Негізгілері:
-
Бинас А.В. , Маш Р.Д., Никишов А.И. и др. Биологический эксперименты в школе М. , Просвещения, 1990.
-
Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии: Учебник для студентов биологических специальностей. М., Просвещение, 1983.
-
Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавание биологии. М: Просвещение 1985.
-
Хрестоматия по методике препордавания биологии сост. И.Д. Карцева, Л.С. Шубкина. Учебное пособие для студентов педагогических вузов по биологическим специальностям. М. Просвешение , 1984.
-
Школьные программы и учебники по биологии.
-
Журналы Биология в школе
-
Колченко А.К., Энциклопедия педагогических технологий, Изд. КАРО, 2002.
Қосымшалар:
-
Анастасова Л.П. Сомастоятельные работы учащихся по общей биологии: Пособие для учителя. М: Просвещение, 1989.
-
Бруновт Е.Т. Малахова Г. Я. Сакалова Е. Л. Уроки анатомии и физиологии , гигиены человека. М. Просвещение, 1984.
-
Всесвятскии Б.В. Системный подход к биологическому образованию. М. Просвешение 1985.
-
Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Бруновт Е.Т. Воспитания учащихся в процессе обучения биологии. М. Просвещение 1984.
-
Калинова Г. С. Мягкова А. Н. Методика обучения биологии 6-7 классов: Растения. Бактерии. Грибы. Лишайники. Пособия для учителя. М. Просвешение 1989.
-
Кейран Л.Ф. Структура методике обучения как науки. М. Просвешение 1979.
-
Конюшко В. С. Как подготовить урок биологии: Пособия для учителя. Минск, Нарадная асвета, 1988.
-
Максимова В.Н., Груздева Н. В. Межпредметные связи в обучении биологии. М. Просвешение 1987.
-
Методика обучения в школьных курсах биологии ред. Д. И. Трайтак. М. Просвешение 1980.
-
Методика обучения ботанике ред. Н.В. Падалко., В.Н. Федоровой. М. Просвешение 1982.
-
Молис С. С. Молис С. А. Активные формы и методы обучения биологии: Животные . Книги для учителя. М. Просвешение 1988.
-
Муртазин Г. М. Активные формы и методы обучения биологии: Человек и его здоровье. М. Просвешение 1989.
-
Пономорева И.Н: Изучение экологии в школе : Экология растений основами биогеоценологии М. Просвешение 1978.
-
Пономорева И.Н:Экологические питания, их система и развития в курсе биологии Л. 1979.
ОБСӨЖ № 24.
ОБСӨЖ тақырыбы: Биологияны оқытуда пән аралық байланыстар
ОБСӨЖ жоспары:
а) пән аралық байланыстың мақсаты
б) күнделікті сабақ өткізуге пайдалану
в) пән аралық байланыстың қызметі
ОБСӨЖ мақсаты: Пән аралық байланыстың мақсаты күнделікті сабақ өткізуге пайдалануды үйрену.
ОБСӨЖ мәтіні: Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі.
Биология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады:
-
Бірінші – методикалық қызметі. Осы қызметті оқушылардың табиғаттануға, оның біртұтастығы мен дамуына дидактикалық - материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
-
Екінші – оқушының білімдік ой – санасын қалыптастырып, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.
-
Үшінші – тәрбиелік қызметі. Осы қызметті пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруда көмектеседі.
-
Төртінші – конструктивті қызметі. Оқу материалдарының мазмұнын, әдісі мен ұйымдастыру формаларын арттыруға көмектеседі.
Мектеп мұғалімдері күнделікті оқыту жұмыстарына пәнаралық байланысты іс жүзінде пайдалану кездерінде көптеген қиындыққа кездеседі. Оның негізгі себебі, пәнаралық байланыстар жайлы керекті оқу әдістеиелік құралдардың жоқтығынан.
Биологиялық курысынан сабақ беру үшін әрбір мұғалім пәнаралық байланысты «іс жүзінде» орындауы тиіс. Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады.
А) Биологияның әрбір курсының және басқа да пәндердің басты тақырыптарының арасындағы пәнаралық байланыстарды талдап, қосымша әдебиеттерді пайдалану.
Ә) Курстық және тақырыптық жоспарларды пайдаланып, пәнаралық байланысқа сәйкестендіріліп, сабақтың жоспарын құру.
Б) Нақтылы сабақтың тақырыбы бойынша әдістемелік тәсілдермен керекті құрал – жабдықтарды дайындау, тағы басқалар. Іс жүзінде орындауға қолданылатын әдістемелік тәсілдердің барлығы оқушылардың өз бетімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналады.
Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру және тәрбиелеу процестерін қалыптастыру.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек.
Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл – Фараби
ҚР – сы Тәуелсіздік алғаннан бері жас өспірімдерге тәрбие беру өзекті мәселе болып келеді. Тәуелсіз Республикаға біліммен қаруланған, жан – жақты дамыған, шығармашылықпен еңбек ете алатын дарынды адамдар қажет.Тәрбие мәселелерін шешу үшін биология пәні мазмұны жағынан да оқыту әдістері жағынан да тиімді және тәрбиелеудің барлық түрлерін қамтамасыз етеді. Сондықтанда биологияны оқытуда пәнаралық байланыста өткізу оқушылардың білімін дамытумен қатар тәрбиелік қызметінің де қалыптасуына үмкіндік береді.
Оқушылардың білімін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың негізгі үш тобына тоқталайық:
-
Оқушылардың білімін дамыту.
-
Алған білімін іс жүзінде қолдану.
-
Алған білімін бағалай отырып іскерлігін дамыту.
Әрбір мұғалім оқу материалының мазмұнын сараптай отырып пәнаралық байланыстарды анықтап, әр түрлі әдістерді пайдаланып, өз жұмысын іске асыру қажет. Ал тәрбие элементтеріне келетін болсақ, олар;
-
Дүниетанымдағы ғылыми көзқарасты
-
Ойлауды тәрбиелеу
-
Еңбек ету мәдениетін тәрбиелеу
-
Эстетикалық тәрбие
-
Этикалық тәрбие
Биология сабақтарында кең және жан – жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді.
Оқушылардық танымдық процестерін арттыру.
Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептері шығаруды үйрету.
Пән аралық танымды қалыптастырушы есептерді басты үш топқа бөлуге болады;
-
Бірінші – оқушының танымдық білімін арттыру:а ба:ыттал:ан есептер.
-
Екінші - теориялық білімдерді практикада пайдалануға бағытталған есептер.
-
Үшінші – Оқушылардың іскерлігін, ептілігін қалыптастырыуға бағытталған есептер.
Практикалық іскерлігін дамытуға арналған есептерді шығару барысында оқушының есептеу, өлшеу, эксперименттерді жүргізу, өз бетінше ойлану және т.б. іскерлік жақтарының дамуына мүмкіндік туады.
Оқушылардың іскерлігін, ептігін, төтенще құбылыстарды байқау жағын қалыптастыратын есептерде аса көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе тірі ағзалардың эволюциялық даму үрдісінде кездесетін құбылыстар қарапайым атомдардан – молекула – жасуша – ұлпа – мүше – мүшелер жүйесі – популяция – түр және одан да жоғары деңгейлеріне тоқтағанда оқушының дүниеге тірі табиғатқа көзқарасын қалыптастыратын нақтылы фактілерді, ғылымның басқа салаларындағы жаңалықтарды пайдаланған жөн.
Тәнтану курсында пәнаралық байланысты іске асыруда бірінші – проблемалық жағдайларды тудыру, оларды талқылау, танымдық есептерді шығарудың маңызы зор.
Мысалы «Бұлшық еттердің жұмысы» тақырыбында оқушылардың проблемалық мәселелерді шешуіне тура келеді.
« Неге адамның бұлшық еттері әртүрлі қимылдар жасаған кезде адам денесі қызып, жылу бөлінеді ? » Бұл жердегі шешуі талап етілген мәселелердің бірі - химиялық ээкзотикалық және эндотермия реакциялар кезінде энергияның өзгеруі физика пәнінен энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуы жайлы білімді пайдаланып, жұиыс істегенде еттен ағып шыққан көктамыр қанының температурасы салатамыр ( артерия ) арқылы сол етке келіп құятын қанның темпиратурасынан жоғары болатынын түсіну. Ал оқушылардың бір тобы өсімдіктер мен жануарлар курысын өткендегі тыныс алудың жасушадағы органикалық заттар тотығып, жылу бөлінетіндігі туралы білімін естеріне түсіріп жұмыс кезінде ет талшықтарындағы жаттығу үрдісінің нетижесінен бөлінген жылу деп жауап беруі мүмкін, ол жылуда экзотермиялық.
«Неге ет жұмыс істегенде көп, ал тұқым тыныс алғанда аз энергия бөледі ? » - деген сұраққа оқушылар физмка курысынан алған білімін есе алып «Жұмыс істеген еттерде механикалық энергия жылу энергиясына айналады» - дейді. Ал бұл жерде «механикалық энергия қайдан пайда болады ? » - деген сұраққа былай түсіндірме беруге болады: ет талшықтарындағы ақуыздар мен көмірсулар ыдырауының және тотығуының нәтижесінде химиялық байланыстардың түзілуінен энергия бөлінеді, қан плазмасы осының салдарынан жылуды сіңіреді, сөйтіп оның темпиратурасы жоғарылайды. Адам денесінде пайда болған тер буланғанда да артық жылуды қоса алып кетіп, адам денесіндегі жалпы температураны бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады.
Бақылау сұрақтары:
Достарыңызбен бөлісу: |