Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар


-параграф. Сақтандырғыш тежегішімен басқару құрылғысы



бет4/19
Дата09.06.2016
өлшемі4.53 Mb.
#125379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

4-параграф. Сақтандырғыш тежегішімен басқару құрылғысы.

Үшжүрісті кран.

Сақтандырғыш тежегішімен басқару тұтқасы және иінтірек жүйесі
32. Үшжүрісті кран. Тексеру кезінде (16-сурет):

1) реттығын мен төлкенің жұмыс жағдайы, сонымен қатар майлау сапасы. Бөлу және жинау кезінде тегістелген беттермен абай болу талап етіледі;

2) төлкедегі реттығынның ауыстырылуының бірсарындылығы. Реттығынның келтіру білікшесінің қиысуында немесе тым тығыз орналасуында шайналады. Тығыз орналасу реттығын мен төлкенің бірге жағылуымен түзетіледі;

3) ауа жоғалуының болмауы. Жоғалу себебі: сырт пен төлке арасындағы төсемді қате таңдағанда немесе реттығын мен төлкенің тозғанында болады. Соңғысында (жоғалу біршама болғанда) төлке мен реттығын ауыстырылады.




Тежелген Тежегіштен босатылған




Дыбыстұншықтырғышқа Ауа жинағыштан
16-сурет. Үшжүрісті кран:

1-сырты; 2-төлке; 3-реттығын; 4-айыр; 5-мойынтірек; 6-білікше; 7-тығын
33. Сақтандырғыш тежегішімен басқару тұтқасы және иінтіректі жүйе. Тексеру кезінде:

1) элементтердің жағдайы (тартуды, иінтіректі, шарнирлерді, діңдерді және мойынтіректерді), сонымен қатар сақтандырғыш тежегішінің тұтқасын бекіту мен фиксатордың ақаусыздығы;

2) сақтандырғыш тежегішінің электромагнитінің жұмысы мен жағдайы (4-бөлім, 3-тарау, 3-параграф);

3) тұтқаның барынша шеткі түрі мен үшжүрісті кран реттығынының сәйкестігі.

Тексеру үшін кранның кесік тығыны бұралып алынады, СТМ іске қосылады және төлкенің шетінен реттығын кесігіне дейінгі ұзындық өлшенеді. Бұл аралық «Тегіштен босатылған» түрінде 33 мм тең, ал СТТ орнатқанда «Тежелген» түрінде-65 мм (реттығын жүрісі 32 мм) болады. Реттығынның барынша шеткі жағдайында реттеу 1, 3 және 5 көлбеу тартулар ұзындығының өзгеруімен жүргізіледі (17-сурет);

4) 2 иінтірек сұққысы мен шығыршықтағы паза кесігі аралығында СТТ қалыбында саңылаудың болмауы («Тежегіштен босатылған» (18-сурет)). Сонымен қоса 4 иінтірек сұққысы мен іске қосылған СТМ кезінде тарту пазасының кесігі арасында саңылаудың болуына жол берілмейді. Аталған саңылаулардың болуы сақтандырғыш тежегішінің басталу әрекетін тежейді.




а









б



в МТП


17-сурет. СТТ сақтандыру тежегішін іске қосу құрылғысының сұлбасы:
а-тежелген; б-тежегіштен босатылған; в-зарядтау;

1, 3 және 5-көлбеу тартулар; 2-үшжүрісті кран иінтірегі;

4-иінтірек; 6-тік тартулар



18-сурет. Сақтандырғыш тежегішін СТМ электромагнитінен қосу құрылғысының сұлбасы:

а-тежегіштен босатылған, б-тежелген, в-зарядтау.



1, 3 және 5-көлбеу тартулар; 2-үшжүрісті кран иінтірегі; 4-иінтірек,

6-тік тарту
5) сақтандырғыш тежегішін іске қосу нақтылығы: СТТ тұтқасына әсері кезінде; СТМ электромагнитін сөндіргенде; жылдамдықты механикалық тежегіштің іске қосылғанында;

6) СТТ және СТМ тұтқалары арасындағы блокировкалау. Блокировкалау СТТ «Зарядтау» түрінде ауыстыруға кедергі болмайды, егер СТМ «Тежегіштен босатылған» түрінде орнатылмаған болса, СТТ орташа (қалыпты) жағдайға орнатылмайынша, ЖТР машинаны тежеу жағына ауыстыруға жол берілмейді.

Тексеру және жөндеу нәтижесі № 15 а формалы хаттамаға енгізіледі.

4-тарау. Тежегіштің гидравликалық жетегі

1-параграф. Май аккумуляторы және май таратқыш желі
34. Тексеру кезінде: (19-сурет)

1) май мөлшері мен сапасы. Тежегіш жүйе үшін жақсы майлайтын құрамы бар, қышқылдануға және жабысуға тұрақтылығы 50°С болғанда 2,0-2,2° (Энглер бойынша) минеральды майлар қоспасы қолданылады. Индустриальды 12 (веретенді 2) майының 70 % және цилиндрді 11 майының 30 % қоспасын қолдану ұсынылады. Трансформатор майының 70 % және индустриальды 50 (машина СУ) майының 30 % қоспасын қолдануға рұқсат беріледі. Қолданылған және ластанған майлар пайдаланылмайды.

Майлардың кірленуі немесе қышқылдануы анықталғанда, жылына бір реттен артық емес ауыстырылады. Майды ағынды бакка құярда ағынды бак керосинмен мұқият жуылады және құрғатылып кептіріледі. Құю қалың металл тор арқылы жүргізіледі. Толық құю үшін шамамен 150 л (120 кг шамасында) май қолданылады. Ағынды бактағы майдың жоғарғы деңгейі (май аккумуляторы поршені мен жетекті цилиндрдің төменгі қалыбында) май өлшегіш шынының 7/8 биіктігіндей болады;

2) тежегіш жүйесінен майдың жойылу үлкендігі. Егер 15 минуттай ұстаудан кейін аккумулятор поршені берілген қалыптан 20 мм төмен түссе, майдың жойылу себебі міндетті түрде анықталып жөнделеді. Майдың жойылу орнын анықтау үшін ағынды бакқа май қай құбырөткізгіштен түсетіні анықталады. Егер май бакқа май аккумуляторынан түссе, қайтадан қосатын кранда, не сақтандырғыш қақпағында ақау болғаны. Майдың басты ағынды құбырөткізгіш бойынша түсуі тежегішті басқару кранының ақаулығын айғақтайды.

Майдың айдауыш және фланц арқылы жойылуы табылғанда фланцтардағы төсем немесе айдауыштағысы ауыстырылады. Майдың құбыр арқылы жойылуына жол берілмейді. Құбырлардағы кішірек сызаттар бітеледі, ал ақау үлкен болса, ақаулы қондырғы ауыстырылады;

19-сурет. Қысым аккумуляторы:

1-цилиндр; 2-төлке; 3-траверса; 4-стержень; 5-жүк; 6-плунжер; 7-сақина;

8-манжет; 9-жоғарғы фланец; 10-тығыздау; 11-бак; 12-тірек;

13-соңғы сөндіргіш; 14-алтықырлы сорғының электр қозғалтқышы;

15-иілмелі сүзгі; 16-сорғыларды бұру крандары; 17 және 18- кронштейндер;

19-плунжер фланецы; 20 -ағаш бөрене
3) манжет пен тығыздау жағдайы. Плунжердің төмен қарай қозғалғанында цилиндрдің қақпағында май жиналса, ондай жағдайда манжет тартылады, ал қатты тозған болса, басқасына ауыстырылады. Манжетті оның тозу жағдайына қарамастан екі жылда бір рет ауыстыру ұсынылады;

4) айдайтын құбырөткізгіштегі май қысымының қозғалмай да (бір сағат бойы) және май аккумуляторы плунжерінің баяу түскендегі өзгеру үлкендігі. Ауытқу 0,5 ати аспайды. Ауытқудың бұдан жоғары болуы май аккумуляторы элементтерінің жұмыс істемейтіндігін көрсетеді (тым тығыз, не қажалған манжет, поршень мен цилиндрдің тиісетін беттері ақауланған, цилиндр мен поршень діңі тігінен ауытқуы және тағы сол сияқтылар). Қысымның біркелкі еместігін тудыратын ақаулары табылып жойылады.

Сонымен қатар қысым сапасы нашар майланатын майларды қолданған кезде өзгеріске ұшырайды, мысалы таза трансформатор майы;

5) плунжер жүрісінің үлкендігі. Май аккумуляторы ондағы майдың мөлшеріне қарай автоматты жұмыс істейді. Плунжердің қалыпты жүрісі 600 мм. Май сорғылар жүк орнатылатын бөренелерден 150 мм қашықтықта болғанда іске қосылады. Жүрістің жоғарыға қарай 50 мм бос орын болады. Плунжер жүрісі үлкендігі мен жүрістің артық орны май аккумуляторының жоғарғы және төменгі қалыптарында соңғы сөндіргішке әсер ететін кронштейндерді ауыстырумен реттеледі;

6) барынша шекті жағдайлардағы шектеулердің сенімділігі. Жоғарыға қарай жүргенде цилиндрден шығып кетуден сақтандыратын плунжерді фланец, май аккумуляторында жылжыған сөндіретін корнштейнде май сорғыны қысқа уақытқа қосу кезінде туатын 8-10 ати қысымында тексеріледі. Сынау кезінде сақтандырғыш қақпақша 11-12 ати қысым кезінде жұмыс істеуге реттеледі.

Орнатылатын бөренелер оларға жоғарғы қалыптан сөніп тұрған май сорғы кезінде жүктерді жылдам түсіру арқылы тексереді;

7) май сорғылардың ақаусыздығы. Сорғыны бөлшектері зақымдалған немесе жарамдылығы 40 % дейін төмендеген жағдайларда ғана бөлшектеп бөлуге болады. Сорғының өндірушілік қабілеті алтықырлының қатты тозу салдарынан төмендеген жағдайда ол жаңасына ауыстырылады.

Сорғы жұмыс кезінде дірілдесе немесе қатты дыбыс шығарса, сорғының барлық қосылғыштарының тығыздығы, әсіресе сорғыштағысы тексеріледі. Сорғының тығыздамасы қатты тартылады, бірақ майдың шамалы тамшылауына рұқсат беріледі.

Екі сорғының жұмыс көрсеткіші бірдей болады. Май сорғыда екі түрлі екі сорғы қолдануға жол берілмейді;

8) сақтандырғыш қақпақшасының жұмысы мен жағдайы. Қақпақшаны реттеу серіппені тартуды реттегіш бұрамамен өзгертумен жүргізеді. Қақпақшадағы қысым қалыптыдан 20-25 % артқанда іске қосылады және қалыпты жұмыс кезінде май өткізбейді;

9) кері қақпақшаның жұмысы мен жағдайы. Қақпақшаның қысылуы мен серіппенің ақаусыздығы тексеріледі. Бос серіппеде серіппе мен қақпақ арасына 3-4 мм қалыңдықта төсем орнатуға рұқсат беріледі. 5 л/мин артық жойылуы бар кері қақпақшаларды пайдалануға рұқсат берілмейді;

10) қайта қосатын және бітейтін вентильдердің жағдайы. Вентильдер құбырөткізгіштерді тығыз жауып, май жоғалуын болдырмайды және оңай бұралатын болады;

11) бекітетін кедергіш вентильдің жағдайы. Тежеудің оңтайлы қалыбына қол жеткізу үшін аккумулятордан шығатын майдың шығыны тежегіш жүктің үлкендігіне байланысты реттеліп отырылады. Аз жүк болғанда олардың шайқалуын болдырмау үшін жоғарғы қалыпқа орнату кезінде вентильдің жүретін саңылауы кішірейтіледі. Үлкен жүк кезінде вентиль тежегіштен босатуды жылдамдату үшін толық ашылады;

12) май сүзгінің жағдайы: тілімшелердің ақаусыздығы мен бұрылатын құрылғының толық жүріске жеңіл ауыстырылуы, сонымен қатар сүзгінің бітелу деңгейі. Сүзгіні тексерген кезде бекіткіш вентильдер жабылады, сүзгінің сырты алынып, тілімшелер пакеті керосинде жуылады. Пакетті жинаған кезде тілімшелер арасында қажет етілетін өту қабілетін қамтамасыз ету үшін Г 41-42 сүзгілерінде-0,3 мм және Г 41-44 сүзгілерінде-0,12 мм саңылау қалдырылады (35-50 л/мин);

13) әр сорғыдағы май аккумуляторының жұмысы. Тексеру кезінде кедергіш вентиль жабылып, аккумулятор жүгі орнатылған бөренеден толық бойы бойынша 2-3 есе көтеріледі. Майды түсіру қайта қосатын кран арқылы жүргізіледі;

14) май жүйесінің жалпы жұмысы. Аккумулятордағы май қоры үш тежегіш циклін қамтамасыз етуден кем болмайды (машинаның тежелген және тежелмеген кезінде жетекті цилиндірінің поршенін ауыстыру).



2-параграф. Жетекті цилиндр
35. Тексеру кезінде:

1) жетектің орнатылуы. Жетек рамасы іргетасқа контрсомынды бұрандалармен бекітілген. Іргетаста сызаттардың болуына жол берілмейді. Жетек рамасының тегістігі көлбеу, ал дің цилиндрі қатаң түрде тік болады. Шток пен цилиндр стаканы арасында поршеннің мейлінше шеткі жұмыс кезінде бүйір саңылауларын тегістеу үшін цилиндр осінің шамалы қиысуына жол беріледі (2-тармақ).

Негізгі тежегіш тартуының айыры дұрыс орнатылғанда тежегіштің барлық түрінде бүйір жағында 0,5 мм шамасында шарнирлі біркелкі саңылауы болғанда да негізгі тежегіш пен бұрышты қосылыстардан еркін шығады;

2) саңылау мен поршень стаканы арасындағы саңылау (20-сурет) тежеудің кез келген мүмкін түрінде стаканның ұйпалануы мен поршеннің тұрып қалуын болдырмау үшін бұл саңылау 8-10 мм кем болмайды;

3) цилиндр, поршень және стаканның жұмыс бетінің жағдайы. Табылған ұйпаланулар, бүктелу және таттану іздері жойылады. Шток пен стаканның майысуының болмауы, штоктың шарнирлі қосылысының ақаусыздығы, сонымен қатар сомында штоктың тесігінде траверсаны тіркейтін тоқтатқыш бұранданың болуы тексеріледі. Поршенге манжеттің айналмалы сақинасын бекітетін бұрандалардың тартылуына ерекше назар аударылады. Аталған бұрандалар міндетті түрде бұранданың барлық басымен өтетін жұмсақ сыммен тоқтатылады;

4) манжеттердің жағдайы. Егер ағынды патрубка бойымен майдың ағуы жарты сағатта 0,5 л артық болса, манжет тартылады. Қатты тозған манжеттер, сонымен қатар бұзылған және жыртылған шеттері болса ауыстырылады. Манжеттер тозу жағдайына қарамастан жылына екі рет ауыстырылады. Сақинаның жағдайы тексеріледі (ақаудың болмауы, қалыңдығының біркелкілігі мен эксцентрлілігі).

Манжеттер барлық бұрандаларға біркелкі тартылады. Поршень жинаған кезде манжеттің ұйпалануын болдырмау үшін төменгі қақпақ жақтан орнатылады (осы себептен поршенді маймен ақырын тарта отырып жоғарғы жақтан шығару ұсынылады). Жинаудың алдында барлық металл бөлшектер керосинмен жуылып құрғатылғанға дейін сүртіледі.

Манжеттер ауыстырылғаннан кейін май ағатын саңылау болмауы қарастырылады, ал поршень қолмен жұмыс аумағы бойынша жоғары және төмен еш кедергісіз қозғалатын болады;

5) поршеннің жүрісі. Поршеннің қалыпты жұмысы (қалып пен тоғын арасындағы барынша мүмкін саңылауында) 200 мм аспайтын болады. Машинаны сапалы басқару үшін қалыпты жұмыс 120 мм төмен болмайды (барынша мүмкін саңылауда). Поршень жүрісінің бос орны төмен қарай жүрген кезде барынша мүмкін саңылауда 150 мм болады. «Тежегіштен босатылған» қалпында поршень жүрісінің бос орны жоғарғы қақпаққа дейін 40 мм болады.

Поршень жүрісі мен орналасуы қалып пен тоғын арасындағы саңылау үлкендігінің өзгеруімен де, жұмыс тежегішін басқару механизмімен де реттеледі (3-параграф);

6) жұмыс және сақтандырғыш тежелуінде тежегіш жүгінің түсу тәртібі. Қалыпты жұмыс тежелуінде поршень келтіру цилиндрінде қысымның шұғыл ауытқуын болдыратын секірусіз және шайналусыз бір қалыпты баяу ауысады. Сақтандыру тежегішінде төменгі қалпында поршеннің көзге көрінетін ауытқуы болмайды. Ауысудың бір қалыпты болмауы мен поршеннің ауытқуын түзету үшін ағын құбырөткізгіші мен цилиндрдің қиылысу алаңы арасындағы рационалды қатынасы таңдалады. Дроссельді құбырөткізгіштерде орнату тежегіштің бос жүрісінің уақытын көзге көрінетіндей ұзартпайтын болу қарастырылады;

7) екі барынша шеткі жағдайдан аралыққа басқару қолсабын шұғыл ауыстырғанда тежегіш тоғынының қалыптарына ара-тұра тиюіне сәйкес болатын поршеннің ауытқуына жол берілмейді. Мұндай ауытқулардың болуы поршень астында үнемі шығарып тұруды керек ететін ауаның жиналуын тудырады. Ауа жастықшасының пайда болуының алдын алу үшін май сорғылардың сорғышындағы тығыздалуды жақсарта түсу қажет етіледі;

8) цилиндр сырты мен төменгі қақпақ арасында май ағатын саңылаудың болмауы. Өзектегі бұрандалар қатты тартылған және контрсомындармен бекітілген болады. Май ағатын болса, ажыратқыштағы төсем ауыстырылады;

9) тежегіш жүгін бекіту: тарту арқаны мен тірек планкасының жағдайы, олардың қосылуының бекемдігі мен контрсомындардың болуы, іліну күштерінің ауысуының жеңілдігі, сонымен қатар ілінудің траверспен қосылатын орындарында шайба мен шплинттердің болуы.

Тежегіш жүктің жағдайын тексеру (3-тарау, 2-параграф).

Гидрожетектің плунжерлі цилиндрін тексергенде (21-сурет) плунжер мен шектегіш тіректің жағдайы, плунжерлі құбыр мен поршеннің стаканымен ауа шығарғыштың дәнекерленген байланыстарының сенімділігі, сонымен қатар манжеттердің жағдайы мен жоғарғы қақпақтың тығыздалуы тексеріледі. Шарнирлі пішпекті поршенге бекітетін және ось бойынша ауа шығарғышқа арналған саңылаумен сәйкес келетін арнайы бұранда міндетті түрде ось бойына 5 мм диаметрлі саңылауы болады.




20-сурет. Жетекті цилиндр



1-поршень; 2-шток; 3-сұққы;

4-сферикалық мойынтірек;

5-ішпек; 6-стакан;

7-цилиндр; 8 және 9- қақпақтар; 10-манжетета;

11-букса; 12 және 13-бұрандалар;

14-жақтау сақина.

Плунжерлі цилиндрді тексерудің басқа жағдайларында тексеру көлемі жоғарыда аталғандарға сәйкес болады.




21-сурет. Плунжерлі поршені бар жетекті цилиндр:

1-қақпақ; 2,7 және 15-манжеттер; 3-цилиндр; 4-плунжер; 5-поршень;

6-пішпек; 8-бұранда; 9-ауа шығарғыш; 10-ұшы; 11-тығын;

12-шток; 13-арнайы бұранда; 14-жақтау сақина.



3-параграф. Жұмыс тежегішімен басқару құрылғысы.

Үшжүрісті кран.

Басқару жүйесі
36. Кранды тексерген кезде (22-сурет) мыналар анықталады:

1) кранның жұмыс істеп тұрған кезінде реттығынның жеңіл ауысуы. Бір қалыпты ауыспағанда мыналар тексеріледі:

1) кранның өткізу қақпағының шайналуын туғызуы мүмкін штоктың қисаюының болмауы, реттығынның жоғары-төмен ауысуы штоктың бір уақытта бұрылуы қолмен тексеріледі.

Штокты тексеруді ұста станогының ортасында жүргізу ұсынылады, ал көзге көрінетіндей ақау болғанда басқасына ауыстырылады.

Қақпақта штоктың шайналуы қақпақтағы саңылаудың ақаулы не қоқыстануы салдарынан, не тартқан кезде қиғаштануынан тууы мүмкін.

Жұмыс кезінде шток осінен реттығынның шамалы ауытқуына жол беретін сомын мен реттығынның төменгі бүйір жағы арасында саңылаудың болуы. Аталған саңылаудың үлкендігі 0,1-0,3 мм болады;

2) төлкедегі реттығынды ауыстырудың жеңілдігі. Бір қалыпты ауыспағанда және шайналғанда мыналар тексеріледі:

төлке мен реттығынның жұмыс бетінің жағдайы (сызат, қылау, жапырылған және таттану іздерінің болмауы). Үш жүрісті кранды бұзғанда төлке мен реттығынның тегістелген бетін бүлдіріп алмау үшін мұқият қаралады;

төлкеде реттығынның орнатылу тығыздығы. Реттығынның тым қатты орнатылуы пастамен артық үйкеленуді болдырмайды;

май сапасы. Реттығынның бір сарынды орналаспауы тым қою майды пайдаланғаннан, не майдың қатты қоқымдармен және реттығынның ішкі каналдарының қоқыстануынан пайда болады. Реттығынды керосинмен жуып, құрғатып сүртіп және таза маймен майлайды. Төлкені тек таза маймен тазалау ұсынылады;

3) майдың ағу саңылауы 5 минутта 0,5 л артық болмайды.

Крандағы ағуларға (майдың ағуы) кран корпусына бос орнатылғанда; реттығын мен төлкенің бірге тозғанында; төлкеде каналдардың реттығынның бейтарап қалпында, қалыптысы 1,5-2 мм құрағанда жабу үлкендігінің жетімсіздігінде жол беріледі.

Нақты жабуды анықтағанда ішкі бүйір жақтағы реттығын бетінің жағдайына ерекше назар аудару талап етіледі. Жапырылулардың болуы, сонымен қатар реттығынның ішкі бүйір жағында жүзін тазалауға жол берілмейді.

Краннан фланц арқылы майдың ағуында (немесе ескі құрылымдарында төменгі қақпақтағы тығыздалулар) төсемдер (тығыздалулар) алмастырылады және фланцтер тығыздалады.

Табылған ақауларды түзету мүмкін болмаған жағдайда үш жүрісті кран ауыстырылады.




22-сурет. Үш жүрісті кран:

1-сырты; 2-төлке; 3-реттығын; 4-шток; 5- жүк;

6 және 7-қақпақтар; 8- төсемдер; 9-шплинт






37. Басқару жүйесі. Тексеру кезінде:

1) иінтіректі берілулер элементтерінің жағдайы: тұтқа мен секторды бекіту, тұтқаны есептегіштің ақаусыздығы, иінтірек, тарту және айырлардың майысуларының болмауы; контргайкалардың, шайба мен шплинттердің болуы, шарнирлі қосылыстардың майлануы мен жағдайы, тұтқа-реттығын жүйесі жүрісінің жеңілдігі;

2) қатты кері байланыс механизмі: рамаға бекіту, жүрістің жеңілдігі мен механизмнің беру қатынасын таңдаудың дұрыстығы;

3) реттығынның жұмыс қалпының үлкендігі. Реттығын тұтқаны қалыпты жағдайға қойған кезде не жоғарғы, не төменгі қақпаққа тірелмейтін болады. Реттығынның барынша үлкен жұмыс жүрісі кері байланыстың әсерінсіз 34 мм артық болмайды. Реттығынның 30 мм кем жүргенінде жұмыс тежегішінің әсерлілігі біршама төмендейді (тұрақты жағдайдың саны азаяды).

Егер реттығынның жүрісі кері байланыстың әсерінсіз 30-34 мм шамасында болмаса, тарту ұзындығының өзгеруі немесе басқа тесікке ауыстыру тұтқаның иінтірегінде талап етілетін жүріс үлкендігін бермейді, олай болса қосымша тесік иінтірегінің иығын тұтқаның осінен қашықтықта төмендегі формула бойынша анықталатын ұштаумен өзгертіледі:
l = (30 ÷ 34),
мұнда L-жұмыс істейтін тесіктен тұтқа діңіне дейінгі қашықтық, мм;

hзол-кері байланыстың әсерінсіз реттығынның нақты жүрісі, мм;

4) тұтқа жүрісінің үлкендігі.

Тұтқаның жұмыс жүрісі оның жағдайларының келтіру цилиндрі поршенінің ауыстыруының басталуы мен аяқталуына сәйкес келетін диапазонымен анықталады. Қалыпты жүріс тұтқаның құрылымдық жүрісінің шамамен 2/3, ал тежеу үшін артық жүріс 1/4 кем болмайды.

Тұтқаның бос жүрісі («Тежелген» қалыптан қалыптың тоғынға тимей тұрғанына дейін) конструктивті жүрістен 1/6-1/8 артық болмайды. Тұтқаның басқару механизмінің тұтқалы жүйесіндегі люфтімен анықталатын «өлі» жүрісі (оның қозғалысының бағытын өзгерткенде) және үш жүрісті кранның каналдарын бекіту үлкендігі тұтқаның толық жүрісінің 1/15 аспайды;

5) тұтқа мен реттығынның барынша шеткі жағдайларының сәйкестігі:

тұтқа «Тежегіштен босатылған» қалыпта болғанда поршеннің үш жүрісті кранға май баратын саңылаудың жоғарғы қақпағына соғылуын болдырмау үшін поршень жоғарғы құрылымды жағдайдан 40-50 мм аз болмағанда толық жабылады;

тұтқа «Тежелген» қалыпта болғанда реттығын қалып пен тоғын арасындағы саңылаудың қалып тозғанда немесе тежегіштің атқару органының қайтадан реттелуі салдарынан үлкеюін сенімді тоқтатылуын қамтамасыз ету үшін үш жүрісті кранның ағынды саңылауын 8-10 мм ашады.

Реттығын жағдайын реттеу басқару тұтқасымен байланыстыратын күш ұзындығының өзгеруі секілді де реттығынның дифференциалды иінтірегінде штоктың айырмен байланысында бұрандалы байланысының көмегімен жүргізіледі;

6) поршеннің тұрақты қалпының саны. Тұтқаның жұмыс қалпы поршеннің 20-25 тұрақты қалпынан кем болмайды. Тұтқаны ауыстырғанда поршеннің тежегіш жүрісіне сәйкес болатын поршеннің тұрақты жағдайы (қалыптың тоғынмен түйісу басынан бастап төменгі жұмыс қалпына дейін және толық тежегіш күшін беруде) пресс массалы қалыптар үшін-10, ағаш қалыптар үшін-15 болады.

Тұрақты жағдайлардың саны екі бағытта да (тежелген және тежегіштен босатылған) тұтқаны баяу бұру арқылы тексеріледі. Тұтқаның «өлі» жүрісі, сонымен қатар поршеннің «жайылымдылығын» тудыратын келтіру цилиндрінде ауа жастықшаларының болуы жұмыс тежегішінің сапасын қатты төмендетеді.

Пресс массалы қалыптарда поршеннің тұрақты жағдайы санының артуы тежегіш балкасымен қалып плиткасы арасында тегіс резеңке төсемдер орнатумен қол жеткізіледі. Жұмыс тежегішінің сапасы қанағаттанарлықсыз болғанда қажетті қалыңдығы болмаса, не иілімділігін жоғалтса төсемдер басқасына ауыстырылады, сонымен қатар тежегіш плиткаларын бекітетін серіппелі шайбалар мен бұрандалардың тартылуы тексеріледі.



4-параграф. Сақтандырғыш тежегішімен басқару құрылғысы
38. Тексеру кезінде:

1) электромагниттің жұмысы мен жағдайы (4-бөлім, 3-тарау, 3-параграф), сонымен қатар сақтандырғыш тежегіші кранының реттығынымен оның өзегінің байланысының сенімділігі. Байланыстырғыш білікше шплинттелген болады (білікшені контрсомынмен тоқтатуға жол берілмейді). Білікше мен байланыстырғыш төлке арасындағы саңылау 0,2 мм аспайды. Штоктың төлкемен байланыстырылатын жердегі соңы контргайкалармен сенімді бекітіледі;

2) реттығынның 48 мм артық болмайтын электромагнитпен байланысындағы жүрісінің үлкендігі. Егер жүріс үлкен болса, дроссельді құбыр немесе шайба орнатумен тежеледі. Реттығынның «Тежелген» қалыпта кранның төменгі қақпағына басылуына (төмен қарай жүрістің бос орны 2-3 мм кем болмайды), сонымен қатар реттығынның төменгі бөлігі төлкеге толығымен кіріп тұрғанына жол берілмейді (штоктың қисаюы мен төлке мен реттығынның жұмыс беті мен бүйірінің ақаулануын болдырмау).

Әрбір нақты жағдайда реттығынның жүрісін төлкедегі саңылаудың ашылу және жабылуының нақты өлшемдері бойынша (4-тармақтың талабына сәйкес), төменгі жағдайда реттығын кранның төлкесінен шықпайтындай болып орнату ұсынылады;

3) кранның төлкесінде реттығынның жеңіл ауыстырылуы. Реттығын электрмагниттің өзекшесі ағытылғанда және жүк түсіріліген кезде штокты қолмен ақырын басқанда бос түсіріледі.

Реттығын бірқалыпты түспесе кранды бөлшектеп бөліп төлке мен реттығынның жұмыс бетінің жағдайы, төлкеде реттығынның орнатылу тығыздығы, май сапасы сонымен қатар штоктың қисықтығының болмауы тексеріледі.

Штоктың қисаюын табу мен түзету үш жүрісті крандағыдай жүргізіледі. Штоктың қисаюының негізгі себебі реттығынның төменгі қақпаққа үйкеленуінен немесе кран мен магнит осінің сәйкес келмеуінен болады.

Кранды бөлшектеген кезде реттығын мен төлкенің сызылған беттерімен абай болу ұсынылады;

4) жоғарғы және төменгі жұмыс жағдайында каналдар саңылауын реттығынмен жабу үлкендігі. Төрт жүрісті кранның құрылысымен (23-сурет) 10 мм тең жабу қарастырылады. Цилиндр-ағын багы каналы жабық болғанда, жоғарғы жағдайда реттығынның жұмыс бөлігінің төменгі бүйірі каналдың жоғарғы жиегімен тегіс болады.

Реттығынның жоғарғы бүйірі төменгі жағдайда тежегіш цилиндріне баратын каналдың төменгі жиегіндегі саңылаумен тегіс орнатылады, бұнда үш жүрісті кран-аккумулятор каналы 10 мм жабылады. Аталған жабылулардың үлкендігін анықтағанда реттығынның бүйірлерінің жағдайлары мұқият қаралады. Жүздерін тазалауға өте қажет болған кезде ғана рұқсат беріледі (мысалы, бүйірі зақымданғанда).

Пайдалануда төрт жүрісті кранның әртүрлі құрылғыларының болуына байланысты реттығынның мейлінше шеткі жағдайлары мен каналдарды жабу үлкендігін анықтауда әрбір жағдайда реттығын мен төлкенің нақты өлшемдері алынады.

Реттығынның мейлінше шеткі жағдайларын өлшеуге (жабу үлкендігі) байланыстырғыш төлкеде штокты бұраумен (босатумен) немесе байланыстырғыш білікшені төлкенің басқа саңылауына ауыстырумен, сонымен қатар реттығын жүрісінің үлкендігінің өзеруімен қол жеткізіледі (2-тармақ);

5) төрт жүрісті кран арқылы май ағу үлкендігі. Майдың ағуы реттығын мен төлке біршама тозғанында, жиі-сырты мен төлке арасында болады. Бұл жағдайда кран алмастырылады. Тығыздаулар арқылы майдың ағуын фланцтерді тарту немесе төсемдерді ауыстыру арқылы түзетеді. Ескі пайдаланудағы крандарда төменгі өту қақпағының нашар тығыздалуынан өтуі ықтимал.





23-сурет. Төрт жүрісті кран:

1-сырты; 2-төлке; 3-реттығын; 4-шток;

5-жүк; 6 және 7-қақпақтар; 8-төсем; 9-шплинт

Май аккумуляторының жиі қосылуын тудыратын айтарлықтай ағулар келтірілген сақтандырғыш тежегішінде, реттығынның төменгі бөлігі май аккумуляторы мен кранның реттығын асты бөлігін бөлетін канал арқылы өтуі мүмкін. Бұл жағдайда реттығынды көтеріп немесе оның төмен қарай жүрісін шектеп, төлкенің төменгі жағындағы тосқауылды біршама үлкейту ұсынылады;

6) кіші тежегіш жүгі бар машинанада бос жүріс уақытын қысқартуға арналған жылдамдату багының жағдайы. Үлкен тежегіш жүгі бар машиналар үшін қысқарту багын қолдану тежегішті қолжетімсіз үлкендікке дейін тежеуді арттыруына жол беруін тудырады. Бұл жағдайда ағынды құбырөткізгіштерде дроссельді шайбаларды орнату немесе демпфері бар электромагнитті қолдану ұсынылады.

Тексеру мен жөндеу нәтижесі №15 б формалы хаттамаға енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет