Атырау облысы білім беру басқармасы


Кәріліктен болған бедеулік



бет32/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
акушер умк

Кәріліктен болған бедеулік . Жасы үлкейген мал біртіндеп өсіп –өну қабілетінен айырылады , оның жыныс органдарына төлдің өсіп дамуына қолайсыз , өте күрделі дегенеративті өзгерістер жүріп жатады.
Малдың жыныстық циклі жарамсыз өтеді , бірнеше рет ұрықтанса да тоқтамайды , ұрық безі кішірейген , беріштеніп қата бастайды .
Бұл кезең сиырларда 12-15 жасында , биеде 17-20 жасында , қой ешкіде және мегежінде 7-8 жасында , иттерде 20-25 жасында байқалады .Бағып –күтімі , азықтануы нашар малдың қартаюы бұдан ертерек бастала береді .Еркек малдың жыныстық қатынасқа қабілеті келмей қалады .Әсіресе , шәуеттің сапасы төмендеп кетеді .
Кәрі малды дер кезінде жарамсыздыққа шығарып , орнын жас малмен толықтырып отырса , бедеуліктің бұл түрімен күресу қиын емес . Малдың жем –шөбінің сапасына , күнделікті серуенге шығуына , күйттеуші аталық малмен қатынаста болуына көңіл аударып , тиісті жағдай туғызып отыру керек.
Климаттық бедеулік. Мал күнделікті серуенге шықпай, ұзақ уақыт бір орында тұрып қалса, күн көзін көрмей, қараңғы, лас, қапырық немесе есік-терезесі жабылмайтын өкпек жел соғып тұрған суық қорада, тіпті, жылы қора жетіспей, ашық далада тұратын болса, шілденің ыстығында көлеңке табылмай, күн көзінде күні бойы жүрген малдың қалай да болса, жыныстық қызметі бұзылады. Мұны микроклиматтың әсерінен болған бедеулік диміз.
Кейбір жағдайда малды күнделікті үйренген жерінен алыс, басқа географиялық аймақтарға көшіруге тура келеді. Жаңа жердің климатына үйренгенше малдың жыныстық қызметі бұзылады. Мұны микроклиматтың әсерінен болған бедеулік диміз.
Мұндай жағдайға ұшыраған малдың жыныс циклінің жарамсыз болып немесе мүлдем күйлемей жүргенін байқаймыз. Тік ішекке қол салып қарағанда, аналық ұрық безі кішірейген, жылтыр, қатайған болып білінеді, кейде тұрып қалған сары денені байқаймыз.
Бедеуліктің бұл түрімен күресу үшін ең алдымен мал басын түгелдей жылы қорамен қамтамасыз етеді, қораның ішіндегі микроклимат зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек, қажет болса, ультракүлгінді шамдардың сәулесіне ұстайды, күнделікті серуенге шығарады. Ал жаздың ыстық күндері далада, көлеңкеде ұстап, күн қызуы қайтқан кезде шығарған дұрыс. Әсіресе, шошқалар тұратын қораның көлеңкесі, ағын суы мол болуы керек.
Басқа жақтан көшіріп әкелген мал үшін алғашқы кезде мүмкіндігінше бастапқы тіршілігіне ұқсас режимді жасауға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет