Пайданормасы пайдалылық, табыстылық, өндіріс рентабельділігі дәрежесін көрсетеді. Пайда нормасы тікелей қосымша құн нормасына байланысты. Жалақы– бұл жұмыскерлерге, оның еңбегі үшін төлем. Қазіргі экономикалық теорияда жалақы ұғымы кең және тар мағынада қарастырылады. Кең мағынада бұл термин материалдық өндірістің түрлі мамандықтар қызметкерлерінің еңбек ақысын қарастырады.
Тар мағынада – бұл белгілі - бір уақыт кезеңінде еңбек бірлігін пайдаланғаны үшін төленетін төлем.
Жалақының номиналды және нақты түрлерін бөліп қарастырады.
Номиналды жалақы – бұл жұмыскерлердің еңбегі үшін төленген ақша сомасы. Номиналды жалақыны екіге бөлуге:
есептелген (салықтарды алып тастағанға дейін);
төленген (салықтарды алып тастағаннан кейін).
Нақты жалақы – бұл алынған еңбекақыға сатып алуға болатын тұтыну тауарлары мен қызметтердің мөлшері. Бұл үш факторға байланысты: номиналды жалақының көлеміне, салынған салық көлеміне, тұтыну бағасы деңгейіне байланысты.
Еңбек төлемін өлшеу тәсіліне байланысты жалақының екі түрі болады: мерзімдік, келісілген.
Мерзімдік еңбекақы – төлем көлемі жұмыс істеген уақытына байланысты анықталады. Бұл жерде өлшеуіш – сағаттық өлшем – жұмыс уақытының бағасы. Оны жұмыс істеген сағат санына көбейтіп 1 күн, апта, ай еңбекақысын есептеуге болады.
Келісілген еңбекақы (немесе, сандық) – жұмыскерлердің өндірген өнімі көлеміне байланысты анықталады.
Тақырып 11. Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика. Ұлттық экономика – бұл мемлекет масшабындағы салалық және аймақтық кеңістіктерде құрылымданған экономикалық іс-әрекет, ол сол мемлекеттегі қалыптасқан экономикалық, саяси және идеологиялық тәртіпке жауап беретін институционалды жүйемен реттеледі.
Ұлттық экономика ұдайы өндіріс бойынша және салалық белгілері бойынша жіктеуге болады.
Ұлттық экономиканың ұдайы өндірістік құрылымы - бұл қоғамдық өнімнің функционалды белгісі бойынша бөлінуін көрсетеді
Ұлттық экономиканың салалық құрылымы – бұл негізгі іс-әрекет бойынша түрлеріне шаруашылық жүйенің бөлінуі. Қоғамдық өндірістің құрылымы халық шаруашылық.пропорциялардың болуын талап етеді.
Оларды қарастырайық:
Жалпы экономикалық пропорциялар сандық арақатынастарды көрсетеді, мысалы тұтыну мен жинақтау арасындағы, өндіріс құралдарын өндіру мен тұтыну заттарын өндіру арасындағы және т.б. Олардың барлығы макроэкономикалық деңгейдегі қоғамдық ұдайы өндіріске жатады.
Салааралық пропорциялар – бұл қоғамдық өндірістің әртүрлі салалар арасындағы сандық арақатынастар, мысалы өндеу және қайта өндеу өнеркәсіптер арасындағы, өнеркәсіп пен ауыл шаруышылық арасындағы және т.б.
Сала ішіндегі пропорциялар – бұл саланың жеке өндірістерінің арасындағы сандық арақатынастар (мысалы, пиломатериалдарды дайындау және жиһаз жасау).
Мемлекет арасындағы пропорциялар – бұл әр түрлі мемлекеттердің ұлттық сала өндірістерінің арасындағы сандық арақатынастары.
Ұдайы өндірістіекі белгі бойынша жіктеуге болады:
1) алынған табыс ресурстарының пайдалану сипаты бойынша;
2) өндіріс факторларының сапалық сипаты бойынша.
Бірінші белгі бойынша ұдайы өндіріс үш түрге бөлінеді:
жай – бұл өндіріс үрдісінің өзгеріссіз масштабта қайталануы, себебі барлық алынған табыс жеке тұтынуға кетеді;
үлғаймалы – бұл өндіріс үрдісінің үлғаймалы көлемде қайталануы, себебі алынған табыстың жартысы қосымша ресурстарды сатып алуға жұмсалады, яғни осы ресурстар арқылы үлғаймалы масштабта өндіріс жаңарады.
тарылмалы - бұл өндіріс үрдісінің қысқартылған көлемде қайталануы.
Екінші белгі бойынша экстенсивті, интенсивті және аралас ұдайы өндіріс түрлерін бөліп көрсетуге болады.