Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет21/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

Проективтік деңгей дегеніміз – педагогтық әрекеттің мақсаттарына, оқу-тәрбие ақпараттарының мазмұнының композициясына, оқушы алдында беделді болу тәсілдерін меңгеруде, оқушыларды әр түрлі әрекеттерге және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге жұмылдыруда, өз әрекетінің кемшіліктерін тауып, оны жою тәсілдерін игеру жолында сезімталдық көрсету деңгейі жатады. Педагогтың тұрақты тұлғалық сапалары оқушылардың білімі мен тәртібінің бір қалыпты тұрақты болуына да әсер етеді.
Педагогикалық қабілеттілік іс-әрекет арқылы қалыптасады. Оларды кез -келген педагог өзінің дара ерекшеліктеріне байланысты игере алады.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Педагогикалық қызметте кәсіптік білім қандай рөл атқарады?
2. Кәсіби білімнің қандай түрлерін білесіз?
3. Педагогикалық қабілеттер деген не?
4. Мұғалімнің педагогикалық қабілеттері бір - бірімен байланысты ма?
5. Педагогикалық қабілеттерді калай дамытуға болады ?
6. Педагогтың тұлғалық сапаларына нелерді жатқызамыз?
7-ші дәріс Педагогикалық шеберлікте актерлік шеберліктің элементтері.
1. Педагогикалық қызметпен актерлік қызметтің арасында жалпы ұқсастықтар
және айырмашылықтар.
2. К.М.Станиславскийдің жас актерлерге берген кеңестері.
3. Мұғалімдер дайындау жүйесінде педагогикалық шеберлік негіздерін қалып- тастыру жолдары.
Әдебиеттер:
1.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие- М.: Проспект,2005.стр.55-57.
2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.
3.Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для спец. Высших учебных заведений. М.: Просвещение,1989.
4.Основы педагогического мастерства.Упражнения.Тесты.Советы начинающему педагогу.Учебно-методическое пособие/ Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.
5.Леонтьев А.А. Педагогическое общение.-М.: 1996.
6.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства:учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы, оның шығармашылық қабілетін дамытудың шарты болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекет профессионалдықтың әр-түрлі деңгейінде жүзеге асып, түрлі нәтиже береді. Әрбір оқытушы кәсіби өсуге және педагогикалық шеберлікке ұмтылады. Педагогикалық шеберлікті игеру студенттік кезден басталады.
«Педагогика әрі ғылым, әрі өнер», - деген ой аудиторияда жиі айтылады. Олай айтылудың себебі де бар. Педагогика теориялық жағынан алғанда ғылым, ал тәжірибелік жағына келгенде - ол өнер. Өнердің талантпен шеберліктен туындайтыны баршаға белгілі. Педагогикалық өнер мен театралдық өнердің ұқсас жақтары көп. Сондықтан мұғалімге актерлік қызметтің заңдылықтарын, принциптерін білу маңызды.
«Талант - адамның еркі мен шығармашылығының жиынтығы», - деген К.М.Станиславский.
Өнер туындыларын толық, терең қабылдау үшін, белгілі бір даярлық, арнайы білім керек. Әсіресе, педагогтың шығармашылық қабілетін дамыту үшін актерлік өнерден үйренудің маңызы зор.
Педагогикалық артистизм туралы зерттеулер жургізген Ш.А. Амонашви- ли, О.С. Булатова, В.И. Загвязинский, А.С. Макаренко, Ю.П. Азаров, И,А.Зязюн, В.А. Кан-Калик, Н.Д. Никандров, Г.А. Гарипова т.б.
Шетел тілінің сөздігінде «артистизм» деген ұғым - көркемдік дарындылық, немесе бір істі жоғары деңгейде шебер орындау деген мағынаны білдіреді. Г.А. Гарипова театралдық педагогиканың жетістіктерін оқу-тәрбие процесінде қолдана білудің болашағы зор деген пікір айтқан.
Г.А. Гарипова «артистизм» деген ұғым үш маңызды қасиеттердің жүйесін құрайды деген: психофизикалық, эмоционалды – эстетикалық, көркемдік – логикалық. Педагогикалық артистизм жоғарыда аталған ғалымдардың пікірінше мұғалімнің ойлай, сөйлей, қозғала білу қабілеттеріне, оның интуициясына, фантазиясына байланысты болып келетінін сөз еткен.
Педагогикалық шеберлікті қалыптастыруда актерліқ қызметтен үйренуге болады. А.С. Макаренко: «Жаттығулар арқылы теория мен практиканың арасындағы алшақтық жойылады»,-деген. Мұғаліммен актердің қызметтерінде көптеген ұқсастықтар бар: олар өздерінің даусын, көңіл-кұйін, денесін меңгере білулері керек, екі маман иелері де аудиториямен жұмыс істеуде аудиторияның назарын өздеріне аудара білулері қажет.
Педагогикалық қызметпен актерлік қызметтің арасында жалпы төменде- гідей ұқсастықтар бар:
- мазмұндық ерекшелік - екі қызметте адамдардың дара ерекшеліктеріне қарай
ынтымақтастық әрекеттесу арқылы өтеді. Сондықтан, мамандарға жақсы ком-
муникативтік қабілеттер қажет. Бұл ерекшеліктің іске асуында үш кезең
болады: дайындық, техникалық, болашақ істі ойластыру, жоспарлау,
ойды іске асыру, орындау;
- мақсаттылық ерекшелік - басқа адамға ықпал жасауда, эмоционалдық күйзелі-
стің болуы;
- инструменталдық ерекшелік - актердің психофизикалық табиғаты ықпал
жасау инструменті ретінде;
- процессуалдық ерекшелік - шығармашылық көпшілік алдында өтеді, уақытқа
шектеулі, нәтиже өзгермелі, уайым ортақ, шығармашылықтың ұжымдық
сипатта өтуі;
- құрылымдық ерекшелік - материалды саралау, мәселені белгілеу, ойдың пайда
болуы, оның іске асуы, нәтижені саралау, тузету еңгізу;
- концептуалдық ерекшелік - тәрбиешінің әлеуметтік функциясының іске асу-
ында интуицияның, сезімнің, шабыттың кәсіби эмоциялардың болуы,
автоматандырудың орын алмауы.
Сонымен қатар, бұл қызметтердің арасында айырмашылықтар да бар: актерге сценарийді режиссер жазады, ол біреулердің рөлін ойнайды, ал мұғалім өзінің рөлін ойнайды, ол әрі актер, әрі режиссер, ол туралы пікір айтқан О. С. Булатова.
Мұғалім актердей аудиторияның алдында тұрғанда тыңдаушылардың назарын өзіне бірден аудара алатындай қабілеттерін жоғары дәрежеде дамытуға тырысуы керек.
Атақты режиссер К.М. Станиславскийдің жас актерлерге берген кеңес-тері жас мұғалімдерге де қатысы бар. Ол «Өзіңді-өзің жақсы біле отыра, дұрыс тәртіпке келтіруге тырыс», «сахнаға шығарда тек өзінің сырт келбетін жөнге келтірумен қатар, ішкі жан дүниесін дайындауы керек, сонда ғана мұғалім актер сияқты өзін ұстай алады», - деген. Аудиториямен әрекеттесу қабылдаудан басталады дей отыра К.М.Станиславский жас актерлерге төмендегідей кеңестер берген:
1. Сахнаға шығып белгілі бір объектіні белгілеу;
2. Сол объектіні тауып назарын өзіне аудару;
3. Сол адамның көзіне қарап, ішкі жан дүниесін зерттеу;
4. Өзінің ойын сол объектіге жеткізуге тырысу;
5. Объектінің қабылдауы: басын изеуі, ымдау, кірпік қағу т.б.
К.М.Станиславскийдің жас актерлерді байқағыштығына қарай төрт типке бөлген:
1. Инициативасы бар, елестету қабілеті жақсы, ондай актерлермен жұмыс істеу
жеңіл.
2. Инициативасыз, тез қабылдайды, әрі қарай өзі дамыта алады, оларға көмек
берсең, жақсы нәтиже көрсетеді.
3. Көмекті қабылдайды, бірақ әрі қарай дамыта алмайды, ондай актерлермен
жұмыс жасау қиын.
4. Өзі ештеңе ұсынбайды, бергенді дұрыс қабылдамайды, ондай адамдар актер
бола алмайды.
Бұл айтқан ойлары, кеңестері мұғалімдік қызметке де қатысты екенін байқаймыз.
Мұғалім де актер де адамгершілігі мол, еңбекқор, шығармашылығы бар адам болулары тиіс.
Педагогикалық қызметте әзілдесудің де орны ерекше.
Неміс философы И. Кант әзілдесе білу ол жақсы көңіл-күйде бола білу таланты деген. В.А. Сухомлинский тәрбиеде әзілдесу проблемасына үлкен мән берген. Оның мектебі балаларға қуаныш сыйлайтын орта болған. Жақсы әзіл мұғаліммен оқушының арасында жақсы көңіл-күй тудырып, денсаулықты сақтауға ықпал жасап, стрестік жағдайды төмендетуге әсер етеді. Оқушымен абайлап сақтықпен қарым-қатынас жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана емес, талап қоя білуінен де байқалады.
Педагогтың юморлық сезімі оқушы тұлғасын өзін жетілдіруге рух, дем беруіне, оң көңіл күйді ұстап тұра білу қабілетіне негізделеді. Бірақ, юмордың теріс жақтары болмауы тиіс.
Педагогикалық шеберлікке жету жолында тәжірибеде педагогикалық артистизмнің тәсілдерін меңгерудің маңызы зор.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Педагогикалық қызметтің актерлік қызметпен ұқсастығы қандай?
2. Қандай айырмашылықтарын білесіз?
3. К.М.Станиславскидің жас актерлерді неше типке бөлді?
4. Педагогикалық қызметте юмор не үшін қажет?
5. «Артистизм» деген ұғым қалай түсінесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет