Атырау облысы білім беру басқармасы



бет33/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
акушер умк

Эксплуатациялық бедеулік. Бедеуліктің бұл түрі де кең тараған, әсіресе, сиырда көп кездеседі. Буаз сиырды дер кезінде суалтпай туғанға жақындағанша сауу немесе жалпы лактациялық кезеңі 300 күннен асып кеткенде мал организміндегі күрделі биологиялық, физиологиялық процестер бұзылып, оның ақыры (мал күйлемейді, күйлесе де жыныстық циклі жарамсыз болып) бедеулікке ұшыратады.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей құлындаған бие алғашқы 20 күннің ішінде қашып тоқтап кетпесе, күн өткен сайын (құлыны емеді, қымызға сауады) оның организмінде ұрықтануға қолайлы, қажетті жағдай азая береді, ақыры қысыр қалады.
Мегежіндердің де қашан торайын ажыратқанша арықтап, жыныстық циклі дұрыс өтпейді.
Саулықтарды да қозысынан ертерек айырмаса, күзгі қой қашыру науқанына жақсы дайындала алмай, дұрыс күйлемей, қашырған саулықтар қайта күйлеп, қой қашыру жұмысы ұзаққа созылып кетеді, тіпті, соның өзінде көптеген аналық бас қысыр қалып қалады.
Осының бәрі малдың бедеу болып, қысыр қалуының бір себебі - лактация кезеңінің ұзарып кетуі, яғни аналық малды дұрыс пайдаланбай, шамадан тыс зорлау екендігін көрсетеді.
Бедеуліктің бұл түрімен күресу үшін малды алғаш рет жыныстық жетілу кезінде емес, сонымен қатар физиологиялық жетілу, организмнің толық жетілу мерзімінде ұрықтандыру керек. Құнажындардың тірілей салмағы бұл кезде 290-300 кг төмен балмауы тиіс мегежіндер 100-110 кг, тұсақтың салмағы 40-50 кг төмен болмағаны жақсы.
Ал сауын сиырлардың лактациялық кезеңін 300 күннен асырмай, буаз сиырларды 7 айлығында суалтып, бұзаулағаннан кейін 40-50 күннің ішінде ұрықтандырып жіберуге тырысу керек.
Мегежіндерді торайынан 1 айдаң кейін, саулықтарды қозысынан шідде айынан қалдырмай ажырату керек, Сонда олар мал қашыру науқанына жақсы дайындалып үлгереді.
Алиментарлық бедеулік. Малдың өсіп-өну, төл беру қабілетіне қатысы бар барлық физиологиялық процестерге сыртқы ортаның, соның ішінде дұрыс азықтандырудың үлкен әсері бар екені белгілі.
Алиментарлы бедеулік жемшөптің құнарсыз әрі жеткіліксіз болуынан, сөйтіп малдың арықтауынан немесе рационнын құрамында белок пен майлардың шамадан тыс көп болып, малдың семіріп кетуінен рационның құрамында витаминдердің макро және микроэлементтердің жетіспеуінен, углеводтар мен белоктың ара қатынасының бұзылуынан болатын ауру.
Ұзақ уақыт жем-шөптің жетіспеуі қысты күндері, ерте көктемде малдың арықтауының тіпті, аштан өлуіне әкеліп соғады. Ондай малдың жыныстық қызметі толығымен бұзылып істен шыққан, күйлемейді, күйлеген малдың жыныстық циклі жарамсыз, ырғағы бұзылған, тік ішек арқылы қол салып көргенде аналық ұрық безінің кішірейіп, жұқарып, қатып қалғанын (гипофункция, склероз, атрофияны) байқаймыз. Жас құнажындар жасы мерзімі келгенімен салмағы, дене құрылысы өсіп жетілмеген кішкентай болады. Мұндай құбылысты - алиментарлық инфантилизм деп атайды.
Арық-тұрақ бедеу малдың жыныстық қызметі көктемде жайылымға шыққан соң немесе рационға көк балауса қосып берген күннен бастап, 2-3 ай өткен соң ғана бұрынғы қалпына келіп қайтадан жандана бастайды.
Кейбір шаруашылықта сүтті- көп өндіреміз деп малға жемді шамадан тыс көп береді. Организмге белок пен майдың көп түсуі малды семіртіп жібереді, ас қорыту кезінде олар аяғына дейін ыдырамайды, соның нәтижесінде қышқылды заттар көбейіп, организмге ацидоз, ацетонемия, майлы дистрофия процестері басталады. Мұндай патологиялық процестер аналық ұрық безі мен барлық жыныс жолдарының кілегей қабықтарында да жүріп жатады. Яғни овогенез, овуляция процестері немесе зиготаның жатырға барып телінуі бұзылады, малдың жыныстық циклі жарамсыз, бірнеше рет қашырғанымен тоқтамайды (нимфамания), аналық ұрық безінде үлкен бір камералы немесе ұсақ көп камералы күлдіреуіктерді байқаймыз.
Малдың күйі қайтып, кейіннен мүлдем күйлемейтін болады (анофродизия), аналық ұрық безінде тұрып қалған сары денені кездестіреміз.
Семіздіктен болған бедеу малдың өсіп-өну қабілетін қалпына келтіру, арық малды емдегеннен әлдеқайда қиын, әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Ең алдымен, рационның сапасын жөндеу қерек, белокты азықтарды азайтып, орнына көк пішен, сүрлем мен көк балауса шөп, шірінді тамырларды қосып, малды күнделікті далаға шығарып, оның жыныс органдарындағы патологиялық өзгерістерді емдеуге кірісеміз. Көп жағдайларда малдың қондылығы жақсы; болғанымен рационның құрамында дәрумендердің (А,В,Д,Е,С) және макро, микроэлементтердің (кальций, калий, фосфор, натрий, хлор, йод, кобальт, марганец т.с.с.) жетіспеуінен бедеулікке ұшырап, қысыр қалғанын байқаймыз.
А авитаминозы жатырдың, ұрық жолдарының кілегейлі қабығының эпителийінде дегенеративті өзгерістерді туғызады, оның безді торшалары өліп, мүйізденіп қатая береді. Буаз, мал іш тастайды.
В авитаминозы кезінде де малдың іші өтіп жүні ұйысып, түлемейді, азыққа тәбеті жоқ, жартылай салдану сияқты құбылыстар байқалады.
Д авитаминозына ұшыраған жас мал өспей қалады, рахит ауруына шалдығады, ересек малдың организмінде кальций және фосфор тұздарының азаюына соқтырады. Мал жатып – тұрғанда қиналып, көбінесе жата береді, остеомаляция, остеопороз құбылыстары байқалады.
Е, С авитаминозында іш тастау, жасырын аборт жиі кездеседі. Йод жетіспеген жағдайда эндокринді бездердің (қалқанша без, гипофиз) қызметі бұзылады, жыныстық гормондар түзілмейді, зат алмасу үрлдістері өз дәрежесінде өтпейді. мал күйлемейді, жыныстық циклі жарамсыз, іш тастау, шуы түспей қалу, субинволюция деген сияқты аурулар көбейіп кетеді.
Кобальт, мыс, марганец, темір жетіспегенде солй зат алмасу құьбылысы бұзылып, ақырында мал қысыр қалады.
Сырттай қарағанда ауру малдың өзіне тән ерекше белгілері жоқ. Бедеуліктің бұл түрін анықтау үшін малдың қанын жалпы биохимиялық тексеруден өткіземіз және жем-шөптің сапасын агрохимзертханаға тексертемезі.
Қалыпты жағдайда қанның- сірнесінде: белок 7,5-8,5 гр/%, кальций 10-12 мг/%, фосфор 4-6 мг/%, қант 115-120 мг/%, каротин 0,4-0,6 мг/%, сілтілік фосфатаза 450-480 мг/% көрсеткіштен төмен болмауы керек. Жаз күндері мал жайылымда жүрсе, қыс күндері оның рационында көк иісі бұрқыраған пішен, сүрлем, қызыл сәбіз болса, мал бедеу болмас еді. Мұндай сапалы жем-шөп жетіспеген жағдайда малға балық майын ішкізеді, гидропондық әдіспен өсірген дәннің сабактарын (көкөніс) кебек береді. Тері астын тривитамин егеді, аптасына 2 рет 1 ай бойы, күнделікті жайылымға шығарады, кварц шамдарымен қыздырады, күніне 2-3 таблетка калийод препаратын және басқа да микроэлементтердің қоспасын, сүйек ұнын, бор береді.
Сөйтіп дұрыс азықтаңдырмаудан болатын бедеулікпен күресудің жолы малды сапалы, құнарлы жем-шөппен қамтамассыз ету, оның физиологиялық жағдайына сәйкес келетіндей рациок жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет