті шоқ / picosecond beam — импульс ұзақтығы 10-12 – 10-9 с интервалында болатын шоқ.
|
пучок импульсный субмикросекундный/ submicrosecond beam — импульсный пучок с длиной импульса менее 10-6 с.
|
субмикросекундты импульсті шоқ / submicrosecond beam — импульс ұзақтығы 10-6 секундтан төмен болатын шоқ.
|
пучок ионный / ion beam — пучок, в основном состоящий из положительных (одно- или многозарядных) или отрицатель-ных ионов.
|
иондық шоқ / ion beam — негізінен оң (бір немесе көп зарядты) немесе теріс иондардан тұратын шоқ.
|
пучок моноимпульсный /mono- (single) pulsed beam — пучок, который состоит из однократного импульса.
|
моноимпульсті шоқ /mono- (single) pulsed beam — бірінші реттік импульстен тұратын шоқ.
|
пучок моноэнергетический (монохро-матический) / monochromatic beam — пучок, в котором все частицы условно имеют одинаковую энергию.
|
моноэнергиялық (монохроматтық) шоғыр / monochromatic beam — шартты түрде бірдей энергияға ие шоқ.
|
пучок сильноточный / high current beam — пучок заряженных частиц, в котором собственные электромагнитные поля оказывают определяющее воздействие на его динамику в процессе генерации и транспортировки. Применение этого тер-мина в радиационных и плазменных технологиях обработки материалов пред-полагает, что его значение должно быть оговорено в каждом конкретном случае.
|
аса дәл шоқ / high current beam — меншікті электромагниттік өрістерінің әсері өзінің генерациялану және тасымалдану процесінің динамикасында шешуші рөл атқаратын зарядталған бөлшектер шоғы. Бұл терминді материалды өңдеудің радиациялық және плазмалық технологиясында қолданғанда әрбір жағдайда түсіндіріліп отыру керек.
|
пучок синтезированный / fusion beam — пучок, состоящий из взаимопроникающих пучков частиц противоположных знаков, движущихся в одном направлении (ион-электронный, ион-ионный).
|
синтезделген шоқ / fusion beam — бір бағытта қозғалатын, бір-біріне еніп кеткен әр аттас бөлшектер шоғынан тұратын шоқ (ион-электрондық, ион-иондық).
|
пучок частотно – импульсный / pulsed beam — пучок, в котором частицы движутся в импульсном режиме (см. пучок импульсный), но при этом импульсы повторяются с определённой частотой.
|
импульсті-жиілікті шоқ / pulsed beam — бөлшектері белгілі бір жиілікпен қайталанып отыратын импульсті режимде қозғалатын шоқ.
|
пучок электронный / electron beam — пучок, в основном состоящий из электронов.
|
электрондық шоқ / electron beam — негізінен электрондардан тұратын шоқ.
|
пучки встречные / counter beams – пучки, в которых ускоренные частицы взаимо-действуют в режиме движения навстречу друг другу при энергиях, максимально доступных в лабораторных условиях.
|
қарама-қарсы шоқтар / counter beams – — лабораториялық жағдайда алуға болатын максимал энергияға ие, бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс режимінде өзара әсерлесетін үдетілген бөлшек шоғыры.
|
Пушка плазменная – то же, что инжектор плазмы.
|
Плазмалық зеңбірек – плазма инжекторының өзі.
|
Пу́шка электро́нная
Electron gun
Вакуумное устройство для получения пучков электронов.
|
Электрондық зеңбірек
Electron gun
Электрон шоқтарын алу үшін қолданылатын вакуумдық құрылғы.
|
Пьезоэлектричество
Piezoelectricity
Поляризация диэлектрика под действием механических напряжений (прямой пьезоэлектрический эффект) и механическая деформация под действием электрического поля (обратный пьезоэлектрический эффект). Прямой и обратный пьезоэлектрические эффекты наблюдаются в одних и тех же кристаллах пьезоэлектриков. В плазменных технологиях широко используется измеритель толщины пленок пьезоэлектрический как средство для измерения толщины пленок в процессе их осаждения.
|
Пьезоэлектр
Piezoelectricity
Механикалық кернеулер (тік пьезоэлектрлі эффект) әсерінен диэлектриктің поляризациясы мен электрлі өріс әсерінен болатын (кері пьезоэлектрлі эффект) механикалық деформация. Тік және кері пьезоэлектрлі эффектілер бір ғана пьезоэлектрик кристалдарда байқалады. Плазмалық технологияларда қабықтардың қалыңдығын өлшеуші пьезоэлектрлі өлшеуіш, оларды тұндыру кезінде қабықтардың қалыңдығын өлшеу құралы ретінде қолданылады.
|
Пьюрекс-процесс
Процесс переработки использованных тепловыделяющих элементов, суть которого состоит в следующем: их разрезают на части и растворяют в азотной кислоте. Далее раствор очищают от продуктов деления и элементов оболочки, выделяют чистые соединения урана и плутония. Затем, полученный диоксид плутония направляют на изготовление новых сердечников, а уран - либо на изготовление сердечников, либо на обогащение по изотопу 235U.
|
Пьюрекс – процесі
Қолданылған жылубөлгіш элементтерді бөліктерге бөліп, азот қышқылында ерітетін, қайта өңдеу процесі. Ары қарай ерітіндіні бөліну өнімдерінен және қабықша элементтерден тазартады, уран және плутонийдің таза қосындыларын бөліп алады. Одан соң алынған плутоний диоксидін жаңа өзекшелер дайындауға жібереді, ал уранды өзекше дайындауға, немесе 235U изотоп бойынша байытуға жібереді.
|
Пя́тна Ве́нера
Vener spots
Следы эрозии на поверхности монокристаллов под действием пучка ионов, которые являются свидетельством существования направлений преимущест-венной эмиссии атомов.
|
Венера дағы
Vener spots
Монокристалдар бетінде иондар шоғы әсерінен туындаған эрозияның ізі. Бұл атомдар эмиссиясының бағыты бар екендігін дәлелдейді.
|
Пятно́ като́дное
Cathode spot
Светящееся пятно на поверхности катода, возникающее при переходе тлеющего разряда в дуговой разряд.
|
Катод дағы
Cathode spot
Солғын разряд доғалық разрядқа ауысқан кезде катод бетінде пайда болатын жарқыраушы дақ.
|
Р
Работа
Work
Мера действия силы, зависящая от численной величины и направления этой силы, а также от перемешения точки ее приложения.
|
Жұмыс
Work
Сандық шамасы мен осы күштің бағытына, сондай-ақ оны түсіру нүктесінің орын ауыстыруына тәуелді күштің әсер ету шамасы.
|
работа в термодинамике / work of thermodinamical system – способ обмена энергией между термодинамической системой и окружающими телами при изменении внешних параметров состояния, которые определяют положение границ раздела системы или ее частей и взаимодействие с внешними силовыми полями. Количество энергии, передаваемой этим способом, тоже называется работой.
|
термодинамикадағы жұмыс / work of thermodinamical system – жүйенің бөліну шекарасы немесе оның бөліктерінің орнын және сыртқы күштік өрістермен әсерлесуін анықтайтын, сыртқы күй параметрлерінің өзгерісі кезінде термодинамикалық жүйе мен қоршаған жүйенің арасында энергия алмасу тәсілі. Бұл тәсілмен берілген энергия мөлшері жұмыс деп те аталады.
|
работа выхода / work function – энергия, которую необходимо затратить, чтобы удалить электрон из твердого или жидкого тела в вакуум.
|
шығу жұмысы / work function – қатты немесе сұйық денеден электронды вакуумға (кинетикалық энергиясы нөлге тең күйде) жіберу үшін жұмсалуға тиіс энергия.
|
работа деформации / work (energy) of deformation – работа, затрачиваемая на деформацию образца или изделия (например, растяжение, сжатие или сдвиг).
|
деформация жұмысы / work (energy) of deformation – үлгінің немесе бұйымның (мысалы, созылуы, сығылуы немесе ығысуы) деформациясына жұмсалатын жұмыс.
|
работа разрушения / fracture energy – работа, затрачиваемая на разрушение образца или изделия.
|
бұзылу жұмысы / fracture energy – үлгінің немесе бұйымның бұзылуына жұмсалатын жұмыс.
|
работа с источником ионизирующего излучения / work with ionization irradiation source – все виды обращения с источником излучения на рабочем месте, включая радиационный контроль.
|
иондаушы сәулелену көзімен жұмыс / work with ionization irradiation source – радиациялық бақылауды есепке алағанда жұмыс орнында сәулелену көзімен жұмыс жасаудың барлық түрі.
|
работа с радиоактивным веществами / work with radioactive substances – все виды обращения с радиоактивными веществами на рабочем месте, включая радиационный контроль.
|
радиобелсенді заттармен жұмыс/ work with radioactive substances – радиациялық бақылауды есепке алғанда жұмыс орнында радиобелсенді заттармен жұмыс жасаудың барлық түрі.
|
Равновесие
Equilibrium, balance
Состояние физической системы, в котором она при неизменных внешних воздействиях может пребывать сколь угодно долго.
|
Тепе-теңдік
Equilibrium, balance
Өзгеріссіз сыртқы өзара әрекеттер кезінде соншалықты ұзақ бола алатын физикалық жүйенің күйі.
|
равновесие адсорбционное /absorption balance – состояние системы, при котором процессы адсорбции десорбции имеют равные скорости.
|
адсорбциялық тепе-теңдік /absorption balance – алсорбция, десорбция процестері тең жылдамдықтарға ие болатын жүйенің күйі.
|
равновесие безразличные / indifererent equilibrium, labile equilibrium, neutral equilibrium – состояние механической системы, при котором не слишком большие изменения положений точек системы не влекут за собой возникновения сил, стремящихся изменить положения точек.
|
айырмасыз тепе-теңдік/ indifererent equilibrium, labile equilibrium, neutral equilibrium – жүйе нүктелері қалыптарының үлкен емес өзгерістері нүктелердің қалыптарын өзгертуге тырыспайтын күштердің туындауын әкелмейтін механикалық жүйенің күйі.
|
равновесие динамическое / dynamic balance, dynamic equilibrium, movable equilibrium, transient equilibrium – равновесие между термодинамическими фазами, при котором число молекул, переходящих из одной фазы в другую, равно числу молекул, возвращающихся обратно за то же время.
|
динамикалық тепе-теңдік / dynamic balance, dynamic equilibrium, movable equilibrium, transient equilibrium – бір фазадан екінші фазаға өтетін молекулалар саны сол уақыт ішінде кері қайтатын молекулалар санына тең термодинамикалық фазалар арасындағы тепе-теңдік.
|
равновесие ионизационное / ionization equilibrium – равновесное состояние газа при высоких температурах, когда столкновения частиц газа сопровождаются их ионизацией.
|
иондану тепе-теңдігі / ionization equilibrium – газ бөлшектерінің олардың иондануымен қосарласа жүретін жоғары температуралар кезіндегі газдың тепе-теңдік күйі.
|
равновесие механической системы / mechanical equilibrium – состояние системы, находящейся под действием сил, при котором все ее точки покоятся по отношению к какой-либо системе отсчета.
|
механикалық жүйе тепе-теңдігі / mechanical equilibrium – жүйенің барлық нүктелері кандай да бір есеп жүйесіне қатынасы бойынша тыныштанатын күштердің әсері астында орналасатын жүйенің күйі.
|
равновесие неустойчивое / unstable equilibrium – равновесие, при котором уже малые возмущения системы приводят к существенному ее отклонению от состояния равновесия и переходу в новое состояние равновесия.
|
тұрақсыз тепе-теңдік / unstable equilibrium – жүйенің шағын ұйытқулары тепе-теңдік күйден оның елеулі ауытқуына және тепе-теңдіктің жаңа күйіне өтуге әкелетін тепе-теңдік.
|
равновесие плазмы в магнитном поле / plasma balance — состояние плазмы, в котором сила газокинетического давления, действующая на любой элемент ее объема, уравновешивается силой Ампера; одно и необходимых условий магнитного удержания плазмы.
|
магнт өрісіндегі плазманың тепе-теңдігі / plasma balance — плазманың оның көлеміндегі кез келген элементіне әсер ететін газкинетикалық қысым күші Ампер күшімен теңесетін күйі;плазманың магнитпен ұсталып тұруының бірі және қажетті шарт.
|
равновесие радиоактивное / radioactive balance — равновесие между количествами радиоактивных веществ, образующихся одно из другого в радиоактивном ряде.
|
радиоактивті тепе-теңдік / radioactive balance — радиоактивті қатарда бірінен келесісі түзілетін радиоактивті заттардың мөлшерінің арасында,ы тепе-теңдік.
|
равновесие статистическое / statistical equilibrium — состояние замкнутой системы многих частиц, в котором средние значения физических величин, характеризующих систему, не зависят от времени.
|
статистикалық тепе-теңдік / statistical equilibrium — көп бөлшекті тұйықталған жүйенің оны сипаттайтын физикалық шамаларының орташа мәндері уақытқа тәуелсіз күйі.
|
равновесие термодинамическое / thermodynamic equilibrium — состояние термодинамической системы, в которое она самопроизвольно переходит спустя достаточно большой промежуток времени в условиях изоляции от окружающей среды, после чего параметры состояния системы уже не меняются со временем.
|
термодинамикалық тепе-теңдік / thermodynamic equilibrium — термодинамикалық жүйенің ол өздігінен қоршаған ортадан оқшауланған жағдайда ұзақ уақыт аралығынан кейін келетін, одан соң жүйенің күй параметрлері уақыт бойынша өзгермейтін күйі.
|
равновесие устойчивое / stable equilibrium — равновесие, при котором малое возмущение системы приводит к малому ее отклонению от состояния равновесия и через некоторое время вследствие диссипации энергии система обычно возвращается в свое первоначальное состояние.
|
орнықты тепе-теңдік / stable equilibrium — жүйенің аздаған қозулары тепе-теңдік күйінен аздап қана ауытқуына әкелетін және қандай да бір уақыт аралығынан кейін энергияның диссипациясы салдарынан жүйе әдетте өзінің бастапқы күйіне қайта оралатын тепе-теңдік.
|
равновесие фазовое / phase equilibrium — одновременное сосуществование термодинамически равновесных фаз в многофазной системе.
|
фазалық тепе-теңдік / phase equilibrium — көпфазалы жүйеде термодинамикалық тепе-тең фазалардың бір уақытта бар болуы.
|
Рад
Rad
Внесистемная единица поглощенной дозы излучения. 1рад=0,01 Гр.
|
Рад
Rad
Сәулеленудің жұтылған мөлшерінің жүйеден тыс бірлігі. 1рад=0,01 Гр.
|
Радика́л
Radical
Одноядерная или многоядерная электронейтральная частица, имеющая неспаренные электроны. Радикалы обладают высокой реакционной способностью и имеют короткое время жизни в свободном состоянии.
радикалы свободные / free radical — кинетически независимые частицы, характеризующиеся наличием неспаренных электронов.
|
Радикал
Radical
Жұптаспаған электрондары бар, бірядролы немесе көпядролы электрлі бейтарап бөлшек. Радикалдар өте үлкен жоғары реакциялық қасиетке ие және еркін күйде өте қысқа өмір сүру уақытына ие.
еркін радикалдар / free radical — жұптаспаған электрондардың болуымен сипатталатын кинетикалық тәуелсіз бөлшектер.
|
Радиоакти́вность
Radioactivity (от лат. Radio – излучаю и activus – деятельный)
Свойство атомных ядер самопроизвольно (спонтанно) изменять свой состав (заряд, массовое число). Процесс сопровождается испусканием жёсткого электромагнитного излучения, элементарных частиц или ядерных фрагментов. Ядра нового нуклида, которые образуются в результате радиоактивного распада исходного нуклида (радионуклида), могут быть стабильными или радиоактивными.
радиоактивность наведённая / indused radioactivity — радиоактивность, возникающая в веществе в результате его облучения.
| |