Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар



бет5/19
Дата09.06.2016
өлшемі4.53 Mb.
#125379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

5-тарау. Тежегішті жүкпен келтіру
39. Тексеру кезінде (24-25-сурет):

1) тежегіш электромагнитінің жағдайы мен жұмысы (4-бөлім, 3-тарау, 3-параграф);

2) тарту мен иінтіректердің ақаусыздығы, шарнирлердің майлануы мен жағдайы;

3) траверстердің басы мен қамту жағдайы. Қамтулар электромагнит қосылып тұрғанда бас жағын бекем тоқтайды және тежегіштің өзінен өзі қосылуына жол бермейді. Электромагнитті сөндіргенде қамтулардың бірінде бас жағының тұрып қалуын болдырмайды;

4) көтеру иіні мен сомының майлануы мен жағдайы, сонымен қатар тежегіш жүгін көтергенде иін жүрісінің жеңілдігі;

5) май демпферінің жұмысы. Поршень шайналусыз бос болады, цилиндрге сыяды.

Сақтандырғыш тежегішінде тежегіш жүгінің құлау жылдамдығы жүктің көзге көрінетіндей ауытқушылығы болмайтындай реттеледі, ал тежегіштің бос жүрісінің уақыты (тежегіш тоғыны мен қалып арасындағы саңылаудың мейлінше үлкендігінде) ӨҚ көрсетілген үлкендіктен аспайды.

Өрескел реттеу поршеннің түбіндегі тығындармен жабылатын тесіктердің санын өзгеруімен, ал бір сарындысы-цилиндрдің поршень асты бетінен поршень үстіне май өткізуші тесік үлкендігінің дросселі көмегінің өзгеруімен жүргізіледі.


24сурет. Жүкті тежегіші бар сақтандыру тежегіші:



1-тежегіш баған; 2-май демпфері; 3-тежегіш балкалар; 4-қалыптар;

5-көлбеу тартулар; 6-бұрышты иінтірек; 7-тік тартулар;

8-тірек мойынтіректері; 9-тежегіш иінтірек; 10- тежегіш баған тартуы;

11-демпфер штогы; 12-тежегіш жүгі.
Поршеннің төменге қарай жүруінің артығы (цилиндрдің түбіне дейін түсіргенге дейін) 120 мм кем болмайды. Артық жүрістің үлкендігі аз болғанда және қалып пен тежегіш тоғын арасындағы қалыпты саңылауда поршеннің қалыбы штокты байланыстырғыш тартуға айналдыра реттеледі;

6) тежегіш жүкті негізгі тежегіш иінтірекке бекітудің сенімділігі, сонымен қатар 3-тараудың 2-параграфы, 1-тармағында келтірілген талапқа сәйкес болатын жүктің жағдайы;

7) қарсысында 20 сұққы орнатылатын (25-сурет) белгілердің болуы мен дұрыстығы (тежегіш бағанында). Сақтандырғыш тежегішінің тоқтатылуын болдырмау үшін тежегіш жүгін жартылай көтеруге де қайта көтеруге де жол берілмейді;

8) ТЖБС блокировканың болуы мен жұмысы. Тежегіш жүгін жартылай көтерудің блокировкалайтын сөндіргіші (ТЖБС) тежегіш жүкпен келтіретін барлық машиналарда орнатылады. Тежегіш тартумен байланысты ТЖБС (25-суретті қара) егер жүк 7-тармақта көрсетілген қалыпта көтерілмеген болса, тежегіш электромагнитін қосуға және сақтандырғыш тежегішті түсіруге кедергі жасайды. Тежегіш жүгін көтеру уақытында (ТЖБС байланысының айқас тұйықталуына дейін) лақтырылатын жұдырықша 20-сұққыны басумен блокировкаланады;


25-сурет. Тежегішті жүкпен келтіру тежеу бағанасы:

1-сырты: 2-түбі; 3-қақпақ;

4-бұрама; 5-сомын; 6-траверса;



7 және 8-қамтулар; 9-тұтқалы иінтірек;

10-иінтірек; 11-серіппе;

12-келтіру иінтірегі; 13 және 14-тартулар; 15-маховик;

16-басатын шарикті мойынтірек; 17-жүк;

18-тежегіш бағанының тартуы;

19-кронштейн; 20-сұққы; 21-қамту жұдырығы; 22-электромагнит

9) тежегіштің жұмыс істеуінің сенімділігі. Электромагниттің сөніп тұрғанында дұрыс жұмыс істеуі 9 иінтіректің (25-сурет) 14 тарту ұзындығының өзгеруімен және 12 иінтіректі 13 тартумен байланыстыратын сұққыны ауыстырумен реттелетін лақтырылатын жұдырықшасының дұрыс таңдалуымен қол жеткізіледі. Сонымен қатар тежегішті механикалық қосу тексеріледі (20 сұққы көмегімен).

Тексеру мен жөндеу нәтижелері №15 в формалы хаттамаға енгізіледі.

6-тарау. Тежегіш құрылғыларын сынау
40. Тежегіш құрылғыларын жөндегеннен кейін оларды сынау жүргізіледі:

1) сақтандырғыш тежеуінде тежегіштің бос жүрісінің ұзақтығы анықталады. Өлшеу жылжымайтын барабандарда сұлба бойынша қосылған 26-суретте келтірілген электросекунд көмегімен жүргізіледі.

Бос жүрістің ұзақтығын, сонымен қатар тежегіштің жұмыс істеу уақытын анықтау үшін тензометрикалық көрсеткішті белгілегіштерді қолданумен осциллографиялау жекелеген жағдайларда ғана қолдау ұсынылады (даулы сұрақтарды шешуде).

Бос жүрістің ұзақтығы тежегіш тоғыны мен қалып арасындағы саңылаудың мейлінші үлкендігінде тексеріледі. Тежегіштің екі атқарушы органында бос жүрістің уақыты оң және сол тежегіш үшін жеке өлшенеді. Тежегішті қалыпты бұрышты ауыстыруда өлшеу қалыптың ортаңғы бөлігінде жүргізіледі.

Тежегіштің бос жүрісінің ұзақтығы ӨҚ талаптарына сәйкес болады.

Бос жүрістің уақытын біршама қысқарту тежегіш электромагнитінің ауа демпферінің поршеніндегі қосымша түзу саңылауларын бұрғылаумен не ұзартылған пазаларды тесу есебінен, ал гидрокелтірулі тежегіштерде төрт жүрісті кранның реттығының жоғарғы қалпында тоқтату үлкендігін 7-8 мм дейін азайту есебінен қол жеткізіледі (бұл жағдайда кранда майдың ағуына жол берілмейді);







26-сурет. Сақтандырғыш тежегішінің бос жүрісінің

ұзақтығын өлшеу сұлбасы:

ТП-сақтандыру тежегішінің контактор шарғысы;

ЭС-электросекундомер; К-сынау түймесі
2) машинаға көтеру және түсіру жүгін сақтандырғыш тежегішінде көтеру ыдысының баяулау үлкендігін тексеру ӨҚ талабына сәйкес болады.

Сынау алдында тағы да авариялық түйменің дұрыс жұмыс істеуін, контактордың және сақтандырғыш тежегішінің электромагнитін тексеріп тежегіштің ақаусыздығына көз жеткізіледі.

Баяулаудың үлкендігін анықтау үшін тоқтау уақытын немесе тежеу жолының ұзындығын секундомермен өлшейді.

Орташа баяулау мына формула бойынша есептеледі:



, м/с,2;

тежеу жолын өлшеуде:



, м/с,2;

мұнда υдв -тиісті синхронды жылдамдықтағы жүкті түсіруге қолданылатын қозғалыстың есепті жылдамдығы, ал жүкті көтергенде-электроқозғалтқышты айналдырудың қалыпты жылдамдығы м/с;



t-машина толық тоқтағанға дейін сақтандыру тежегішіне толқынның берілу уақыты, с;

tx.x-тежегіштің бос жүріс уақыты (нақты), с;

ST-машина толық тоқтағанға дейін сақтандыру тежегішіне толқынды беру сәтінен бастап жүрген уақытына дейін жүрілген тежелу жолу.

Өлшеу екі тәсіл бойынша бір уақытта жүргізу және баяулау үлкендігінің орташа мәнін қабылдау ұсынылады.

Сақтандырау тежегішін осциллиографиялау процесі басқа тәсілдермен алынған баяулау үлкендігі ӨҚ талаптарына жауап бермесе немесе барынша шеткі жағдайға мәні бойынша мейлінше жақын болса жүргізіледі.

Тексеріс нәтижесі № 18 формалы хаттамаға жазылады;

3) қисаю оқпанының көтергішін орнату үшін есепті жүкті көтерген жағдайда сақтандыру тежегішінде арқанның жылжуын болдырмау тексеріледі.

3-бөлім. Көтергіш құрылғылардың электр жабдығын тексеру, жөндеу және сынау

1-тарау. Тарату құрылғылары

1-параграф. 1000 В артық желілі тарату құрылғылары
41. Тексеру кезінде:

1) негізгі төмендеткіш (орталық жерасты) қосалқы бекетте (құжат бойынша) көтергіш құрылғысы фидерін қорғау таңдаулылығы мен ақаусыздығы;

2) күшті кабель желілері:

механикалық ақаулардың болмауы, байланыстырғыш муфталар мен бітеу соңының ақаусыздығы, маркасының болуы мен дұрыстығы (кабельдің маркасы, қиылысуы, кернеуі, номері не аты көрсетілген биркасы), кабельдердің металл қабығын жерге тоғыту;

оқшауланудың қарсыласуы (1 минут бойына 2500 В кернеуге магомметрмен).

Ажыратқыштың қарсыласу үлкендігі номерленбейді;

3) бөлгіштер:

механикалық ақаудың болмауы; жылжымайтын байланыстар мен аяқтарының байланыс беттерінің, серіппе мен оқшаулаулардың жағдайы; барлық бөлшектерді бекітудің бекемдігі;

аяқтарының орталығы мен қиысулардың болмауы. Байланыс беттерінің тиісудің бір бойда жатпайтын үштен кем емес алаңы болады. Аяқтардың қозғалмайтын байланыстардың тегістігіне кірігу тығыздығы 0,05 мм щуппен тексеріледі (щуп 5-6 мм артық емес тереңдікке өтеді);

аяқтарын бір уақытта қосу (аяқтардың қозғалысының бағытына қарай шашылуы 3 мм артық болмайды);

толық іске қосылғанда оқшаулау басына айыру аяқтарының соғылуын болдырмау. Аяқтары байланыс алаңдарында басылуға дейін 3-5 мм жетпейтін болады;

толық сөндірілген жетекте аяқтардың еріту бұрышының үлкендігі зауыттық деректерге сәйкес болады;

органикалық материалдардан жасалған тарту мен сымдарды ажыратқыштың қарсыласуы. 2500 В кернеуге мегоомметрмен өлшенген 3-10 кВ кернеулі ажыратқыш қарсыласуларды бөлу үшін 300 МОм кем болмайды;

айыру аяқтары мен жетек тұтқаларының арасындағы жағдайдың сәйкестігі. Барынша шеткі жағдайда тұтқа бекітіледі;

КСА байланысы жетекпен бірге реттеледі. Айырғышты іске қосқанда КСА сәйкес байланыстары жылжымайтын байланыстарға аяқтары тиетін сәттен бұрын тұйықталмайды, ал сөндірілгенде толық жүріс 75 % өткеннен кейін айырылады;

шарнирлі қосылыстардың жағдайы мен олардың майлануы. Айырғыштардың іске қосылуы мен істен ажыратылуы шайналусыз, еркін болады. Жетектің «өлі» жүрісі (люфт) толық іске қосылғанда 5° аспайды;

майлы қосқыштың іске қосқылғанында айырғышты істен ажыратуға кедергі жасайтын механикалық блокировкалаудың ақаусыздығы;

4) ток трансформаторлары:

трансформаторлардың бекітілуі, ажыратқыш фарфорының жағдайы, екінші шынжырдың жерге тоғытылуы; қолданылмаған екінші айналдыруды байлап қысқартудың болуы;

айналдыруды ажыратқыштың қарсыласуы (алғашқыларын-2500 В кернеуде магомметрмен, екіншілерін-1000 В кернеуде). Оқшауланудың қарсыласуы нормаланбайды, бірақ екінші айналдыру үшін шынжырлармен бірге қосылған 1000 МОм кем болмайды;

номинальды ток трасформаторының екінші шынжырының сәйкестігі.

Токты жылдамдату релесін (ТЖР) статор шынжырына іске қосқанда ТЖР және барынша көп ток релесін бөлек қоректендіретін екі айналдыратын ток трасформаторы қолданылады.

Трансформаторды алғашқы айналдырудың номинальды тогы мына шартты қанағаттандырады:
1,25Iв>Iт. т>0,77Iм,
мұнда Iв-тарту тогы (жұмыс істеп кету) реле ТРЖ, А;

Iт. т-трансформатор тогының номинальды тогы, А;


27-сурет. Трансформатор тогының трансформатор коэффицентін тексеру сұлбасы:

ЗАТР-зертханалы автотрансформатор; АТ-арту трансформаторы;

ТТК- токтың бақылау трансформаторы; ТТа-токты сынау трансформаторы;

Ак-бақылау амперметрлері
трансформация коэффициенті. Тексеріс 27-суретте келтірілген сұлба бойынша жүргізіледі. Трансформацияның нақты коэффиценті мына формула бойынша анықталады:
,
kK -токты бақылау трансформаторының трансформация коэффициенті;

Iб -токты бақылау трансформаторының шынжырына қосылған бақылау амперметрінің көрсеткіші;

Iсынау-токты сынау трансформаторының шынжырына қосылған бақылау амперметрінің көрсеткіші;

5) барынша көп ток релесі:

реленің ақаусыздығы, оларды қосудың дұрыстығы, шарғыны оқшаулаудың қарсыласуы;

реленің жұмыс істеп кетуі (шкаланың барлық бойына). Тексеріс екінші токпен 28-суретте келтірілген сұлба бойынша жүргізіледі.


28-сурет. Барынша көп ток релесін тексеру сұлбасы


6) кернеу трансформаторы:

ажыратқыш фарфорының жағдайы, бактағы майдың деңгейі, майды құю және төгуге арналған саңылаудағы тығынның ақаусыздығы;

байланыстыратын қосқыштардың беріктігі, екінші айналдырудың жерге тоғытылуы;

трасформатордың электр қондырғының номинальды кернеуіне сәйкестігі;

айналдыру ажыратқышының қарсыласуы (алғашқыларын-2500 В кернеуде магомметрмен, екіншілерін-1000 В кернеуде магомметрмен).

Ажыратқыш қарсыласуының үлкендігі нормаланбайды, бірақ екінші айналдыру үшін оған қосылған шынжырмен бірге 1 МОм кем болмайды;

7) мейлінше төмен кернеу релесі (нольдік шарғы):

релені (шарғыны) бекіту және элементтер жағдайы, ажыратқыштың қарсыласуы, жұмыс кезінде қатты шудың болмауы;

релені тарту мен босату кернеуі. Тексеріс 29-суретте көрсетілген сұлба бойынша жүрізіледі;

8) майлы іске қосқыш:

май багының, қақпақтың, көтергіш құрылғысының, армирленген тігістер мен тығыздалулардың жағдайы; бекіту элементінің ақаусыздығы, сонымен қатар, ажыратқыштар мен шығарулардың бүтіндігі;

негізгі және доға тәрізді түйісулердің жағдайы, күйік пен кедір-бұдырдың болмауы, түйісу бетінің үлкендігі. Түйісу беті жұмыс бетінің түйісуінің 70 % кем болмайды;







29-сурет. Мейлінше төмен кернеу релесі (нольдік шарғы):



VK -бақылау вольтметрі

30-сурет. Май сөндіргішінің түйісулерінің бір уақытта болуын тексеру:



МС-май сөндіргіші

Л-электролампалар

түйісулердің бір уақытта тұйықталуы мен ажыратылуы суретте келтірілген сұлба бойынша тексеріледі (қоректену кернеуі 36 В артық болмайды). Түйісулердің тұйықталу мен ажыратылуының жол берілетін әр түрлілігі сөндіргіштің түріне байланысты шығарушы зауыт нұсқаулығымен анықталады;

тұрақты токқа түйісулердің қарсыласуы. Екі белдік немесе вольтметрдің амперметр әдісімен өлшенеді және 14-кестеде көрсетілген шамада болады;

14-кесте




Номинальды кернеу, кВ

Сөндіргіштің номинальды тогы, А

Фазаның түйісу жүйесінің қарсыласу шегі, МкОм

3-10

400-600

1000


150

100

ажыратқыштың органикалық материалдан жасалған жылжитын және бағыттайтын бөлігінің қарсыласуы. Қарсыласу магомметрмен 2500 В кернеуде өлшенеді және 300 МОм кем болмайды;

31-сурет. Май сөндіргіштің жылжитын бөлігінің қозғалысын тексеру сұлбасы:

а-түйісулердің тұйықталу сәтіне дейін; б-түйісулердің ажырату сәтіне дейін.

ЭС-электросекундомер; АК-ЖШ жетегін іске қосу шарғысының аралық контакторы;

СШ-жетекті сөндіру шарғысы; Т-сынау түймесі
майдың жағдайы (қысқартылған сараптама жүргізіледі). Майдағы су мен механикалық қоспалар болмайды, пайдалану майы үшін кернеу 20 кВ кем болмайды;

9) май сөндіргішін келтіру:

серіппені, шарнирлі қосылыстарды сөндіретін кинематикалық берудің жағдайы, қосу кезінде шайналу мен люфтінің болмауы;

еркін ағытқыш механизмі жұмысының сенімділігі мен беріктігі. Механизм 2-3 аралық қалыпта және еркін ағытқыш әрекеті аумағының шекарасында келтіру іске қосылып тұрған қалпында тексеріледі;

іске қосу (қашықтан қосатын қосқыштар үшін) және сөндіру (барлық сөндіргіштер үшін) уақыты.

Уақыт түйісудің (3 реттен кем емес) импульс берілген кезінен тұйықталуға (ажыратуға) дейін электросекундомермен өлшенеді. Өлшеудің орташа үлкендігі зауыттық дерегінен 10 % артық ерекшеленбейді.

Тексеріс пен сынау нәтижелері № 20 формалы хаттамаға енгізіледі.

2-параграф. 1000 В дейінгі кернеулі таратқыш құрылғысы
42. Тексеру кезінде:

1) қалқанның дұрыс орнатылуы, оның іргетасқа бекітілуі, көтеру машинасының жұмысында дірілдің болмауы;

2) қалқанға орнатылған аппараттар мен аспаптардың тиісті көрсетілімдері мен жазуларының дұрыстығы. Жазулар әр панельдің беткі және екінші жағында болады;

3) ажыратқыштардың жағдайы: механикалық ақаулардың болмауы, барлық бөлшектерінің берік бекітілуі, аяқтарының түйісу беті мен жылжымайтын түйісулердің жағдайы, түйісу тығыздығы, ауытқулардың болмауы, жүрістің жеңілдігі, сонымен қатар ажыратқыш аяғы мен жетек тұтқасының арасындағы жағдайдың сәйкестігі;

4) сақтандырғыштардың ақаусыздығы және токтың жүкке балқытылған қосымша арасындағы сәйкестігі. Калибирленбеген балқытылған қосымшаларды қолдануға рұқсат берілмейді;

5) шиналауды бекіту мен жағдайы, бояу түрінің дұрыстығы;

6) кабельдердің жағдайы.

Байланыстырғыш жалғастырғыш пен тұйықтайтындардың, металл сырттарын жерге тоғыту. Маркировкасының болуы. Кабельді каналдар құрғақ, таза және плиткалармен жабылған болады;

2500 В кернеуде магомметрмен кабельдерді ажыратқыштың қарсыласуы. Ажыратқыштың қарсыласуы нормаланбайды;

7) таратқыш құрылғысы ажыратқышының қарсыласуы. Ажыратқыш қарсыласуының үлкендігі 1000 В магомметрмен өлшенген әр секция үшін 0,5 МОм кем болмайды.

Тексеріс және сынақ нәтижесі № 21 формалы хаттамаға енгізіледі.

2-тарау. Электр машиналар
43. Тексеру кезінде:

1) элементтердің жағдайы (ішкі қараумен): бүйір жағын ажыратқыштардың ақаулануының болмауы, бандаждар мен клиндердің бекітілуі, шығарулардың маркасының ақаусыздығы мен дұрыстығы және олардың зажимға қосылуының бекемдігі, сонымен қатар, іргетасты бұрандалар мен тексеру шпилькаларының жағдайы;

2) түйісу сақиналары (коллектор):

үстіңгі бетінің жағдайы. Үстіңгі беті сызатсыз, күйген ізсіз, жылтыр болады;

түйісу сақиналарының (колекторлардың) соғылуы. Соғылу үлкендігі 300 мм-0,1 мм дейін, 300 мм-0,2 мм диаметрден артық болмайды.

Соғылуды сөніп тұрған машинада сағат түріндегі индикатормен, роторды немесе зәкірді қолмен бұрай отырып өлшейді. Рұқсат берілгеннен артық немесе 0,5 мм дейін түзу болмағандағы соғылуда түйісу сақиналары жылтыратылады және тегістеледі (үлкен соғылуда алдын ала бунақталады);

3) щеткалы аппарат:

щеткалардың жағдайы. Щеткалар барлық бойына түйісу сақиналарына (корректорларға) бекітілген;

щеткаларды басу. Басылу щеткалардың барлық бойына тегіс және барлық щеткаларға біркелкі болады.

Басу үлкендігі (қысым) динамометрмен өлшенеді және серіппені тартуды өзгертумен реттеледі.

Басудың номинальды үлкендігі щетканың маркасымен және тобымен анықталады. Жекелеген щеткаларға қысымның айырмашылығы орташа мәннің 10 % артық болмайды. Щеткалардың ұсынылатын маркалары мен олардың техникалық сипаттамасы 15 және 16-кестелерде көрсетілген;

15-кесте



Машина түрі

Щеткалардың ұсынылатын маркасы

негізгі

негізгі емес

Асинхронды қозғалтқыштар


МГС, МГ4, ЭГ4, СМ

Мб, ГЗ, M1

Аз қуаттағы тұрақты ток генераторы

ЭГ14

ЭГ2а

щеткалар мен щетка ұстағыштар арасындағы саңылау, 0,2-0,3 мм болады. Машинаның жұмысы кезінде щеткалардың дірілі немесе ұшқындануы болмайды;

ток өткізгіш белдіктердің бүтіндігі мен олардың щеткалар мен щетка ұстағыштармен түйісуінің беріктігі;

щеткаларды бейтарапқа орнату (тұрақты токтағы генераторлар мен ЭМҚ үшін). Тексерісті 32-суретте көрсетілген сұлба бойынша жылжымайтын генераторда индуктивті тәсілмен жүргізеді.

Қозу айналуындағы ток үлкендігі номинальдыдан 5-10 % аспайды. Щеткалы траверсті ауыстыру козу шынжырының тұйықталу мен ажыратуында миливольтметрдің нұсқарларының барынша аз ауытқуында қол жеткізіледі.

ЭМҚ тұрақты жұмысы үшін щеткаларды бейтарапқа орнатқаннан кейін олар айналу бағытымен коллектор бойынша 1,5-2 мм жылжытады;


16-кесте



Щеткалар тобы


Марка

Токтың номинальды тығыздығы, а/см2


Барынша қол жетімді аумақтық жылдамдық, м/с

Ұсынылатын салыстырмалы батырма г/см2



Графитті

ГЗ

11

25

200-250

Электрографитті

ЭГ2а

ЭГ4


ЭГ14

10

12

11



45

40

40



300 - 400

150-200


200-400

Металлографитті

Ml

М6

МГ4



МГС

СМ


15

15

15



20

20


25

25

20



20

20


150-200

150-200

200-250

200-250


200-250



32-сурет. Щеткаларды бейтарапқа қою дұрыстығын тексеру сұлбасы:
Г-генератор; ГҚО-генераторды қоздыру орауы; Р-ажыратқыш; П-потенциометр; mV-милливольтметр






4) орау ажыратқышының қарсыласуы және (R60///R15//) өлшеуі басталғаннан кейін 60 және 15 с сайын ажыратудың қарсыласу үлкендігінің қатынасы.

Өлшеу жүргізіледі:

1000 В дейінгі кернеулі машиналар үшін-1000 В кернеуге мегомметрмен;

1000 В артық-2500 В кернеулі мегоомметрмен.

Ажырату қарсыласуының үлкендігі мен R60///R15// қатынасы нормаланбайды. R60///R15// қатынасын анықтау 2 кВ артық кернеулі электро қозғалтқыштарда міндетті болады;

5) тұрақты токқа машинаны ораудың қарсыласуы. Өлшеу тұрақты токтың статор мен роторды (1000 В артық кернеулі, қуаты 300 кВт және артық электр қозғалтқыштарда) орау шығаруында (қысқышта) қос белдікпен жүргізіледі. Егер ораудың басы мен аяғында шығарулар болса, әр фазаның қарсыласуы өлшенеді.

Орауларды жұлдызшаға қосқан кезде екі фазаның қосынды қарсыласуын тексереді, ал кейін әр фазаның қарсыласуын мына формулалар бойынша анықтайды:







Орауды үшбұрышқа қосқан кезде де қосынды қарсыласу өлшенеді, ал фазалардың қарсыласуы мына формулалар бойынша есептеледі:



;

;

;
Ораудың жекелеген фазаларының тұрақты токқа қарсыласуы бір-бірінен зауыттық дерегінен 2 % артық ерекшеленбейді.

Тұрақты токтағы генератор мен ЭМҚ тұрақты токқа қозу орауының қарсыласуы тексеріледі;

6) ротор құрышы мен статор арасындағы ауа саңылауы.

Иілім ұзындығы 250 мм калибрлі щуппен 100 кВ артық электр қозғалтқышта өлшенеді (егер құрылымы мүмкін болса). Щуп машина діңіне статор мен ротор құрышына тиетіндей етіп қатар жіберіледі.

Өлшеу төрт диаметрлі қарама-қарсы нүктеде жүргізіледі (ротордың айналасы бойынша 90° сайын): ротор ұзындығы 600 мм болғанда-жалғастырғыш жағынан да, түйісу сақиналары жағынан да, ал барынша қысқа ұзындықта-тек бір жағынан. Ауа саңылауының үлкендігі орташа мәннен 10 % ерекшеленбейтін болады.

Саңылауды реттеу (тозған мойынтіректер болғанда) көлбеу жазықта-статор аяқтары астындағы төсемдердің қалыңдығын өзгертумен, ал тік жазықта-статорды қозғаумен жүргізіледі;

7) мойынтіректердегі осьті саңылаулар және ротор иінің діңді ауытқуы (сырғу мойынтірегі электр қозғалтқыштары үшін) діңді саңылауларды (2-бөлім, 5-тарау, 9-тармақ) электр қозғалтқыштың жылы да салқын да кезінде өлшейді.

Ішпектердің бүйір жағы бойынша діңді саңылау иіннің температуралық ұзаруын есепке ала жалғастырғыштан түйісу сақинасына қарай бағытта орнатылады.

Ротор иінінің діңді жылжуының үлкендігі шамамен 2-4 мм болады, ал үлкен электр қозғалтқыштар үшін зауыт дайындаушы дерегіне сәйкес болады;

8) мойінтірек жағдайы (2-тараудың 5-бөлімінде қарастырылған үлкендікте). Минутына 1000 айн. жылдамдықта мойынтіректегі бөлінбейтін ішпекті радиальды саңылаулар 17-кестеде көрсетілген шамада болады.

17-кесте


Иін диаметрі, мм

Саңылау, мм

Иін диаметрі, мм

Саңылау, мм

18-ден 30 дейін

30 артық 50 дейін

50 артық до 80 дейін


0,04-0,093

0.05-0,112

0,065-0,135


80 артық 120 дейін

120 артық 180 дейін

180 артық 260 дейін


0,080-0,160

0,100-0,195

0,120-0,225

Шайқалу мойынтірегін тексергенде 2-бөлім, 6-тарау, 1-параграф, 5-тармақ көрсеткіші басшылыққа алынады;

9) мойынтіректерді майлау сапасы (2-бөлім, 8-тарауда қарастырылған мөлшерде). Электр машиналардың мойынтіректерін майлауға ұсынылатын май сорттары 18-кестеде көрсетілген.

Жұмыс кезінде мойынтірек температурасы жылжу мойынтірегінде-80° С; ал шайқалу мойынтірегінде-95°С аспайды;

10) көтеру қозғалтқышы мойынтірегінің дірілі. Әр мойынтіректе өлшенген діріл үлкендігі 19-кестеде көрсетілген мәннен аспайды;

11) қозғалтқыштың жұмыс кезінде қызуы. Орау температурасын термометрмен немесе тұрақты токқа ораудың қарсыласуының өзгеруі бойынша не температура детекторының көмегімен өлшейді.

Орау температурасының қоршаған ауа температурасы (+ 35°С) есебінен қол жетімді көтерілуі 20-кестеде көрсетілген;

12) көтеру қозғалтқышының жедел (қысқа мерзімде әсер ететін) күш салу бойынша күштілігі. Қабаттарды ауыстырғанда (екі қабатты клетте) не артылған клетті жұдырық үстінен жоғарғы көтергенде кернеудің электр қозғалтқыш статеріне түсу мүмкін есебімен мына шарттар қанағаттандырылады:


,
мұнда

Pmax -электр қозғалтқыштың барынша үлкен төлқұжатты қуаты, кВт;

Fэкс-төтенше басу (бір артылған бұтадағы статистикалық күш), кг;

vн-қозғалыстың қалыпты жылдамдығы (қозғалтқыштың номинальды айналымында), м/с;

ηр-редуктор к.п.д.: 0,92-бір сатылы редукторда; 0,85-екі сатылы редукторда;

α-кернеудің желіде қозғалтқышпен жылжитын азайған сәтінен төмендеуін есептеу коэффициенті;


,
мұнда Un-электр қозғалтқыштың статорындағы кернеудің төмендеуі, В;

Uн-желідегі номинальды кернеу, В.

Uп-кернеудің төмендеуін төтенше басу кезінде ғана есепке алу емес, қоректенетін желіде кернеудің барынша көп түсуінде қабылданады.

Тексеріс нәтижесі № 22 және 34 формалы хаттамаға енгізіледі.

18-кесте


Майлау түрі

Қозғалтқышты айналдыру жылдамдығы, /мин/айн

Май сорты

Сақиналы (айналмалы)


250 дейін



Индустриальды 45 (машинаның С)

250 артық



Индустриальды 30 (машинаның Л)

Еркінен тыс циркуляциялы

250 ден 1000 дейін

Турбинді 30 (ауыр)

1000 артық

Турбинді 22 (жеңіл)

Консистентті (шайқау мойынтірегі үшін)


Жылдамдық пен күштің төмендеуі



УСс-1, УСс-2, УСс-3 (синтетикалық солидол),

Жалдамдық пен күштің жоғарысы

Майлы 1-13 майлау

19-кесте



Айналу жылдамдығы, мин/айн

Мойынтіректің дірілінің рұқсат берілетін амплитудасы, мк

1000

750 және төмен



130

160


20-кесте



А сыныпты ажыратқыш

В сыныпты ажыратқыш

Өлшеу тәсілі

термометрмен

қарсыласудың өзгеруі бойынша

термометрмен

қарсыласудың өзгеруі бойынша

60°

65°

75°

85°




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет