8-параграф. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға арналған инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту
715. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге мемлекеттік кепілдіктерді беру лимитін анықтайды.
716. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылының 20 шiлдесiнен кешiктiрмейтін мерзiмде экономикалық қорытындылар негiзiнде жобалар бойынша экономикалық қорытындыларын қоса, мемлекеттiк кепiлдiктермен мемлекеттiк емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
717. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ұсынған инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қарау кезiнде кезектi жылға арналған мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитiне енетiн, бiр жылға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн айқындайды.
718. Республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет комиссиясының шешiмi бойынша инвестициялық жобалардың тiзбесiн пысықтайды және әрбiр инвестициялық жоба бойынша мемлекеттiк кепiлдiктердiң сомасын қайта қарайды.
719. Республикалық бюджет комиссиясының қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешімімен бекітіледі және жариялануға тиіс.
9-параграф. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру рәсімі
720. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген қарыз шартының жобасы бар болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушылармен және Қазақстанның Даму Банкімен мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады.
721. Қарыз алушылар ТЭН жобасын, салалық сараптаманың, экономикалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктік сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және 2 ай ішінде тиісті қорытындыны әзірлейді.
722. Инвестициялық жобаның сараптамасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы мыналарды:
мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
мемлекеттік кепілдіктерді алғаны туралы өтініш білдіргенге дейін үш жылдан кем емес кезеңде қарыз алушының қаржылық жай-күйін және заңды мәртебесін;
қарыз алушы беретін мемлекеттік кепілдіктер бойынша қамтамасыз етуді;
қаржылық және техникалық тәуекелдерді;
мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексінің талаптарына қарыз алушының сәйкестігін бағалауды қамтиды.
723. Мемлекеттік кепілдік қарыз берушіге қарыз шартын, мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісімді жасасқаннан, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде қарыз алушының мемлекеттік кепілдікті бергені үшін алдын ала біржолғы төлемді (алымды) төлегенінен кейін беріледі.
724. Мемлекеттік кепілдікті беру туралы келісім мыналарды:
1) қарыз алушыға қойылатын талаптарды:
а) қарыз бойынша ағымдағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін қажетті алдағы төлемдер мөлшерінде шартты салымның (қызмет көрсету шотының) арнайы шотында ақша сомасын жинауды жүргізуді;
б) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Даму Банкіне бар, оның ішінде Қазақстан Республикасының ҰБ-дағы, екінші деңгейдегі банктердегі, шетелдік банктер мен заңнамада белгіленген тәртіппен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банктік шоттар туралы мәліметтерді ұсынуды;
в) қарыз толық өтелгенге дейін сенім білдірілген өкілге (банк-агентке) жыл сайынғы бизнес-жоспарды ұсынуды;
г) ай сайын қаржылық есептіліктің үлгілік нысанын (бухгалтерлік балансты, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепті) және қаржылық жай-күйді анықтайтын басқа да қажетті құжаттарды Қазақстан Даму Банкіне ұсынуды;
д) банк кепілдігінің не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздарды қайтаруды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуын.
Банк кепілдігі қарыз шарты қолданылатын тұтас мерзімге бір рет беріледі және негізгі борыштың сомасын, сондай-ақ қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімпұл, айыппұл) және өзге де төлемдердің барлық сомаларын жабады.
Сақтандыру шарты қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді мемлекеттің орындауына әкеп соқтыруы мүмкін жобалар бойынша тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл ретте банк кепілдігін беру және/немесе сақтандыру шартының және банк кепілдігіне және/немесе қарызды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартына талаптарды беру мерзімі мен талаптарын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдікті беру туралы келісімде белгілейді.
2) шартты салымның арнайы шотындағы (қызмет көрсету шотындағы) қаражаттың есебін жүзеге асыруды, сондай-ақ акт жасай отырып ұсынылатын құжаттамаларға кезең-кезеңде салыстыру жүргізуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан талап етуді;
3) Қазақстанның Даму Банкіне:
а) қарыз алушының қаржы-экономикалық жай-күйін талдауды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті талдау нәтижелері туралы ақпаратты ұсынуды;
б) шартты салымның арнайы шотында ақшаны мерзімді шоғырландыруды;
4) қарыз алушымен және сенім білдірілген өкілмен (банк-агентпен) бірлесе отырып бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын шартты салымның арнайы шотына ақша аударудың нормасы мен кезеңділігін (кестесін) жүзеге асыру жөнінде қойылатын талаптарды қамтиды.
Ақшаны қарыз алушы шартты салымның арнайы шотына салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін келісімге сай тиісті соманы тұрақты аударым жасау жолымен аударады.
Шартты салымның арнайы шотының (қызмет көрсету шотының) қаражатын жинау мен қалпына келтіру мерзімдерін бұзған жағдайда қарыз алушы әрбір жолсыздық жағдайы үшін алдағы төлемдер сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін нөл бүтін оннан бір пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді.
725. Мемлекеттік кепілдіктер алуға үміткер тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған талаптарға сай болуы тиіс.
Мемлекеттік кепілдіктер әрбір инвестициялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі.
726. Кепілдік міндеттемелер нысанында берілген мемлекеттік кепілдіктер бір данада мемлекеттік кепілдіктердің арнайы бланкілерінде ресімделеді.
Мемлекеттік кепілдіктердің бланкісі қатаң есептілік бланкісі болып табылады.
727. Кепілдік туралы шарт нысанындағы мемлекеттік кепілдік 2 данада ресімделеді.
728. Банк кепілдігін беру және/немесе сақтандыру шартының мерзімі мен беру шарттарын және банк кепілдігіне және/немесе сақтандыру шартына қойылатын талаптарды мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың шарттарына байланысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
729. Банк кепілдігінің және сақтандыру шартының нысаны мен мазмұнын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша банк-кепілгер және/немесе сақтандыру ұйымы анықтайды.
730. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз берушімен келісім бойынша мемлекеттік кепілдіктің мазмұны мен нысанын анықтайды.
731. Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар қарыз алушылардың міндеттемелерін қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында реттеледі.
732. Қарыз берушінің талабы бойынша әділет органы Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын қарыз шарттарының заңды қорытындысын ұсынады.
10-параграф. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу тәртібі
733. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы кезекті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің тапшылығын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару түрінде жүзеге асырылады.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қолма-қол ақшасының тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
734. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) кезекті қаржы жылына арналған борыш лимитінің және тиісті жергілікті органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге жіберілетін жергілікті бюджет қаражаты көлемінің шегінде қарыз алуды шектеуді белгілеу;
2) қарыз алудың басым инвестициялық бағыттарын анықтау;
3) басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
735. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың бюджеттiк өлшемдерi негiзiнде тиiстi бюджет комиссиясының қарауына iшкi нарықта айналысы үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару жолымен республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуы жөнiндегi ұсыныстарын жiбередi, жоспарланған жылдарға көзделетiн қызмет көрсетуге және өтеуге арналған болжамдық көлемiн айқындайды.
Тиiстi бюджет комиссиясы ұсыныстарды мақұлдағаннан кейiн республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қаланың, астананың кезектi қаржы жылына арналған бюджетi туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмнiң жобасын белгiленген тәртiппен жасайды.
736. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қарыз шарты, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару нысанында жүзеге асырылады.
737. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органның борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарланған бюджет тапшылығын, жоспарланған жылға арналған жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және осы ұсыныстарды жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет жобаларын қалыптастыру жөнiндегi Республикалық бюджет комиссиясына жiбередi.
738. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері негізінде Республикалық бюджет комиссиясы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің негізгі болжамдық көрсеткіштерін айқындайды, сондай-ақ кезекті қаржы жылының соңына арналған жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін айқындайды.
739. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып, жергiлiктi бюджеттердiң жоспарланған бюджеттiк тапшылығын қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және оларды қарау үшiн тиiстi Бюджет комиссиясына жiбередi.
740. Бюджет комиссиясының шешімі және бекітілген жергілікті бюджеттер тапшылығы өлшемдерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен қарыз алудың көлемі мен шарттарын, сондай-ақ кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілетін борышты өтеу мен оған қызмет көрсетудің мөлшерін анықтайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі.
741. Ресімделген қарыз шартына қол қою Бюджет кодексінің 187-бабына сай қабылданатын қарыз берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
742. Қол қойылған қарыз шарттары өтеу, сыйақыларды төлеу кестесімен және басқа да қосымшалармен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тіркеуіне жатады. Бұл ретте қарыз алу шарты тіркелгеннен кейін ғана күшіне енеді.
743. Жергілікті атқарушы органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға кредит қаражаты бойынша борыштарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есепті осы Ереженің 130, 131-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейін табыс етеді.
11-параграф. Мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйі мониторингінің тәртібі
744. Осы параграф мемлекеттік кепілдіктермен қарыз алған заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі мониторингінің рәсімдерін анықтайды, мемлекет кепілдігімен қарыз алған қарыз алушының ақпараттық қамтамасыз ету мониторингін және қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
745. Қаржылық коэффициенттерді сенім білдірілген (банк-агент) мемлекет кепілдігімен қарыз алған қарыз алушының қаржылық есептілігінің негізінде жылына екі рет есептейді. Мемлекет кепілдігімен қарыз алған қарыз алушы Банкке қаржылық есептілікті, ал қажет болған кезде тиісті қосымшалар мен оның таратылып жазылуын ұсынады.
746. Мониторингке мемлекет кепілдігімен қарыз алған және қарыз беруші не республикалық бюджет алдында борышы бар қарыз алушылар жатады.
747. Мониторинг базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызметінің, саласының түрлері, бәсекелестері мен нарықтары, нормативтік құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты талдаудан (қаржылық есептіліктің, бизнес-жоспардың талдамасы) тұратын қарыз алушылардың қаржылық жай-күйін талдауды қамтиды.
748. Мониторингті жүзеге асыру кезінде мынадай қаржылық коэффициенттер:
өтімділік коэффициенті - ақша қаражаты мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектердің қысқа мерзімді міндеттемелердің мөлшеріне қатынасы;
өтеу коэффициенті - ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы;
қарыз және меншікті қаражаттың арақатынасы - ағымдағы міндеттемелердің меншік капиталының мөлшеріне қатынасы;
тарту коэффициенті - міндеттемелердің ағымдағы және ұзақ мерзімді активтерге қатынасы;
пайда нормасы - салық салғанға дейінгі жиынтық кірістің сату көлеміне қатынасы;
меншік капиталының пайдалылық коэффициенті - салық салғанға дейінгі жиынтық кірістің меншік капиталының мөлшеріне қатынасы;
кредиттік берешектің айналымдылық коэффициенті - іске асыру көлемінің кредиттік берешекке қатынасы қолданылады.
Мониторингті жүргізу үшін Банк мемлекет кепілдік берген қарыздың және инвестициялық жобалар тәуекелінің шарттарына байланысты басқа да қаржы коэффициенттерін пайдалануы мүмкін.
749. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын мониторинг жүргізуге жататын қарыз алушылардың тізімін Банкке жібереді.
750. Қажет болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен мемлекет кепілдік берген қарыздар алған қарыз алушылардан олардың қаржылық көрсеткіштері туралы қосымша ақпаратты сұрата алады.
751. Банк осы ұсынылған көрсеткіштер негізінде анықталған қаржылық коэффициенттерді, заңды тұлғалардың өткен кезеңдегі ұқсас коэффициентімен мемлекет кепілдік берген қарыз алған басқа қарыз алушылардың, ұқсас қызметінің ұқсас бейінімен және осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізеді.
752. Банк тоқсан сайын қарыз алушылардың қаржылық жағдайы мониторингінің нәтижелерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
753. Әлеуетті төлем қабілеті жоқ қарыз алушы анықталған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлайды және мемлекет кепілдік берген қарызды өтеу үшін көзделген республикалық бюджет қаражатын оқшаулаудың алдын алу үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
754. Мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету жөніндегі Банк болмаған жағдайда қарыз алушының қаржылық жай-күйі туралы есепті қарыз алушының өзі жүзеге асырады.
12-параграф. Мемлекет кепілгерлігімен қарыз алған қарыз алушының қаржылық жай-күйі мониторингінің тәртібі
755. Осы параграф мемлекет кепілгерлігімен қарыз алған заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі мониторингінің рәсімдерін анықтайды, мемлекеттік кепілгерлігімен қарыз алған қарыз алушының ақпараттық қамтамасыз ету мониторингін және қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
756. Қаржылық коэффициенттерді мемлекет кепілгерлігімен қарыз алған қарыз алушының қаржылық есебінің негізінде облигацияларды ұстаушылардың өкілі тоқсан сайын есептейді. Мемлекет кепілгерлігімен қарыз алған қарыз алушы облигацияларды ұстаушылардың өкіліне қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті қосымшалар мен оның таратылып жазылуын ұсынады.
757. Мониторингке мемлекет кепілгерлігімен қарыз алған және қарыз берушінің не республикалық бюджеттің алдында борышы бар заңды тұлғалар жатады.
758. Мониторинг базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызметінің, саласының түрлері, бәсекелестері мен нарықтары, нормативтік құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты талдаудан (қаржылық есептіліктің, бизнес-жоспардың талдамасы) тұратын қарыз алушылардың қаржылық-экономикалық жай-күйін талдауды, эмитенттің инфрақұрылымдық орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдалану, шартты салым шотында (қызмет көрсету шотында) қаражатты жинау жөніндегі міндеттемелерін орындауын қамтиды.
759. Мониторингті жүзеге асыру кезінде мынадай қаржылық коэффициенттер:
өтімділік коэффициенті - ақша қаражаты мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектердің қысқа мерзімді міндеттемелердің мөлшеріне қатынасы;
өтеу коэффициенті - ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы;
қарыз және меншік қаражатының арақатынасы - ағымдағы міндеттемелердің меншік капиталының мөлшеріне қатынасы;
тарту коэффициенті - міндеттемелердің ағымдағы және ұзақ мерзімді активтерге қатынасы;
пайда нормасы - салық салғанға дейінгі жиынтық кірістің сату көлеміне қатынасы;
меншік капиталының пайдалылық коэффициенті - салық салғанға дейінгі жиынтық кірістің меншік капиталының мөлшеріне қатынасы;
кредиттік берешектің айналымдылық коэффициенті - іске асыру көлемінің кредиттік берешекке қатынасы қолданылады.
Мониторингті жүргізу үшін облигацияларды ұстаушылардың өкілі сол сияқты қарыз және концессиялық жобаның тәуекел шарттарына байланысты басқа да қаржы коэффициенттерін пайдалануы мүмкін.
760. Қажет болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен мемлекет кепілгерлігімен қарыздар алған қарыз алушылардан олардың қаржылық көрсеткіштері туралы қосымша ақпаратты сұрата алады.
761. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі осы ұсынылған көрсеткіштер негізінде анықталған қаржылық коэффициенттерді, заңды тұлғалардың өткен кезеңдегі ұқсас коэффициентімен мемлекет кепілгерлігімен қарыз алған басқа қарыз алушылардың, ұқсас қызметінің ұқсас бейінімен және осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізеді.
762. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі тоқсан сайын қарыз алушылардың қаржылық жағдайы мониторингінің нәтижелерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Әлеуетті төлем қабілеті жоқ қарыз алушы анықталған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлайды және мемлекет кепілгерлігімен тартылған сыйақы төлеу және қарызды өтеу үшін көзделген республикалық бюджет қаражатын оқшаулаудың алдын алу үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
13-параграф. Үкіметтік қарыздарды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекеттік кепілдіктермен, мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алуды, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу, оларға қызмет көрсету, жоспарлау тәртібі
763. Осы параграф Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - үкіметтік қарыздар), Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының қарыздары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдардың қарыздары) және мемлекеттік кепілдіктермен (бұдан әрі - мемлекет кепілдік берген қарыздар), республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттің кепілгерлігімен (бұдан әрі - мемлекеттің кепілгерлігімен қарыздар) қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдерді, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді жоспарлау, жүзеге асыру рәсімдерін белгілейді.
764. Үкіметтік қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдерді жоспарлау, жүзеге асыру рәсімдері қарыз шарттарын жасасу не мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында несие капиталының ішкі және сыртқы нарықтарындағы қарыз алу арқылы тартылған қарыздар үшін ортақ.
765. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында шығарған бағалы қағаздарын сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражатының есебінен ҚР ҰБ-мен жасасқан шарт негізінде ҚР ҰБ арқылы жүзеге асырады.
766. Үкіметтік қарыздарды, алдағы өтеу және оларға қызмет көрсету үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді көлемін жоспарлауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, үкіметтік қарыздарды өтеу және қызмет көрсету үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді алдағы көлемінің болжамдық есептері негізінде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу шеңберінде жыл сайын жүргізеді.
767. Жүргізілетін есептеулер есептеулерінің алдағы тоқсанның соңындағы жәй-күй бойынша үкіметтік борыш мониторингінің деректеріне, үкіметтік қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделіп отырған қаражатты игеру болжамына, макроэкономикалық көрсеткіштер болжамына негізделеді.
768. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделіп отырған қаражатын игеру болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган инвестициялық жобаларды іске асыру кестесіне, үкіметтік ішкі қарыздардың түсу болжамын-бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланған жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемінің болжамына негіздей отырып анықтайды.
769. Республикалық бюджет тапшылығының көлемі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, Ұлттық валюта бағамы жоспарланған жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдерімен анықталады.
770. Жоспарланып отырған жылы үкіметтік ішкі қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету көлемдерін есептеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мынадай түрде жүргізеді:
1) әрбір қолданыстағы үкіметтік қарыз бойынша қарыз қаражатының игерілмеген көлемдерін жылдар бойынша болжамдық бөлуді жүргізеді;
2) қарыз шартының, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негізінде үкіметтік қарыз бойынша борышты өтеу мерзімі мен көлемі анықталады;
3) үкіметтік қарыз бойынша борыш сомасының өзгеру серпінінің есептеулері жүргізіледі;
4) қарыз шартының, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негізінде сыйақыларды, комиссиялық төлемдер мен өзге да төлемдерді төлеу бойынша төлемдердің мерзімдері мен көлемінің есептеулер жүргізіледі. Егер, қаржы шартында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген есептеулер қарыз беру валютасында жүзеге асырылады;
5) шетелдік валютада тартылған үкіметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелік баламада қайта есептеледі. Бұл ретте жоспарланған жылға арналған теңгеге есептеулері алдындағы тоқсанның соңында және АҚШ долларының болжамды орташа жылдық бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықты бағамдары пайдаланылады;
6) үкіметтік қарыздарды тартуды көздейтін қаражатты игеру көлемінің болжамы негізінде қарыз беру мен сыйақы ставкасының орта шарттарын пайдалана отырып, үкіметтік қарыздарды тартуды көздейтін өтеу мен қызмет көрсету мерзімінің және көлемінің есептеулері жүргізіледі.
771. Жоспарланған жылы үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдердің мерзімі мен көлемін есептеуді үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер шарттарының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
772. Үкіметтік қарыздарды өтеудің және оған қызмет көрсетудің, сондай-ақ жоспарланып отырған жылғы үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі төлемдердің жалпы көлемі 770 және 771-тармақтарға сәйкес жүргізілген есептеулер негізінде анықталады.
773. Жоспарланып отырған жылғы үкіметтік қарыздарға қызмет көрсетудің және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерін жалпы көлемі жеке бюджеттік бағдарлама бойынша кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді. Үкіметтік қарыздарды өтеудің жалпы көлемі «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профиңитті пайдалану)» бөлімі бойынша республикалық бюджетте көрсетіледі.
774. Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемін жоспарлауды жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемінің болжамдық есептеулері негізінде кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің жобасын әзірлеу шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
775. Жүргізілетін есептеулер тоқсанның алдындағы есептеулерді соңындағы жәй-күй бойынша жергілікті атқарушы органдар борышы мониторингінің, жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы және жоспарланатын жылы қолданылатын және тартуға көзделетін қаражатты игеру болжамының, жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштерінің деректеріне негізделеді.
776. Алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері жергілікті өкілетті органдар бекіткен аумақтардың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдерімен анықталады. Жоспарланып отырған жылғы ұлттық валюта бағамы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған кезекті жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері ескеріле отырып анықталады.
777. Жоспарланып отырған жылы жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемдерінің есептеулері мынадай түрде жүргізіледі:
1) жергілікті атқарушы органның әрбір қолданыстағы қарызы бойынша игерілмеген қарыз қаражатын игеру көлемдерін жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргізіледі;
2) қарыз шартының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негізінде жергілікті атқарушы органның қарызы бойынша борышты өтеу мерзімдері мен көлемі анықталады;
3) жергілікті атқарушы органның қарызы бойынша борыш сомасының серпінін есептеу жүргізіледі;
4) қарыз шартының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негізінде сыйақыларды, комиссиялық төлемдер мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша төлемдердің мерзімдері мен көлемінің есептеулері жүргізіледі. Егер, қарыз шартында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген есептеулер қарыз берілген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдік валютада тартылған жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемі теңгелік баламада қайта есептеледі. Бұл ретте жоспарланған жылға арналған теңгеге есептеулердің алдындағы тоқсанның соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады;
6) қарыздарды берудің орташа шарттарын және сыйақы ставкасын пайдалана отырып, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын тартуға ұйғарылып отырған қаражатты игерудің көлемінің болжамы негізінде тартуға ұйғарылып отырған жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету мерзімі мен көлемін есептеу жүргізіледі.
778. Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету мерзімі және көлемі негізінде жоспарланып отырған жылғы жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсетудің жалпы көлемі анықталады.
779. Жоспарланып отырған жылғы жергілікті атқарушы органдардың қарыздарына қызмет көрсетудің жалпы көлемі кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде жеке бюджеттік бағдарламада көрсетіледі. Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеудің жалпы көлемі «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі бойынша жергілікті бюджеттерде көрсетіледі.
780. Республикалық бюджеттен мемлекет кепілдік берген қарызды алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемін жоспарлауды мемлекет кепілдік берген қарыздарды республикалық бюджеттен алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемін болжамды есептеулер негізінде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
781. Жүргізілетін есептемелер есептеулердің алдындағы тоқсанның соңындағы жәй-күй бойынша мемлекет кепілдік берген борыш мониторингінің, қолданыстағы мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатын игеру болжамының, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелердің орындалу мүмкіндігін бағалау деректеріне негізделеді.
782. Жоспарланып отырған жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепілдік берген қарызды өтеу мен қызмет көрсету көлемдерінің есептеулерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мынадай түрде жүргізеді:
1) сенім білдірілген өкілдің (банк-агенттердің) әрбір қолданыстағы мемлекет кепілдік берген қарыз жөніндегі ақпаратының негізінде қарыз қаражатын игеру көлемін жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргізіледі;
2) қарыз шартының талаптары негізінде мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша борышты өтеу мерзімі мен көлемдері анықталады;
3) мемлекет кепілдік берген қарыз және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыз бойынша борыш сомасының серпінін есептеу жүргізіледі;
4) қарыз шартының талаптары негізінде сыйақыны, комиссиялық және өзге да төлемдерді төлеу бойынша төлемдердің мерзімдері мен көлемінің есептеулер жүргізіледі. Егер, қарыз шартында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген есептеулер қарыз берілген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдік валютада тартылған мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелік баламада қайта есептеледі. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге есептеулердің алдындағы тоқсанның соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады.
783. Мемлекеттік кепілдіктер бойынша алынған міндеттемелерді орындаудың мерзімі мен көлемінің, ықтимал бағалаудың негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілдік берген қарыздарды жоспарланып отырған жылы өтеу мен қызмет көрсетуге арналып республикалық бюджеттен жұмсалатын шығыстардың жылдық көлемін анықтайды.
784. Жоспарланып отырған жылы мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға арналған республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемі кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жеке бюджеттік бағдарламада көрсетіледі.
785. Республикалық бюджеттен мемлекеттің кепілгерлігімен сыйақы төлеу және қарызды өтеу көлемін жоспарлауды мемлекеттің кепілгерлігімен қарыздарды республикалық бюджеттен алдағы өтеу көлемін болжамды есептеу негізінде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
786. Жүргізілетін есептеулер есептеулердің алдындағы тоқсанның соңындағы жәй-күй бойынша мемлекет кепілгерлігімен борыш мониторингі деректерінде, қолданыстағы қарыз қаражатын игеру болжамының, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелердің орындалуы ықтимал бағалауда негізделеді.
787. Жоспарланып отырған жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепілгерлігімен сыйақы төлеу мен оны өтеу көлемінің есептеулерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мынадай түрде жүргізеді:
1) мемлекет кепілгерлігімен заем бойынша әрбір қолданыстағы облигацияларды ұстаушылардың өкілдері қарыз қаражатын игеру көлемін жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргізіледі;
2) мемлекет кепілдік берген заем бойынша борышты өтеу мерзімі мен көлемі инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру талаптары негізінде анықталады;
3) мемлекет кепілгерлігімен заем бойынша борыш сомасының серпінін есептеу жүргізіледі;
4) инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру негізінде сыйақыны төлеу бойынша төлемдердің мерзімдері мен көлемінің есептеулер жүргізіледі.
788. Мемлекеттік кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі мен көлемін, ықтималдылығын бағалау туралы алынған ақпараттың негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігімен қарыздарға сыйақы төлеуге және өтеуге республикалық бюджеттен шығыстардың жылдық көлемін анықтайды.
789. Жоспарланып отырған жылы мемлекеттік кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындауға арналған республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жеке бюджеттік бағдарламада көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |