Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет156/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   200
Asyl-analar

 
 
бойы аузы ашылған жарақатынан қан кетіп әбден әлсіреген 
Нусайба Мәдинаға келе салысымен, шәһидтік жолмен жан 
тапсырады. Аллаһ оған разы болсын! 


204
 
 
УММУ ХАРАМ МАЛХАНҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Мен үмбетімнен бір адамдарды Жасыл теңіздің бетінде 
патшалар сияқты сәкілердің үстінде көрдім»
Умму Харам – Умму Суләйм Малханқызының сіңлісі. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Умму Харам отбасымен достық 
қарым-қатынасының тереңдігі сондай, кейде ол (с.а.с.) Умму 
Харамның үйінде ұйықтап та қалатын. Әл-Бұхаридің «Сахих» 
кітабында мынадай хадис келтіріледі: 
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Умму Харамның үйінде ұйықтап 
тұрғаннан кейін жымиып күледі. Умму Харам:
«Не үшін күлдің, уа, Аллаһтың елшісі?»деп сұрағанда
Пайғамбар (с.а.с.) оған көрген түсін айтып береді:
«Мен үмбетімнен бір адамдарды Жасыл теңіздің бетінде 
патшалар сияқты сәкілердің үстінде көрдім». Умму Харам бұл 
сәтті қалт жібермей:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Дұға қыл, мен солардың ішінде 
болайын!» – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған:
«Сен олардың алғашқыларынан боласың», – деді
1
.
Бұл түс мұсылмандардың Жерорта теңізін алатындықтары 
жайлы сүйінші хабар еді. Ол кезде арабтар Жерорта теңізін 
Жасыл теңіз деп атайтын. 
Уақыт өте келе Муғауия ибн Әбу Суфиянның тұсында мың 
жауынгерге теңестірілген Ғұбада ибн Самиттің (Аллаһ оған разы 
болсын) басшылығындағы соғыс кемелері Кипр аралын алу үшін 
теңізге түсіріледі. Бұл кемеде Ғұбаданың әйелі, біз әңгіме етіп 
отырған Умму Харам да бар еді. Умму Харам кемеге мінгенде 
бойын шаттық билеп, күліп жібереді. Неге күлгенінің мәнісі 
сұралғанда, ол:
1
Әл-Бұхари, Жиһад: 3; Муслим, Жиһад: 160 және басқалар. 


205


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет