Шницель. Шницельдерге арналған котлет массасын өлшейді. Кейін 10
порциядан
бөліктерге, ал бөліктерін порцияларға өлшейді. Жартылай
дайын өнімдерге қалыңдығы 0,5-1 см сопақ-жалпақ пішінді келтіреді.
Тефтелдер. Тефтелдерге арналған котлет массасына, пассерленген
басты пиязды қосады, ал пайда болған массаны араластырып, одан бұршақ
түріндегі жартылай дайын өнімдерді жасайды. Оларды ұнға аунатады.
Жартылай дайын өнімдерді қаңылтыр табаға салады. Тефтелдерді
күрішпен жасауға болады.
Рулет. Котлет массасын ылғалды матаға жұқа қабатпен төсейді, ал бұл
қабаттың ортасына ұсақталған етті салады.
Содан кейін котлет массасы
қабатының шеттерін бір шеті екінші шетімен сəйкес болатындай орайды
(3.26 сурет) жəне жартылай дайын өнімді тігісін төмен қаратып
ақырындап салады.
3.26 сурет. Котлет массасынан рулетті орау
Оның
бетіне льезонды жағады, кепкен нан ұнтағын себеді жəне бірнеше
жерден теседі. Рулетке арналған ұсақталған ет бітеудей пісірілген
жұмыртқадан жəне пісірілген макароннан дайындалуы мүмкін.
Ұсақталған зразалар. Қалыңдығы 1 см
котлет массасынан шелпек
ортасына ұсақталған етті салады, жартылай дайын өнімді тиісті пішінді
келтіріп оның шеттерін орайды. Ұсақталған
зразаларға арналған фарш
бітеудей пісірілген жұмыртқадан жəне пассерленген басты пияздан
дайындалуы мүмкін.
Сапасына қойылатын талаптар
Котлет массасы біртекті, шырынды, қызғылт-сұр түсті, ал
иісі
дəмдеуіштермен сапалы еттікіндей болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: