Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты казахский государственный



жүктеу 3.44 Mb.
бет17/19
Дата09.06.2016
өлшемі3.44 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

МУЗЕЙ В ОТКРЫТОМ ИНФОРМАЦИОННОМ ПРОСТРАНСТВЕ
Джумагалиева Ф. - магистрант . (г. Алматы, КазНУ им. Аль-Фараби)
За последние десятилетия статичный и консервативный музейный мир существенно изменился. Современный этап развития музейного дела характеризуется нарастающей диверсификацией социальной среды, в которой функционируют музеи. Рост средового разнообразия выражается не только в умножении количества самих музеев, среди которых могут быть как партнеры, так и соперники, но и в увеличении числа других институтов, действующих в одной или в смежной с музеями сфере социальных отношений. Это: частные коллекционеры и коммерческие галереи, новые виды учреждений неформального и дополнительного образования, новые средства массовой информации, новые досуговые учреждения. Взаимодействия музеев с внешней средой постепенно приобретает все более сложный, иногда конкурентный характер. В связи с этим приходится более активно заниматься представительской деятельностью, рекламой и продвижением результатов своей работы на рынке услуг и товаров, искать и осваивать новые формы контакта с музейными посетителями, деловыми и творческим партнерами /1/. Проблема, которая характеризует данную ситуацию в современном музейном деле, может быть обозначена как проблема усложнения системы социальных взаимодействий музея и отсутствия каналов эффективного взаимодействия между музеями и их потенциальными партнерами, действующими как по соседству, так и на значительном удалении. Другая проблема это изменения в самой внешней среде, в социуме в котором функционирует музей. Формируется совершенно новая среда коммуникаций, и эта среда властно диктует особые формы взаимоотношений, которые называются сетевыми. Практически все вновь формирующиеся структуры координации культурной деятельности, в том числе, музейные ассоциации, строятся на основе новейших телекоммуникационных систем и оснащенных современными компьютерами ресурсных центров. В виртуальную среду, все более перемещаются места делового общения, обмена идеями и взаимного консультирования с проблемно ориентированной социальной структурой. Информационные технологии становятся неотъемлемой частью культуры /2/.

Новые возможности информационных технологий заставляют музейных специалистов задуматься о внешней стороне музейной деятельности, о новых методах работы с потребителем музейного продукта.

При сохранении традиционных форм музейной деятельности - выставки, экспозиции, использование новых информационных технологий позволяет сформировать новый образ музея в меняющемся обществе и тем самым вовлечь в культурно-просветительский процесс те слои населения, которые ранее были от него далеки. Телекоммуникационные технологии - это то, что открывает для музея большие перспективы.

Экспонирование в форме виртуального музея дает возможность более полной интерпретации содержания экспозиции, наиболее полно представляя ее историко-культурный контекст. Филологическая модель (интерпретация и открытие скрытого смысла) и лингвистическая модель (структурирование и выявление системы значений) гуманитарного знания объединяются и находят свое полное выражение в электронной интерпретации. Сначала, кураторская идея, которая является ничем иным, как смысловой интерпретацией музейного объекта превращается в мультимедийный комплекс, состоящий из текста, визуального и аудио материалов, затем функциональная необходимость построить иерархию гипертекста заставляет выявить систему значений. Электронная интерпретация позволяет быстро реконструировать целостное представление - представление, которое является самым ценным содержанием музея, ради выявления которого тратится столько усилий. Немаловажно, что концепция музейного проекта, разработанная таким образом, может стать структурным каркасом и для традиционной музейной практики /3/.

Сегодня не вызывает сомнений то что, каждый современный музей должен быть представлен в глобальных информационных сетях. Масштабы распространения Internet, таковы, что в обозримой перспективе музей как социальный институт будет развиваться прежде всего за счет создания своего электронного двойника. Виртуальный музей призван помочь не только в продвижении музейной информации, но и в переосмыслении всей музейной деятельности. На протяжении столетий общественная значимость музея определялась качеством его экспозиции, в последние годы все более существенным фактором становится лицо музея, обращенное в открытое информационное пространство. Представительство музея в Internet начинает оказывать влияние на его развитие, сайт может превратиться в экспериментальную площадку для музейного проектирования, место разработки различных музейных моделей. Представление музея во всемирной сети способствует его популяризации, расширяет его образовательную и научную деятельность. Музейный сайт открыт и днем, и ночью, без выходных. Его посещают люди со всего мира и заходят не один раз, а регулярно. По прогнозам специалистов уже в обозримом будущем число компьютеров подключенных к Internet достигнет одного миллиарда. Чтобы представить себе эту цифру, можно сравнить ее с миллионными (в лучшем случае) тиражами наиболее популярных печатных изданий. Потенциальная аудитория потребителей информации, размещенной в Интернете уже сегодня на несколько порядков выше. Это означает, что, размещая информацию о том или ином музее в Internet, мы фактически публикуем ее, причем гигантским тиражом. Internet становится все более действенным средством продвижения различного рода услуг на рынке искусства, культуры, образования, досуга. Выбор туристических маршрутов, предварительный заказ гостиниц, приобретение билетов на транспорт, получение репертуарной информации и бронирование мест в театрах и кинозалах, покупка товаров, в т.ч. культурного назначения (книг, компакт-дисков и т.п.) - все это уже давно можно делать, не отходя от своего компьютера. Новые возможности в связи с эти открываются и перед музеями. Практически во всех зарубежных музеях уже сейчас можно через Internet заказывать экскурсии, покупать музейные издания, сувениры. Internet открывает для них невиданные ранее формы прямого диалога с музейными посетителями, в том числе потенциальными /4/.

И еще несколько слов в пользу освоения музеями Internet – пространства. С каждым десятилетием сокращается объем потребления физических продуктов и возрастает объем потребления эмоциональных продуктов. Будущие мировые рынки – это рынки культурных индустрий. Можно с уверенностью говорить что культура является таким же базовым ресурсом как газ и нефть. Причем культурный ресурс неисчерпаем и он нередок в употреблении. Газ кончится, культура нет.

Экспорт и импорт культуры является прерогативой всех постиндустриальных стран. У культуры появляется новая функция, и она сегодня выходит на первый план, культура начинает становится реальной производительной силой общества. Казахстан может и должен использовать свой культурный потенциал для выхода на рынки культурных индустрий, в ином случае за него это сделают другие. Открытое информационное пространство не терпит пустот.

ЛИТЕРАТУРА



  1. HTTP//www.future.museum.ru

  2. Музей будущего: Информационный менеджмент. М., 2001

  3. Современные информационный технологии в музее/Музейное дело России. М., 2003

  4. HTTP//www.nlrk.kz

РЕЗЮМЕ.
В статье автор освещает проблему адаптации видов деятельности музея к новой среде коммуникаций. Подробно рассмотрены перспективы освоения музеями Интернет пространства.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада автор музей қызметіндегі әлеуметтік өзара қарым-қатынастың әсері, бүгінгі хал-ахуалының күрделенуімен қатар, музейдегі қызмет түрлерінің жаңа үлгідегі байланысқа икемделуін сөз етеді. Сондай-ақ, келешекте музей ісі қызметіндегі Интернет кеңістігін игеру жолдары пайымдалған әрі, жан-жақты қарастырылған.


ХАЛЕЛ АРҒЫНБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жолдасбаева А.Б.-магистрант(Алматы қ.,ҚҰУ)
Қазақ халқы туралы этнографиялық деректер ерте кездерден мәлім. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин, орыс ғалымдары И.Г.Андреев, А.Левшин, Н.Аристов, Г.Н.Потанин, т.б.өз дәуіріндегі қазақ қауымының тұрмысы мен мәдениеті жайында құнды еңбектер жазып қалдырды. Бізде этнография ғылымының дамуындағы маңызды кезең соғыстан кейінгі жылдары басталады.қазақ этносын ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде этнографиялық зерттеу өткен ғасырдың 20-жылдарынан жүзеге аса бастады. Соның ішінде Халел Арғынбаев қазақ этнографиясының ғылыми негізін салуға, ілгері дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Өзінің артындағы ғылыми қауымға, көпшілік жұртшылыққа алтын қор етіп қалдырған сүбелі еңбектерінің құндылығы еш уақытта кемімейді.

Халел Арғынбаевтың елеулі орын алатын еңбегі — «Қазақ шежіресі хақында». Шежіреге бару үшін мол білім мен біліктіліктің қоса азаматтық арлы сезім адал ниет адами тазалық бірінші орында тұруы қажет. Сонда ғана қарабайыр шежіреден арылып, өрелі шежіреге кезек келетіні хақ. Шежіре дегеніміздің өзі — атадан-балаға ауызша жеткізілетін ой-санада, көкірек көзінде сақталатын мұрағат десек , сол мұрағаттың дәстүр сабақтастығы арқылы күні бүгінге дейін жетіп, бүгінгі күні басылуы қуанарлық та құптарлық іс /1,72/. Қазақ шежіресінің кітапқа түсуі соңғы 10-15 жылда жиі атқарылып жатқан шаруа десек, бұл тұрғыда біраз деректі кітаптар мен кітапшалар жарық көрді.

Шежіре — тарих атты ғылымының бір саласы ғана емес, тарихты толық танытар ғылыми қайнар көздердің бірі десек, қателесе қоймаппыз. Сондықтан да кез келген халық өзінің тарихын, тарихи-ұлттық генезисіне барлау жасағанда халықтың шежіресін кесіп өтпейді. Оған міндетті түрде тоқталып отырады.

Ғасырлар қойнауынан ауызша да, жазбаша да жеткен жәдігер шежірелер әр ұлтта кездеседі. Олар жайында сөз кең-мол әңгімеге арқау болатыны анық.

Қазақ шежіресі дегеннің өзі — аса ауқымды ұғым. Мұның да әлі толық зерттеле қоймағаны, ғылыми тұрғыдан да әлі тиянақты тұжырым орнықты деуден аулақпыз /2/. Оның да өз себебі мол. Кешегі Кеңес өкіметі кезінде шежіре, әсіресе, ұлттық шежіре мәселесін кеңінен қарастыруға тыйым салынды. Оны, тіпті, феодализмнің сарқыншағы деп түсіндірілді. Бірен-саран зерттеген ғалымдарға күдікпен қараушылық, ұлтшылдық тұрғысынан тану белең алды. Соның салдарынан көптеген ғалым тарихшылар бұл өңірге ауыз сала қоймады. Көбіне айналып өтуге, ғылыми айналымға арқа сүйемеуге тырысты. Осындай олқылықтардан да халқымыздың шежіресін нағыз ғылыми тұрғыдан тиянақтау кенжелеп қалды.

Десе де, бұл салаға терең барлау жасап, теориялық сараптама негіздеген екі адам: олар- Халел Арғынбаев пен Марат Мұқанов және ұлтымыз үшін адал қызмет еткен тарихшы, ғалым Вениамин Востров. Бұл үш ғалым да халқымыздың шежіресін зерлелеуде қолынан келгендерін аянған жоқ. Оған дәлел-үш жүздің шежіресі хақында жазған еңбектері./3/. Әрине, бұл еңбектер де ұлтымыздың ұшан-теңіз шежіресін толық қамти алмайтыны анық. Бірақ Кеңес заманына, тоталитарлық жүйе дәуірлеп тұрғанда халқымыздың шежіресін талмай зерттеп, бір жүйеге түсіріп, хал-қадірінше батыл бағыт ұстанғанына біз бүгін алғыс айтуымыз керек.

«Қазақ шежіресі хақында» атты осы үш автордың еңбегі — ұлттық мәдениетіміздің ауыз толтырып айтарлық рухани мұра. Баспаның бұл ғалымдарды «этнография ғылымының көшбастаушысы» азаматтары деп атағанда орынды. Көзі тірісінде осы еңбектерін тағы бір зердесінен сүзіп өткен Халел Арғынбаев және Марат Мұқановта кітап боп шыққанын көре алмай өмірден кетті. Еңбектің аты айтып тұрғандай, бұл қазақ халқының күллі шежіресін қамти қоймағандықтан да, «хақында» деп құрастырушы дұрыс атаған. Бүгінгідей ғылымның ауыр кезкңінде, ғылымнан дарынды азаматтар кетіп жатқан кезде академик М.Қозыбаевтың «енді Халелдей, Мараттай жанартаулар қазақ этнографтары арасынан шығуға жазсын!» деген алғы сөздегі ағына жарылған тілегінің де мәні мол.

Ұлтымыздың ұлықты шежіресін жазу орта ғасырда өмір сүрген Қадырғали Жалайырдың еңбегінен бастау алары күмәнсіз. Кейінірек Шоқан Уәлиханов пен Құрбанғали Халид еңбегіменде орныға түскені белгілі. Ал Шәкәрым мен М.Тынышбаевтың, С.Аманжоловтың, зерделеп кеткен еңбектерінен кейінгі жерде халқымыздың шежіресін шын мәнінде ғылым дәрежесіне көтеріп, сол жолда ғұмырларын арнағанда осы екі азаматымыз еді... Ең бастысы бұл азаматтар ұлт шежіресіне адал да әділ қарап, қазіргі күнде шежіре жазып, «жаңа» жәдігерлік тудырып тудырып жүргендер секілді ылғи өтірікке, негізсіз болжамдарға барған емес/4/. Өз ойларын нақты ғылыми дәйектермен бекітіп отырады. Бұл еңбек осынысымен де құнды.

Әлбетте, шежіре еңбек негізінен ел ішін аралап жүріп, аяғы жеткен жерлердегі құйма-құлақ қария шежірешілер мен ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыс офицерлері және ғалымдары дәйектеріне сүйене отырып жазылған. Әсіресе ұлы жүз бен орта жүзге қатысты Х.Арғынбаев пен М.Мұқанов ел ішін барынша аралап, аса зерделі деген адамдарды тауып, олардың аузынан шыққан әңгімелерді өзара салыстыра келіп, дәйектерді басқа да нақты тасқа түскен жазба деректермен саралап барып, солардың негізінде өз ойларын қорытып, батыл болжамдарды бекіткен. Мұның өзі ғалымдар үшін шым-шытырық шежіре жазу үстінде ауа жайылмауға, өтірікке жол бермеуге, әділ бағыт-бағдар ұстауға айқын құбылнама болған.

Автор жүздердің бстапқы шығу төркініне, қазақ ұлтын құрап отырған үлкен тайпалар ен рулардың генезисіне, этникалық құрамы мен түрлі тарихи аласапыран замандарда тайпалар мен рулық одақтар құрамының үнемі өзгеріске ұшырап, үлкен оқиғалар кезінде бір-біріне бөлініп, немесе құйыла сіңісіп, кірігіп кеткені жайында да жан-жақты тоқталып отырады. Мұндай мағлұматтарды аңыз-әңгімелер арқылы зерделеп, таңба-ұрандар арқылы дәлелдеп береді. Осылардың негізінде үш жүздің де арғы тегі ғұн, сақ, түркі, оғыз, қыпшақ дәуірінен бері түрлі тайпалық (Үйсін, Найман, Арғын, Алшын, Қыпшақ) одақтардың негізінде жатқанынан, кейін қазақ Ордасы құрылғаннан бері бір аумаққа ұйысуға орай, хандық дәуірдегі әкімшілік басқару мен ара қашықтық алшақтыққа байланысты үш жүздің аралық жігі анықталғаны туралы толық мәліметтер мен пайымдауларға жол береді.

«Ахмет Байтұрсынов ұлт намысы екі адамның, екі ауылдың, екі рудың намысы емес екендігі ХХ ғасыр басында айтқан. Шежіре ұлттық шежіре болуы керек, ол әр адамның шығу тегі арқылы бүкіл қауымды, халықтың танстыру арқылы табыстыру керек» деген М.Қозыбаев сөзінің салмағы тереңде жатыр. Бұл деген Алтайдан Еділге дейін ен жайлап жатқан қазақтай халықтың тұтас этнос екені, оның бөлініп-жарылмас ұлт болып ұйысу кезеңінде де өзінің түп-тамырын жоғалтпағаны, ұмытпағаны абзал болғанын меңзей отырып, алдағы мыңжылдықта да ұлттың ұжымдаса түсуі үшін ұрпақтың ата-тегін білуі, мәңгүрттенбеуі қажет екенін ескерткені деп түсінген жөн.

Ерекше бір атап өтетеін тағы бір тұғырлы мәселе-қазақ руларының орналасу аймағы, қысқы-жазғы қонысы, жайылымдылық жерлерінің аумағы мен ХҮІІІ, ХІХ, ХХ ғасыр басындағы түтін саны.Құпиясы мол,қатпары қалың бұл істе ғалымдар аса тиянақты жұмыс жасаған. Ел мен жердің бірлігін көздей отырып,сол кездегі қазақ этносының ас бай аумақтық тұтастығын сақтай алғандығын дәлелдеп берген.

Картографиялық дәлдікпен қазақ жерінің ой-қырын, орман-тоғайын анық жазған мұндай шежіренің маңызы дәл бүгін де өзінің құндылығын арттырып отырғаны анық. Еліміз дербестікке қол жеткізгелі жерімізге көз алартушылар пайда болған тұста қазақ жерінің ежелден нақты ру-тайпалардың байырғы мекені екенін бұл да бұлтартпас айғасқ деп түсінгеніміз,тарихи танымымыздың жңғыруына себепті салдар деп ұққанымыз абзал. Бір ғажабы-шежіреде көрсетілген ру-тайпалардың сол ақыттағы түпкі қоныстарында қазр де негізінен сол этникалық рулар, рулық топтар отырғаны кім-кімді де қайран қалдырары кәміл.

«Қазақ шежіресі хақында» атты кітабы үш бөлімнен тұратын ктап. Ұлы жүздің, орта жүздің және кіші жүздің тектік шежіресін қатиды. Бір аайта кетерлік жағдай, кітап негізінен ғылыми деректерге сүйенгендіктен мұнда авторлар материал жинау үстінде әрбір тайпа, рудың белгілі, беделді шежірешілерінің деректерімен қатар өткен ғасырлардағы сібір қазақтары шекара басқармасының,бұрынғы КСРО Ғылым академиясы мен Орталық мемлекеттік тарих архивтерінің,сондай-ақ басқа да көптеген тарихи орындардың көне материалдарын жан-жақты пайдалана білген.

Кітапта өткен ғасырлардағы орыстың белгілі ориентолог ғалымдары мен саяхатшылары Н.Аристов, П.Рычков, Н.Гродеков, Ресей сыртқы істер алқасының тілмәші А.И.Тевклев, Орынбор генерал губернаторлары Г.Волконский және И.Неплюев сондай-ақ тағы басқа да Ресей шығыстанушыларының мұраларынан құнды деректер келтірілген. Бұрынғы көп шежірелерге қарағанда қолымыздағы кітаптың құндылығы: оның белгілі бір тарихи құжаттардан алынған нақты мәліметтерге сүйенгені дер едік. екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай, авторлар әншейін шежіре жазсам деп әуестенушілер емес, қазақ халқының тарихын, оның ішінде этнологиясын көптен бері зерттеумен айналысып жүрген білікті ғалымдар.

Солай дей тұрғанмен «қазақ шежіресі хақында» кітабында да қазақтың бүкіл тектік шжіресі, тарихы мен этнографиясы толық қамтылды дей аламаймыз. Бұл еңбекте көрсетілмей қалған, абайсыз қалып қойған кейбір маңызды деректер алдағы басылымдарда қамтылу тиіс деп ойлаймыз.

Мұнда басты назар аударарлық жайт, Х.Арғынбаетың қалыптасқан ғалым ретінде зерттелетін проблеманың ерекшелігін жан-жақты талдауы болып табылады. Ол Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстанның этникалық құрамндағы ру-тайпалардың өзгезелігін көрсете алады. Автордың кейінгі жариялымдары секілді, бұл еңбек жан-жақты ғылыми, әдеби тілмен жазылған және оқырманға түсінікті.

Ол мұрағаттық деректер, революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдегі жариялымдар негізінде ХҮІІІ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан аумағындағы алты обылыстағы және бөкей ордасындағы қазақ ру-тайпаларының орналасу аймақтарын зерттеген. Тәуелсіз қазақстанның құрыла бастаған кезінде екі көрші ұлы державалық мемлекеттер-Ресей және Қытай шекара мәселесін қайта қарастырып, Қазақстан аумағын өзіне қарай тартуды көздеген болатын. Ғалымның зерттеулері қазақ жерлеріне негізсіз көз алартушлардың империяшыл арандатушылық әрекетіне ғылыми тойтарыс беретін құнды еңбек екендігі даусыз/5/.


ӘДЕБИЕТТЕР
1.Арғынбаев Х., Мұқанов М.С., Востров В.В. Қазақ шежіресі хақында. Алматы, 2000,72 б.

2.Шәлекенов У.Х. Қазақ шежіресі//Егемен қазақстан.-2000, 5 сәуір.

3.Текібаев А.Ә. Заты-шежіре.//Түркістан.2000-5 сәуір.

4.Көмеков Б. Шежіре-ұлт жәдігер //Қазақ әдебиеті. 2000-9маусым.

5.Алдабергенов Қ.,Баткеева Б. тарихтың тарлан бірлігі//Сарыарқа самалы. 2004.30 қазан.
РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматриваются исторические, этнографические исследования Халела Аргынбаева.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Халел Арғынбаевтың тарихи-этнографиялық зерттеулері қарастырылады.




ҚЫЗЫЛОРДА ОКРУГЫ БОЙЫНША ІРІ БАЙЛАРДЫ ТӘРКІЛЕУ НАУҚАНЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗАРДАПТАРЫ.
Жолдасұлы Т. – магистрант

(Қызылорда қ., Қорқыт Ата атындағы ҚМУ)


Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет 1928 жылдың 27 тамызында қабылданған еді. Декрет бойынша тәркілеу науқаны 20 қыркүйекте басталып, 1 қарашада аяқталуға тиіс болды. Сонымен ірі байларға көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400 бастан жоғары малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300 бастан жоғары малы бар қожалықтар жатқызылды. Отырықшы аудандарда мұндай меже 150 бастан жоғары қарай болды. /1/ Тамыздың 30-да қабылданған Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы Қазақ АКСР ХКК-нің арнаулы қаулысымен көшпелі аудандарға Қызылорда округінен Арал, Қазалы, Аламесек, Қарсақпай аудандары жатқызылды. /2/ Енді осы аудандар бойынша ірі байлардың малдарын, дүние мүліктерін тәркілеу қалай жүзеге асырылғанына тоқталайық.

Жалпы Қазақстан бойынша барлығы 144 474 бас мал тәркіленсе/3/, Қызылорда округі бойынша алдын-ала жасалған жоспар бойынша 27 173 мал тәркіленуге тиіс еді. Іс жүзінде 54 байдан 56 720 бас мал немесе ірі қараға шаққанда 18 139 бас мал тәркіленген. /4/ Оның 14 228-і бөліске түскен. 4055-і ұжымшарларға, 10 173-і жеке шаруашылықтарға таратылған. /5/ Тәркіленген малдардың басым бөлігі – қой болды. Атап айтқанда, 43 490 бас қой, 5 989 бас жылқы, 4 318 бас түйе. Тәркіленген малдар 2 833 адамға бөлінген. /6/ Малдан басқа байлардан 29 киіз үй, 117 киіз, 10 мың бау шөп, 8 қыстау, 5 үй т.б. тәркіленіп, олар клубтарды, мектептерді жөндеу жұмыстарына, артельдерге жіберілді. /7/

Ірі байларды тәркілеу барлық күшті жұмылдыруды қажет етті. Қазақ АКСР-і ОАК-ң уәкілдері жан-жаққа аттанып, ұйымдастыру жұмыстарымен айналысты. Округтік және аудандық уәкілдер ауылдық жерлерге жіберілді. Барлық ауылдық жерлерде тәркілеуге байланысты түсіндіру, дайындық жұмыстары жүргізілді. БКП(б) аудандық комитетінің пленумдары, кедейлер мен батырақтар конференциялары, партия қатарында жоқ жастардың конференциялары шақырылып, ірі байлардың малдарын тәркілеу мәселесі қызу талқыланды. Комиссия жұмысына кедейлер мен батырақтар да тартылды. Байларды тәркілеу ісіне көмектесу үшін олардан жәрдемдесу комиссиясы құрылды. Бірақ мұндай комиссиялар көп жағдайда сенімнен шыға бермеді. Мәселен, Қызылорда және Шиелі аудандарының батырақтары мен кедейлері алғашқы кезде тәркілеуге қатысудан бас тартты. Кейіннен үгіт-түсіндірме жұмыстарының күштілігінен барып келісім берді. Халықтың негізгі бөлігі байларды күштеп тәркілеу саясатын белсенді қолдай қоймады. Олардың қатарында ауылдық жерлердегі коммунистік партияның мүшелері, кеңес қызметкерлері де болды. Рулық-туысқандық принцип бойынша құрылған топтар кедейлерді байлардын тәркіленген малдарды алудан бас тартуға шақырып отырды.

Науқан кезінде 601 түсіндірме жиналысы өткізіліп, 29 мың ер адам, 2400 әйел адамдарды қамтыды. Сонымен бірге кедейлердің 10 конференциясы өткізіліп, жергілікті халықтардан көмектесу үшін 36 комиссия құрылды. Комиссия құрамында 587 адам болған, оның 401-і кедей немесе батырақ, 51-і орташа, 10-ы жұмысшы немесе қызметкер. Ал қалған 125 адам туралы мәліметтер берілмеген. /8/

Байлардың малдарын тәркілеу науқаны кезінде «Партияның бастаған ісін аяғына дейін жеткізу үшін партия қатарына кіреміз. Партия қандай тапсырма берсе де орындаймыз, тіпті соғысқа да баруға дайынбыз. Партияның шақыруына БКП(б) қатарына кіру арқылы жауап береміз» деген жалынды ұрандармен барлығы 402 белсенді батырақтар мен кедейлер, орташалар, жұмысшылар партия мүшелігіне қабылдануға өтініш білдірді. /9/ Науқанды қыздыра түскен мұндай өтініштерді партия қолдап отырды.

Байлар тәркіленуден аман қалу үшін әртүрлі айла-шарғыларға барған. Олар мал-мүліктерін туысқандарына таратып, не болмаса ел асырып жіберді. Мұрағатта сақталған деректерге жүгінсек, осындай бірнеше оқиғаларды кездестіруге болады. Мәселен, Истаев деген бай уәкіл келгенше Аламесек ауданында тұратын қайын атасына 308 қойын, 22 жылқысын жасырып үлгірген. Сол сияқты С.Күнтай деген бай тұрмысқа шыққан қыздарына малдарын үлестіріп жіберген. Ал Манабеков 80 бас қойын, 4 түйесін 1 жылқысын Қызылқұмға жасырып үлгерген. Аталған үш бай да қамауға алынып, істері сотқа жіберілген. Сондай-ақ байлардың жасырын малдарын баққан бақташылар да туысқандары болғандықтан шындықты айтудан жалтарған. 20-ы ауылда тұратын бір байды тәркілеу кезінде оның тізімге алынған 12 түйесі, 1 жылқысы жоқ болып шыққан. Кейін анықталғандай оның малдары Қостанай округінде саудаға салынып тұрған жерінен табылған. /10/

Тәркілеу кезінде тәркіленуге тиісті алдын-ала жоспарланған малдардың есебі дұрыс жасалмады. Тіпті байлардың тізімдері де дұрыс берілмеген жағдайлар кездескен. Арал ауданы бойынша тізімде көрсетілген Тәжікбаев Айжан деген бай тексере келгенде бұл ауданда тұрмайтын болып шыққан. /11/ Мұндай жағдайлар барлық аудандарда кездесіп отырды.

Тәркілеу кезінде коммунистік партия мүшелерінің, аудандық уәкілдердің тарапынан дүние-мүліктерді заңсыз тартып алу, пара алу жиі орын алды. Аудандық уәкілдердің малдарды заңсыз тартып алу жағдайына Қызылорда округтік атқару комитетіне Қазалы ауданының бесінші ауылының тұрғыны М.Оразалиновтан түскен арыз дәлел бола алады. Ол 1928 жылдың 26 қарашасында үйде өзі жоқта келген уәкілдер құрдасы болып келетін К.Шортановтың малдары осы үйге жасырынған деген сылтаумен тінту жүргізіп, заңсыз 2 түйесін, 5 жылқысын айдап әкеткендігін айтып арызданған. /12/

1928 жылдың қыркүйегінің 13 мен қазанның 17-де қабылданған жартылай феодалдарды, ірі байларды тәркілеуге және жер аударуға қарсы тұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Қазақстан үкіметі мен өкіметі қабылдаған қаулыларда қосымша шаралар белгіленді. Сондай-ақ заңда тәркілеу және жер аудару шараларын болдырмай тастауға тырысушылар және тәркілеуге тиісті мал-мүлікті әртүрлі жолмен жасырып қалуға және жойып жіберуге тырысушылар қылмыстық кодекстің 58 және 59 баптарының тармақтары бойынша, ал жауапты қызметкерлердің осы бағыттағы әрекеттері қылмыстық кодекстің лауазымды қылмыстар туралы тарауларымен айыпталатын болды. /13/ Бұл заң ел ішінде жаппай дүрлігу, жазалау науқанын бастап берді. Мысалы, Тереңөзек ауданы бойынша малды жасырғаны үшін 5 адам жауапкершілікке тартылған, оның біреуі ауылдық кеңестің төрағасы.

8 аудан бойынша коммунистерден жауапқа тартылғандар саны 23 адам болды. БКП(б) қатарынан 5 адам шығарылып, 11-і сотқа берілсе, үшеуіне ескерту жасалды. Біреуінің ісі болыстық атқару комитетінің қарауына берілді. Қалған үшеуіне басқа да жазалау шаралары белгіленді.

Сондай-ақ комсомол қатарындағы 3 адам жауапқа тартылып, оның біреуінің ісі сотқа жіберіліп, екеуі комсомол қатарынан шығарылды. Ал, партия қатарында жоқ жауапқа тартылған 35 адамның алтауы ауылдық кеңестің төрағасы, біреуі кеңестің мүшесі, біреуі «қосшы» одағының ауылдық кеңесінің төрағасы болды. Бұлар байлардың малдарын жасыруға көмектескендері үшін, пара алғандары үшін жазаға тартылды /14/.

Тәркіленген малдарды үлестіру кезінде де кемшіліктерге жол берілген. Комиссия мүшелерінің ішінде 8 ден артық мал басы бар орташа тұратын адамдар тәркіленген малдарды өздері иемденіп қалған жағдайлар кездескен және екінші рет алғандары да болған /15/.

Сонымен зерттеу барысында Қызылорда округі бойынша тәркіленгендердің аты-жөнін тізіп көрсете кетуді жөн көрдік. Олар: Шиелі ауданы бойынша (жартылай көшпелі) Абдуходжаев Шамен, Аймағамбетов Баймахан, Есенжолов Айбет; Қызылорда ауданы (жартылай көшпелі) Есходжаев Абдухадық, Қарабаев Мәмбет, Жамағұлов Қасымбай, Ағайдаров Бердібек, Тақиев Ізтілеу, Мамқаров Тайша, Сақиев Дүйсеман, Байбағұлов Қирас, Сүлейменов Тәшібай; Аламесек ауданы (көшпелі) Тәжібаев Қыстау, Алпысбаев Мұхаджан, Шайменов Садық; Тереңөзек ауданы (жартылай көшпелі) Нұрманов Жұрғанбай, Бисембаев Шәнен, Нұрмақов Аймахан, Мұрғамбетов Саит, Нұрмағамбетов Китшекбай, Бағлымбаев Құлмағамбет, Бекбау Құлбай; Арал ауданы бойынша (көшпелі) Әлімбаев Қайып, Дағбаев Мергенбай, Құлсариев Мырзақұл, Қайымбетов Құлсары; Қармақшы ауданы (жартылай көшпелі) Ізтаев Қуан, Сәрсенбаев Күйрекбай, Жаманғұзов Мамыр, Қонтаев Рахмет, Тұрымбетов Дүйсен, Ахметов Қалам, Қобланов Қазхан, Бегенов Шам, Мамыров Қаумен, Қашапов Қабулда, Қашапов Досым, Жанпейісов Жакен, Тенелбаев Байжан, Тәжібаев Нығметбай; Қазалы ауданы бойынша (көшпелі) Жанаев Ерімбет, Көтібаров Мұса, Қоспанов Мырзабай, Бәйдібаев Бектібай, Бекжанов Нұрасыл, Айкенов Әйімқұл, Көтібаров Әлдебай, Шортанов Керейбай; Қарсақбай ауданы бойынша (көшпелі) Тшанбаев Мәмбетбай, Көрпеев Арын, Қасқабаев Халенхан, Жаубасаров Байшуақ, Шүленбаев Әлімбек, Мінайдаров Өмірбек.

Тәркіленген 54 байдың барлығ,ы ірі бай болмағанын мұрағат материалдары дәлелдейді. Жіктеп айтар болсақ, жартылай көшпелі Шиелі ауданынан тәркіленген Абдуходжаев Шәменнің ірі қараға шаққанда 189 малы, Тереңөзек ауданынан Нұрмақов Аймаханның 35 малы, Қармақшы ауданынан Қобыланов Қазханның 60 малы, Тәжібаев Нығметбайдың 50 малы, Тенелбаев Байжанның 110 малы, Жаманғұзов Мамырдың 180 малы, Қашапов Қабулданың 231 малы, Ахметов Қаламның 262 малы ғана болған. Көшпелі аудандарға жатқызылған Аламесек ауданында Алпысбаев Мұхатжанның 82 малы, Шайменов Садықтың 212 малы, Арал ауданында Қайымбетов Құлсарының 219 малы, Дағбаев Мергембайдың 311, Құлсариев Мырзағұлдың 317 малы, Қазалы ауданында Қоспанов Мырзабайдың 269 малы, Жанаев Ерімбеттің 337 малы, Бекжанов Нұрасылдың 377 малы, Шортанов Керейбайдың 341 малы, Қарсақбай ауданында Қасқабаев Хасенханның 9 малы, Мінайдаров Өмірбектің 20 малы, Көрпеев Арынның 270 малы, Тшанбаев Мәмбетбайдың 349 малы болған /16/. Сонда көріп отырғанымызда тіпті 9-20 малдары барлардың өздері тәркіленуге ұшыраған.

Байлардың тек малдары, дүние-мүліктері ғана тәркіленіп қойған жоқ, оларды жер аударып, туған жерінен, туысқандарынан айырды. 30 тамызда Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі ірі байлар жер аударылатын аудандарды анықтады. Ол мынадай тәртіппен жүзеге асырылды: Байлар Жетісу және Сырдария округтерінен – Орал, Орал округінен – Жетісу, Гурьевтен – Петропавл, Қарқаралы округінен – Қостанай, Семейден – Сырдария, Павлодардан – Ақтөбе, Петропавлдан – Ақтөбе, Қызылордадан – Адай, Ақмоладан – Гурьев, Ақтөбеден – Қарқаралы, Қостанайдан – Семей округтеріне жер аударылатын болып белгіленді. /17/ Мұның қандай зардаптары болғаны белгілі. Бұл қазақ халқына үлкен қайғы қасірет әкелді.

Қорыта айтқанда қазақ байларының малдарын тәркілеуден кедейлер еш нәрсе ұтпады. Бұл науқан қазақ даласындағы дәстүрлі мал шаруашылығын күйретуге әкелді. Партияның жіберген ең үлкен қателіктерінің бірі осы науқан еді


әдебиеттер

1. .Омарбеков Т.20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті.Алматы,1997 , 94 б.

2. Сонда 95 б.

3. Омарбеков Т.20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті.Алматы,1997 , 84 б.

4. ҚОММ (Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты) 2 қор.1 тізбе,1-іс.7-п.

5. Сантаева К.Тәркілеу науқанының мал шаруашылығына ықпалы.//Қазақ тарихы. 2000 . №3, 27 б.

6. ҚОММ 2 қор, 1 тізбе. 1-іс.7 п.

7. ҚОММ 2 қор, 1 тізбе. 1-іс.9 п.

8. ҚОММ 2 қор, 1 тізбе. 1-іс.7-8 п.

9. ҚОММ 2 қор, 2 тізбе. 11-іс.52 п.

10. ҚОММ 2 қор, 2 тізбе. 8-іс.198 п.

11. ҚОММ 2 қор, 2 тізбе. 7-іс.62 п.

12. ҚОММ 2 қор, 2 тізбе. 3-іс.20 п.

13. .Омарбеков Т.20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті.Алматы,1997 ,.96 б.

14. ҚОММ 2 қор, 2 тізбе. 11-іс.69 п.

15. ҚОММ 2 қор, 2 тізбе. 5-іс.4 п.

16. ҚОММ 2 қор, 2 тізбе. 11-іс.12-13 п.

17. ҚОММ 2 қор, 1 тізбе. 2-іс.3 п.

ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада 1928 жылғы байларды тәркілеуге арналған декретке байланысты Қызылорда округіндегі осы бағыттағы шаралар мен,оның зардаптары айтылған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвещена кампании конфискации баев в Кзылординском округе конца 20-х годов ХХ в.

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет