Реа́кция
Reaction
Превращение одного или нескольких исходных веществ (реагентов) в отличающиеся от них по составу или строению вещества (продукты реакции).
Реакция
Reaction
Бір немесе бірнеше бастапқы заттардың (реагенттердің) олардан құрамы мен құрылымы бойынша өзгеше заттарға (реакция өнімдеріне) түрленуі.
|
реакция двухквантовая / double-quantum reaction — фотохимическая реакция, которая происходит в результате последовательного поглощения молекулой двух квантов света, причем второй квант поглощается молекулой в электронно-возбужденном состоянии.
|
екі кванттық реакция / double-quantum reaction – жарықтың екі квантын молекуланың тізбекті жұтуының нәтижесінде жүретін фотохимиялық реакция. Екінші квант молекуламен электронды-қозған күйде жұтылады.
|
реакция деления цепная / chain fission reaction — последовательность реакции деления ядер тяжелых атомов при взаимодействии их с нейтронами или другими элементарными частицами, в результате которых образуются более легкие ядра, новые нейтроны или другие элементарные частицы и выделяется ядерная энергия.
|
тізбекті бөліну реакциясы / chain fission reaction – нәтижесінде анағұрлым жеңіл ядролар, жаңа нейтрондар немесе басқа да элементар бөлшектер түзілетін немесе ядролық энергия бөлінетін, ауыр атомдардың нейтрондармен немесе басқа да элементар бөлшектермен әсерлесуінің нәтижесінде ядроның бөліну реакциясының тізбегі.
|
реакция диффузионно-контролируемая / diffusion-controlled reaction — реакция, скорость которой определяется диффузионным сближением реагирующих частиц, после чего их взаимодействие происходит практически мгновенно.
|
диффузиялы-бақыланатын реакция / diffusion-controlled reaction – жылдамдығы әсер етуші бөлшектің диффузиялық жақындауымен анықталатын реакция, бұдан соң олардың әсерлесуі өте жылдам өтеді.
|
реакция излучения — см. трение радиационное.
|
сәулелену реакциясы - қараңыз: радиациялық үйкеліс.
|
реакция катодная / cathodic reaction — электродная реакция, эквивалентная переносу отрицательного заряда от электронного к ионному проводнику. Катодная реакция является восстановительным процессом.
|
катодты реакция / cathodic reaction – теріс зарядты электронды өткізгіштен ионды өткізгішке тасымалдауға балама электродты реакция. Катодты реакция қалпына келтіруші процесс болып табылады.
|
реакция радиационно-химическая / radiation-chemical reactions — реакция, происходящая вследствие поглощения веществом энергии радиоактивного излучения. Характеризуется радиационным выходом G — числом частиц (атомов, молекул, ионов, радикалов, ион-радикалов), образовавшихся или распавшихся при поглощении веществом энергии 100 эВ.
|
радиациялы-химиялық реакция / radiation-chemical reactions – заттың радиоактивті сәуле энергиясын жұту нәтижесінде жүзеге асатын реакция. Заттың 100эВ энергияны жұтуы нәтижесінде пайда болған немесе ыдыраған бөлшектер саны (атомдардың, молекулалардың, иондардың, радикалдардың, ион-радикалдардың) — G радиациялық шығыспен сипатталады.
|
реакция термоядерная / thermonuclear reaction — реакция синтеза атомных ядер, сопровождающаяся значительным выделением энергии.
|
термоядролық реакция / thermonuclear reaction – айтарлықтай энергия бөлінумен жүретін атом ядроларының синтездік реакциясы.
|
реакция химическая / chemical reactions — превращение одних веществ в другие, отличные от исходных по химическому составу или строению. В отличие от ядерных при химических реакциях не изменяется общее число атомов в реагирующей системе, а также изотопный состав химических элементов.
|
химиялық реакция / chemical reactions – заттардың құрамы мен құрылымы бойынша бастапқыдан өзгеше болатын екінші бір заттарға түрленуі. Химиялық реакцияның ядролық реакциялардан айырмашылығы, мұнда әсерлесуші жүйедегі атомдардың жалпы саны, сонымен қатар химиялық элементтің изотоптық құрамы өзгермейді.
|
реакция фотохимическая / photochemical reaction — химическая реакция, протекаю-щая под действием света. Поглощение фотона с длиной волны в интервале около ~ 100-1500 нм (0,8-12,4 эВ) вызывает квантовый переход молекулы вещества из основного электронного состояния в одно из возбужденных состояний или фото-ионизацию - отщепление электрона и образование катион-радикала. Возбужден-ные состояния молекул имеют отличную от основного состояния электронную струк-туру и, как правило, более высокую реакци-онную способность. Молекулы вступают в химические реакции, первичные продукты которых (ионы, радикалы, изомеры) чаще всего оказываются нестабильными. Конеч-ные продукты фотохимической реакции появляются в результате обычных терми-ческих реакций, которые протекают либо непосредственно с участием первичных частиц, либо как ряд последовательных химических превращений.
|
фотохимиялық реакция / photochemical reaction — жарықтың әсерінен жүзеге асатын химиялық реакция. Шамамен ~ 100-1500 нм (0,8-12,4 эВ) аралығындағы фотонды жұтқанда зат молекуласының негізгі электрондық күйінен қозған күйлердің біріне кванттық ауысуын тудырады немесе фотоиондануды - электронның бөлініп, катион-радикалдың пайда болуына алып келеді. Молекулалардың қозған күйлері негізгі электрондық күйден өзгеше, негізінен жоғары реакциялық қабілетке ие болады. Молекулалар химиялық реакцияға түседі және олардың алғашқы өнімдері (иондар, радикалдар, изомерлер) көбіне тұрақсыз болып келеді. Фотохимиялық процесстердің ақырғы өнімдері не алғашқы бөлшектердің тікелей қатысуымен, не химиялық түрленулердің тізбекті қатары түрінде жүзеге асатын қарапайым жылулық реакциялар нәтижесінде пайда болады.
|
реакция фотоядерная / photonuclear reaction — расщепление атомных ядер гамма- квантами.
|
фотоядролық реакция / photonuclear reaction - атом ядросының гамма-кванттар әсерінен жіктелуі.
|
реакция цепная / chain reaction — химическая или ядерная реакция, вызываемая активными частицами (ионами, нейтронами и т. п.), в число продуктов которой входят те же активные частицы, вызывающие следующий акт реакции и т. д.
|
тізбекті реакция / chain reaction – тудырған өнімдерінің құрамында келесі реакцияны жүзеге асыратын дәл сол белсенді бөлшектер болатын белсенді бөлшектер (иондар, нейтрондар және т.б.) тудыратын химиялық немесе ядролық реакция.
|
реакция экзотермическая / exothermic reaction — реакция с выделением теплоты.
|
экзотермиялық реакция / exothermic reaction – жылу бөлінумен жүретін реакция.
|
реакция эндотермическая / endothermic reaction — реакция с поглощением теплоты.
|
эндотермиялық реакция / endothermic reac-tion – жылу жұтыла отырып жүретін реакция.
|
реакция ядерная / nuclear reactions — превращение атомных ядер при соударении с др. ядрами, элементами, частицами или гамма-квантами. При бомбардировке тяжелых ядер более легкими получены все трансурановые элементы. Основные цели проведения ядерных реакций — синтез новых ядер, изучение структуры и свойств ядер, механизмов их превращения.
|
ядролық реакция / nuclear reactions – атом ядроларының басқа ядролармен, элементтер-мен, бөлшектермен немесе гамма-кванттар-мен соқтығысуының нәтижесінде түрленуі. Ауыр ядроларды жеңілдерімен атқылағанда барлық трансуранды элементтер алынған. Ядролық реакцияларды жүргізудің негізгі мақсаты – жаңа ядролар синтезі, ядроның құрамы мен құрылымын, олардың түрлену механизмін оқып-үйрену.
|
Резка
Cutting
Отделение частей (заготовок) от сортового или листового материала режущим инструментом, струёй плазмы, электри-ческой дугой и т.д. Эта же операция, выполненная инструментом ударного действия, называется рубкой.
|
Кесу
Cutting
Кесетін құралмен, плазма ағыншасымен, электрлік доғамен және т.б. сорттық немесе қаңылтыр материалдардан бөліктерді (дайындама) бөліп алу. Соққылық әрекетпен жұмыс істейтін құралмен орындалатын дәл осындай операцияны шабу деп атайды.
|
резка воздушно-дуговая / air arc cutting — в данном случае металл расплавляется теплом электрической дуги и удаляется из полости реза потоком сжатого воздуха. Воздушно-дуговая резка может выпол-няться металлическим и угольным (графит-овым) электродом, причем последний рас-пространен больше. Электрод крепится в специальном электродо-держателе, снаб-женном трубкой, по которой в зону рас-плавления подается струя воздуха. Иногда трубку с воздухом подводят к концу элек-трода сбоку. Воздушно-дуговую резку при-меняют при разрезании листов, при раз-делке кромок, удалении дефектных швов, разделке трещин, выплавлении корня шва.
|
ауалы-доғалық кесу / air arc cutting – бұл жағдайда металл электрлік доға жылуымен балқытылады және кесілетін қуыстан сығылған ауа ағынымен тазартылады. Ауалы-доғалық кесу металл және көмір (графит) электродтарымен жүзеге асырылуы мүмкін, алайда соңғысы кеңірек тараған. Электрод балқу аймағына ауа ағыны жеткізілетін түтікшемен жабдықталған арнайы электрұстағышқа бекітіледі. Кейде ауасы бар түтікшені электрод ұшына жанынан орнатады. Ауалы-доғалық кесуді қаңылтырларды, трубаларды кесуде, ойыстарды, сызаттарды сылауда, ақаулық тігістерден тазартуда, тігістің түбірін балқытып алып тастауда қолданады.
|
резка газодуговая / arc cutting — резка, основанная на использовании тепла электрической дуги в среде защитного газа.
|
газды-доғалық кесу / arc cutting — электрлік доғаның жылуын қорғаныс газды ортада қолдануға негізделген кесу.
|
резка дуговая / arc cutting — группа процессов резки, при которых расплавляют и разрезают металл за счет высокой температуры дуги между электродом и поверхностью металла.
|
доғалық кесу / arc cutting — металлды балқытып және кесу үшін электрод пен металл бетінің арасындағы доғаның жоғары температурасы қолданылатын кесу процесстерінің жиыны.
|
резка дуговая / metal-arc cutting — любой из процессов дуговой резки, при которых металлы разрезаются путем расплавления их под воздействием высокотемпературной дуги между металлическим электродом и основным металлом.
|
металлды-доғалық кесу / metal-arc cutting — металлдар кесу үшін металл электрод пен негізгі металл арасындағы жоғары температуралы доғаның әсері қолданылатын доғалық кесудің кез келген процесі.
|
резка кислородно-дуговая / oxygen arc cutting — применяется для углеродистых сталей и отличается от дуговой тем, что на нагретый до плавления металл подают струю технически чистого кислорода, которая интенсивно окисляет его и удаляет из разреза образующие окислы. При сгорании металла в струе кислорода образуется дополнительное тепло, которое ускоряет процесс резки металла. В качестве электродов используют стальные трубки наружным диаметром 8 мм, длиной 340—400 мм. Для устойчивого горения дуги на трубки-электроды наносят специальное покрытие. Электрод при включенном нап-ряжении источника направляют в точку начала реза под углом 80—85° к обрабаты-ваемой поверхности. В процессе резки резчик перемещает резак вдоль линии реза.
|
оттегілі-доғалық кесу / oxygen arc cutting — көміртектік болаттар үшін қолданылады және доғалықтан, балқу температурасына дейін қыздырылған металға металды қарқынды түрде тотықтырып, пайда болған тотықтардан кесілген аймақты тазартатын техникалық таза оттегі ағынын жіберумен ерекшеленеді. Металдың оттегі ағынында жануы кезінде металды кесу процесін жылдамдататын қосымша жылу пайда болады. Электродтар ретінде сыртқы диаметрі 8мм, ұзындығы 340-400мм болатын болат түтікшелер қолданылады. Доғаның тұрақты жануы үшін түтікше-электродқа арнайы жабын жалатылады. Кернеу көзін қосып электродты кесу басталатын нүктеге өңделетін бетке 80-850 бұрышпен бағыттайды. Кесу процесінде кескішті кесу сызығының бойымен жылжытып қозғалтады.
|
резка лазерная / laser beam cutting — процесс разъединения материала за счет тепла, полученного от воздействия концентрированного луча лазера. Может проводиться с использованием газа или без него.
|
лазерлі кесу / laser beam cutting — материалды лазердің жинақталған сәулесінің әсерінен туындаған жылу есебінен ажырату процесі. Процесс газ көмегімен немесе онсыз жүзеге асуы мүмкін.
|
резка плазменно-дуговая / plasma-arc cutting — процесс дуговой резки, при котором металлы разрезаются расплавлением ограниченной области энергией дуги с удалением расплавленного металла высоко-скоростным потоком горячего ионизир-ованного газа из плазменной горелки.
|
плазмалы-доғалық кесу / plasma-arc cutting — металдарды кесу доға энергиясымен шектеулі облыс қана балқытылып, балқыған металдан плазмалы жанарғыдан алынған ыстық жоғары жылдамдықты иондалған газ ағынының көмегімен тазарту арқылы жүзеге асатын доғалық кесу процесі.
|
резка углеродистая дуговая / carbon arc cutting — процесс дуговой резки, при котором металл разрезается путем расплавления его высокой температурой от дуги, возникающей между угольным электродом и основным металлом.
|
көміртегілі-доғалық кесу / carbon arc cutting — металды кесу оны көміртіктік электродпен негізгі металдың арасында туындаған жоғары температуралы доға есебінен балқыту арқылы жүзеге асатын доғалық кесу процесі.
|
резка электронно-лучевая / electron beam cutting — процесс резки, который использует энергию концентрированного потока ускоренных электронов, падающего на разрезаемую заготовку; при этом может использоваться защитный газ.
|
электронды-сәулелік кесу / electron beam cutting — кесілетін затқа жылдам электрондардың шоғырланған ағынының энергиясы қолданылатын кесу процесі; бұл жағдайда қорғаныс газы қолданылуы мүмкін.
|
Резонанс квадрупольный ядерный (ЯКР)
Nuclear quadrupole resonance
Явление резонансного поглощения или излучения радиочастотной электромагнит-ной энергии веществом, обусловленное квантовыми переходами между энергети-ческими уровнями, образующимися в рез-ультате взаймодействия ядер, обладающих электрическим квадрупольным моментом, с внутрикристаллическим полем (электричес-ким полем внутри кристалла из-за локаль-ной нескомпенсированности положитель-ных и отрицательных зарядов). Частный случай резонанса магнитного ядерного.
|
Квадрупольды ядролық резонанс (КЯР)
Nuclear quadrupole resonance
Ішкі кристалдық өріспен (яғни оң және теріс зарядтардың жергілікті орнын толтырмағандықтан себепті кристалл ішіндегі электрлі өріспен) электрлі квадроупольды моментке ие ядролардың өзара әрекеті нәтижесінде пайда болатын энергетикалық деңгейлер арасындағы квантты өтулермен шартталған затпен радио жиілікті электромагнитті энергияның сәулелену немесе резонансты жұтылу құбылысы. Магнитті ядролық резонанстың бірегей жағдайы.
|
Резонанс магнитный ядерный (ЯМР)
Nuclear magnetic resonance
Явление избирательного (резонансного) поглощения радиочастотной электро-магнитной энергии веществом, обуслов-ленное ядерным парамагнетизмом.
|
Магнитті ядролық резонанс (МЯР)
Nuclear magnetic resonanc
Заттың ядролық парамагнетизмге негізделген радио жиілікті электромагнитті энергияны таңдаулы (резонансты) жұту құбылысы.
|
Резонанс парамагнитный электронный (ЭПР, резонанс спиновый электронный)
Electron paramagnetic resonance
Явление резонансного поглощения электро-магнитного излучения парамагнит-ными частицами, помещенными в постоян-ное магнитное поле; один из методов радиоспектроскопии. Используется для изучения систем с ненулевым электронным спиновым магнитным моментом (т.е. обладающих одним или несколькими неспаренными электронами): атомов, свободных радикалов в газовой, жидкой и твердой фазах, точечных дефектов в твердых телах, систем в триплетном состоянии, ионов переходных металлов.
|
Электрондық парамагниттік резонанс (ЭПР, спиндік электрондық резонанс)
Electron paramagnetic resonance
Тұрақты магнит өрісіне орналастырылған парамагнитті заттардың электромагниттік сәулелерді резонанстық жұту құбылысы, радиоспектроскопияның әдістерінің бірі болып табылады. Электрондық спиндік магниттік моменті бар жүйелерді: (яғни бір немесе бірнеше бос электрондары бар) атомдарды, газ, сұйық және қатты фазалардың еркін радикалдарын, нүктелік ақауларды, триплеттік күйдегі жүйелерді, аралық металдардың иондарын зерттеу үшін пайдаланылады.
|
Резонатор
Resonator (от лат. resono – звучу в ответ, откликаюсь)
Устройство или природный объект, в котром происходит накопление энергии колебаний, поставляемой извне.
|
Резонатор
Resonator (от лат. resono – звучу в ответ, откликаюсь)
Сырттан жеткізілетін тербеліс энергиясының жинақталуы іске асатын құрылғы немесе табиғи нысан.
|
Рекомбина́ция
Recombination
Взаимодействие заряженных частиц противоположного знака, приводящее к образованию нейтральных атомов (молекул) или ионов со сниженной зарядностью.
|
Рекомбина́ция
Recombination
Әр аттас зарядталған бөлшектердің әсерлесуі нәтижесінде бейтарап атомдар (молекулалар) немесе заряд шамасы аз иондардың пайда болуы.
|
рекомбинация ион-электронная / ion-electron recombination — элементарный акт воссоединения положительного иона и свободного электрона, приводящий к уменьшению заряда иона на одну единицу. Если ион был однозарядным, то он превращается в нейтральный атом.
|
ион-электронды рекомбинация / ion-electron recombination –ион зарядының бірлік шамаға төмендеуін туғызатын, еркін электрон мен оң ионның бірігуінің элементар актісі. Егер ион бір зарядты болса онда ол бейтарап атомға айналады.
|
рекомбинация безызлучательная / nonradiative recombination — рекомбинация пары электрон – дырка в полупроводнике, при которой энергия расходуется на возбуждение колебаний кристаллической решётки или передаётся подвижным носителям зарядов при тройных столкновениях.
|
сәулеленбейтін рекомбинация / nonradiative recombination — энергиясы кристалл торы тербелісінің қозуына немесе үштік соқтығыс кезінде қозғалмалы заряд тасымалдаушыларына берілетін электрон-кемтік жұбының рекомбинациясы.
|
рекомбинация диссоциативная / dissociative recombination — имеет место, если рекомбинирующий ион является молекулярным, и в результате захвата им электрона образуется молекула в неустойчивом состоянии, которая затем диссоциирует.
|
диссоциациялық рекомбинация / dissociative recombination — егер де рекомбинацияланушы ион молекула болса, және де электронды қармау нәтижесінде кейіннен диссоциацияланатын орнықсыз күйдегі молекула түзілетін рекомбинация.
|
рекомбинация диэлектронная / dielectric recombination — процесс рекомбинации ионов и электронов в плазме, связанный с образованием промежуточных автоиони-зованных состояний.
|
диэлектрлік рекомбинация / dielectric recombination — аралық автоиондалған күйлердің түзілуіне байланысты иондар мен электрондардың плазмадағы рекомбина-циялану процессі.
|
рекомбинация излучательная / Radiative recombination — рекомбинация пары электрон – дырка в полупроводнике, при которой избыточная энергия уносится фотоном.
|
сәулеленетін рекомбинация / Radiative recombination — артық энергиясын фотон алып кеткен жағдайдағы, жартылай өткізгіштегі электрон-кемтік жұбының рекомбинациясы.
|
рекомбинация объемная / bulk recombination — рекомбинация, приосходящая в объёмной области плазменного образования.
|
көлемдік рекомбинация / bulk recombination — плазмалық түзілістің көлемдік обылысында орын алатын рекомбинация.
|
рекомбинация поверхностная / surface recombination — рекомбинация, приосходящая на поверхности стенок, ограничивающих объём плазмы.
|
беттік рекомбинация / surface recombination — плазма көлемін шектейтін, қабырға беттерінде орын алатын рекомбинация.
|
рекомбинация радиационная — рекомбинация, при которой образуется ион в основном или возбуждённом состоянии, а избыточная энергия излучается в виде фотона.
|
радиациялық рекомбинация — нәтижесінде негізгі немесе қозған күйдегі ион түзілетін, ал артық энергия фотон түрінде сәулеленетін рекомбинация.
|
рекомбинация ударная — происходит при тройном взаимодействии иона, электрона и третьей частицы (электрона, атома, иона), которая уносит избыточную энергию.
|
соққылық рекомбинация — ионның, электронның және артық энергияны алып кететін үшінші бөлшектің (электронның, атомның, ионның) үштік өзара әсерлесуі кезінде орын алады.
|
рекомбинация электронов и дырок в полупроводниках / recombination of electrons and semiconductor holes — исчезновение пары электрон проводимости — дырка в результате перехода электрона из зоны проводимости в валентную зону.
|
Жартылай өткізгіштердегі электрондар мен кемтіктердің рекомбинациясы / recombination of electrons and semiconductor holes — электронның өткізгіштік зонадан валенттік зонаға ауысуы нәтижесінде өткізгіштік электрон-кемтік жұбының жоғалуы.
|
|