7-параграф. Бюджеттік кредит бойынша берешекті, оның ішінде мерзімінен бұрын өндіріп алу есебінен өндіріп алынған және (немесе) өтеу есебіне берілген мүлікті сату және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыру, сондай-ақ бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредит берушінің талаптарын тоқтату тәртібі.
661. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған мүлік сенім білдірілген өкілдер (агенттер) және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган арқылы сатылуға жатады.
Сенім білдірілген өкілдер (агенттер) конкурстық негізде мамандандырылған ұйымдарды немесе тиісті лицензиялары бар өзге ұйымдарды тарту жолымен мүлікті ашық аукционда конкурстық негізде сатады және сатудан түскен қаражатты республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін шығыстарды төлеуді бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Кредит берушімен келісім бойынша бюджеттік кредитті, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеу инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру пайда болған қарыз алушының немесе түпкі қарыз алушының мүлігімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мүлікті сату кезінде кредит беруші талаптарының мөлшері республикалық бюджет кірісіне түскен қаражат сомасына азаяды.
662. Кейбір жағдайларда берешекті өтеу есебіне және (немесе) бюджеттік кредитті өтеу есебіне, оның ішінде мерзімінен бұрын берілетін өндіріп алынған мүлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады.
663. Мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган растайтын құжаттардың негізінде сенім білдірілген өкілмен (агентпен) және/немесе сот орындаушысымен, конкурстық басқарушымен, бюджеттік кредиттер бойынша берешекті өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдауды ұйғаратын қарыз алушымен келісім жасасады.
664 Сенімхат негізінде әрекет ететін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның өкілі осы Ереженің 663-тармағында анықталған жасасқан келісімге сәйкес қабылдап алу-беру актісі бойынша мүлікті қабылдайды және мүлікке меншік құқығын тіркейді.
665. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде немесе мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредит беруші талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады. Бюджеттік кредиттер бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікті бағалау тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
666. Бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредит берушінің талаптарын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
667. Олар бойынша талаптар кредит берушінің талап-арызы қанағаттанудан немесе ішінара қанағаттанудан бас тартылғаны туралы заң күшіне енген сот шешімдері негізінде таратылған қарыз алушылардың берешегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредит берушінің есептен шығаруына жатады.
12. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар
1-параграф. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қарыз алу тәртібі
668. Осы параграфта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Банк - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кепілдік берген қарыздарға, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге өкілеттік берілген банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
банк-кепілгер - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе шетелдік банк. Қазақстан Республикасының кепілдік беретін екінші деңгейдегі банкін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын ақшалай нысанда атқаруды көздейтін банктік кепілдемелер беруге заңды лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердің атауын қамтитын тізбеден бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган анықтайды;
бизнес-жоспар - алдағы қарыз жылындағы төлемдер мен кіріс көздерінің түрлері туралы кесте қамтылатын алдағы қаржы жылына арналған қарыз алушы әзірлейтін құжат;
қарыз алушы - негізгі борышты өтеу және сыйақыларды, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер жүктелген қарыз қаражатын алған қарыз шартының тарабы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қарыз алушы болып бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган әрекет етеді;
кепілгерлік шарты - тараптардың мемлекет кепілгерлігін беру туралы құқық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз бойынша облигациялар ұстаушылардың өкілі арасындағы жазбаша келісім;
облигациялар ұстаушылардың өкілі - бағалы қағаздардың қайталама нарығында инфрақұрылымдық облигацияларды айналдыру, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу және оларды өтеу үстінде эмитентпен жасалған шарт негізінде қарыз берушілер мүддесінде әрекет ететін ұйым;
жергілікті атқарушы орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы;
мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша алдағы төлемдерді қамтамасыз ету жүйесі - қарыз алушының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы шарты салым шотын ашуы, сондай-ақ қарыз алушы тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу туралы қарыз алушының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның алдында банктің кепілдігін беруі;
шартты салымның арнайы шоты (қызмет көрсету шоты) - қарыз алушының Қазақстанның Даму Банкінде ашылған және тек қана мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша алдағы төлемдерді өтеуді қамтамасыз етуге ғана арналған арнайы шартты салым шотында ақшаның бөлігін мерзімді төлеу арқылы міндетті жинақтамасы;
шартты салымның арнайы шотындағы (қызмет көрсету шоты) қаражат қарыз туралы шартқа (келісімге) сәйкес алдағы төлем күніне дейінгі отыз бес күн бұрын негізгі борыштың, есептелген пайыздардың (сыйақының), сондай-ақ өзге де төлемдердің алдағы төлемдерінің жүз пайызы мөлшерінде белгіленеді;
арнайы несие шоты - Банкте тек концессия объектісін құру үшін пайдалана алынатын инфрақұрылымдық облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты есепке алу үшін ашылған арнайы несие шотында ақша бөлігінің кезеңді төлемдері арқылы қарыз алушының міндетті жинағы.
мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және қарыз алушының арасындағы мемлекеттік кепілдік беру туралы тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді атқарған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджеттің қаражатын қайтару бойынша мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі келісім;
концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым - концессия мәселелері бойынша қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;
түпкі қарыз алушы - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын қарыз алушы анықтаған шарттарда қарыз қаражатын түпкі алушы;
бағдарламалық сыртқы қарыз – бағдарламалық жобаны қаржыландыруға тартылатын сыртқы үкіметтік қарыз түрі;
бағдарламалық жоба – институционалдық дамуға бағытталған, сондай-ақ республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінде бюджеттік қолдау ретінде сыртқы қарыздар қаражаты есебінен іске асырылатын іс-шаралар жиынтығы.
669. Қабылданған макроэкономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен республиканың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың көлемдері мен құрылымының негізінде үкіметтік қарыз алу мен борыштың алдағы болжамды кезеңіне арналған жыл сайынғы жай-күйін бағалау және болжауды жүргізеді.
670. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандарын және шарттарын, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін үкіметтік борышты өтеу және қызмет көрсету көлемдерін анықтайды.
2-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен қарыз алуы
671. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы шешім қабылдайды.
672. Халықаралық капиталдар нарықтарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару үшін:
1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әріптестерін анықтау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамалар дайындау жүзеге асырылады.
3-параграф. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы
673. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан сыртқы қарыз тартуды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мыналар:
жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне оң экономикалық қорытынды;
жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесі не бекітілген бағдарламалық құжат;
әрбір бюджеттік инвестициялық жоба және/немесе бағдарламалық жобаны іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттік комиссияның оң шешімі негізінде жүзеге асырады.
Жоғарыда санамаланған құжаттардың көшірмелерін мүдделі мемлекеттік орган қарыз жөнінде келіссөздер жүргізгенге дейін 10 күн бұрын бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
Республикалық бюджеттік комиссия шешімінде үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландыруға болжанған жобаны қаржыландыру көздері белгіленеді.
674. Бағдарламалық сыртқы қарыздар әкімші іс-шараларды іске асыру басталатын бірінші жылдың алдындағы қаржы жылында бюджеттік өтінімнің құрамында берген және жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіндегі іс-шаралардың тізбесі мен есептеулерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сараптамаларды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысын ұсына отырып, іс-шаралардың жүзеге асырылуын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын бағдарламалық құжатының іс-шаралары бойынша іске асырылады.
675. Бағдарламалық жобалар бюджеттік бағдарлама әкімшісі бекітетін бағдарламалық құжат негізінде іске асырылады.
Бағдарламалық құжатты бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлейді және жобаны әзірлеудің барлық кезеңіне арналған іс-шаралар мен есептер тізбесін, сондай-ақ пайдалар мен шығындардың экономикалық талдамасы негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Бағдарламалық құжат салалық сараптамаға және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да сараптамаларға жатады.
676. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бағдарламалық құжаттың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікті артады.
677. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мыналарды:
1) қаржыландыруға ұсынылған жоба, күтілетін қарыз шарттары бойынша кредит берушілермен келіссөздер ұйымдастыруды және өткізуді;
2) шарттардың қолайлылығын және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалауды;
3) қарыз шарты мен ілеспе құжаттардың жобаларын дайындауды;
4) қарыз қаражатын пайдалану қатынастарын, оны өтеу мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның түпкілікті қарыз алушылармен, қарыз алушылардың агенттермен қарыз бойынша міндеттемелерінің есебін жүргізетін және қызмет көрсететін ұйымдармен қатынастарды реттейтін құжаттарды дайындауды және ресімдеуді қамтитын дайындықтарды жүзеге асырады.
678. Үкіметтік қарыз бойынша құжаттамаларды келісуді мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
679. Ресімделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
680. Қарыз шарты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялауына жатады.
681. Қол қойылған қарыз шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркеуге жатады.
Қарыз шартын ратификациялау немесе капиталдың сыртқы нарықтарында мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы жөніндегі құжаттарға қол қою нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қарыздың сәйкес келуі туралы заңды қорытынды ресімдейді.
682. Сыртқы үкіметтік қарыздар/байланысқан гранттар бойынша алынған қаражат республикалық бюджетте көрсетіледі және Қазақстан Республикасының жоспарлы жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес оның атқарылу ретіне қарай пайдаланылады.
683. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыздар жөніндегі атқарушы агенттердің (түпкі қарыз алушылардың, банктердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) міндетті түрде ұсынған, сондай-ақ кредит берушілерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негізінде сыртқы қарыздардың қаражатын есепке алуды жүзеге асырады.
684. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп қарыздар жөнiндегi атқарушы агенттердiң (түпкi қарыз алушылардың, банктердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң) мiндеттi тәртіпте ұсынған, сондай-ақ қарыз берушiлерден немесе донорлардан алынған ақпараттары негiзiнде үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар қаражатының игерілуіне мониторинг жасауды жүзеге асырады. Атқарушы агенттердiң ақпараттарды ұсыну нысаны мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4-параграф. Үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру
685. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi:
1) белгiленген штат саны шегiнде жобаны iске асыруға жауапты құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;
2) кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде жобаны қаржыландыру көлемiн белгiленген тәртiппен жоспарлайды;
3) қарыз шартында көзделген рәсiмдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу жолымен жобаны iске асыруды жүзеге асырады;
4) қарыз берушiмен келiсiлген конкурстық комиссияның шешiмi негiзiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсететiн қызметтердi сатып алуға келiсiм-шарттар жасасады;
5) жасасқан келiсiмшарттардың мониторингiн, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражатының және қазақстандық тарапының бiрлесiп қаржыландырған қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
6) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен негізделген себептері мен қажетті растайтын құжаттарды ұсына отырып, қарыз шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, оның iшiнде қарыз санаттары бойынша қаражатты қайта бөлу, қарыздың қаражатына қол жеткiзу және қарыз қаражатын жою мерзiмiн ұзартуды келiседi.
Егер қарыз шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді талап еткен жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісі техникалық-экономикалық негіздемеге немесе бағдарламалық құжатқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енігізу бойынша рәсімдер өткізеді.
Техникалық-экономикалық негіздемеге немесе бағдарламалық құжатқа енгізілетін өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі бекітуі тиіс.
686. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қарыз алушы ретiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
1) осы Ереженiң 11-тарауыың 3-параграфымен регламенттелетiн егер ол қарыз шартында немесе жобаларды қаржыландыру схемасында көзделген жағдайда жобаны iске асыруға қатысу үшiн қазақстандық екiншi деңгейдегi банктердi немесе басқа ұйымдарды iрiктеудi келіседі;
2) Банктермен келiсiм бойынша үкiметтiк сыртқы қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрлесiп қаржыландыру қаражатын республикалық бюджетке қайтару туралы түпкi қарыз алушымен кредиттiк шарт әзiрлейдi және оған қол қояды;
3) қарыз шартты пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
4) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің сұрауы негізінде қарыз шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша, оның ішінде қарыздар санаттары бойынша қаражатты қайта бөлу, қарыз қаражатына қол жеткізу және қарыз қаражатын жою мерзімдерін ұзарту бөлігінде ұсыныстарды қарайды.
5-параграф. Қарыз қаражаты есебінен тауарларды,
жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу
687. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
1) қарыз берушімен сатып алынатын тауарлардың, консультанттар үшін техникалық тапсырмалардың, сондай-ақ мердігерлер үшін техникалық құжаттамалардың техникалық ерекшеліктерін әзірлейді және келіседі;
2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау үшін конкурстық комиссия құрады. Төрағаны қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемі үш адам болуы тиіс;
3) қарыз берушінің рәсімдерін және тәртібін басшылыққа алады;
4) жоба шеңберінде жасалған келісім-шарттардың орындалуын бақылайды.
688. Конкурсқа қатысушылардың біліктіліктеріне, сатып алынатын тауарлардың, мердігерлер үшін конкурстық құжаттамалардың, сондай-ақ атқарушы агенттердің консультанттары үшін техникалық тапсырмалардың техникалық ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды әзірлеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз берушінің алдын ала келісімі бойынша отандық компаниялардың қатысу мүмкіндіктері ескерілуі тиіс.
689. Белгіленетін біліктілік талаптарының дәрежесі келісім-шарттардың уақытылы және сапалы атқарылуына ешқандай қауіп төндірмеуі тиіс, өз кезегінде отандық компаниялардың конкурсқа қатыспай қалуына себеп болуы мүмкін негізсіз жоғары талаптардың орын алуын жою қажет.
690. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша қарыз берушінің ережелерінде отандық мердігерлерге, тауарлар өндірушілерге (берушілерге) және консультанттарға көзделген жеңілдіктер орын алған жағдайда атқарушы агент конкурстық құжаттарда көзделген жеңілдіктерді ескере отырып түскен конкурстық ұсыныстарды бағалау және салыстыру рәсімдері сипатталған тиісті баптарды көздеуі тиіс.
691. Егер, халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, үкіметтік сыртқы қарыз шеңберінде қаржыландырылатын жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірлесіп қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
6-параграф. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды
алу және пайдалану тәртібі
692. Осы параграф мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобаларды (бұдан әрі - инвестициялық жобалар) іріктеу тәртібін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер (бұдан әрі - мемлекеттік кепілдіктер) беру рәсімдерін анықтайды.
693. Мемлекеттік кепілдіктер беру процесі мынадай негізгі кезеңдерді:
1) инвестициялық жобаларды іріктеуді;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыруды, қарау мен бекітуді;
3) мемлекеттік кепілдікті беруді қамтитын іс-шаралар кешенінен тұрады.
694. Мемлекеттік (үкіметтік, тәуелсіз) (бұдан әрі - мемлекеттік кепілдіктер) кепілдіктер беру процесінің негізгі қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкілетті органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау, еңбек жөніндегі уәкілетті орган, әділет органы, Республикалық бюджет комиссиясы, Қазақстанның Даму Банкі болып табылады.
695. Қарыз алушылар:
1) техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі - ТЭН) және инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын даярлауды жүзеге асырады;
2) осы Тәртіпке және мемлекеттік кепілдіктер беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды қарау үшін талап етілетін құжаттамаларды ұсынуды қамтамасыз етеді.
696. Салалық уәкілетті органдар:
1) инвестициялық жобаларға салалық сараптама жүргізеді;
2) салалық сараптаманың нәтижелері бойынша тиісті қорытындыларды ұсынады.
697. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) инвестициялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
2) мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздарды беру шарттары бойынша ықтимал кредиторлармен келіссөздер жүргізеді;
3) мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады;
4) мемлекеттік кепілдіктер береді.
698. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган жоспарланған қызметті іске асыруға, оларды іске асыру туралы шешім қабылдау алдындағы кезеңдегі жоспарланған қызметтің экологиялық талаптарына сәйкестігін бағалауға байланысты ықтимал теріс салдарларын алдын алу және өндірістік күштерді орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
699. Еңбек жөніндегі орталық уәкілетті орган ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асырады.
700. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) инвестициялық жобаларды қарау процесінде ұйымдық басшылықты қамтамасыз етеді;
2) инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысын жүзеге асырады;
3) мемлекет кепілдік берген қарыздарды тарту үшін несие капиталының нарықтарын (ішкі және сыртқы) айқындайды;
4) жоспарланып отырған мерзімге мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті бойынша ұсынысты, инвестициялық жобалардың тізімінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
701. Әділет органы мемлекеттік кепілдіктермен жасалатын қарыз шарттарына заң сараптамасын жүргізеді.
702. Қазақстан Даму Банкі :
1) банк сараптамасын жүзеге асырады;
2) инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілген инвестициялық жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттің функциясын орындайды.
703. Республикалық бюджет комиссиясы :
1) жоспарланған кезеңге мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін анықтайды;
2) инвестициялық жобалардың тізілімін анықтайды;
3) әр инвестициялық жоба үшін жоспарланған жылға мемлекеттік кепілдіктерді беру шегінде мемлекеттік кепілдік мөлшерін анықтайды.
704. Мемлекеттік кепілдіктер беру үстінде өз құзыретінің бөлігінде заңнамаға сәйкес инвестициялық жобаларды бағалауды (сараптаманы) жүргізуге өкілеттік берілген уәкілетті басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қатысады.
7-параграф. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздар қаражатының есебінен қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу
705. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғалар мынадай құжаттарды:
ТЭН;
салалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктік сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын қоса бере отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмеген мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өтінімді ұсынады.
706. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес толық емес құрамдағы құжаттармен ұсынылған өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қарамайды.
Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінімдер кезекті жылы мемлекеттік кепілдіктер беру тұрғысынан қаралмайды.
707. Осы Ереженің 791-тармағына сәйкес өтінімді ұсынғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және 2 ай ішінде экономикалық сараптамасын әзірлейді.
708. Инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы - жоба ТЭН әзірлеу шеңберінде, осы Ережеде көзделген сараптамалар бойынша қорытындылар негізінде жүргізілген инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау, ол мыналарды:
жоба Мақсаттарының басым мемлекеттік инвестицияларға сәйкестігін бағалауды;
экономикалық талдауды бағалауды;
инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда республикалық және жергілікті бюджеттерге салық түсімдерінің ағынын талдауды қамтиды.
709. Мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге және экономикалық сараптамаға талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
Мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған заңды тұлға жүзеге асырады.
710. Осы параграфта көрсетілген сараптамаларды жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар анықтайды.
711. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН экономикалық сараптаманы есепке ала отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғаларға жібереді.
712. Мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша бекітілген ТЭН-ді, ол бойынша оң экономикалық қорытындыны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да қорытындыларды ұсынады.
713. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады.
714. Осы Ереженің 705-тармағында көрсетілген сараптамаларға оң қорытындылардың бары-жоғы мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне инвестициялық жобаны енгізу үшін шарт болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |