Қара мендуана Hyoscyamus niger L.
Алқалар тұқымдасы Solanaceae
Сипаттама. Мендуана туысына жататын, биіктігі 1 м-ге дейін жететін, сыртын жұмсақ желімтек түк басқан, жағымсыз иісті, екі жылдық шөптес өсімдік. Тамыры жуан, тарамдалып келген, күндік түбір, сабақтары бұтақталған, тік келеді. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, жиектері ойықталған, тақтасының үстінгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы ақшыл-жасыл, қалың түк басқан. Сабақ түбіндегі дөңгелек жапырақтары ұзын сағақтан, сабақ ұшына жақындаған сайын сағақсыз орналасады. Гүлдері сабақ ұшына бекінеді, гүлі де кіріккен құйғыш тәрізді, сыртын қалың жабысқан жасыл түсті 5 тостағанша, ақшыл-сарғылт түсті, үстінде көптеген тарамдалған жолақтары бар, 5 күлге, 5 аталық оның үшеуі ұзын, екеуі қысқа, тозанқабы күлгін, бір аналығы болады. Жұмысы екі ұялы, кең тұқымды, кең құмыра тәрізді қауашақ, ашылатын қақпасы бар, бір тостағаншасының ішінде тұрады. Тұқымы майда қаракөк көкнәр өсімдісінің тұқымына өте ұқсас. Маусымның аяғынан тамырға дейін гүлдейді.
Таралуы. Көбінесе жолдың жағасында, егістің арасында, ескі жұрт пен аулаларда, қоқсық жерлерде өседі. Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Жалпы еліміздің еуропалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда, Батыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Батыс Қытай, Үндістан, Гималайда кездеседі.
Дайындалуы. Дәрі жасау үшін жапырақтарын (Folia Hyoscyami niger) жазда жинап алады. Сабақ жапырақтарын қолмен жұлып алады. Ылғалды, шық кезінде жинауға болмайды, жапырақтары қарайып кетеді, 400С температурада кептіргіште кептіреді.
Химиялық құрам. Жапырағының құрамында атропин, гиоциамин, скополамин, жоцин, жоциамин дейтін тропан қатарына жататын алкалоидтары бар.
Қолданылуы. Қара мендуананың жапырақтарын күнбағыс майына салып жасаған майын, тұнбағыс буын сырқырағанда, бұлшақ өттер қабынғанда, ревматизмге, дененің ауырған жеріне жағады. Жапырақтары бронх демікпесіне қолданатын дәрілерге қосады. Атропинді асқазан жарасына, көз қарашығын үлкейтуге пайдаланады.
Дәрі-дәрмектер. Жапырақтары астматин, астматол қоспалардың құрамына енеді. Мендуана майы.
Сақталу мерзімі 2 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |