Кепіл түрлері:
а. Ипотека — кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары, ғарыш объектілері, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Бөлінетін жемістер бөлген кезден бастап үшінші жақтың құқықтарының объектісі болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәні бола алады. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары мен ғарыш объектілері ипотекасы осындай объектілерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарда тіркелуге тиіс.
ә. Кепілзат — кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі. Кепіл ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепіл ұстаушының құлпы салынып, мөрі басылып, кепіл салушыда қалдырылуы мүмкін. Кепіл мәні кепіл туралы куәландырылатын белгілер салынып (анық кепіл), кепіл берушінің иелігінде қалдырылуы мүмкін.
б. Құқықтарды кепілге салу кезінде иеліктен айырылуы мүмкін мүліктік құқықтар, атап айтқанда, кәсіпорындарды, құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды жалға беру құқықтары, шаруашылық серіктестік мүлкіндегі үлеске құқық, борыштық талап қою, авторлық, өнертапқыштық және өзге де мүліктік құқықтар кепіл мәні болып табылады. Жер учаскесіне құқықтарды, сондай-ақ өзге табиғи ресурстарға құқықтарды кепілге беруге, жер және өзге табиғи ресурстық заңдарда белгіленген шектер мен ережелер бойынша жол беріледі. Мерзімді құқық оның әрекет жасау мерзімі біткенге дейін ғана кепіл мәні бола алады. Кепіл құқығының борышқоры кепіл туралы хабардар болуға тиіс. Егер кепілге салынатын құқық құжатпен расталатын болса, кепіл шарты құқық белгілеуші құжатты беру арқылы ресімделуі мүмкін.
Кепілдік және кепіл болушылық. Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң ақтілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді.
Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.
в. Кепіл болушылық немесе кепілдік шарттарының негізінде кепілдік және кепіл болушылық пайда болады. Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілдік немесе кепіл болушылык шартының жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.
Кепілпұл. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа жене шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома кепілпұл деп танылады. Кепілпұл жазбаша нысанда жасалады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |