Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар


-тарау. Тежегіштің атқарушы органы



бет3/19
Дата09.06.2016
өлшемі4.53 Mb.
#125379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2-тарау. Тежегіштің атқарушы органы
20. Тежегіштің атқарушы органын жөндеу мен тексеруді ішкі жағынан бастап және көтергіш қондырғының қалыпты жұмысына бөгет жасайтын ақауды түзетуден бастап жүргізеді.

21. Одан әрі мыналар тексеріледі:

кинематика элементтері:

1) алдыңғы және артқы тежегіш балдарын қосатын көлбеу тартулар, сонымен қатар тік тартулардың сызаты, не терең ұйпалануы болмауы қарастырылады. Ақауы бар тартулар жедел түрде жаңасына ауыстырылады;

2) тартулардағы ойықтар түзу болады. Бұзылған ақауы бар және стандартты емес өлшемді сомындар немесе жалғастырғыштар кілттенер алдында жаңасына ауыстырылады;

3) тежегіш жүйесінің шарнирлі қосылғыштарындағы саңылау үлкендігі 12-кестеде көрсетілген шамада болады.

Жол берілетіннен барынша үлкен саңылауларда төлкелер мен біліктер жаңасына ауыстырылады. Ауыстырылатын төлкелер болмаса немесе шарнирдегі саңылауларды сопақшалай бөлгенде олар жақынырақ стандартты диаметрге келтіріледі, ал сұққы мен білікше көрсетілген саңылауды қамтамасыз етумен жаңасына ауыстырылады. Саңылау диаметрі біршама үлкейсе тиісінше иінтіректер мен айырлар ауыстырылады.

12-кесте


Саңылаулар



Саңылаудың көрсетілген диаметрі, мм

18 ден

30 дейін


30 артық 50 дейін

50 артық 80 дейін

80 артық 120 дейін

120 артық 180 дейін

180 артық 260 дейін

Көрсетілген, мм

0,06-0,13

0,07-0,15

0,08-0,18

0,09-0,21

0,1-0,24

0,12-0,28

Барынша жол берілетін, мм

0,25

0,30

0,35

0,42

0,50

0,60

Саңылаулар диаметрінің барынша үлкендеуінде тиісті айырлар мен иінтіректер ауыстырылады.

Шарнирлердегі шайнауларды шарнирлердің жұмыс беттерін тазалаумен немесе ақауы бар бөлшектерді ауыстырумен жөндейді. Білікшелерді қырнау немесе тежегіш элементтерінің шарнирлі саңылауларын қолмен бөлуге рұқсат берілмейді;

4) білікшелер мен тартулардың жоқ бөлшектері (контрсомын, шайба, шплинт) орындарына салынған болады;

5) мойынтіректер мен шарнирлер солидолмен майланады. Жарамсыз майсауыт жөнделеді, жоғы орнына қойылады. Май өткізгіш каналдар тазаланады. Шіріген беттерінің тоттанған іздері бар мойінтіректер мен шарнирлерді пайдалануға жол берілмейді.

8-сурет. Тежегіштің қалыптарды ауыстыратын атқарушы органы:

1-бұрышты иінтірек; 2-алдыңғы тежегіш балкасы;3-артқы тежегіш балкасы;

4-байланыстырғыш тартулар; 5-тежегіш қалыптары: 6-тірек мойынтіректері;



7-контрсомынды реттеуші бұрамалы тірек: 8-тежегішті бод;

9- реттеуші сомын; 10-ішкі сомын; 11-контрсомын


9-сурет. Қалыптардың параллель ауыстырылуы мен реттеуіш тіректің артқы орналасуы мен тежегіштің атқарушы органы:

1-тежегіш қалыптары; 2-тежегіш балкалары; 3-сомынды тірек; 4-тежегішті тіректер;

5-қосымша тірек; 6-иінтірек; 7-штанга; 8-тік тартулар;

9-бұрышты иінтіректер; 10-көлбеу тартулар.


6) тежегіш балкалары бекітілген 10-15 мм өлшемдерден ауытқымайды. Тежегіш балкалардың осі, ал орнықты бұрандама қатты тартылған болады;

7) тежегіштің жылжымалы бөлшектері секірмей, шайналмай, көлденең ауытқусыз және бұрылыссыз еркін қозғалатын болады.



10-сурет. Қалыптың параллель ауысуы және реттелетін тіректің алдыңғы орналасуы мен тежегіштің атқарушы органы:

1-тежегіш қалыптар; 2-тежегіш балкалар; 3-иінді тіректер; 4-тежегішті тіректер;

5-қосымша тірек; 6-иінтірек; 7-штанга; 8-тік тартулар;

9-бұрышты иінтіректер; 10-көлбеу тартулар
Түзетілген атқарушы орган «Тежелген» қалыпта орналасады: тежегіш құрылғылары үшін-бұрышты иінтірек ауырлығының әсерімен (ағытылған жетекте), немесе-негізгі иінтірек пен жұмыс цилиндрінің тартылуы астында; бұнымен қоса барлық қалыптар біркелкі қайтатын болады.

22. Тежегішті тоғын (тегершіктер):

1) тежегіш тоғынын барабанға бекіту сенімді болады. Шатқақтауы табылған жағдайда тоғын мен барабанның қосылған орнында тозған бекіту бөлшектері ауыстырылады;

2) тежегішті тоғынның жұмыс беті біркелкі және тегіс болады, өңдеу 7 реттен кем жүргізілмейді. Бойлық тарақтар, ойлар мен жапырылғандардың шеті 5 мм радиустен кем емес дөңгеленеді немесе түзетіледі. Футерлі тежегіш тоғындарының жапсарларындағы шегерім үлкендігі 0,1 мм аспайды. Үлкен ауысуларда жапсарлардың шығыңқы жиектері қырналады не шығыңқы тұсы радиусы 100 мм кем болмай сопақшаланады;

3) тежегіш тоғынының қалыңдығы талап етілетін қаттылығын қамтамасыз ету үшін 12 мм кем болмайды, ал тоғынның тозуы артықтығы жағына қарай 5 мм кем болмайды. Аз қалыңдықта тежегіш тоғыны ішкі жағынан жапсырмамен күшейтіледі немесе ауыстырылады;

4) тоғынның неғұрлым көп соғылуы 13-кестеде көрсетілген үлкендіктен аспайды.



11-сурет. Қалыптың аралас ауысуы бар тежегіштің атқарушы органы:

1-тежегіш қалыптар; 2-тежегіш балкалар; 3-штанга; 4-тежегішті тіректер;

5-бұрышты иінтіректер; 6-дифференциалды иінтірек; 7-тік тартулар;



8-көлбеу тартулар; 9 және 10бұрама тіректер; 11-реттегіш жалғастырғыш;

12-реттегіш тірек

13-кесте


Тежегіш тоғынның диаметрі, мм

Тоғынның рұқсат берілетін ең үлкен соғылу үлкендігі, мм

Клинделген барабан

ауыстырылатын барабан

2000 дейін

0,30

-

2000 артық 2500 дейін

0,35

0,50

2500 артық 3000 дейін

0,40

0,60

3000 артық 4000 дейін

0,45

0,70

4000 артық 5000 дейін

0,50

0,80

5000 артық 7000 дейін

0,55

0,90

Тексеріс сағатқа ұқсас индикатормен барабан баяу айналдырылғанда жүргізіледі; тоғынның неғұрлым көп соғылуы индикатордың барынша үлкен және барынша аз көрсеткішінің айырмашылығы түрінде анықталады (№ 3 форма).

Жол берілетін соғылудан 50-100 % асқанда тежегіш тоғыны қырналады және тегістеледі. Егер соғылу рұқсат берілетін 2 еседен артық немесе біраз жергілікті ақаулары мен шегерімдері болса, тежегіш тоғынын қырнайды және тегістейді.

Жылжымалы барабанда ең алдымен тежегіш тоғынының жоғары соғылуы күпшек төлкесінің шамадан тыс тозуы салдарынан болу мүмкіндігі тексеріледі. Бұл жағдайда жоғарыда аталған соғуды болдырмайтын шаралар ішпектерді жөндегеннен кейін жүргізіледі (2-бөлім, 3-тарау, 6-тармақ);

5) жұмыс кезінде тежегіш тоғынының қызуы 70° С аспайды. Тоғынның қызуын болдырмау, қалыптың ерекше қысымын тудыратын, тежегіш жүгінің азаюы есебінен (немесе ауа қысымының) тежегіштің сатикалық бекемдігі шарты бойынша жол берілетін шамада немесе электродинамикалық тежеуіш қолданумен жетеді;

6) тежегіш тоғын бетінде май ізі болмайды. Мүмкіндікке қарай тежегіш тоғындарына майдың түсуі болдырылмайды.

23. Тежегіш қалып:

1) қалып материалы.

Ағаш қалыптар құрғақ, біртекті, бұтақсыз және сызатсыз болады.

Ағаштың қатты (емен, шамшат, шаған) және шайырлы (қарағай, балқарағай) түрлері қолданылмайды.

Тежегіш қалыптар үшін терек, қызыл тал, жөке, болмаған жағдайда тал мен қарағаш пайдаланылады. Ағаштың басқа түрлері оның ішінде көктерек пен қайың үйкелеудің төмен коэффицентіне ие, сондықтан машинаның тежеуге сенімді кепілдік бере алмайды. Қалыптарда сызат, қабаттасу және қатты дақтары болмауы қарастырылады.

Феррадо лентасын қолмен жұмыс істейтін қалыптарды ауыстыруға қолдану ұсынылады. Феррадо лентасын ағаш өзекке бекітуге жол берілмейді, себебі ол тежегіш тегершігінің біркелкі тозбауын тудырады;

2) қалыптардың тозу үлкендігі төмендегідей болады:

ағаш қалыптар үшін 10 мм кем болмайды;

сығымдау қалыптары үшін 5 мм кем болмайды.

Қалыптың қолдану қоры азайғанда тиісті материалдан жаңасына ауыстырылады.

Көтергіш ғимаратта ағаш қалыптарды қолдануда ұсынылған материалдардан жиынтық дайын тұруы қарастырылады;

3) қалыптардың тежегіш бөренелерге бекітілуі бекем болады, бекіту бұрандамалары контр сомындарға бекітіледі. Қалыптарды бөренеге бір бұрандамен не тоқтатқышпен бекітуге рұқсат берілмейді.

Тежегіш бөрене мен ағаш қалып арасында төсем орнатуға да жол берілмейді. Сығымдау қалыптарында тежегіш күшінің бір сарынды өсуі және қалыптарды тегістеу үшін резеңке төсемдерді қолдануға рұқсат беріледі;

4) қалыптардың жұмыс бетін қамту доғасының барлық ұзындығы бойынша тежегіш тоғынға және қалып еніне бекіту тығыз болады.

Қалыптардың дұрыс бекітілмеу себебі анықталып жөнделеді.

Жаңа қалыптар дәл түсірілген және қиюластырылған болады. Машинаның жүкпен жүрген кезінде үнемі салынған қалыппен оның тежегіш тоғынының қызуы мен күюін болдырмау үшін қиюластыруға жол берілмейді. Қиюластыру көтергіш қозғалтқышқа күш түсірмеу үшін бос көтергіш ыдыстарды айдау кезінде жүргізіледі.

24. Қалыптар мен тежегіш тоғын арасындағы саңылау.

Тоғындарды бұрышты ауыстыруы бар тежегіштер үшін жоғарғы бөліктегі саңылау бір жағына қарай 2,5 мм аспайды, ал қалыптарды параллель ауыстыру тежегіштері үшін қалып барлық ұзына бойына тегіс және бір жағына қарай 2 мм артық болмауы қарастырылады.

Саңылау үлкендігі мынадан кем болмайды: қалыптарды бұрышты ауыстыру тежегіші үшін 1,5 мм, ал параллель ауыстыруы бар тежегіш үшін 1,0 мм. Оң және сол тоғындағы параллель әрекет ететін қалып сыңарларының қосынды саңылауы, әсіресе екі атқарушы органға ортақ келтірілетін машиналар үшін біркелкі болады. Бір сыңардың қалыбында саңылаудың айырмашылығы 0,5 мм артық болмауына рұқсат беріледі.

Саңылау үлкендігі толық тежелген машинада ұзын (200-300 мм) иілмелі щуппен өлшенеді.

Қалыптар мен тежегіш тоғын арасындағы саңылау төмендегідей түрде реттеледі:

1) қалыптарды бұрышты ауыстыруы бар (8-сурет) тежегіш құрылғылары үшін талап етілетін жиынтық саңылаудың үлкендігі байланыстыратын тартқыштың толық тежелген машинада (тежелер алдында алдыңғы қалыптар тірек тоғынына жабысқан болады) алдымен тоғын мен артқы қалып арасында тік ұзындығын өлшеумен анықталады. Екі қалыпқа да жиынтық саңылауды таратуға тіректі бұрап шығарумен қол жеткізіледі.

Қиғаштықты болдырмау үшін реттеу қалыптың екі сыңарына параллель жүргізіледі;

2) қалыптарды параллель ауыстыруы бар тежегіш құрылғылары үшін саңылау көлбеу тартулардың ұзындығын бір уақытта өзгертумен реттеледі.

Егер тік тартулардың бұрандасы толық қолданылған болса, олар шарнир ұшында бұранда диаметрінен кем емес тарту ұзындығы қалдырылып бұрап шығарылады, көлбеу тартулардың біркелкі айналым санына бұралады, содан кейін саңылау тік тартулармен реттеледі.

Тоғынның екі жағына да саңылауды біркелкі тегіс тарату бұрамалы тірек көмегімен жүргізіледі. Қалып пен тежегіш тоғын арасындағы саңылауды тегістеу барлық қамту доғасы бойынша қосымша реттеуіш тірек ұзындығын өлшеу арқылы қол жеткізіледі;

3) қалыпты құрамдастырумен араластыру тежегіш құрылғысы үшін жиынтық саңылауды реттеу тік тартылумен немесе көлбеу тартылумен реттегіш жалғастырғышпен жүргізіледі. Тоғын бойынша саңылауды біркелкі жаю қосымша тірек ұзындығын өлшеумен, сонымен қатар бұранда тіректерінің көмегімен қол жеткізіледі.

Қалып пен тежегіш тоғын арасындағы талап етілетін саңылауды орнатқаннан кейін барлық тартулар мен реттегіш элементтері контрсомынмен берік бекітіледі.

25. Қалыптардың шектен тыс тозуынан блокировкалау:

1) қалыптарды бұрышты араластыруы бар гидротежегіштерде блокировакалауды сөндіргіш (бұдан әрі-БС) жиынтық саңылаудың ортаңғы бөлігі 5 мм дейін үлкейгенде, әрі поршеньнен келтіретін цилиндрдің төменгі қақпағына дейінгі аралық «Тежелген» түрде тұрған кезде 120 мм кем болса жұмыс істейді.

БС жұмыс істеу параметрі мен бекемдігін тексеру қалып пен тоғын арасындағы саңылаудың біртіндеп өсуі бойынша (байланыстырғыш тартылысты ұзарта отырып) жүргізеді;

2) пневматикалық жетекті тежегіштерде блокировкалау сақтандыру тежегішін жиынтық саңылаудың 5 мм дейін үлкейгенінде қосады;

3) БС ретке келтіру үшін реттегіш тіректерді бұрап шығарып, машинаны тежеп, жұмыс цилиндрінің поршенін түбіне түсіреді. Осыдан кейін тежегіш штангасында блокировкалауды сөндіру иінтірегі мен сөндіру иінтірегі арасындағы қашықтықты шамамен 130-140 мм етіп белгілейді.

Қалыптың тозғандығы туралы ескерту дыбысын беретін ысқырық поршеньді ысқырық қақпағы ашық тұрғанда жетекті тартулардағы тежегіш штангадағы тірек пен жоғарғы тік паза арасындағы арақашықтық 130 мм артық болмайды.

Тексеріс нәтижесін № 15 формаға сәйкес хаттамаға енгізеді.

3-тарау. Тежегіштің пневматикалық жетегі

1-параграф. Компрессор мен ауа таратқышты желі
26. Тексеру кезінде:

1) электр қозғалтқышты компрессордың ортасын (немесе белдікті беріліс элементтерінің жағдайы), тірек мойынтіректерінің жағдайы, салқындату жүйесінің ақаусыздығы мен майлау сапасы. Мойынтіректерді қыздыру температурасы 60°С артық болмайды, компрессордан шығатын ауа температурасы 160°С артық, ал су температурасы 40°С артық болмайды. Компрессорды майлау үшін зауыт дайындаушы нұсқаулығына сәйкес келетін арнайы майлар пайдаланылады;

2) компрессордың өндірушілігі ауа жинағышты толтыру тәсілімен жүргізіледі (№ 19 форманы қара).

Егер компрессордың өндірушілігі көрсетілгеннен 85 % төмен болса поршеньдер мен цилиндрлердің жұмыс бетінің, поршеньді сақинаның, соратын және айдайтын клапандардың, сүзгінің жағдайы тексеріледі. Табылған ақаулар түзетіледі;

3) электро магнитті бекіту-түсіру құрылғысының жұмысы мен жағдайы (12-сурет). Түсіру инесі айдайтын патрубкадан ауаны шығару үшін компрессордың электр қозғалтқышын сөндіргенде саңылау ашады, ал іске қосылып тұрған электрмагнитте бұл саңылауды 10 мм дейін жабады. Реттеу иненің серіппесін тартуды өзгертумен жүргізіледі.

Бекіту қақпақшасы компрессордың қозғалтқышы көрсетілген жылдамдықты алғанда ашылады, ал патрубкадағы қысым 2,5-3 ати болады. Қақпақша жүрісі серіппені тартуды өзгертумен реттеледі және 20 мм кем болмайды. Ауаның шамалы сызаттарында қақпақша арқылы қақпақша мен седланың жануын бірге жүргізу қарастырылады, ал компрессордың өнімділігінен 10 % асатын сызаттарда қақпақша ауыстырылады.

Сонымен қатар жетекті электромагниттің жұмысы мен жағдайы да тексеріледі (КМТ түріндегі тарту күші 10 кг және жұмыс жүрісі 40 мм электромагнит қолданылады). Бекіту-түсіру құрылғысының сөндірілу және іске қосылу нақтылығына контржүктің салмағы мен жағдайының өзгеруімен қол жеткізіледі;

4) ауа жүйесінде ауа сызатының болмауы. Қысымның төмендеуі 30 минут бойына көрсетілгеннен 10 % артық болмайды. Ал ерекше көрінеу сызаттарда құбырөткізгіштің, желдеткіштің, құбырларды фланцті қосудағы төсемдердің (құбырөткізгіш бөлігінде ауа жинағыш компрессорға отқа төзімді материалдардан: клингерт, асбест, параниттен төсемдер пайдаланылады) жағдайы тексеріледі. Табылған ақаулар түзетіледі;

5) ауа жинағыштың дәнекерленген тігістері мен бетінің, сызаттардың, ұйпаланудың және басқа ақаулардың жағдайы;

6) ауа жинағыштың сақтандырғыш қақпақшасының жағдайы. Қақпақша барынша көп жұмыс қысымының 20 % асқанда іске қосылуын реттейді. Реттелгеннен кейін қақпақша пломбыланады;

7) манометрлік реленің жұмысы мен жағдайы. Реле компрессордың барынша аз үлкендігі есеппен анықталатын бірақ 4,5 ати аспайтын (№ 17 б және 17 в формаларын қара) қысымда айқын қосылуын қамтамасыз етеді. Компрессорды сөндіру 6 ати аспайтын қысымда жүргізіледі. Реле реттегіш білікпен реттелінеді







12-сурет. Бекіту-түсіру құрылғысы:



1-бекіту қақпақшасы; 2-түсіру инесі;3-контржүк;4-электромагнит
Реледен ауаның сығылуына жол берілмейді. Релені резеңке диафрагмамен қолдануға да жол берілмейді;

8) манометр көрсеткіштерінің дұрыстығы мен ақаусыздығы. Жұмыс істемейтін манометрлер, сонымен қатар жоғарыда аталған нақтылық сыныбы бойынша кемшіліктері барлары ауыстырылады.



2-параграф. Сақтандырғыш және жұмыс тежегіштерінің цилиндрі
27. Сақтандырғыш тежегіштің цилиндрін тексерген кезде (13-сурет) мыналар тексеріледі:

1) сақтандырғыш тежегішінде тежегішті жүктің түсу тәртібі. Тексеру үшін қысымды реттегішті жұмыс тежегішінің электр магнитімен (ЖТМ) байланыстыратын тарту ағытылады немесе жоғарғы қалыпта ЖТМ ортасында ұсталады. Тежегішті жүкті баяу түсіргенде немесе бір сарынды емес ауыстырғанда цилиндрдегі поршеннің немесе сальниктегі штоктың шайналуы жойылады;

2) поршеньдер мен цилиндрлердің бетіндегі жұмыс жағдайы. Жұмыс бетінің жапырылуына, кетілуіне, таттану іздеріне жол берілмейді;

3) манжеттер мен сальниктердің жағдайы. Ауа сызатында ауытқу болмауы үшін манжеттер мен сальниктер бір қалыпты тартылады, ал қатты тозғандары немесе конфигурацияға сәйкес келмейтіндері ауыстырылады;

4) поршень, цилиндр және оның қақпағы осьтерінің сәйкестігі;

5) жүріс үлкендігі мен сақтандырғыш цилиндрдің поршень жүрісінің үлкендігі. Поршень жүрісі 450 мм артық болмайды (конструктивті жүрісте 575 мм) поршеннің төменгі жаққа жүрісінің қоры 100 мм кем болмайды, поршеннің жоғарғы қақпаққа соғылуына жол берілмейді;

6) демпферлі серіппенің жағдайы. Серіппенің қаттылығы мен өлшемі зауыттық дерекке сәйкес болады, стандартқа сәйкес келмейтін және ақауы бар серіппелер ауыстырылады;

7) тежегішті жүктердің сенімді бекітілуі, штифтің болуы штоктағы шығыршықты тоқтату, қосқыш білікшелердің сіргесі, сонымен қатар ілгіштердегі жүктерді тіркейтін контрсомындар;

8) салынған сақтандырғыш тежегішінде жүк жерден поршеннің төмен жүретін жолын есептемегенде 300 мм қашықтықта болады. Егер тежегіш жүгінің астындағы шұңқырда су не май болса, көтергіш машинаның жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді.

28. Жұмыс тежегішінің цилиндрін тексерген кезде (13-сурет):

1) поршендер мен цилиндрлердің жұмыс беттерінің жағдайы, оларда сызат, саңылау, таттану іздерінің болмауы;

2) тығыздамалардың жағдайы. Тозған тығыздамалар міндетті түрде ауыстырылады. Жұмыс цилиндрі поршендерінің бір қалыпсыз қозғалысында тығыздамалардың тартуын өзгертетін жетектердің келісілген жұмысына қол жеткізу қажет, бұл жағдайда ауа саңылауы рұқсат берілетіннен аспайды;

3) поршеннің жұмыс жүрісінің үлкендігі. Тежегіштің атқару органы поршень тежегіштің иінтіректі жүйесінде цилиндрдің төменгі қақпағына кем дегенде 20 мм жетпей тұрып қалатындай реттеледі. Жұмыс кезінде поршеннің төменгі қақпаққа соғылуына жол берілмейді. Ең жоғарғы қалыпта (машина тежелген кезде) поршень цилиндрден 100 мм артық шықпайды.

29. Бұдан кейін тексеріледі:

1) поршендер мен цилиндрлердің үстіңгі жұмыс бетінің майлануы. Сақтандырғыш цилиндрлерінің беті индустриалды 30 (машинаның Л) майымен, ал жұмыс цилиндрі-солидолмен майланады;

13-сурет. Тежегішті жетек:1-сақтандырғыш жетегінің цилиндрі (СЖЦ); 2-СЖЦ поршені:

3-шток; 4-тежегішті жүк; 5-серіппе;

6-көлбеу тарту; 7-жұмыс тежегішінің цилиндрі (ЖТЦ);

8-ЖТЦ поршені; 9-дифференциалды иінтірек; 10-ысқырғыш:

11-ысқырғыштың жетекті тартуы; 12-штанга; 13-жетек рамасы;

14-қосымша тіреу.
2) рама астындағы іргетастың жағдайы мен раманы бекіту. Іргетаста жарықтар мен шұңқырлардың болуына жол берілмейді. Жетектің жұмысы кезінде рамада діріл мен қиысудың болуына жол берілмейді;

3) тежегіш жетегі рамасының жағдайы, оның көлбеулігі, сонымен қатар тежегіш цилиндрін рамаға бекіту. Сызат табылған жағдайда олар жамалады және дәнекерленеді.



3-параграф. Жұмыс тежегішін басқару құрылғысы.

Қысымды реттегіш.

Жұмыс тежегішін басқару тұтқасы мен иінтірек жүйесі
30. Қысымды реттегіш. Тексеру кезінде:

1) қысымды реттегішке толық бөлшектеу жүргізу (14-сурет). Бөлшектеу және жинақтау кезінде реттығын мен төлкенің тегістелген беттеріне зақым келтірмеу үшін мұқият болу талап етіледі. Реттегішті жинау алдында әр бөлшек жуылады, кептіріледі және маймен майланады;

2) реттегішті бөлшектегеннен кейін мыналар тексеріледі:

төлкеде реттығынның бір сарынды ауыстырылуы. Реттығынды бір сарынды ауыстырмау себебі:

реттығынның төлкеге тым тығыз орнатылуы немесе оның жұмыс бетінің бүлінуі. Реттығын мен төлкеге бірге жағу жүргізіледі немесе ерекше көрінетін ақаулар болса, олар ауыстырылады;

реттығынның кірлеуі, тым қою май қолдану немесе жетімсіз майлану. Майлау үшін индустриалды 30 (машинаның Л) майы қолданылады. Реттығын көлбеу қойылған төлкеге өз салмағының әсерімен бір сарынды түседі;

штоктың майысуы. Бұл жағдайда шток токарь станогында түзетіледі немесе шток ауыстырылады;

жұмыс цилиндрі мен қысымды реттегіштің бүйір жақ беттерін қосатын реттығындағы саңылаудың тазалығы. Бұл саңылаудың қоқыстануы реттығынның бір сарынды ауыспауына соқтырады, ал толық қоқысталғанда жұмыс цилиндрінде жұмыс тежегішін басқару қолсабының орналасуына қарамастан барынша үлкен қысымның пайда болуына соқтырады;

қысымды реттегіш серіппесінің жағдайы. Эксцентрлі немесе ақаулы орамдары бар серіппелер, сонымен қатар қиғаш тірек орамдар пайдалануға жіберілмейді. Орамдар түзетіледі немесе серіппе ауыстырылады.

Серіппе ұзындығы бос кезінде 140-141 мм болады, ұзын серіппелер қысқартылады.

Серіппені тарту 1 мм артық болмайды. Серіппені одан қатты тарту жұмыс цилиндрінде ауа қысымының шамалы мәнін алуына жол бермейді, ал тартылмаған серіппе қолсаптың бос жүрісін көбейтеді.

Серіппе қаттылығы 1+0,1 кг/мм. Қаттырақ серіппе жұмыс цилиндрінде ауа қысымының барынша көп пайда болуын тудырады, ал бос серіппе цилиндрде толық қысымның болуына жол бермейді;

3) қысым реттегішті жинап орнатқаннан кейін манометр бойынша жұмыс тежегішінде цилиндрдегі ауа қысымының өсу сипаты тексеріледі. Қысымның бір сарынды емес өсуі оның реттегіш сыртына орналасуының толық еместігінде реттығынды төлкенің қисаюынан туындайды.


11



13

Ауа жинағыштан ЖТЦ дыбыс тұншықтырғыға


ЖТЦ ауа қысмының өзгеру диаграммасы


14-сурет. Қысымды реттегіш:



1 және 2-сырты; 3-реттығын төлкесі. 4-реттығын; 5-поршень: 6-айыр;

7-серіппе: 8-тірек тарелкесі; 9-стакан; 10 және 11-қақпақтар; 12-шток:



13-манжет


4) ауаның жоғалуын тауып жөндеу. Машинаның өз бетімен тежелуі (тұтқаның «Тежелмеген» белгімен тұрғанында) немесе ауа дыбыстұншықтырғышынан шығатын шу (тұтқаның «Тежелген» белгімен тұрғанында) ауа жоғалуы бар екенін айғақтайды, оның салдары:

реттығын мен төлкенің тозуы, оның жұмыс беттерінде кетіктер мен жапырылулардың болуы. Айтарлықтай жоғалулар болғанда, реттығын мен төлке ауыстырылады;

реттегіш сырты мен реттығын төлкесі арасындағы төсемнің қате таңдалуы. Төлкелердің барлық шығыңқы тіректерінде қажетті тығыздаулар қамтамасыз етіліп, төсемдер жөнделеді және ауыстырылады.

Реттегіш тығынынан шығатын ауа шуы поршень манжетінің ауыстырылуы қажет екендігін айғақтайды. Манжет қажетінше тығыз, бірақ поршеннің төлкеде еркін қозғалуына кедергі жасамайтын болады (реттегіш поршенінің шайналуы сақтандырғыш тежеуішінде жұмыс тежегішінің магнит өзекшесінің тұрып қалуына жол береді);

5) қысымды реттегіштің май сыққышы тексеріледі. Плунжерлі май сыққыш қолданғанда плунжердің корпусқа орналастырылуы тексеріледі, бекіту шарының ойыққа тығыз жапсырылуы, шарнирлі қосқыштардың жағдайы. Пневмоқысымды майсауыттарда вентиль мен келте құбырлардың жағдайы тексеріледі.

Майсауыт плунжерінің жүрісі қысым реттегішке майдың бірқалыпты және жеткілікті берілуін қамтамасыз ете отырып реттеледі.

31. Иінтірек жүйесі және жұмыс тежегішін басқару тұтқасы. Тексеру кезінде (15-сурет):

1) шарнир жағдайы мен олардың майлануы (3-бөлім, 2-тарау, 1-тармақ, 3-тармақша);

2) реттегіш поршені жүрісінің үлкендігі мен ҚТТ (қол тежегішінің тұтқасы) және реттығын барынша шекті жағдайдағы сәйкестігі. Реттығын «Тежелмеген» деген түрде жұмыс цилиндрін дыбыс тұншықтырғышпен жалғастырады; манжетке бекітілген поршенді төлкенің бүйірінен шайбаға дейінгі аралық 40 мм артық болмайды.

«Тежелген» түрінде ҚТТ қосу реттығын жұмыс цилиндрімен ауа жинағышын қосатын саңылауды толық ашады.

Поршеннің жұмыс жүрісі 80 мм артық болмайды, иінтірек иығының ұзындығының өзгеруіне келтіреді (15-сурет) 2, 4 және 6 көлбеу тартулардың ұзындығын реттеуіш реттығын мен тұтқаның мейлінше шеткі жағдайында орнатылады;

3) жұмыс тежегішінің электромагнит жұмысы мен жағдайы (4-бөлім, 3-тарау, 3-параграф);


а жұмыс тежегішінің тұтқасына


б

15-сурет. Жұмыс тежегішін басқарудың иінтіректі жүйесі:



а-тежелмеген; б-тежелген;

1, 4 және 6-көлбеу тартулар; 2-қысымды реттегіш иінтірегі; 3-бұратын иінтірек;

5-дифференциалды иінтірек; 7-тарту; 8-қалыпқа келтіру иінтірегі; 9-ролик; 10-жүк

4) 2-2,5 ати болатын сақтандырғыш тежегішінің бірінші сатысындағы ауа қысымының үлкендігі. Бұл үшін 9-ролик пен 7-тарту және 8-қалыпқа келтіру иінтірегі арасындағы саңылау «Тежелмеген» түрде 50-52 мм, ал «Тежелген» түрде 2-3 мм орнатылады. Саңылау үлкендігі 4-тарту ұзындығының өзгермейтін ұзындығында қалыпқа келтіру иінтірегінің бұрылуына байланысты немесе 4 және 6-тарту ұзындығының өзгеруімен реттеледі. Егер тартуды реттеу күтілген нәтиже бермесе, 9-ролик диаметрі өзгертіледі.

Жөнделгеннен кейін жұмыс күшінің және сақтандырғыш тежегішінің бірінші сатысының қосылу мүмкіндігі, егер соңғысы машинаны жұмыс тежегішімен тежеу сәтінде жүрсе болдырылмайды;

5) тікелей тежеу аумағында жұмыс цилиндрінің поршенінің тұрақты жағдайына сәйкес болатын ҚТТ жағдайының саны. Бұл үшін тұтқа орнатылатын тірек доғасында тоғынмен тежегіш қалыптардың қиысуындағы поршень жағдайына сәйкес келетін және толық тежеу күшін беретін сәтте белгі салынады. Бұл аумақта тұтқаның баяу болмашы ауысуы жүргізіледі. Поршень қозғалысын бақылай отырып оның қалыпты жұмыс үшін 15 кем болмайтын тұрақты қалпының саны тіркеледі. Тұрақты қалыптың жағдайының саны 15 кем болса, тежегіштің қанағаттанарлықсыз жұмысының себебі анықталып түзетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет