Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педагогтық қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даярлық-психологиялық ерекшелік- тері мен қәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы.
Педагогикалық қабілеттер - педагогикалық шеберліктің жедел жетілуіне ықпал жасайды.
Педагогикалық қабілеттер педагогикалық процесті жылдамдатып, оның өнімділігін арттырады.
Педагогикалық қабілеттерді зерттеген ғалымдар Н.В. Кузьмина, Н.Д. Левитов, Ф.Н. Гоноболин, В.А. Сластенин, В.А. Крутецкий, С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов т.б.
Н.В. Кузьмина педагогикалық қызмет арқылы педагогикалық қабілеттер дамып жетілуі де, керісінше жетілмей деформацияға да ұшырауы мүмкін, егер мұғалім олардың мәнін, оларды дамыту технологияларын меңгере алмаса.
Гностикалық қабілеттер - мұғалімнің педагогикалық процесті, құбылыс- тарды, объектілерді зерттей, диагностикалай білу қабілеттері.
Академиялық біліктілік - өзін-өзі жетілдіру, дамыту, өзінің өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жандық, рухани күш-қуатын сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі объективтік процесс. Ең алдымен ақыл–ой мен ойлауын жетілдіру болып табылады. Оның негізгі жолы ақыл–ой операцияларын: байқағыштықты, салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын жаттығулар. Ойлау әрекеттері: анализ, синтез, индукция, дедукция, абстрактты ойлау, қорытынды жасау әдістерін меңгеру арқылы іске асады.
Коммуникативтік біліктілік – ол түрлі жастағы балалармен, жастармен, ересектермен қарым–қатынас жасай білу үрдісі. Қарым–қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, ымдау, сөз. Балалармен қарым-қатынас жасау қабілеті, олармен қарым-қатынас жасауда дұрыс тәсіл таба алу, олармен, педагогикалық көзқарас тұрғысынан, орынды өзара әрекеттесуді орнату іскерлігі, әдептілігі жатады. Сонымен, коммуникативтік қабілеттер вербалды және вербалды емес іскерліктері арқылы жүзеге асады. Вербалды емес қабілеттерге байқағыштығы, назары, елестету қабілеттерін жатқызуға болады.
Бұл біліктілікті жетілдіру үшін теориялық білім, одан кейін жеке дара практика және тәжірибе керек.
Достарыңызбен бөлісу: |