Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет155/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   200
Asyl-analar

 
 
Мен сенімен бұл істе (пайғамбарлықта) ортақ емеспін бе? 
Жердің жартысы маған, жартысы саған. Бірақ құрайыштар маған 
зұлымдық қылады». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған мынадай мәтінде жауап хат 
жазды: 
«Аллаһ елшісі Мұхаммедтен жалғаншы Мусәйләмәге! 
Тура жолға ілескендерге сәлем болсын! Шын мәнінде, жер 
Аллаһтікі. Оны пенделерінің қалағанына мұра етеді. Істің 
ақыры тақуалардың пайдасына (шешіледі)»
1

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл хатты Мусәйләмәге жеткізуге 
ансарлардан екі кісіні аттандырады. Бұл екеудің бірі – 
Нусайбаның ұлы Хабиб ибн Зәйд (Аллаһ оған разы болсын) еді. 
Хат қолына тиген Мусәйләмә оны оқып ашуға мініп, Хабиб ибн 
Зәйдтен: 
– Сен Аллаһтан өзге құдай жоқтығына куәлік бересің бе? – деп 
сұрайды. Хабиб: 
– Иә, – деп тіл қатады. Мусәйләмә: 
– Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік бересің бе?
Хабиб: 
– Иә, – дейді. 
– Ал менің Аллаһтың елшісі екендігіме куәлік бересің бе? – 
деп сұрайды Мусәйләмә. Хабиб ибн Зәйд: 
– Мен мұндайды естімеппін, – деп жауап қайтарады. 
Мусәйләмә оған осы сұрақтарды қайта-қайта қояды. Ал Хабиб 
ибн Зәйдтің қайтарған жауабы алғашқысынан айнымайды. 
Зығырданы қайнаған Мусәйләмә оны азаптап, жәбірлей 
бастайды. Әр кезде Хабиб «Менің Аллаһтың елшісі екендігіме 
куәлік бересің бе?» деген сұраққа келгенде: «Мен мұндайды 
естімеппін», – деумен болады. Азғын Мусәйләмә оған 
зұлымдықтың шегінен шыққан түрін көрсетеді. Әуелі бір 
құлағын, сосын екінші құлағын кесіп алады. Сұрағын әр 
1
Ибн Һишам, Сира: 4/329. 


202
 
 
қайталаған сайын мұрнын, қолын, екінші қолын кесіп, осылайша 
өр әйелдің ер ұлын ақиқат үшін шәһид болғанша азаптайды. 
Аллаһ оған және анасына разы болсын! 
Бұл хабар Пайғамбарымызға (с.а.с.) жеткенде, ол кісі қатты 
ашуланады. Ұлының осындай азғындық тәсілмен өлтірілгеніне 
зығырданы қайнаған Нусайба Мусәйләмә не өліп, не 
өлтірілгенше жуынбауға қасам ішеді. Осы уақыт аралығында 
Аллаһтың елшісі (с.а.с.) дүниеден өтеді. Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) көзі қайтқаннан кейін имандары әлсіз далалық арабтар 
діннен шыға бастайды. Умму Умара өз антынан таймайды. Жаңа 
сайланған халифа – Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) 
Исламнан қайтқандарға қарсы әскер шығарады. Бұл шайқастар 
легіндегі қарсыластардың ең қатерлісі Мусәйләмә бастаған 
бүлікшілер тобы еді. Оларға қарсы аттанған екі дүркін мұсылман 
әскері жеңіліс тауып қайтқан соң, Әбу Бәкір үшінші ретте бұл екі 
әскер тобына Халид ибн Уәлидтің (Аллаһ оған разы болсын) 
басшылығындағы жасақты қосып аттандырады. Халифа 
әйелдерден тек Умму Умараның ғана жорыққа шығуына рұқсат 
береді. Сөйтіп, ол ішкен қасамын орындау үшін мұсылман 
әскерінің қатарында Мусәйләмәге қарсы жүргізілген Ямама 
шайқасына ұлы Абдуллаһ ибн Зәйдпен бірге қатысады.
Мұсылмандар 
мен 
діннен 
қайтқандардың 
арасында 
кескілескен қырғын шайқас басталады. Өзінің егде тартып қалған 
жасына қарамастан, Нусайба ақиқат жеңісі үшін қолынан 
келгенін аямайды. Бұл шайқаста оның Ухудта алған 
жарақатының аузы қайта ашылып, біраз әбігерге түседі. Алайда 
Нусайба бұған қарамастан, өз жанынан артық көрген 
Пайғамбарға (с.а.с.) қарсы келген, бауыр еті ұлын кескілеп 
өлтірген Мусәйләмә азғыннан кек алу үшін жанын салады. 
Ұзаққа созылған шайқастың соңы мұсылмандардың жеңісімен 
аяқталып, Мусәйләмә өлтіріледі. Ұрыс аяқталған соң Абдуллаһ 
анасын Мусәйләмәнің мәйітіне алып келеді. Оның өлігін көрген 
өжет әйелдің көңілі жай тауып, Мәдинаға кері қайтады. Жол 


203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет