Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет36/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Шекті шығындар (МС) - дегеніміз әр бір қосымша өнім бірлігін өндіруге жұмсалған қосымша шығындар. Шекті шығындарды төмендегі формулалар арқылы анықтауға болады:
немесе

Шекті шығындардың (МС) көлемі өзгермелі шығындардың (VС) өзгеруіне байланысты болады,өйткені тұрақты шығындар (FС) қосымша өнімді өндіруге ықпал етпейді.


Кәсіпорынның шығындары қысқа және ұзақ мерзімде қарастырылады.
Қысқа мезімде кәсіпорынның қуаттылығын өзгертуге болмайды, бірақ өндіріс үрдісінде қолданылатын кейбір ресурстарды ұлғайту немесе азайту арқылы өндіріс көлемін өзгертуге болады.
Ұзақ мерзімде барлық ресурстарды өзгертуге және қуаттылықты ұлғайту мүмкіндігі туындайды. Ұзақ мерзім кезеңдегі шығындар өндірістің масштаб әсеріне байланысты болады. Өндіріс масштабының ұлғаюнан туындайтын масштаб әсері немесе үнемдеу орташа шығындардың төмендеуінде көрініс алады. Өсу масштабының өзгеруінен болатын әсер жағымды, жағымсыз және өзгеріссіз болуы мүмкін.
Жағымды масштаб әсері жағдайында, кәсіпорынның көлемі өскен сайын орташа шығындар төмендейді.
Жағымсыз масштаб әсері жағдайында, кәсіпорынның көлемі өскен сайын орташа шығындарда өседі, себебі масштабы үлкен өндірісті басқару қиынға соғады. Үнемдеудің орнына кәсіпорын залалға ұшырайды.
Кез-келген кәсіпорын шығындарды минимизациялау арқылы пайданы максимизациялауға ұмтылады. Пайданың мәні мен мазмұны келесі тарауда қарастырылады.
Экономикалық теорияда факторлық табыстардың құрылуы мен бөліну мәселесіне үнемі қызығушылық тудырадын. Бұл тарауда функционалдық бөліну нәтижесінде, факторлық табыстарды қолдану негізінде алынатын табыстарды талдаймыз.
Өндірілген өнімді сатудан алынған табыс қолданылған өндіріс факторларына байланысты бөлінеді. Еңбек ақы – қолданылған еңбекке, рента – қолданылған жер учаскесінің құнына, пайда мен пайыз - қолданылған капиталдың мөлшеріне, кәсіпкерлік табыс - кәсіпкерлік қабілеттілікке байланысты құрылады.
Пайда – бұл кез-келген кәсіпорын тиімділігінің негізгі көрсеткіші.
Жалпы алғанда пайда дегеніміз – белгілі бір уақытқа кезеңіндегі жалпы түсім (ТR) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма.



1. Бухгалтерлік пайда – түсім мен сыртқы шығындар арасындағы айырма. Шығындар сыртқы (айқын ) және ішкі (айқын емес) болады. Бухгалтерлік пайда ішкі, немесе айқын емес, шығындарды қарастырмайды. Сыртқы шығындарға сыртқы жеткізушілерге төленетін төлемдер жатады. Егер жиынтық түсімнен сыртқы шығындарды алып тастасақ, бухгалтерлік пайданы аламыз.
Ішкі шығындарға кәсіпорынның өз қызметімен байланысты шығындар жатады. Егер бухгалтерлік пайдадан ішкі шығындарды алып тастасақ, экономикалық пайданы аламыз.
2. Экономикалық (таза) пайда – кәсіпорынның жалпы түсімінен сыртқы және ішкі шығындардың сомасының айырмасына тең. Ол жағымды немесе жағымсыз болуы мүмкін.
3. Нормалды пайда - табыс (жалақы), немесе кәсіпкерлік еңбек үшін сыйақы.
Кәсіпорынның табыстылық деңгейі пайда нормасында байқалады. Пайда нормасы төмендегі формула арқылы анықталады:

мұндағы Р – пайда нормасы;
Р – ақша түріндегі пайда
К – авансталған капитал, яғни бастапқы өндіріске жұмсалған капитал


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет