Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Тақырып 9. Капитал. Ауыспалы айналым және айналым



бет31/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Тақырып 9. Капитал. Ауыспалы айналым және айналым.
Латын тілінен аударғанда «капитал» сөзі «басты» деген мағынаны білдіреді. «Капитал» түсінігі барлық өндіріс ресурстарын қамтиды: зауыттар, құрал-жабдықтар, темір және басқа жолдар, электр станциялары, шикізаттар, материалдар және т.б.
Капиталдың (қордың) ауыспалы айналымы - өндіріс пен айналымның аясы арқылы инвестициялық ресурстардың (өндірістік қорлардың) құнының қозғалысы, оның нәтижесінде ол үш кезеңді өтеді және кейін өндірістік, қаржылық және тауарлық нысанды қабылдайды.
Капитал формалары (түрлері)

Кесте 9-1. Капитал формалары


Ауыспалы айналым мен айналым. Өндіріс факторы ретінде капитал – бұл жаңа экономикалық игіліктерді өндіру үшін адамдармен жасалған ресурстар; өндіріс құралдары немесе инвестициялық тауарлар.
Кең мағынада капитал – бұл табыс әкелетін кез келген құндылықтар; осы тұрғыдан өндірістің барлық факторларын капитал ретінде қарастыруға болады:

  • физикалық (заттық, техникалық) капитал;

  • қаржылық капитал (несие қаражаттары, бағалы қағаздар);

  • табиғи капитал (жер, пайдал қазбалар);

  • адам капиталы (қабілеттер, дарын, білім, жұмысшының тәжірибесі).

Фирманың капиталы – бұл пайда табу мақсатында айналымға жіберілген құн, яғни, фирмаға тиісті барлық мүліктердің құндық бағасы:

  • машиналардың, құрал-жабдықтардың, құрылыстардың құны;

  • фирмаға тиісті басқа өндіріс факторларының құны (мысалы, жер);

  • кез келген өндіріс факторларын сатып алуға жұмсалуы мүмкін ақша қаражаттары немес қаржылық активтер (мысалы, «еңбек» факторын сатып алуға жұмсалатын еңбек ақы қоры).

Капитал құнын өнімге өткізу әдісі бойынша негізгі және айналмалы болып бөлінеді.
Құрылу көзі бойынша өзіндік және заемдық капитал болып бөлінеді.
Капитал пайдалану бағыты бойынша негізгі қорларды қайта қалпына келтіруге, қайта құруға, толық жөндеуден өткізуге жұмсалады және жаңа кәсіпорын салуға немесе бұрыннан болған кәсіпорынды кеңейтуге жұмсалады.
Кез келген фирма капиталы әр қашанда қозғалыста болып, үздіксіз қатй өндіріле беруін мақсат етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет