Сұрақтар мен тапсырмалар
М.Әуезовтің «Жетім», «Көксерек» шығармаларының идеялық-тақырыптық ерекшеліктерін айтыңыздар.
М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесін С.Дөнентаевтың
«Көркемтай», Қ.Кемеңгеровтің «Момынтай», «Жетім қыз» шығармаларымен салыстырыңыздар. Баланың ішкі жан дүниесін, психологиялық әлемін таныту Қасым бейнесінде қалай көрініс тапқан?
Оқуға ұсынылатын кітаптар
А.Әуезов. Бала Мұхтар. - Алматы: Жазушы, 1967.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. - Павлодар: Арман, 2004.
VI БӨЛІМ
1940-50 ЖЫЛДАРДАҒЫ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ
1 тарау. БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ - БІРТҰТАС КӘРКЕМ ПРОЦЕСС БӘЛІГІ
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында көптеген газет- журналдар өз жұмыстарын уақытша тоқтатты. 1941 жылы маусым айында «Балалар әдебиеті» журналының соңғы саны шықты. Қазақстанда шығып тұрған «Вожатыйға көмекші» журналы да тоқтады. Қолдарына қару алып майданға аттанған орыс балалар қаламгерлері А.Гайдар, Л.Кассиль, С.Михалков, Л.Пантелеев, В.Катаев т.б. болды. 1941 жылдың күзінде А.Гайдар қаза тапты. Соғыс кезінде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Хұсайынов, М.Хакімжанова, М.Иманжанов еңбек етті. Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілов, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Б.Бұлқышев, С.Омаров т.б. қолдарына қару алып, майданға аттанды.
Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ кеңес балалар әдебиетінің көтерген мәселесі - соғыс зардаптары салдарынан өздерінің балалық, жастық шағын жоғалтқан балалар, жастар тағдыры жайлы болды. Үш жүйеде өріс алды: біріншіден, жау тылында партизандармен бірге жүріп Отан үшін алысқан, ерлік көрсеткен, көп қасірет шеккен жасөспірімдер мен балалар ерлігі, олардың тағдыры сөз болды. Екіншіден, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Б.Бұлқышев сияқты жастардың ерлігі жайлы туындылар өріс алды. Үшіншіден, майданды қарумен, жылы киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған тылдағы ата-аналар мен балаларға арналған еді.
Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ балалар драматургиясы жанданды. 1945 жылы Алматыда «Жасөспірімдер театры ұйымдасты. Театр 1946 жылы бірінші рет М.Ақынжановтың «Алтын сақа» пьесасымен ашылды. 1948 жылы М.Иманжановтың «Жас өмір» пьесасы қойылды. Жасөспірімдер таетрының репертуары М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин». Хұсайыновтың «Көктем желі», «Алдар Көсе», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани», Қ.Сатыбалдинның «Аягөз ару», Р.Райымқұлов пен Қ. Исабаевтың «Ашынған жандар» пьесаларымен толыға түсті.Согыстан кейінгі уақытта балалар әдебиеті саласында ғьшыми-зерттеу жұмысы кең қанат жайды. Балалар әдебиеті баспасы жанынан Балалар кітабы Үйі ашылды. Бұл лаборатория әдістемелік және библиографиялық құралдар шығаруды жүзеге асырды. 1952 жылдың сәуір айында балалар әдебиеті бойынша Бүкілодақтық мәжіліс (совещание) өткізілді. Кеңес балалар әдебиеті сыны дамуындағы жаңа кезең 50-жылдардың ортасынан басталды. 1953 жылдан бастап Балалар кітабы Үйі кеңес балалар жазушылары жайында сын-библиографиялық очерктер сериясын шығара бастады.
Балалар мерзімді баспасөзі ел өміріндегі маңызды оқиғаларға ұйымшылдықпен үн қосып отырды, мектеп, пионер өмірі жайында хабарлаумен болды. «Вожатыйға көмекші» журналы 1946 жылы «Пионер» деген атпен қайта шыға бастады. «Дружные ребята», «Мурзилка» журналдары шығып тұрды. 1958 жылдың шілдесінен бүлдіршіндер мен сәбилерге арналған «Балдырған» журналы жарық көре бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |