§ 88. Бұйрық рай Етістік сөздерінің лексикалық мағынасындағы айтылған іс, қимыл, амал
тек аталып қана қоймай, белгілі жаққа айтылады. Сөйлеуші адам істелуге
тиісті істі, қимылды не тыңдаушы адамға не бөгде біреуге, я бөгде бірдемеге
қаратып айтады. Мысалы: бар, күл, оқы, жаз, сөйле, дегенде немесе барғыз, келтір, оқыт,жаздыр, сөйлеттір дегенде қимыл, амал тыңдаушы ( ІІ
жақтағы) адамға қаратып, міндеттеп айтылса, барсын, келсін, оқысын, жазсын, сөйлесін, барғызсын, келтірсін, оқытсын, жаздырсын сөйлетсін дегенде сол қимыл, амал бөгде (ІІІ жақтағы) адамға қаратып, міндеттеп
айтылады.
Іс, қимыл, амалды орындау біреуге міндеттей, бұйыра айтылатын етістіктің райы б ұ й р ы қ р а й деп аталады. Бұйрық рай сөйлеуші, тыңдаушы (бөгде) адамдарға қаратылып айтылады.
Сондықтан бұйрық райда да үш жақ болады. Бірақ бұйрық райдағы жақ ашық
райлы етістіктің жіктелуіндегі жақтан өзгеше. Өйткені жіктік жалғаудағы
жақта істің істелгендігі, істеліп жатқандығы, істелгендігі және оны істеуші
жақ көрсетіледі. Ал бұйрық райда әлі істелмеген, басталмаған іс, қимыл,
амалдың кімге арналғандығы көрсетіледі. Сондықтан бұйрық райда шақтық,
мезгілдік ұғым жоқ та, тек істі қай жақтағы адам істеуге тиісті екендігі
көрсетіледі.
Істелуге тиісті іс, қимыл, амал негізінде тыңдаушы (ІІ жақтағы) адамға
және бөгде (ІІІ жақтағы) адамға жүктеле, міндеттеле, бұйыра айтылады.
Сондықтан да қазақ тілінде етістіктің негізгі түбірі де, туынды түбірі де
жекеше ІІ жақ бұйрық райға тең болады. Мысалы: Ал, бер, тыңда, көр, байла, жар, сана, ойла, шегеле, алма, берме, тыңдама, көргіз, байлат, жарғыз т.б.
219
Бұйрық райдың ІІ жағының анайы түрімен қатар сыпайы түрі де болады.
Бұйрық райдың (ІІ жағының) сыпайы түрі етістіктің түбіріне, яғни ІІ жақ
бұрық райдың анайы түріне, -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз жұрнақтары жалғану
арқылы жасалады. Мысалы: қара + ңыз, сөйле + ңіз, жаз + ыңыз, кел + іңіз. Бұйрық райдың екінші жағының көпше түрі де болады. ІІ жақ бұйрық
райдың анайы түрінің көпшесі етістіктің түбіріне –ң, -ың,- іңжұрнағы
жалғанып, одан кейін көптік жалғау қосымшасы жалғану арқылы жасалады.
(бар + ың +дар, кел+ің +дер, тыңда + ң + дар, сөйле +ң +дер). Бұйрық
райдың ІІ жақ сыпайы түріне көптік жалғау қосымшасы жалғану арқылы ІІжақ
бұйрық райдың сыпайы түрі жасалады. (бар +ыңыз +дар, кел+іңіз+ дер, тыңда +ңыз +дар, сөйле +ңіз +дер). Бұйрық райдың үшінші жағы етістіктің түбіріне, яғни бұйрық райдың ІІ
жағына, -сын, -сін жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Ол бар + сын, барғыз+сын, кел+ сін, келтір+сін, оқы+сын, оқыт+сын, айт+сын, айтқыз+сын. Үшінші жақ бұйрық райдың еопше түрінің арнайы қосымшасы жоқ,
жекеше, көпше түрі бірдей (ол барсын, олар барсын, олар келсін; ол айтсын, олар айтсын). Бұйрық райдың бірінші жағының, ІІ және ІІІ жақпен салыстырғанда,
мағыналық жағынан кейбір ерекшеліктері бар. Бұйрық райдың ІІ және ІІІ
жағында қимыл, амал сол жақтарға бірінші жақ тарапынан таза бұйрық
түрінде айтылады.
Ал бірінші жақта ондай таза бұйрық болуы мүмкін емес. Сөйлеуші адам
өзіне-өзі бұйырмайды. Бұйрық райдың бірінші жағы жекеше түрінде бір
нәрсені істеуге сөйлеушінің шешімін білдіреді де, көпше түрінде белгілі
қимыл, амалды істеуге өзге адамдарды шақыру, ұйымдастыру түрінде
айтылады. Сондықтан бұйрық райдың бірінші жағының ұғымы ұйғарынды
бұйрық, өзгелерді де белгілі қимылды, амалды істеуге жұмылдыру,
ұйымдастыру, шақыру түрінде түсініледі.
Бұйрық райдың бірінші жағы көсемшенің -а, -е, -йжұрнағынан соң
жекеше түрінде -йын, -йін жұрнағы, көпше түрінде - йық , - йік , - лық, -лік жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-а+йын, кел+е+йін, бар+а+йық, кел+е+йік, бар+а+лық, кел+е+лік. 1. «Не болса да бағымды сынап көрейін»,- деп, сандықты арқалайды да, жыланның айтқан жеріне келеді. 2. Ендеше, төртеуміз жолдас болайық, - дейді.(Қ. Е. )
3. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық (Ы. А.) Бұл сөйлемдердегі көрейін, болайық, оқылық, тоқылық деген етістіктер
бұйрық райдың І жақ тұлғасында келіп тұр да, көрейін, болайық дегендер
бірінші жақта бір ен бірнеше адмдардың сол қймылды, амалды істеуге өзімен
бірге өзге адамдарды шаұыратындығын, ұйымдастырушылықты,
жұмылдырушылықты көрсетеді.
Б ұ й р ы қ р а й д ы ң к е с т е с і
Бұйрық райдан кейін -шы, -ші жұрнағы жалғанып айтылса да, бұйрық
рай мағынасы өргермейді. Мысалы:
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
жекеше
көпше
жекеше
көпше
жекеше
барайын+шы
келейін+ші
тыңдайын+шы
сөйлейін+ші
барайық+шы
келейік+ші
тыңдайық+шы
сөйлейік+ші
бар+шы
кел+ші
тыңда+шы
сөйле+ші
барыңдар+шы
келіңдер+ші
тыңдаңдар+шы
сөйлеңдер+ші
барсын+шы
келсін+ші
тыңдасын+шы
сөйлесін+ші