Атырау облысы білім беру басқармасы


II – бөлім 2.1. Бедеуліктің негізгі себептері



бет31/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
акушер умк

II – бөлім
2.1. Бедеуліктің негізгі себептері

  1. Малдың бедеулігінің себептері

  2. Бедеуліктің жіктелуі

Малдың бедеулігінің себептері . Малдың бедеу қалуының себептері өте көп , оның ішінде қайсысы негізгі рол, қайсысы қосалқы рол атқаратынын ажыратып айту оңай шаруа емес, өйткені бедеулікке әкеліп соқтырған факторлердің бәрі де өткен шақты , бұдан көп уақыт бұрын әсер еткен болып шығады . Мысалға жыныс органдарындағы табылған патологиялық өзгерістер малдың бедеулігінің , қысыр қалуының тікелей себебі болса , сол патологиялық өзгерістердің себебі әлде қайда тереңде жатады.
А.П. Студенцов малдың бедеулігінің себептерін дұрыс ажырату үшін , бедеуліктің өзін былай жіктеу керек дейді .
Малдың бедеулігін жіктеу.
1.Туа біткен бедеулік :
а)Инфантилизм
ә)Фримартинизм
б)Гермофродитизм
в)Крипторхизм
г) Жыныс жүйесінің басқа да аномалиясы
2.Кәріліктен болған бедеулік .
3.Сиптомдық бедеулік.
4.Алиментарлық бедеулік :
а)Арықтау салдарынан болатын бедеулік
ә)Семіру салдарынан болатын бедеулік
б)Рационның сапасыздығынан болатын бедеулік
в)Жас малды дұрыс азықтандырмау салдарынан болған бедеулік
5.Эксплуатациялық бедеулік .
6.Климаттық бедеулік.
7.Қолдан жасалған бедеулік:
а)маманның білімсіздігінен болған бедеулік
ә)әдейілеп, немесе әдейілеп ұрықтандырмау.
Бедеуліктің осы аталған түрлерін ажыратып анықтау үшін гинекологиялық зерттеу жүргізу керек .
Туа біткен бедеулік .Төл анасының құрсағында жатқанда-ақ оның жыныстық мүшелері дұрыс өсіп –жетілмей , туғаннан –ақ келешекте төл беруге қабілеті жоқ , жарамсыз болып туылады.Ондай жағдай барлық малдың 4-5 %-ын құрайды.Оның негізгі себебі жақын туыстық шағылыстыру , кейбір жағдайда тұқымқуалаушылық немесе эмбрионның өсіп –дамуына сыртқы ортаның күшті зиянды әсері болуы мүмкін .
Туа біткен бедеулік : инфантилизм, фримартинизм, гермофродитизм, крипторхизм және басқа да аномалиялар түрінде кездеседі .
Инфантилимзм –жалпы организмнің және жыныстық мүшелердің дұрыс дамып жетілмеуі . Олардың салмағы аз , уақытында күйлемейді , өспей қалған мал .
Фримартинизм –егіз туған бұзаудың біреуі еркек , біреуі ұрғашы болса , көбінесе , ұрғашы бұзау фримартин болып туады .Олардың шүртекейі шамадан тыс үлкен , қынабы өте тар , қысқа , ал жатыры ұрық жолдары мен аналық ұрық бездері өте кішкентай , кейде , тіпті, білінбейді .Қашарлардың сырт пішіні бұқа тәрізді болады .
Гермофродитизм –бір малдың бойында екі жыныстық органның дамуы , яғни аналық ұрық бездері мен қатар болуы , шүртекейдің шамадан тыс үлкен болуы .
Крипторхизм –еркек малдың бір жағының немесе екі жағының да ені ұма ішіне түспей , құрсақ қуысында , не болмаса шат каналында қалып қояды.Оны кейде сыңар ен деп те атайды.
Басқа аноманияларға ұрғашы малдың сарпайының , қынабының жоқ , бітеу болып тууын , жатыр мармағының 3-4 болып немесе сыңар болып тууын жатқызамыз . Одан басқа «Шистозома рефлексум» «Глобус», «Стернофага», «Краниофага», «Ишиофага» сияқты әртүрлі кемтарлық кездеседі .
Туа біткен бедеулікпен күресудің негізгі жолы селекциялық жұмысты дұрыс жүргізу , буаз малдың бағып –күтіміне , азықтануына баса назар аудару , өсіп –өнуіне қабілеті жоқ малды жарамсыз деп тауып етке өткізу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет