Монополияға кірудегі кедергілер:
монополиялық құқықтар және тауарлар мен қызметтерді өндіру мен сатудағы артықшылықтар (кабельді телеэкран, авиа-тасымалы, банк ісі, медициналық қызмет көрсету үшін лицен-зиялар, авторлық құқықтар, патенттер және т.б.).
өндірілмейтін ресурстарға деген меншік (пайдалы қазба-лар, адамның дарыны және т.б.).
салаға кіру құны (жоғары бастапқы капитал).
сапасыз бәсеке (мысалы, бәсекелесті дискредитациялау).
Монополия фирма типі ретінде, әдетте, бір саладағы кәсіп-орындардың баға деңгейін бір қалыпты ұстау және бірігіп алған табыстарын бөліп алу уақытша үшін келісім жасауын немесе бі-рігуін білдіреді және оған келесі қасиеттер тән:
өндірістегі үлесінің жоғары болуы;
баға белгілеу мүмкіндігі;
монополиялық жоғары пайда табу мүмкіндігі.
Монополиялық бірлестіктердің түрі:
Картель – белгілі бір тауар нарығында бірігіп әрекет етін фирмалардың топтасуы және фирмалар арасында баға, нарықты бөлу, өндіріс көлемі, ресурспен жабдықтаушыларға қатысты бірыңғай саясат ұстану жөнінде келісім жасауды білдіреді.
Синдикат – сату концентрациясы (дайын өнім жалпы игі-лік ретінде сатылады).
Трест – бірлескен меншіктің негізінде шикізат сатып алу, тауар өндіру бойынша бірлескен әрекеттер.
Концерн – ресми түрде тәуелсіз меншік иелерінің фдивер-сификациясының негізінде бірігу.
Монополиялық бәсеке бәсекенің келесі шарттары бойынша ерекшеленеді:
аталған тауаралар мен қызметтерді жабдықтаушылар са-нының көптігі;
тауаралар мен қызметтердің дифференциациялануы;
баға деген бақылаудың шектеулігі;
салаға салыстырмалы түрде еркін кіру.
Олигополия бәсекенің келесі шарттарымен ерекшеленеді:
нарықты бірнеше ірі фирмалар бөліп алады;
біртекті, стантартталған (өндіріске арналған тауарлар, шикізаттар, материалдар) және дифференциацияланған (тұтыну-шылық тауарлар, мысалы, автокөліктер, электр құралдары, те-мекі заттары) өнімдермен өндіріледі;
бағаға бақылау жасау әр түрлі формада жүреді, мысалы, құпия келісім;
баға белгілеудегі нарыққа қатысушылардың бір-біріне тәуелді болуы;
салаға кірудегі кедергілердің болуы.
Үйлестірілмеген олигополия фирмалар арасындағы қаты-настың болмауымен және барлығын қолайлы болып табылатын тепе-теңдік нүктесінің болмауымен сипатталады; сұраныстың сынық қисығы үлгісін көрсетеді.
Таза монополия – белгілі бір өнім түрін бір өндіретін және сататын бір ғана компанияның болуымен сипатталатын нарық-тық құрылым.
Достарыңызбен бөлісу: |