Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары



бет37/51
Дата17.06.2016
өлшемі13.85 Mb.
#141851
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51

ЛИТЕРАТУРА


  1. Агальцова, С. К вопросу об организационных формах предпринимательства / С. К. Агальцова // Банки Казахстана. – Алмата – 2000 – №1-2. – С. 50-51.

  2. Болоболов, А. Конкурентоспособность производств / А. Болоболов // Междуна-родный сельскохозяйственный журнал. – 2003. – Алмата. – № 3. – С. 25-28.

  3. Ташенова, С. О проблемах кредитования малого и среднего бизнеса / С. Ташенова. // Саясат-роlicy – 2004. – №8. – С. 10-13.

ӘОЖ: 338.43 (574.1)


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АСТЫҚ ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Б. Т. Базарова, магистрант

Ғылыми жетекші: Ж. Қ. Ержанова, экон. ғылымдарының кандидаты


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Бұл мақалада мемлекеттің аграрлық азық – түлік бағдарламасын жүзеге асырудағы астық өнімдерінің маңызы мен үлесі, егіс көлемін тиімді ұйымдастырудың Қазақстандағы астық өндірісін ұйымдастыру жағдайына әсері қаралған. Ауыл шаруашылығы Батыс Қазақстан облысы экономикасы дамуының басты бағыты болып табылады. Қазір халықтың ішіп-жеміне қажетті тамақ өнімдерінің негізгі топтары ұлттық нормаларға сәйкес отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етіледі. Ал ішкі нарықтағы бағаға әлемдік азық-түлік нарығындағы тұрақсыздық тікелей ықпал ететіні сөзсіз. Ал ішкі нарықтағы бағаға әлемдік азық-түлік нарығындағы тұрақсыздық тікелей ықпал ететіні сөзсіз.
В этой статье рассмотрено значение и влияние зерновой продукции в достижении цели государственной продовольственной программы, проблемы эффективной организации урожайности зерновой продукции. Приоритетным направлением в развитии экономики нашей области является сельское хозяйство. Практически в любой стране эта отрасль всегда поддерживается государством, являясь стратегически важной для обеспечения экономической и продовольственной независимости и безопасности и сырьевой базой для сопряженной отрасли агропромышленного комплекса.
In this article, the meaning and influence of grain production in achievement of the purpose of the state food program, problem of effective organization of productivity of grain production is considered. Priority direction in development of economy of our area is the agriculture. Practically in any country this branch is always supported by the state, being strategically important for maintenance of economic and food independence both safety and raw base for the connected branch of agriculture.
Ауыл шаруашылығы Батыс Қазақстан облысы экономикасы дамуының басты бағыты болып табылады [1]. Қай елде болса да, бұл сала мемлекеттің қолдауымен жүргізіліп отырады, себебі экономикалық тұрғыдан сату тәуелсіздігімен қамтылуына және агроөнеркәсіп кешені үшін шикізат базасы мен қауіпсіздігі стратегиялық маңызды болып табылады.

Соңғы жылдары облысымыздың аграрлық секторында едәуір өзгеріс болып, оның динамикалық дамуына ықпалын тигізді. Экономиканың тұрақты дамуының аса маңызды аспектісі бұл ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларына мемлекеттік қолдау жасау болып табылады.

Аграрлық реформаның алғашқы жылдары мемлекеттің аграрлық азық – түлік бағдарламасын ауылдарда дамытуға республикалық бюджеттен облысымызға 4068,6 млн.тенге жұмсауға бағытталған, және осының 25 % қайтарымсыз беріліп отыр. Бұдан басқа, бидайды мемлекеттік сатып алумен қамсыздандыруға құралдар бөлінген, лизинг жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы техникаларымен қамсыздандырылған, көктемгі егістік және жинау алқаптары жұмыстарына жеңілдетілген несиелер беру, сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге салық салуды жеңілдетілген түрде жанама дотациялар алады.

Қазір халықтың ішіп-жеміне қажетті тамақ өнімдерінің негізгі топтары ұлттық нормаларға сәйкес отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етіледі [2]. Ал ішкі нарықтағы бағаға әлемдік азық-түлік нарығындағы тұрақсыздық тікелей ықпал ететіні сөзсіз. Дегенмен, біздің Үкімет ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындап жатыр. Азық-түлік тауарларының күрт қымбаттап кетпеуі үшін және осылайша өндірушілердің де, тұтынушылардың да мүддесін қорғау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар механизмді дайындады. Мәселен, азық-түліктің негізгі түрлерін сатып алу арқылы баға интервенциялары жүзеге асырылды. Мемлекеттік астық қорлары құрылды. Оларды сатып алу мен сату астықтың мемлекеттік қорын қалыптастыру, сақтау және жаңарту, сондай-ақ, отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықтағы бағаның өсуін болдырмау мақсатында жасалды.

Биыл көктемгі егін егу науқаны алдында қазір негізгі шығындарды жабу үшін 2008 жылы басымды дақылдар бойынша егіс алқабын 17,2 млн. га жеткізу мақсатында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына шығатын шығынды субсидиялауға – 7 195,0 млн.тенге қаржы қарастырылып отыр.

2008 жылы 517 мың тонна көлемінде астық сатып алуға 6,2 млрд. тенге республикалық бюджеттен қаралған болатын. Алайда нарықтағы астық бағасының күрт өсуі (2007 жылы 1 тоннасы 13 500 теңге болса, 2008 жылы 30 375 теңгеге шықты) азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жоспарланған көлемнің 40-50 пайызын ғана қанағаттандырып отыр. Осы жағдайды есепке алып, толық көлемде, яғни 517 мың тонна қосымша астық сатып алуға 5 941,0 млн. теңге қаржы қарастырылған.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ іс-шараларын іске асыруға – 40 900,0 млн. теңге, соның ішінде 34 900,0 млн. теңге холдингтің жарғылық капиталының артуына, 6 000,0 млн. теңге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін минерал-дық тыңайтқыштарды сатып алуға бағытталды.

Республика ауыл шаруашылығы өнімдерінің арасында астық өнімдерінің үлесі мол. Астық өнімін молайтуда және оның сапасын жақсартуда ғылыми жетістіктері мен озат тәжірибелер негізінде әрбір гектар жерді, тыңайтқышты және күрделі қаржыны тиімді пайдалану қазіргі нарықтық экономикада өте маңызды шаралар болып тұр. Елімізде астық дақылдары себілетін егістік ауданы 2005 ж. 774,4 мың гектар болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 660,4 мың гектарға жетті. Ал 2005 жылы 149,6 мың тонна астық өндірілсе, 2008 жылы 714,4 мың тонна өндірілді [3]. Сонда астық себілетін егістік ауданы өскеніне қарамай астық өндірілуі төмендеп барады, демек жылдан жылға әрбір гектарының түсімі төмендеп барады, оның себептері:



    • қолайсыз табиғи климаттық жағдайлар;

    • егіншіліктің төмен мәдениеті;

    • тұқым сапасының төмендігі;

    • топырақ құнарлылығының төмендеуі.

Осы аталған себептер және астықты күтіп баптау технологиясын сақтамау астық сапасының төмендеуіне әкеледі. Егер 1986-1991 жылдары Қазақстан бидайындағы дән маңызы 32 % жетсе, соңғы 10-12 жылда бұл көрсеткіш 20-23 % дейін төмендеді. Ал алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен ғылыми деректер ауыл шаруашылық дақылдарын тиімді өндіру үшін ауыспалы егіс, күтіп баптау технологиясы мен тұқымды дұрыс таңдау мен минералды тыңайтқышты салауатты қолдану қажеттілігін көрсетеді.

Астық дақылдары күтіп баптау технологиясында астық түсімін көтеретін операциялар ішіндегі маңыздысы – дән себу мен минералдық тыңайтқыш енгізу.

Қазақстан үшін астықты өндіру мен сату, қалай экономикалық жағынан болса, солай саяси жағынан да стратегиялық маңызды сұрақ болып табылады. Жалпы бүгінгі таңда оның жағдайын тұрақты дамуда деп айтуға болады.

Егіншілік жүйесіндегі ұйымдастыру шараларына: ауыл шаруашылық аумағын пайдалануды ұйымдастыру, оның ішінде – ауыспалы егісті қолдану жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ негізгі жұмыс үрдістерін басқаруды, жоспарлау мен бақылауды – еңбекті ұйымдастыру жатқызылады.



Ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру [4]. Егіс алаңдарының құрылымы және ауыспалы егістер. Ауыл шаруашылық аумағын ұйымдастыру жер алқаптарын неғұрлым мақсатқа сәйкес пайдалану жөніндегі шаралар жүйесін, ауыл шаруашылық алқаптары құрамын анықтау мен орналастыруды, егіс алаңдары құрылымын, ауыспалы егістерді ұтымды енгізу, көпжылдық жайылымдар жасауды және басқаларды қамтиды. Ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру жер алқаптарының өзгертілуі (өнімі аздау алқаптарды суландыру арқылы өнімді көбірек алқаптарға айналдыру, бұталарды алып тастап, жерді тегістеу, көпжылдық жайлымдар жасау) жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын да, сондай-ақ қазір бар ауыл шаруашылық алқаптарын неғұрлым өнімді пайдалануды да жобалайды.

Егіс алаңдары құрылымы сондай – ақ аймақ, обылыс ішінде де ерекшеленеді. Егіс алаңдарының ұтымды құрылымының басты міндеті – егістің жоғары өнімділігіне қол жеткізу, ауыл шаруашылық өнімін сату жөніндегі жоспардың орындалуын, шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне жеткілікті мөлшерде өнім өндіруді және егіншіліктің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.

Батыс Қазақстан бойынша астық егісінің орташа жылдық динамикалық қозғалысы кестесінен көрініп тұрғандай, егістіктің көлемі 2005 жылы – 744,5 мың. гектар, 2006 жылы 660,4 мың.га, ал 2007 жылы 620,7 мың.га, және 2008 жылы 660,4 мың.га құрап тұр. Соның ішінде; дәнді және бұршақ дәнді дақылдары 2005 жылы – 701,6 мың.га, 2006 жылы – 570,6 мың.га, ал 2007 жылы – 532,1 мың.га және 2008 жылы 542,8 мың.га жерді алып отыр. Осы көрсеткіштерге қарап, 2005 жылы соңғы жылдарға қарағанда егілген жердің көлемі көп үлесін алып жатқан. Батыс Қазақстан бойынша астық егісінің орташа жылдық динамикасы бойынша жалпы жиналған өнім 2005 жылы – 149,6 млн.тн, 2006 жылы – 271,0 млн.тн, ал 2007 жылы – 422,9 млн.тн және 2008 жылы714,4 млн.тн құрап тұр. Жалпы жиналған өнім соңғы жылы, яғни 2008 жылы алдыңғы жылдарға қарағанда 714,4 млн.тн болып көп үлес алып отыр.
1-Сурет – Батыс Қазақстандағы астық егісінің орташа жылдық

динамикалық қозғалысы

Егістік өнімділігі шығымдылықпен, яғни алаң бірлігінен жиналған өніммен тығыз байланысты. Сондықтан шаруашылықтардың табиғи – климат жағдайларына қарай егіс алаңдары құрылымында өнімі аздау дақылдарды неғұрлым өнімді дақылдармен ауыстыру жүргізіп жатады. Егіс алаңдарының ұтымды құрылымын әзірлеу кезінде егістіктің ең жақсы алаңдарын ең бағалы, экономикалық жағынан тиімді дақылдарға бөлу қажет. Сол себепті егіс алаңдарының ұтымды құрылымын ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда – ауыл шаруашылық өнімінің керекті мөлшерін өндіруді; агрономиялық тұрғыдан қарағанда – барлық дақылдарды ең жақсы алғы егістерден соң орналастыруды және озат агротехникалық шараларды қолдану мүмкіндігін; экономикалық тұрғыдан қарағанда – егістікті, негізгі өндіріс құралдарын, жұмыс күшін неғұрлым тиімді пайдалануды, еңбек пен материалдық – ақшалай қаржылардың ең аз жұмсалған кезінде бәсекеге қабілетті өнімнің ең көп мөлшерін өндіруді қамтамасыз етеді.


2-Кесте – Батыс Қазақстан облысы бойынша егіс көлемінің негізгі экономикалық көрсеткіштері





Шаруашылықтың барлық санаттары

соның ішінде

барлық меншік нысанды а/ш кәсіпорындары

шаруа қожалықтары

2006

2007

2008

2009

2009 % 2006

2006

2007

2008

2009

2009 % 2006

2006

2007

2008

2009

2009 % 2006

Егістік көлемі - барлығы, мың га

664,8

620,7

660,4

746,8

93,4

254,3

209,8

232,1

252,0

82,5

400,8

402,4

419,6

485,7

100,4

Соның ішінде; дәндік және мал азығына арналып егілгені

77,0

38,5

27,7

70,1

50,0

35,9

15,9

10,4

28,4

44,2

41,0

22,5

10,7

31,5

55,0

Шықпай қалғандары

7,6

1,3

7,8

5,2

17,5

4,2

0,6

3,0

1,6

15,2

3,4

0,6

4,7

3,5

20,2

Дәндік күздіктердің сақталғаны –барлығы

69,3

37,1

9,6

20,4

53,6

31,7

15,2

8,3

19,8

48,1

37,6

21,8

1,3

0,6

58,2

дәнді дақылдардың – барлығы

569,1

532,1

542,8

622,3

93,5

216,0

176,9

185,0

202,1

82,9

353,1

355,1

357,7

420,1

100,6

Статистика мәліметтері бойынша [5] Батыс Қазақстан облысының шаруашылықтарының барлық санаттарының егіс көлемі 2006 жылы 664,8 мың гектар және 2007 жылы 620,7 мың гектар жерді құраса, ал 2008 жылы 660,4 мың гектар және 2009 жылы 746,8 мың гектарды құраған. Оның пайыздық құрамы 2009 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 93,4 % құрап отыр. Соның ішінде барлық меншік нысанды ауыл шаруашылық кәсіпорындары 2006 жылы 254,3 мың гектар жерді, және шаруа қожалықтары бойынша 400,8 мың гектар, 2007 жылы 209,8 мың гектарды және 402,4 мың гектарды ды құраса, ал 2008 жылы 232,1 мың гектар жерді, және және 2009 жылы 252,0 мың гектарды, ал шаруа қожалықтары бойынша 485,7 мың гектар құраған. Пайыздық құрамы бойынша барлық меншік нысанды ауыл шаруашылық кәсіпорындары 82,5 % және шаруа қожалықтары бойынша 100,4 % құрап отыр.

Соның ішінде; дәндік және мал азығына арналып егілгені шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2006 жылы 77,0 мың гектар жерді және 2007 жылы 38,5 мың гектарды құраған, ал 2008 жылы 27,7 мың гектарды және 2009 жылы 70,1 мың гектар жерді құраса, оның пайыздық құрамы бойынша 2009 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 50,0 % құрап отыр. Ал оның шықпай қалғандары 2006 жылы 7,6 мың гектар жерді құраса, ал 2009 жылы 5,2 мың гектарды, пайыздық құрамы бойынша 17,5 % құраған болса, дәндік күздіктердің сақталғаны 2006 жылы 69,3 мың гектар жерді құраса, ал 2009 жылы 20,4 мың гектарды және пайыздық құрамы бойынша 53,6 % құрап отыр.

Барлық дәнді дақылдар бойынша 2006 жылы 569,1 мың гектар жерді құраған болса, ал 2009 жылы 622,3 мың гектарды құрап жоғарылап отыр. Оның пайыздық құрамы 2009 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 93,5 % құрап отыр.

Егіс алаңдарының құрылымы деп жалпы егіс алаңындағы белгілі бір дақылдар егілген алаңдардың ара қатынасын, үлес салмағын түсінеді. Егіс алаңдары құрылымы мына немесе өзге аймақтың мамандандырылуына тәуелді. Егіс алаңдарының ұтымды құрылымының басты өлшемі еңбек пен қаржының ең аз жұмсалған жағдайында алаң бірлігінен ең көп өнім алу болып табылады. Егіс алаңдары құрлымымен тығыз байланыста әрбір өндірістік бөлімшелер бойынша ауыспалы егіс жобаланады. Шаруашылықта ауыспалы егіс жүйесін әзірлеу шаруашылықтың даму болашағын ескере отырып жүргізіледі.

Ауыспалы егіс егіншілік жүйесінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Агрономиялық мағнада ауыспалы егіс деп ауыл шаруашылық дақылдарын жоғары және тұрақты өнім алу мақсатымен уақыт пен кеңістікке ғылыми негізделген күйде алмастырып отыру, жердің құнарлығын сақтау және одан әрі арттыру ұғынылады.

Ұйымдастыру-экономикалық жағынан ауыспалы егіс жерді, өндіріс құралдары мен еңбек ресурстарын ұтымды пайдаланудың және осыған сәйкес, кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуінің ең маңызды шарты болып табылады.

Ауыспалы егісті ұйымдастыру-экономикалық мазмұны шаруашылықтың табиғи жағдайлары мен мамандандырылуына сәйкес келетін егіс алаңдары құрылымынан көрініс табады. Ол сондай-ақ танаптардың мөлшері мен санын айқындау, оларды аумақтары бойынша дұрыс орналастыру арқылы да көрініс береді. Осының бәрі жиынтық түрде егістікті, техниканы және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға – шаруашылықтың тиімді жүргізілуін есептесуге тиіс. Ауыспалы егіс танаптық (дәнді дақылдар, картоп пен техникалық дақылдар өсіру), азықтық (шөп, жүгері және басқалар), арнаулы (көкөніс, темекі, күріш және басқалар) деп бөлінеді. Ауыспалы егісті қолдану ең алдымен шаруашылықтың мамандандырылуына және өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жоспарына тәуелді.

Дақылдар құрамына және олардың үлес салмағына қарай ауыспалы егіс тұрпаттары өз кезегінде түрлерге бөлінеді.

Шаруашылықтарда қолданылатын ауыспалы егістің тұрпаттары мен түрлері ауыспалы егіс жүйесін құрайды.

Егіс алаңдарының ұтымды құрылымы мен ауыспалы егіс жүйесін біршама ұзақ мерзімді болашақты көздеп ойластырады, сондықтан олар еңбек және қаржы шығындарын азайтуға жәрдемдесетін ғылым мен техника жетістіктерін, озат тәжірибені, жоғарғы өнімді сорттарды, жетілген техниканы өндіріске енгізу мүмкіндігін ескеруге тиісті.

Егіс алаңдары құрылымын бағалаумен бір мезгілде ауыспалы егісті ұйымдастыру-экономикалық тұрғыдан бағалау жүргізіледі.

Ұйымдастырылу жағынан ауыспалы егіс жүйесін ең алдымен оның нарықтық экономика жағдайында шаруашылықтың ұстанған бағытына сәйкестілігі, еңбек және материалдақ ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігі жөнінен төзімділігі, техниканы жоғары өнімділікпен пайдалануды қамтамасыз ететін едәуір ірі мөлшердегі танаптардың бар болуы тұрғысынан қарап бағалайды.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Абдилдин, С. Агробизнесті ұйымдастыру / С. Абдилдин. – Алматы. – 2001. – 146 б.

2. Күрішбаев, А. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі "ҚазАқпаратқа" берген сұхбаты. / А. Күрішбаев. – "ҚазАқпарат". – 4 мамыр, 2008.

3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімі. / Статистикалық анықтамалық – Орал. – 2006. – 8 б., 2008. – 13 б.

4. ҚР Парламентінің Жаршысы // Астана – 2001, 5 б.

5. Егіс көлемі есебінің қорытындылары. / Статистикалық анықтамалық. – Орал 2007, 2008, 2009.

ӘОЖ: 338.4 (584.3)
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ЖАСАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
А. К. Джакупова, магистрант

Ғылыми жетекші: А. М. Қазамбаева, экон. ғылымдарының кандидаты


Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Бұл мақалада ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін нарықтық экономика талаптарына сай экономикалық механизм жаңа құбылыс болып табылады. Ол әлі де жеткілікті зерттелмеген және тәжірибе жүзінде толық жүзеге асырылмаған. Бұл осындай экономикалық механизмде ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде құру үшін білім мен тәжірибенің жетіспеушілігі туралы жазылған.
Внутрихозяйственный экономический механизм, адекватный требованиям рыночной экономики, для наших сельскохозяйственных предприятий новое явление. Оно недостаточно изучено и, что более важно, полностью еще не реализовано на практике. Это говорит о нехватке знаний и опыта для построения такого экономического механизма на уровне сельхозпредприятий и их структурных подразделений, который сумел бы сбалансировать интересы всех сторон и содействовал бы становлению с высоким уровнем концентрации и специализации эффективного сельскохозяйственного производства.
Inter-facilities mechanism adequate to the requirements of market economy, for our agricultural enterprises the new phenomenon. It is unsufficiently investigated and, that is more important, completely is not yet realized in practice. It speaks about shortage of knowledge and experience for construction of such economic mechanism at a level of agro-enterprises and its structural divisions, which would manage to balance interests of all parties and would promote increase with high level of concentration and specialization of effective agricultural manufacture.
Батыс Қазақстан аймағы жерінің жазықтығы, шөбінің шүйгіндігі, су көздерінің молдығы жағынан мал және егін шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы [1].

Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені аймақ экономикасының біршама ірі және маңызды секторларының бірі болып табылады. Оның негізін жалпы аймақтық өнім құнында үлесі 6,2 % болатын ауыл шаруашылығы құрайды.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында экономикалық өсу байқалады. Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінде 2008 жылы ең жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 18,3%-ға өсіп, 62,4 млрд. теңгені құрады. Сәйкесінше, өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемі 45,8%-ға, мал шаруашылығы – 2,6 %-ға өсті.

Облыстың ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда. Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар – 28,5%-ды, ет – 32,4%, сүт – 17,4%, картоп – 2,7%, көкөніс – 2,1%, жұмыртқа – 1,2%, жүн – 0,7%, майлы дақылдар – 0,4%, бақша дақылдары – 0,4%, жеміс-жидек – 0,5%, басқа өнімдер – 13,7%-дан келеді.

Енді ауыл шаруашылық саласында өндірілген жалпы өнімге назар аударайық, оны 1-диаграммадан көруге болады [3].

Ауыл шаруашылығы салаларында өндірілген өнім көлемінің өсуі байқалады. 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда жалпы өнім көлемі 114 %-ға жоғарылаған. Өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі жалпы ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдер көлемінің 46 пайызын құрайды, 2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылы жалпы өнім көлемі 229 %-ға артып отыр. Ал мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 54 пайызын құрайды, яғни облыс шаруашылығы негізінен мал шаруашылығына маманданған. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,6 есеге артып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет