14-параграф. Үкіметтік қарыздарды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекеттік кепілдіктермен, мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру тәртібі
790. Үкіметтік қарыздарды өтеуді және оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен ҚР ҰБ арқылы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
791. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы айдың жиырма бесіне дейін үкіметтік және Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген борышын, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты, сондай-ақ оларға сәйкес республикалық бюджеттің ақша жұмсауы жүзеге асырылатын, республикалық бюджет қаражатынан хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша үкіметтік қарыздардың төлемдеріне қызмет көрсету және өтеу кестесін (бұдан әрі - кесте) алдағы тұрған айға осы Ереженің
132-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және бекітеді. Кесте үкіметтік қарыздардың, хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша үкіметтік қарыздардың төлемдеріне қызмет көрсету және өтеудің нақтыланған мерзімдері мен көлемдеріне сүйеніп жасалады және әрбір қарыз бен хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша үкіметтік қарыздардың бойынша төлемдердің күндері бойынша төлемнің түрін, валютасын және төлемді алушыларды көрсете отырып, болжамын қамтиды.
792. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының тиісті айында үкіметтік қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша алдағы төлемдер көлемінің сәйкестігін тексереді. Жоспармен бекітілген көлемге сәйкес келмеген жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің түсімдерінің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер енгізеді.
793. Белгіленген мерзімде және қажетті көлемде үкіметтік қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемді жүзеге асыру мақсатында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз берушілерден, контрагенттерден төлеуге берілген шоттардың, төлем ведомісін және төлем жасау үшін басқа да қажетті құжаттардың уақытылы түсуін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
794. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз берушілер, контрагентгер ұсынған шоттар мен төлем ведомосіндегі көрсетілген төлем күнінің, сомасының, түрінің, валютасының, қарыз шартының, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің талаптарымен төлемдерді алушылардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелеріне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
795. Төлеуге ұсынылған шоттар мен төлем ведомісінде көрсетілген төлем күнінің, сомасының, түрінің, валютасының, қарыз шартының, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің талаптарымен төлемдерді алушылардың, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерінің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз берушілермен, контрагенттермен өзара әрекет ете отырып, кредит берушілердің төлемге ұсынылған шоттар мен төлем ведомосін нақтылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
796. Қарыз шарттарында және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру талаптарында анықталған мерзімдерде үкіметтік қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ресімдейді және төлем құжаттарын ҚР ҰБ-га береді, онда үкіметтік қарыздың, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің бірегейлендіру нөмірі, бенефициар, төлем деректемелері, түрі, сомасы, валютасы, қарыз шартының, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің талаптарына сәйкес төлем күні, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелері көрсетіледі.
797. Ұсынылған төлем құжаттарының негізінде ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік шотынан қарыз берушінің, сондай-ақ контрагенттердің банктік шотына талап етілетін көлемде және валютада ақша аударады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға төлем жасалған факті туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
798. Үкіметтік қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша операцияларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептілікте Ұлттық валютада көрсетеді. Бұл ретте, үкіметтік қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсетуді, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді шетелдік валютада жүзеге асырған жағдайда, осы операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті валютаны сатып алу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
799. Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсетуді олар кезекті жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады.
800. Белгіленген мерзімде және қажетті көлемде жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдерді жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар қарыз берушілерден төлеуге берілген шоттардың, төлем ведомосінің және төлемдерді жүргізу үшін қажетті басқа да құжаттардың уақытылы түсуін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
801. Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетілген төлем күнінің, сомасының, түрінің, төлем валютасының, төлем алушылардың қарыз шартының талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады.
802. Ұсынылған шоттар мен төлем ведомосінде көрсетілген төлем күнінің, сомасының, түрінің, төлем валютасының, төлем алушылардың қарыз шартының талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар кредит берушілермен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарын нақтылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
803. Қарыз шарттарында анықталған төлем мерзімінде жергілікті атқарушы органдар қарыз берушінің шоттарына талап етілетін көлемде ақша аударуды қамтамасыз етеді.
804. Осы операцияларды жергілікті атқарушы органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептілікте теңгемен көрсетеді. Бұл ретте, төлемдерді шетел валютасында жүзеге асырған жағдайда операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті валютаны сатып алу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
805. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен оларға қызмет көрсету бойынша жүргізілген төлемдердің есебін жүргізеді.
806. Республикалық бюджеттен мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен берілген қарыздарды, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеу мен оларға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бар болған кезде жүзеге асырылады.
807. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы күшіне енгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдіктермен, мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы қаулысының жобасын белгіленген тәртіппен әзірлейді және енгізеді. Көрсетілген тізбеге енген мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз бойынша қарыз алушылар үшін өтеу мен қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз шартында белгіленген мерзім мен көлемде, инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру талаптарымен қарыз берушілердің төлем шоттарының негізінде республикалық бюджеттен кезекті қаржы жылының ішінде жүзеге асырады.
Көрсетілген тізбеге енбеген, мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша қарыз алушылар үшін республикалық бюджеттен төлеу туралы шешім мынадай тәртіппен қабылданады:
1) Банк республикалық бюджеттен мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша кезекті төлемдерді жүргізу қажеттілігі туралы қорытындыларды осындай төлемдер басталатын күнге дейін отыз күннен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;
2) ұсынылған қорытындылардың негізінде он бес күн ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз бойынша көрсетілген қарыз алушылар үшін төлемдерді республикалық бюджеттен төлемдер жүргізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын белгіленген тәртіппен әзірлейді және енгізеді;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сенім білдірілген өкілдің (банк-агенттің), инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушы өкілдің мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыз бойынша қарыз алушылардың арасында республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтару шарттары, мерзімі, тәртібі анықталған (нақтыланған) тиісті қосымша келісімдер жасалады.
808. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті айда мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау жөнінде алдағы төлемдер көлемін республикалық бюджеттің түсімдерінің және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін тексереді және жоспармен бекітілген көлемге сәйкес келмеген жағдайда республикалық бюджеттің түсімдері және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер енгізіледі.
809. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған кезде қарыз берушілер, инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушы өкілдер және ұсынған және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тексерген төлеуге берілген шоттар негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган төлем құжаттарын ресімдейді және ҚР ҰБ-ға жібереді, онда талаптарына сәйкес мемлекет кепілдік берген қарыздың сәйкестендіру нөмірі, бенефициар, төлем деректемелері, қарыз шарттарының инфрақұрылымдық облигацияларын орналастыру төлем түрі, сомасы, валютасы, күні көрсетіледі.
810. Ұсынылған төлем құжаттарының негізінде ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банк шотынан кредит берушілердің банк шоттарына талап етілетін көлемде және валютада ақша аударуды жүргізеді және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға төлем жүргізу фактісі туралы жазбаша хабарлама ұсынады.
811. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі операцияларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептілікте ұлттық валютада көрсетеді. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді шетел валютасында жүзеге асырған жағдайда, көрсету операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті валютаны сатып алу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
15-параграф. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік
берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борыш мониторингінің тәртібі
812. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борыш мониторингі (бұдан әрі - борыш мониторингі) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке алу, талдау және бақылау бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган атынан жасалатын мемлекеттік қызметі болып табылады.
813. Барлық мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігімен қарыздар борыш мониторингінің объектілері болып табылады, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
2) ҚР ҰБ қарыздары;
3) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары;
4) мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар;
5) мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар.
814. Борыш мониторингі:
1) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды тіркеу және есепке алу;
2) қарыз шартымен белгіленген кестеге, мемлекеттік бағалы қағаздар мен инфрақұрылымдық облигацияларын орналастыру талаптарына сәйкес борышты өтеу және қызмет көрсету есебіне төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;
3) қарыздар қаражатының түсімдерін қадағалау және есепке алу; борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді есепке алу; борыш көлемінің өзгеруін есепке алу; сондай-ақ қажет болған жағдайда, мерзімі өткен төлемдерді есепке алуды қоса алғанда әрбір қарыз бойынша қарыз валютасында барлық операцияларды есепке алу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын есепке алу;
5) қарыз алудың өзгермелі ставкаларының өзгеруін есепке алу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
815. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай құжаттар:
несие шотынан қаражатты алуды растайтын шетел қарыз берушісінің үзіндісі;
борыштың негізгі сомасын өтеу және ол бойынша сыйақы төлеу жөніндегі төлем құжаты;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бекіткен нысан бойынша ҚР ҰБ өз қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы есептілігі;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бекіткен нысан бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздарды және мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздарды алу, қызмет көрсету және өтеу туралы банктердің есептілігі;
осы Ереженің 743-тармағында көрсетілген нысандар бойынша өз қарыздарын алғаны, оларға қызмет көрсеткені және өтегені туралы жергілікті атқарушы органдардың есептілігі пайдаланылады.
816. Борыш мониторингін жүргізу үшін мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған борыштың жәй-күйі туралы деректерді ағымдағы жаңарту үшін мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған қарыздар бойынша ақпараттар жинау жүзеге асырылады.
16-параграф. Мемлекеттік борышты және мемлекет
кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борыш тәуекелдерін басқару
817. Осы параграф мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен нарықтарды әртараптандыру, әртүрлі туынды қаржы құралдарын (тәуекелді басқару мақсаттары үшін нарықта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардық, фьючерлік және басқа да мәмілелер) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажетті шараларды қабылдауды қамтиды.
818. Тәуекелді басқарудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
1) борыштың ағымдағы жай-күйі мониторингі;
2) тәуекелді талдау: анықтау, сәйкестендіру және бағалау;
3) несиелік капитал рыногының конъюнктурасын зерделеу және туынды қаржылық аспаптарды қолдану мүмкіндіктерін бағалау;
4) туынды қаржылық аспапты таңдау;
5) туынды қаржылық аспаппен операцияларды жүзеге асыру.
819. Борыш мониторингі осы Ереженің 12-тарауының 15-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
820. Мемлекеттік борышты басқару үстінде мынадай тәуекел түрлері туындайды:
1) пайыздық және валюталық тәуекелдер;
2) инвестициялық тәуекел бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығаратын бағалы қағаздардың бастапқы аукционында өтінімдерді қабылдау үдерісінде өзекті;
3) операцияларды жүргізу мен тіркеудің түрлі сатыларында операциялық қателіктерді қамтитын операциялық тәуекел; кемшіліктер; абырой тәуекелі; заң тәуекелі; адам факторы; кәсіби құпияның бұзылуы немесе табиғи зілзала.
Мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты басқару үстінде тәуекелдердің мынадай түрлері туындайды:
1) пайыздық және валюталық тәуекелдер;
2) есептесу тәуекелі қарыз алушы дефолттан басқа кез келген себеп бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздар немесе мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша төлемдер жүргізбеуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының үкіметі ұшырауы мүмкін ықтимал шығындарды білдіреді;
3) кредиттік тәуекел қарыз алушының мемлекет кепілдік берген қарыздары және мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелін білдіреді;
4) операциялық тәуекел.
821. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган талдауды мынадай түрде жасайды:
1) жол берілген мынадай факторларға: қаржыландыруға деген жаңадан мұқтаждық, борышты өтеу мерзімдерінің құрылымы, ұйғарылған борыштық міндеттемелер талаптарының сипаттамалары, пайыздық ставкалар және валютаның айырбас бағамдарын негіздей отырып орта мерзімді кезеңге борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды болжамдайды;
2) болжаммен қамтылған кезеңге борыштық міндеттемелердің қолданыстағы және болжанған портфелі бойынша тәуекелдің негізгі көрсеткіштерін қамтитын борыштық сипаттаманы түзеді. Борыш сипаттамасы мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
қысқа мерзімді борыштың ұзақ мерзімдіге қатынасы;
шетел валютасындағы борыштың Ұлттық валютадағы борышқа қатынасы;
шетел валютасыдағы борыштың валюталық құрылымы;
сыйақының өзгермелі немесе бекітілген ставкалары;
борыштық міндеттемелердің орта мерзімі және міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің басталу кестесі.
3) ұқсас кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштермен және республикалық бюджеттің көрсеткіштерімен жүргізілген болжамдық есептеулерді салыстырады;
4) күтіліп отырған шығыстармен астастырылған тәуекел нұсқаларында борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың ықтимал өсуімен өлшенетін тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
822. Туынды қаржы аспаптарын қолдану туралы шешім дайындау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-мен бірлесіп несие капиталы нарығының конъюнктурасын зерделейді және туынды қаржы аспаптарын қолдану мүмкіндіктерін бағалауды жүзеге асырады.
823. Туынды қаржы аспаптарын қолдану мүмкіндіктерінің жүргізілген тәуекелін талдау мен бағалау нәтижелерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган туынды қаржы аспаптарын қолдануға байланысты шешім қабылдайды.
824. Борыш тәуекелдерін басқару мақсаттары үшін түрлі туынды қаржы аспаптары, оның ішінде қарыз шарттары бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен жасалған сыртқы своптар, форвардтық мәмілелер, фьючерлік мәмілелер, конверсиялар және басқа да мәліметтер қолданылады.
Своп деп екі тарап арасындағы ақша тасқыны айырбасын көздейтін мәміле ұғыналады. Үш түрлі своп болады - пайыздық ставкалар своптары, валюталық және тауар своптары.
Форвардтық мәмілелер пайыздық ставкаларға қатысты жасалады.
Фьючерстік мәмілелер валютаға қатысты жасалады.
Үш түрлі конверсия - валюта конверсиясы, проценттік ставка конверсиясы және пайыздық ставканың арту шегін не дәлізін белгілеу болады.
17-параграф. Мемлекет алдындағы борыш
тәуекелдерін басқару тәртібі
825. Осы параграф бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның белгіленген талаптарды сақтау тәсілдерін анықтау мен бағалау, уақыты ден қою және мемлекет алдында борышты басқаруға қажетті шаралар қабылдау рәсімдерін белгілейді.
826. Мемлекет алдында тәуекелді басқарудың негізгі элементтеріне:
мемлекет алдындағы борыштың ағымдағы жағдайының мониторингі;
тәуекелді талдау жатады.
827. Мемлекет алдындағы борыш тәуекелдерін талдау нәтижесінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет алдындағы борышты қайтару бойынша шешім қабылдайды.
828. Мемлекет алдындағы борышты басқару процесінде тәуекелдің мынадай түрлері туындайды:
1) валюталық тәуекел - кредит шарттарын жасасу және ол бойынша міндеттемелерді іс жүзінде орындау арасындағы кезеңде орын алатын валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде ықтимал қаржылық зияндар.
2) кредит тәуекелі-қарыз алушылар өздерінің қаржылық міндеттемелерін төлемеу немесе мерзімін өткізіп төлеу салдарынан туындауы мүмкін залалдар.
3) төлем қабілетітілігі тәуекелі - қолайсыз сыртқы мән жайлардың салдарынан қарыз алушыда борыштық міндеттемелерді өтеуге кездесетін қиындықтарға байланысты тәуекел.
4) пайыздық тәуекел - бюджеттік кредиттер жөнінде пайыздық ставканы өзгерту мүмкіндігіне байланысты тәуекел.
829. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет алдында мынадай түрде қарыз тәуекеліне талдау жүргізеді:
1) мемлекет алдында орта мерзімді кезеңге берешек сома кредит шарттарының талаптарын (берешекті өтеу мерзімі, пайыздық ставкалар, айырбастау бағамы) негізге ала отырып, республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс көлемді болжамдайды;
2) жүргізілген болжамды есептеулерді дәл осындай кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштермен және республикалық бюджеттің өлшемдерімен салыстырады;
3) мемлекет алдындағы борыш тәуекелін олардың болжамданған ықпалын сипаттайтын тәуекелдерді айқындау және сипаттау жолымен бағалауды жүзеге асырады.
18-параграф. Үкіметтік сыртқы қарыздар, байланысты гранттар қаражаты және бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртібі
830. Несие шоты - қарыз беруші-бейрезидентте ашылған ағымдағы шот, онда тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушіге, сондай-ақ арнайы шотты толықтыруға тікелей төлемдер жүзеге асырылатын үкіметтік сыртқы қарыз немесе грант сомасы орналастырылады.
831. Қазақстан Республикасы Үкіметінің одан әрі қарыз алуын көздемейтін бірлесіп қаржыландырумен байланысты гранттарды қоспағанда, және грант туралы шартта өзгеше айтылмаған болса, үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар есебінен қаржылық операциялар бюджеттік бағдарлама әкімшісі қаражатты алуға арналған өтінімдердің негізінде шетел қарыз берушісінің немесе донордың атына жіберілетін нысан бойынша және қарыз шартына немесе байланысты грант туралы шартқа сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражатын бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті қарыз немесе байланысты грант туралы шартта көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
832. Несие шотынан қаражатты алуға арналған өтінімдерге 2 қойылатын қолдар тобы бұрыштама соғады, онда қойылатын қолдың бірінші тобы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға қойылған қолдың екінші тобы бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітілген. Бұл ретте, қойылған қолдың бірінші тобы мәртебесіне ие болу бюджеттік бағдарламалар шеңберінде үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты пайдалануды реттеумен және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен, екінші қойылатын қолдар тобы иегерлерінің мәртебесі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ төлемді алушы - ақшаны алушы деректемелерің дұрыстығына және растығына толық жауапкершілікпен анықталады.
833. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінімде бірінші топтың қолын алу және бірлесіп қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаражат алуға арналған өтініммен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналарды:
төлемнің мақсаты көрсетілген ілеспе хатты;
бірлесіп қаржыландыру бойынша қаржылық операциялар жүргізген кезде аумақтың қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт және келісімді тіркеу туралы хабарлама;
қарыз алу шарты немесе байланысты грант туралы келісімнің шеңберінде жасасқан келісімшарттарға төлемдер жүргізілген жағдайда осы келісімшарттарға сәйкес төлем жүргізілетін құжаттардың (орындалған жұмыстардың сертификаттары және/немесе сол немесе өзге қызметтердің берілгені туралы инвойстар, оның ішінде келісімшарттың талаптарында бұл көзделген жағдайларда, банктік кепілдіктердің көшірмелері) көшірмелері, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргізу кезінде, одан кейінгі кез келген өзгерістер мен толықтырулары бар көшірмелерін қоса алғанда, осы келісімшарттардың көшірмелері, сондай-ақ егер, бұл қарыз алу шарты және байланысты грант туралы келісім бойынша рәсімдермен көзделген болса, келісімшарттар жасасуға арналған шетелдік қарыз берушінің ресми мақұлдамалар көшірмелерін;
келісім-шарт жасалмай жүргізілетін шығыстар бойынша біржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшірмесін (шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, кіріс кассалық ордерлерді, түбіртектерді, қолхаттарды және өзге де құжаттарды);
үкіметтік сыртқы қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі қаржылық операцияларды қоспағанда, қарыз шарты бойынша немесе байланысты грант туралы келісім бойынша қабылданған қаржы рәсімдеріне сәйкес шетел қарыз берушісіне немесе донорға ұсынуға қажет құжаттардың көшірмесін;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрау салуы бойынша есеп беретін сомалар жөнінде қосымша ақпаратты, оның ішінде келісімшарттардың, жұмыс көлемі ведомостарының, инвойстердің, сертификаттардың электрондық нұсқасын;
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық комиссияның шешімін ұсынады.
834. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шоттан үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе байланысты грантты алуға арналған өтінімнің үкіметтік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар шеңберінде жасасқан келісімшарттарға және қарыз шартының талаптарына немесе байланысты гранттар туралы келісімге сәйкестігін тексереді, қол қояды және оны шетелдік қарыз берушіге немесе донорға беру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының соңғы айында үкіметтік сыртқы қарыз қаражаттарын немесе байланысты грантты алуға арналған өтінімдерді ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейін қабылдайды.
835. Осы Ереженің 831-833-тармақтарына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған несие шотынан, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған арнайы шоттан және бірлесіп қаржыландыру шотынан қаражат алуға арналған өтінімді мынадай жағдайда:
егер жүргізілетін қаржы операциясы қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнің талаптарына немесе қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнің шеңберінде жасалған келісім-шартқа қайшы келген;
республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісін қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулар жоқ немесе жеткіліксіз болған;
бюджеттік бағдарлама әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында, қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделген тиісті ережелер мен рәсімдерді бұзған;
жүргізілетін қаржы операциялары бойынша құжаттарда сәйкессіздік және қателік орын алған жағдайда оларды бюджеттік бағдарлама әкімшісі жойғанға дейін қабылдамауы мүмкін.
836. Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатын немесе байланысты гранттарды несие шотынан алу бюджетті атқару кезінде мынадай түрде:
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы түсімдерінің бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсімдер ретінде сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына аударған кезде;
ҚР ББС кірістер сыныптамасына сәйкес түсімдер мен шығыстар (бір мезгілде) ретінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тікелей берушілерге аударған кезде ескеріледі.
Осы Ережеде көзделген сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотына қаражат аудару шетел қарыз берушілерінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметіне қарыз қаражатын немесе байланысты грантты беретін донорлар қарыз немесе байланысты грант туралы шарт талаптарына сәйкес шоттардан қаражат алуға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің өтінімі негізінде жүргізіледі.
837. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына осы шоттан бұрын жүргізілген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, қарыз немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес көрсетілген шотты толықтыруға арналған үкіметтік сыртқы қарыз қаражаттарынан немесе байланысты гранттан басқа өзге де қаражаттар есепке алынбайды.
838. Сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарынан жобаларды іске асыруға байланысты бюджеттік бағдарламалар ұлттық немесе шетел валюталарында қаржыландырылады.
839. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шоттарға сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан айырбасталған қаражат қана есепке алынады.
840. Екінші деңгейдегі банк пен бюджеттік бағдарлама әкімшісі арасында жасалған шартқа сәйкес екінші деңгейдегі банк есептейтін сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы немесе сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотының шотындағы қалдыққа есептелген сыйақылар, сондай-ақ екінші деңгейдегі банк төлейтін өсімақылар түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша республикалық бюджетке есептеуге жатады.
841. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шоттарын ашуға шарттар жасасқан кезде мынадай тармақтарды:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарыз немесе байланысты грант туралы халықаралық шарттарына сәйкес ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы қаражаттың қозғалысы туралы үзінді көшірмелерді алу құқығын;
банктің төлем күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша арнайы шоттан төлемдер жүргізу міндеттемесін көздеуі қажет.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктердегі шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
842. Үкіметтік қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру қаражатын жұмсау бюджеттік бағдарлама әкімшісі төлеуге берілген шоттың және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінімнің негізінде жүргізіледі. Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім екі қойылған қол тобымен куәландырылады, онда бірінші топқа бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал екінші топқа - жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қол қояды.
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді он жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына және келісілу рәсімінен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелерін қабылдауға жоспарлы тағайындаулардың келісім-шарттар талаптарына сәйкестігін қарайды, қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарып береді.
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді келісу рәсімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолымен және жауапты орындаушы мөртабанының бедерімен расталады
Бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісуден кейінгі күнтізбелік он бес күн ішінде жарамды болады.
843. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған Үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты грант қаражатын жұмсау үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шетел валютасында ақша аударуға арналған өтінішті және осы Ереженің 133-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға арналған өтінімді ұсынады.
Сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінім қойылған қолдардың екі тобымен куәландырылады, онда бірінші топқа бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал екінші топқа - жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қол қояды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға арналған өтінімді бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттар мен келісімшарттардың талаптарына сәйкестігін қарайды және келісілу рәсімінен кейін қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарып береді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға өтінімді келісу рәсімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолымен және жауапты орындаушы мөртабанының бедерімен расталады.
844. Ұлттық валютада сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын жұмсау қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне сыртқы қарыздың немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына шетелдік валютаны қайта айырбастауға арналған өтінімді сағат 10-00-ге дейін береді. Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қаражатын жұмсау қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне бюджеттік бағдарлама әкімшісі беретін сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға төлеуге берілетін шоттың және өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қаражатын, қарыз немесе байланысты грант валютасынан өзгеше шетелдік валютада жұмсау қажет болған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтінімімен бірге қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне сағат 10-00-ге дейін сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан шетелдік валютаны қайта айырбастауға өтінімді береді. Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қарыз немесе байланысты грант валютасынан өзгеше шетелдік валютадағы сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылған шотқа шетелдік валютаны айырбастауға төлеуге берілетін шот пен өтінім бір мезгілде ұсынылады.
Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шоттан сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын жұмсау шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынатын сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алу өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
845. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында (сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы шотта) ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан қайта айырбасталған ұлттық (шетел) валютасындағы ақшаларды бюджеттік бағдарлама әкімшісі мақсаттылығы бойынша бес жұмыс күні ішінде пайдалануы тиіс.
Көрсетілген мерзім ішінде ұлттық (шетел) валютасындағы ақшаны пайдаланбаған не түгел пайдаланбаған жағдайда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі ұлттық (шетел) валютасындағы қайта айырбасталған (айырбасталған) сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотындағы шетел валютасындағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, оларды айырбастау үшін құжаттарды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы тармақта көрсетілген құжаттардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |