Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Монополияға қарсы заңдармен оны жетілдерудің мәсе-лелері



бет30/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Монополияға қарсы заңдармен оны жетілдерудің мәсе-лелері – жарысушылық қатынастарды дамыту мен монополия-лық қызметі нарық жағдайында шектеудің негізгі. Дамыған ел-дерде монополияға карсы заңдылықтар нарық жүйесіне ыңғай-ластырылған, экономика саласындағы іргелі заң болып табыла-ды. Монополияға қарсы жақсы заң мен олардың органдары бар кезде барлық экономиканың тиімділігі кепілділікпен күшейе түседі. Бағалар тауар мен қызметтің өзіндік құның бейнеледі, нарық субъектілері өзіне жеке кедергілер жасап, бәсекелестіктің дамуына бөгет бола алмайды. Мемлекет монополияға қарсы рет-теу жолымен кәсіпкерліктің, бәсекелестіктің негізгі артықшы-лықтарына қол жеткізеді, атап айтқанда:

  • шығынды азайту мен жаңа өндірісті ашу негізінде баға-ны лажсыз төмендетуге.

  • ұйымдық, басқарушылық және экономикалық шешімдер;

  • ішкі салалық және салааралық капиталдың ауысуына;

  • инвестицияларды ауыстыруға;

  • өнім өткізу нарығын кеңейту және сол арқылы сұраныс пен ұсыныстарға қарай тауарларды қозғауға мүмкіндік туады.

Монополияға қарсы заңдылықтар жүз жылдам астам да-мып келеді. Ең алғаш рет ол АҚШ­та қарқынды даму кезінде пайда болды. Бұл заңдылықтардың басты актлері:

  • 1890ж. Шерман заңы Картельдің заңсыз келісімдері ту-ралы;

  • 1904ж. компониялардың бірігуін басқару туралы жоғары соттың шешімі;

  • 1914ж. Клейтан заңы. Сауда тәжірибесінде дискримина-цияға тиым салу.

  • 1936ж. Робинсон­Патман заңы. Баға дискриминациясына тиым салу;

  • 1950ж. Целлер­Кефовер. Компониялардың бірігуін бақы-лау туралы.

Қазақстан Республикасында монополияға қарсы заң 1991 жылдан қалыптаса бастады, оған дейін мүдеде болған жоқ. Осы-лайша бәсекелестікті дамытуға жағдай мемлекеттің алғашқы қалыптасу жылдарында жасалады.
1991 жылдың 11-маусымда “Бәсекелестікі дамыту және мо-нополиялық қызметті шектеу туралы” Заң қабылданды, ол кә-сіпкерлікті қолдау, нарықта бәсекені дамыту, сондай-ақ нарықта монополиялық қызметті және жағымсыз бәсекені шектеу және сақтандыру жөнінде шаралар белгіледі.
“Табиғи монополиялар туралы” 1998 жылы 9 шілдеде қабылданған Заң, 2001 жылы 10 шілдеде және 2002 жылы 16 тамыздағы осы заңға толықтырулар мен өзгертулер табиғи өкілетті органның құқығы мен міндеттерін анықтап берді.
Осы заңға сәйкес табиғи монополия қызметі саласына қыз-меттің мына түрлері жатады: магистралдық құбырлар арқылы мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау; электр және жарық энергиясын беру мен бөлу, газ бен газ конденсатын магистрал-ды және бөлгіш құбырлар желілері бойынша тасымалдау; жы-лытылатын қазандық станцияларында жылу қуаттарын өндіру; электр қуатын жүйеге техникалық диспетчерлік тәсіл қызмет көрсету. Магистралды бәсекесіз кірме жолдар мен техникалық мүшесіндік пен экономикалық қажеттілік жоқ кезде салудың қажетсіздігі: аэронавигация, аэропорттар қызметі, жергілікті же-лілерді пайдалынып телекоммуникация қызметі, су шаруашы-лығы жүйесі қызметі; халыққа жайлы пошта байланыс қызметі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет