Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Қалыпты туу кезіндігі көмек



бет57/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115
акушерство китап

5.4. Қалыпты туу кезіндігі көмек
Туу – физиологиялық үрдіс, сондықтан адамның қатысуынсыз өтуі мүмкін. Табиғи жағдайда анасы кіндігін кеміріп тастайды, төлін жалайды, шуы кешеуілдеу кезінде жыныс жолдарынан аузымен тартады (етқоректілер).
Туу кезінде күтуші қызметшілердің міндеті байқау және жәрдемдесу, бірақ белсенді араласпаулары тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі туу кезінде неғұрлым белсенді араласу орын алса, соғұрлым шиеленісу жеңіл пайда болады. Жиі көмек анасы организміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан туу актісі ағымына араласу тек осыған тікелей көрсеткіш болғанда және асептика мен антисептика ережелерін қатаң сақтап жүргізілуі қажет.
Басты және негізгі талап - қызметкерлер қолының тазалығы. Қолды жылы сумен сабындап жуады және дезинфекциялық ерітінді бүркеді. Патологиялық туу кезінде көмек көрсету үшін арнайы дайындық қажет.
Қалыпты туу кезінеде малдың түріне қарамастан көмек анасының өнімділігін, денсаулығын және жаңа туған төлдің өмірін сақтау мақсатынан тұратын алдыналу шаралары қатарынан құрылады.
Төлдің басы көрінгенде бақылаушы аралықтың жағдайын бақылауы тиіс, ол созылған жағдайда жыртылудың алдын алу үшін қолмен ұстап тұру керек. Егер басымен аяқтары шықаннан кейін төл туу жолдарында кешіксе, онда оны қолмен немесе жіптермен аяқтарынан және басынан ұстап тарту орынды. Осы манипуляциялар жамбастық жатқан кезде міндетті, өйткені жамбас белдеуі шыққаннан кейін төл жамбасқа тірелгенде кіндік қысылып қалуы мүмкін, бұл төлдің асфиксиядан өлуіне әкеледі.
Төлді тартып шығаруын екі кісінің күшімен жүргізеді, осы операцияны тек күшену кезінде орындайды. Туу кезінде негізгі бір маңызды жағдай төлдің жатысын, орналасуын және дене мүшесін анықтау болып саналады. Баспен жатыс кезіндегі қалыпты туу ағымы келесі белгілермен сипатталады: туу жолдарынан алдыңғы аяқтары табандарымен төмен бағытталған, аяқтары басы жатқан жағдайда шығып тұрады. Жамбастық жатыста тек аяқтары табандарымен жоғары бағытталған.
Жаңа туған төл күтімі басты шара болып саналуы қажет: оны таза, үтектелген орамаға орналастырады, тыныс алу жолдарын шырыштан босатады, кіндігін байлайды; терісін кептіреді; таза орамамен немесе орамалмен сүртеді; уыз береді.
Жаңа туған төл аузын, мұрынын шырыштан тазалау және қағанақ сұйығын кептіру үшін таза сүлгімен, орамалмен немесе дәкемен сүртеді. Асфиксия белгілері бар нашар жаңа туған төлдер жамбасын көтереді. Көбіне жаңа туған төл анасымен қарым қатынасын үзілмеген кіндік арқылы сақтайды. Оны құрсақ қабырғасынан 8-10 см қашықтықта байлайды, сосын 1-1,5 см қашықтықта лигатурамен байлап кеседі. Ол үшін 5% карбол қышқылымен, лизолмен, йодпен сіңірілген қалың жіптен (жұқа жіп кіндікті кесіп тастайды) жасалған лигатура қолданады.
Кіндікті байлағаннан кейін жаңа туған төлді құрғағанша дейін сүртеді, өйткені дымқыл тері беткейінен булану арқылы суыну орын алып, ауру туады. Жаңа туған төлді дымқыл терімен 10-15ºС қалдыру өліммен аяқталуы мүмкін. Ысқылау тыныс алу органдарының функциясын күшейтеді және ішек қарын перистальтикасының жиырылуына мәжбүрлейді, сондықтан оны белсенді орындау қажет. Жаңа туған төлді анасына жақындату орынды, анасы оның терісін жалап, кептіреді. Жаңа туған төлді анасының жалауы шу түсуін жылдамдатады, жатыр тонусын жоғарылатады, сүт безінің секреторлық қызметін күшейтеді.
Әдетте жаңа туған төл тұруға және сүт безіне ұмтылуға тырысады. Оларды желінге жібермей тұрып, алдымен желінсау жоқтығына көз жеткізу керек және үрпілерді 3%-дық бор қышқылы ерітіндісімен сүрту немесе қайнаған сумен жуу қажет.
Анасында уыз болмаса онда басқа малдардың уыздарын немесе қолдан жасалған уыз (бұзауларға – 1 л жаңа сауылған сүт, 15 г балық майы, 10 г ас тұзы, 2-3 жаңа алынған тауық жұмыртқасы; құлындарға – сиыр сүтін қайнатылған сүтпен екі есе сұйылтып, 2 асхана қасығымен қант қосады 1 литрге).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет