2-параграф. Тісті жартылай ашық берілістер
Тексеріс кезінде:
1) көлемдегі 1-параграфтың 1-4-тармақтарында айтылған тісті дөңгелектерді қондыру мен тістердің жағдайын тексеру.
4-тармаққа қосымша түйісу дағының тістің ортаңғы бөлігінен жоғары не төмен қосылысуы қалыптыдан орталық аралық қашықтыққа ауытқу туралы куәландырылады;
2) егер түйісу дағының қорғасын таңбалар бойынша тісті ілінісудің сапасын тексеру (№ 8 формаға қара), үлкендігі және орналасу аумағы бойынша түйісу дағы 1-параграфта келтірілген нормаға сәйкес келмесе және жұмыс барысында басқа да ақаулар табылса (жағымсыз шу, мойынтіректердің шайқалуы, қатты тозу мен қызу) анықталады;
1) тістің жұмыс істейтін (С/) және жұмыс істемейтін (С//) жақтары қорғасын таңбалардың қалыңдығының сомасы болып табылатын Сб бүйір саңылауы. Бүйір саңылауының үлкендігі 8-кестеде көрсетілген шамада (МЕМСТ 1643-56) болады.
Бүйір саңылаудың шекті үлкендігі тістердің рұқсат берілетін тозуын есепке ала отырып анықталатын формуладан аспауы қадағаланады:
Сб. пред. = Сб.max + 0,1 S
мұнда Сб.max-8-кестеге сәйкес қабылданатын мейлінше үлкен бүйір саңылау мм;
-бөлінетін көлем бойынша тістің есепті қалыңдығы, мм;
ілінісудегі жоғарғы және төменгі тістердің арасындағы бәріне бірдей болады ɛ радиальды саңылау қалыпты модульдің mн 0,15-0,25 шамасында болады;
дөңгелектің ұзындығындағы діңдердің параллель еместігі және қиғаштығы (қиылысуы) 9-кестеде көрсетілгеннен артпайды;
3) штихмасса көмегімен нақты орталық аралық қашықтықты тексеру және орталық аралық қашықтықтың 8-кестеде көрсетілген мәннен аспайтын шамада стандарттан ауытқу үлкендігі анықталады (№ 9 форма);
4) егер оның параметрлері жоғарыда келтірілген нормадан ауытқыған болса, тісті ілінісуді түзету, (сонымен қатар ұзақ уақыт қолдануда болған беріліс үшін тістердің жұмыс істеу деңгейі есепке алынады):
орталық аралық қашықтықтың ауытқуы діңдердің параллель еместігі тиісті мойынтіректердің қосылуын түзетеді, орталық аралық қашықтық штихмассамен бақыланады, ал параллель еместіктің үлкендігі № 9 форма хаттамасына сәйкес есептеледі;
көлбеу жазық беттегі діңдердің айқасуы мойынтіректердің қосылуымен және ішпек шабровкасымен түзетіледі. Бұл жағдайда діңдердің айқасуы әр иіннің мойнына орнатылған көрсеткіш бойынша бақыланады және № 10 форма хаттамасына сәйкес есептеледі;
жекелеген тістердің ілінісу кінәраттары шабровкамен, тілмемен не пастамен жағумен түзетіледі.
Ілінісу түзетілгеннен кейін тістер түйісуі міндетті түрде бояуы бойынша тексеріледі;
5) түпкі иін мойынтіректері секілді көлемде мойынтірек сырғанауы мен тісті берілістің иін мойнының жағдайы тексеріледі (5-тараудың, 2-11-тармақшалары), жұмыс саңылауының қолжетімді үлкендігінің қатынасына осы тараудың 1-параграфының 5-тармағының 1-тармақшасы басшылыққа алынады;
6) мойынтіректердің майлануының сапасы 8-тараудың, 2-параграфына сәйкес жүргізіледі. Тісті берілістерді тексергеннен кейін шестерндер мен картер керосинмен мұқият жуылады, құрғатылып сүртіледі де қайтадан таза май құйылады;
7) реттейтін клин, бұранда, сомын және контрсомын, фланцті қақпақтар, сонымен қатар тығыздаулар мен төсемдердің бар болуы мен жағдайы тексеріледі;
8) тісті берілісті бос, кейін салмақпен бар жылдамдығына тексеріп көреді.
Жұмыс кезінде шу үнемі бүлкілдеусіз, тарсылсыз, қатты дыбыссыз біркелкі болады (шелест төмен тонда жеңіл уілдеу), картердегі май температурасы 60ºС артық болмайды.
Тексеріс нәтижесі № 6 формадағы хаттамаға жазылады.
7-тарау. Қосқыш жалғастырғыштар, иіндердің орталығы
1-параграф. Қосқыш жалғастырғыштар
12. Тексеру кезінде:
1) қорғаныс қабығы алынып жалғастырғыштың ішкі жағдайы тексеріледі;
2) жалғастырғыш ағытылып керосинмен жуылады және тазаланады;
3) серіппелі шайбалардың және контрсомындардың болуы, бұрандалы байланыстардың жағдайы және жалғастырғыш элементтерінің ақаусыздығы тексеріледі:
тісті жалғастырғыштарда тістердің тозуы мен бүтіндігі (тіс қалыңдығы бойынша тозу шамасы 10-15 % болады), обойм, төлке, сонымен қатар төсеммен, тығыздаулар жағдайы;
серіппелі жалғастырғыштарда күпшек, айырғыш қабат, паздар, серіппелі секция жағдайы тексеріледі;
сұққылы жалғастырғыштарда байланыстыратын сұққы жағдайы мен эластикалық шайба (төлке) жағдайы тексеріледі;
4) иінге жартылай жалғастырғыш төлкелердің орналасуының дұрыстығы тексеріледі.
Жартылай жалғастырғыш төлкелерді иінге нақтылықтың III сыныбы бойынша орнату ұсынылады, тартылу шамамен иіннің 0,0004-0,0008 диаметрі мөлшерінде болады (қатынастың кіші үлкендігі үлкен мөлшерлі жалғастырғышқа сәйкес келеді).
Тартуды үлкейту үшін иінді созуға және жартылай жалғастырғыштарды төсемдерге орнатуға болмайды, төлкелердің шатқақтауында немесе босаң орналасуында жартылай жалғастырғыштар ауыстырылуға жатады.
Жартылай өткізгіштің эксорталықтығы бағдарлы индикатор арқылы тексеріледі және 11-кестеде көрсетілген иіннің радиальды араласу үлкендігінен аспайтын болады;
5) жалғастырғыштың майлануы мен сапасы. Жалғастырғыш зауыт-дайындаушы ұсынатын маймен толтырылады. Майлау картасы болмаған жағдайда тісті және серіппелі жалғастырғыштар үшін консистентті майлау (мысалы, УС-2 солидолының 75 % мен Т мотор майының 25 % жасалған) қолданылады.
Тісті жалғастырғыш үшін АК-10 автотракторлы май қолданылады.
Жалғастырғыштарды ағаш үгінділерімен толтыруға жол берілмейді.
Майдың ағуы тексеріліп қажеттілігі болса, байланыстыратын бұрандалар тартылады немесе тығыздау ауыстырылады.
2-параграф. Иіндердің ортасы
13. Тексеру кезінде:
1) жартылай жалғастырғыш арасындағы үлкендігі иіннің діңді араласуын анықтайтын кесік саңылауы штангенциркульмен немесе щуппен ауыстырылады. Кесік саңылауының үлкендігі жалғастырғыштың үлкендігіне қарай тісті жалғастырғыш үшін шамамен 10-30 мм, серіппе үшін-6-15 мм болады;
2) иіндердің радиальды араласуы сызғыш не щуп көмегімен тексеріледі. Өлшеу тік жазықта (үстінен және астынан) және көлденең (оң және сол жағынан) иіннің екі түрінде олардың 180° бұрылғанында жүргізіледі;
3) иіндердің бұрыштық араласуы тексеріледі. Ол үшін жартылай жалғастырғыш арасындағы кесік саңылауы тағы да төрт жерден өлшенеді. Кесік бетін соғу салдарын болдырмау үшін екі иінді де 180° бірге бұру арқылы өлшеу қайталанады.
7-сурет. Жартылайжалғастырғыш бойынша иіндердің орталығын тексеру:
а-щуппен; б-бағдарлы индикатормен
Радиальды және бұрыштық араласуды нақтырақ тексеру иіндермен жартылай жалғастырғыштарға бекітілген орталық скоба көмегімен орындалады. Өлшеу иілмелі щуп немесе бағдарлы индикатормен жүргізіледі. (7-сурет). Өлшеу олардың әр 90° сайын бірге бұрылғанында иіннің төрт жағдайында жүргізіледі.
Тексеріс нәтижесі № 11 формадағы хаттамаға жазылады;
4) егер өлшенген радиальды немесе бұрыштық үлкендік пайдалануға рұқсат берілген шектен 50 % артық болса, араласу иіндеріне қайтадан орталықтандыру жүргізіледі.
Тісті жалғастырғыштар үшін:
радиальды араласу болмағанда жалғастырғыштың барлық нөмірлері үшін араласудың болжалды қиғаш бұрышы шамамен 8,6 мм/м;
қиғаш бұрыш болмағанда иіндердің діңдерінің болжалды радиальды араласуы 10-кестеде көрсетілген.
10-кесте
Жалғастырғыш
№
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
άmax,мм
|
1,2
|
1,7
|
2,0
|
2,2
|
2,6
|
3,1
|
3,2
|
3,6
|
3,9
|
4,8
|
5,7
|
5,9
|
6,7
|
Араласудың нақты бұрышы болғанда ωф болжалды радиальды араласу мына формула бойынша анықталады:
;
,
мұнда -араласудың бұрышы, мм/м.
серіппелі және сұққылы жалғастырғыш үшін радиальды араласудың шекті үлкендігі тісті жалғастырғыштарға арналған үлкендіктегідей қабылданады;
5) қайтадан орталықтандырылғаннан кейін жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен бақылау тексеруін жүргізіп радиалды араласудың жаңа мәні мен екі жазықтықта да (αх, αу и βх, βу), 11-кестеде көрсетілген үлкендіктен аспайтын бұрышты қиысу бойынша анықталады.
11-кесте
Жалғастырғышты тағайындау
|
Иіндердің діңдерінің ауытқуы, мм/м (артық емес)
|
Иіндердің радиальды араласуы, мм (артық емес)
|
Қозғалтқышты редуктормен қосатын жалғастырғыш
|
1,0
|
0,2
|
Қозғалтқышты түпкі иінмен қосатын жалғастырғыш
|
1,5
|
0,5
|
11-кестеде көрсетілген рұқсаттар монтаждау алаңын алғашқы иінді орталықтандыруға да қолданылады.
8-тарау. Майлау жүйесінің құрылғысы
1-параграф. Орталықтандырылған майлау
14. Тексеру кезінде:
1) жүйедегі май мөлшері. Машинадағы майлау жүйесінің ыдысы. Резервуардағы май мөлшері (құю багындағы) май өлшеу шынысы шамамен 0,8-0,85 биіктікте болады;
2) май жүйесінің фланцті, дәнекерлеуші және жалғастырушы байланыстарында, сонымен қатар редуктор мен мойынтірек сыртының ажыратқыштары арқылы май ағуының болмауы. Табылған ағулар түзетіледі;
3) май сапасы. Майдың түсі (лайланған, ашыған, қойылған) өзгергенде ауыстырылады. Май резервуары және мойынтірек картерлері алдын ала керосинмен жуылады. Жуғаннан кейін май сапасының төмендемеуін болдырмау үшін керосинмен мұқият тазаланады.
Орталықтандырылған майлау жүйесі үшін зауыт нұсқаулығында көрсетілген май қолданылады. Майлау картасы болмаған жағдайда мыналарды қолдануға болады:
кішірек көтергіш машиналар үшін-11 цилиндр майы (2 цилиндрлі), немесе алмастырғыштар-АК-10 и АК-15 автотрактор майлары;
үлкен машиналар үшін-50 индустриалды май (машина СУ), немесе оны алмастырғыш-АК-15 автотракторлық майы;
4) жүйедегі май қысымы, манометрлер мен фильтрлер жағдайы. Жөнделген манометрлерді фильтрге дейін және кейін сонымен қатар басқару пультінде орнатуға болады. Фильтрден кейінгі жұмыс қысымы 1,0-1,5 ати бола алады. Оның ластану деңгейін сипаттайтын май фильтрлердегі қысымның төмендеуі 1 ати аспайды. Майдың ауыстырылуына не ауыстырылмауына қарамастан фильтрлер керосинмен жуылады (майөткізгіш құбырлар ажыратылған қалыпта) және мұқият кептіріледі;
5) мойынтіректерге және тісті беріліске май беру. Май көрсеткіште майдың жинақталып қалуына жол берілмейді. Мойынтірекке май тамшылай да және ағынды да беріледі. Май тісті беріліске барлық май шашыратқыштардан тісті дөңгелектің барлық ені бойына шашыраңқы және тегіс беріледі;
6) май сорғылардың ақаусыздығы. Майсорғы төлқұжатты ағынды және өндірушілікті қамтамасыз етеді. Өндірушілік 30 % азайса сорғыны толық ашып қажеттілігі болғанда, тозған бөлшектері мен желілері ауыстырылады. Жөндеуден кейін обкатка жүргізіліп, май сорғыға сынақ жасалады;
7) барынша аз және барынша көп қысым релесінің ақаусыздығы. Барынша аз қысым релесі жүйедегі қысым 1 атиден төмен түссе жұмыс істейді. Барынша көп қысым релесі жүйедегі қысым 2,0-2,5 ати болғанда жұмыс істей бастайды;
8) бекіту вентилі жағдайының дұрыстығы мен ақаусыздығы.
Тексеріс нәтижесі № 12 а формадағы хаттамаға жазылады.
2-параграф. Жеке майлау
15. Тексеру кезінде:
1) тығыздалу жағдайы. Редуктор мен мойынтіректен майдың ағуына жол берілмейді;
2) май деңгейі мойынтірек пен редуктор қабығында май деңгейі май өлшегіш түтіктің бақылау сызығынан аспауы тексеріледі. Мойынтіректерді майлау сақиналары майға өзінің диаметрінен 0,2-0,25 деңгейде көтеріледі, ал тісті беріліс дөңгелегі тісті екі бойындай биіктікте;
3) май сапасы. Қажеттілігі болса мойынтірек картерлері мен тісті беріліс алдын ала тазаланып май ауыстырылады. Сақиналы майлауда 11 цилиндр майын, Т мотор майын, немесе оларды алмастыратын АК-10 және компрессорлы М майын қолдану ұсынылады. Тербелу мойынтіректері үшін консистентті майлаумен УС-2 солидолы немесе оны алмастырғыш пайдаланылады. Тісті берілістерге май таңдағанда осы тараудың 1-параграфының 3-тармағы басшылыққа алынады;
4) майлау сақиналарының ақаусыздығы. Сақиналардың формасы дұрыс болады, жарты сақиналарды қосу дұрыс формада болады, оларды байланыстыру бекемдігі сенімді болады. Жұмыс кезінде сақина шайқалмай біркелкі және бір сарынды айналатын болады;
5) қақпағының болуы мен май құю тесігінің таза болуы тексеріледі.
Тексеріс нәтижесі № 12 б формадағы хаттамаға жазылады.
9-тарау. Тереңдікті көрсеткіш.
Жылдамдықты механикалық шектеуіш.
Жылдамдық өлшегіш.
1-параграф. Тереңдікті көрсеткіш
16. Тексеру кезінде:
1) кинематика элементтерінің жағдайы: Тісті дөңгелектердің ілінісуінің орнатылуы мен дұрыстығы, тістегеріштер мен бұрамдықтардың ақаусыздығы, жетекші білік пен бұрамдық бұрамалардың түрін өзгертуінің сонымен қатар беріліс кезінде люфтілердің болмауы. Люфтіні жөндеу үшін бұрамды иінтіректің мойынтірегі астына қосымша үздіксіз тығырықтар орнатылады, тозған бөлшектері ауыстырылады;
2) тереңдікті көрсеткіш бағдарларының желі механизмдерінің ақаусыздығы. Ілінісу жалғастырғышы қолдан бос қосылады және сөндіріледі, бірақ жұмыста ауытқу болуына жол бермейтіндей болады;
3) механикалық дыбыстық дабыл бергіштің болуы және ақаусыздығы. Дабыл бергіш жұмысы айқын, ал дабыл өндірістік шу кезінде де барынша қатты шығатындай болады. Көтергіш цикл кезінде бірінен кейін бірі екі дабыл беріледі: Бірі тежеу басталуының қажеттілігі туралы, ал екіншісі ыдыстың қабылдау алаңына келіп қалғаны, не барабанның соңғы айналымының басталғаны туралы;
4) майлану жағдайы. Картердегі лайланған май алдын ала бөлшектері мен сырты керосинмен тазаланып ауыстырылады. Бұрамдықтары мен цилиндрлі тістегеріштер тұтастай майға батып тұрады. Барлық ашық тісті берілістер мен тірек мойынтіректері солидолмен майланады.
Сонымен қатар тығыздалу жағдайы мен май ағатын сызаттың болмауы тексеріледі;
5) шкала көрсеткіші бойынша бағдар көрсеткішінің анықтығы және саябырлау кезеңнің басталуын көрсететін белгінің болуы. Қажеттілігі болса жаңа белгілер салу екі нұсқардың да жүрісі екі ұшты көтерілулер үшін бірдей болады. Оң нұсқар оң көтерілгіш ыдыс үшін, ал тереңдікті нұсқардың жоғарғы жағы оқпан сағасына сәйкес болады. Әр 5-10 м сайын масштабты бөлік жасау ұсынылады;
6) оқпанның нақты тереңдігін көтеру биіктігінің стандартты сәйкестігі. Тереңдікті көрсету нұсқары, ауыстырылатын бұрама, сомын, тістегерішті сәйкесінше таңдауға жеткізетін толық пайдаланылады.
Тексеріс нәтижесі №13 а формалы хаттамаға енгізіледі.
2-параграф. Жылдамдықты шектегіш
17. Тексеру кезінде:
1) балансир, тістегеріш желілерінің, байланыстыратын күш және шайқалатын иінтірек жағдайы. Шайналу мен қиғаштықтарды, сонымен қатар балансирдегі люфтілерді, тісті және іркілісті берілістерді жою. Қажеттілігіне қарай тозған бөлшектерін ауыстыру;
2) тірек мойынтіректерін, тісті берілістер мен шарнирлерді майлау сапасы. Берілістер тереңдікті көрсеткіштің картерлі қорап майына толық батып тұрады, май сауыты майлауға сәйкес машина майымен толтырылады, ал тірек мойынтіректері мен шарнирлі қосқыштар солидолмен майланады;
3) механизм жағдайы жұмыс істейді (жылдамдықты тежегіш жүгін тоқтататын шүріппе мен ысырма). Ілінісудегі бөлшектердің ақаулығын, шүріппе мен ысырманы ауыстыру немесе ақауын жөндеу.
Ілінісу биіктігі 3-4 мм болады (үлкен ілінісу жылдамдықты тежегіш механизмінің кешеуілдеп іске қосылуын тудырады);
4) тісті бағдарлар мен ретардилейтін дискілердің айналасы бойынша секторларын орналастыру мен дұрыс таңдау. Бағдар биіктігі машинаның жылдамдығын нөлден қалыптыға дейін өзгерткенде шайқалатын иінтірек жүрісіне тең болады. Бағдарлар олардың сақтандыратын тежегіштің орнатылуын шақыратын шығыңқы шеттерінің ілінісуі қалыпты жоғарғы деңгейден 0,5 биік орналасады.
Оң және сол ретардилейтін диск бағдарлары мен секторлардың қозғалысының болмауы тексеріледі, тербелетін иінтіректердің тістері бір уақытта не тереңдігіне, не секторлар мен бағдарлардың тістеріне түседі;
5) жылдамдықты тежегішті ауыстыратын жетекті тістегеріштерді дұрыс таңдау. Көтергіш ыдыстардың қалыпты жылдамдығында балансирдің тік білікті айналдыру жылдамдығы шамамен минутына 300-400 айналым, көтеру циклінде ал ретардилейтін дисктің бұрылысы 290 артық болмайды;
6) жылдамдықты тежегіштің сезімшілдігі. Тербелетін иіндер балансирдің минутына 50 айналыммен айналу жылдамдығында орнынан қозғалады. Балансир жүрісі қалыпты қозғалыс жылдамдығынан бастапқы жағдайда 70 мм болады.
Реттеу балансирдің шиыршық серіппелерін тартуды өзгертумен жүргізіледі. Жылдамдықты тежегіштің жеткіліксіз сезімталдығында тартылуды босатып, тірек алаңдары астындағы төсемдердің саны азайтылады;
7) жылдамдықты тежегіштің жұмыс істеуі мен сақтандырғыш тежегішінің қосылуы.
Тербелетін иінтірек тісті сектормен қалыпты жылдамдық артқан жағдайда немесе жақындағанда шекті жылдамдық артқан жағдайда тісті бағдармен ілінісуге енеді. Берілген тахограмма сақталған жағдайда тербелетін иінтірек тістері және бағдар мен сектор тістері арасындағы саңылау 2-3 мм кем болмайды.
Тежегіштің сенімді жұмыс істеуі үшін екі ретардирлейтін дисктің көрсетілген саңылауының біркелкілігі сақталады.
Саңылау тартатын жалғастырғыш көмегімен байланыстырғыш тартқыш ұзындығының өзгеруімен реттеледі.
Механикалық шектегіштің сенімді жұмысының төменгі шегі қалыпты қозғалыс жылдамдығының 20-25 ℅ құрайды, оны 6 м/с артық жылдамдықтағы қондырғыларда қолдану жақындау жылдамдығын нақты бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда механикалық тежегіш қозғалыстың қалыпты жылдамдығынан асқанда жұмыс істеуге реттеледі, ал жақындау жылдамдығын бақылау және берілген тахограмманы орындау үшін электр жылдамдықты тежегіш орнатылады.
Тексеріс нәтижесі № 13 б формалы хаттамаға енгізіледі.
3-параграф. Жылдамдық өлшегіш (тахограф)
18. Тексеру кезінде:
1) жылдамдықты өлшегіштің дұрыс орнатылуы, (қораптың көлбеу негізі мен көрсеткіштерді бақылауға ыңғайлылық) сонымен қатар іргетасқа сенімді бекітілуі;
2) сынап ыдысы, қалтқы, иінтірек жүйесі, нұсқар сонымен қатар, пера мен барабанның жағдайы;
3) желі бергіш элементтері: сым, шкив, тарту құрылғысы, қайтаратын роликтердің ақаусыздығы мен тірек бағаналары мен кронштейндердің бекітілуі мен жағдайы;
4) қозғалыс жылдамдығының нақты көрсеткішінің сәйкестігі.
Қозғалмайтын машинада нұсқар нүкте тура «0», ыдыстағы сынаптың өзгеруіне байланысты жететін, сонымен қатар балқытуға байланысты тартқыш ұзындығын реттеуішке қойылады.
Машина жұмыс істеген кездегі көрсеткішінің дұрыстығы диаметр есебі зауыт-дайындаушының нұсқаулығында келтірілген жетекші шкивті таңдаумен жетеді.
Көрсеткіш кемшілігі шкаланың жоғарғы шегінен ±3 % болады, ал жылдамдық өлшегіштің сезімталдығы қозғалыстың кіші жылдамдығында жеткілікті болатындай болады (жақындау жылдамдығын бақылау үшін қабылдау алаңына). Тексеріс тахогенератор тізбегіне қосылған бақылау вольтметрі бойынша жүргізіледі, ал соңғысы болмаған жағдайда жылдамдық көрсеткішін белгілегіш қолданылады.
Тұрақты жылдамдықтағы машиналардың жұмысында нұсқардың көзге көрінетіндей ауытқуы болмауы қарастырылады (балқытудың орталықтандырылуы мен сынап ыдысын теңгерумен түзетіледі);
5) жазатын құрылғының сағаттық механизмінің және барабанды көлбеу ауыстыруының механизмінің ақаусыздығы;
6) дыбыс беретін сақтандырғыш дабыл бергіштің жұмысын.
Жылжымалы түйісулердің жағдайы түйісу ыдыстарындағы сынаптың болуы, коммутация мен қоңыраудың ақаусыздығы тексеріледі. Қоңырауды қосу көтергіш ыдыстардың қалыпты қозғалыс жылдамдығынан 10 % асқанда жүргізіледі. Реттеу балқыту тартылуындағы жылжымалы түйісулердің жағдайының өзгеруімен жүргізіледі.
Тексеріс нәтижесі № 14 формалы хаттамаға енгізіледі.
2-бөлім. Тежегіш құрылғыларды сынау, жөндеу және тексеру
1-тарау. Тежегішті тексеру есебі
19. Есептеу келесі кезекпен жүргізіледі:
1) жүкті көтеру қондырғысына арналған үлкен есепте көтеру (түсіру) кезіндегі статикалық айналдыру сәтін анықтау, ал екі ұшты көтерілулер үшін-жүксіз жағында арқанның үзілуі мен барабандардың орнын ауыстырудағы статикалық сәттері.
Аударғыш ыдыстар үшін есепті статикалық сәт аударылмайтындар секілді аудару кезінде теңгерімсіздігі есепке алынбай анықталады. Көтергіш қондырғылардағы статикалық сәттерді анықтау формуласы арқанды өрудің тұрақты радиусы №16 а және №16 б формаларда жүргізіледі.
Есептеу кезінде тек шахтаның бас механигі растаған нақты деректер қолданылады.
Қол тежегіші бар кішірек көтергіш машиналар үшін жүкпен пайдалануда мейлінше мүмкіндікті тудыратын мейлінше үлкен статикалық сәт анықталады;
2) атқару органның нақты кинематикалық сұлбасына сәйкес тежеу иінтіректерінің берілетін саны анықталады.
Есептеу кезінде күш берілетін жазықтықтағы тиісті шарнирлердің діңдері арасындағы үздіксіз өлшеуімен алынған иінтіректердің нақты өлшемдері қолданылады.
Атқару органдарының кинематикалық сұлбасының негізгі түрлері және күш тежегіштерінің беріліс қатынасын анықтауға арналған формалар сәйкес түрде келтірілген:
қалыптарды бұрышты ауыстыру тежегіштері-№ 17 а, 17 г, 17 д формаларында;
қалыптарды параллель ауыстыру тежегіштері-№17 6 формасында;
қалыптырды үйлесімді ауыстыру тежегіштері-№ 17 в формасында;
кіші машиналардың қолмен жұмыс істейтін тежегіштері-№ 17 е формасында.
Егер тежегіштің кинематикалық сұлбасы осы келтірілген формалардан ерекшеленетін болса, хаттамада нақты сұлба сызылып көрсетіледі;
3) таза күшті тежеуде есепті тежегіш сәті анықталады (№ 17 форманың 2-тармағы).
Есептеу кезінде:
тежегіш тоғыны бойынша қалыпты үйкелеу коэффиценті fт;
ағаш қалыптар үшін-0,35;
сығымдау массалы қалыптар үшін-0,30;
ферродо лентасы үші-0,25;
тежегіш жүктен тежегіш балкаға дейін күштің артуының ПӘК ηT:
қалыптардың бұрышты ауысуы-0,90;
қалыптың параллель және үйлесімді ауыстыруында-0,85;
қолмен жұмыс істейтін тежегіштерде-0,80.
Барабандарды ауыстыру жағдайы үшін тежегіш сәтін анықтауда тежегіш
жүгінің есептік үлкендігі болып танылады:
екі келтірулі тежегіште-бір келтіруде тежегіш жүгінің аз салмағы;
бір келтіргіште-артылған тежегіш жүктің 0,45.
Кіші көтергіш машиналардың қолмен жұмыс істейтін тежегіштерін есептегенде алдымен электр қозғалтқыштың иінге тежегіш сәті анықталады, содан кейін оны ПӘК редукторларын (тісті берілістер) қабылдауда арқанның айналасына әкеледі (№ 17 е формасының 2-тармағы):
бір сатылы-0,92;
екі сатылы-0,85;
4) есепті тежегіш сәтінің айналыстың статикалық сәтіне қатынасы (К тежегішінің бекемділік статикалық коэффициенті) анықталады, есепті жүкті түсіру (көтеру) және барабандарды ауыстыру кезінде талап етілетіннен төмен болмайды.
Сонымен қатар тежегіштің арқанның зақымдалған, не салмағы артқан жағдайда үзілмеуі үшін бекемділігі тексеріледі. Бұл жағдайда жалпы тежегіш екі тежегіш шеңберінде де сақтандыратын тежегіште көтергіш ыдыстың артылған жүгінен және арқанның мейлінше ұзындығынан пайда болатын айналыстың 1,2 статикалық сәтінен кем болмайды.
Есеп № 17 форманың 3-тармағына сәйкес орындалады.
Артылған тежегіш жүгі жоғарыда аталған барлық шарттарда қажет етілетін сенімділік қорын қамтамасыз етеді.
Сенімділік қоры жеткіліксіз болса, бір шарт бойынша болса да жүк көбейтіледі. Есептеуден артылатын жүкті артуға рұқсат берілмейді, бұл қалыпқа түсетін салыстырмалы қысымды арттырады және сақтандыру тежегішінде шамадан артық баяулау туғызуға себеп бола алады.
Тежегіш жүктері жиынтықты болады. Тежегіш жүктерінің стандартты салмағы (бір шайбаның): 90 кг-ірі және 42 кг-кіші көтергіш машиналарында. Формасы мен салмағы стандартты емес тежегіш жүктерді қолдануға рұқсат берілмейді;
5) тежегіш тоғынына қалыптың орташа салыстырмалы қысымы анықталады. (№ 17 форманың 4-тармағы).
Екі тежегішті келтіруде есеп екі атқару органы үшін жеке-жеке жүргізіледі (оң және сол барабан үшін), бұнымен қоса, есепке осы келтіруге ілінген тежегіш жүгі алынады.
Тежегіш қалыптардың орташа салыстырмалы қысымы qK аспайды:
ағаш қалыптар үшін-5 кг/см2 (тек кіші тежегіш машиналардың сақтандырғыш тежегіштері үшін-8 кг/см2).
сығымдау массалы қалыптар үшін-зауыт-дайындаушының деректерімен рұқсат берілетін, ал ол болмағанда-6 кг/см2;
6) гидравликалық жетекті тежегіштер үшін тежеу шарты бойынша жұмыс цилиндріндегі майдың мейлінше аз қысымы анықталады (№ 17 а формасының 5-тармағы;
7) пневматикалық жетекті машиналар үшін талап етілетін ауа қысымының мейлінше аз көлемі тексеріледі (№ 17 б және 17 в формалардың 5-тармағы).
сақтандырғыш цилиндрінде-тежеу шарты бойынша;
әр жетектің жұмыс цилиндрінде-жұмыс тежегішінде тежегіштің статикалық бекемдік қорын қамтамасыз ету шарты бойынша. Есеп бір тоғында барынша көп талап етілетін тежегіштік сәт бойынша жүргізіледі (барбандарды ауыстыру жағдайы үшін).
Компрессор мен ауа жинағыштың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін
барынша аз қысым үлкендігі 4,5 ати артық болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |