Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

У. Бэтсон (1861-1926)
 
 
И. Г. Кельрейтер (1733-1860) 
 
Өсімдіктер мен жануарлардың ұрықтану үдерісі және жасуша құрамы 
мен оның бөлінуі жөніндегі зерттеулер тереңдей түсуіне байланысты, 
цитологиялық деректердің нәтижесінде белгілердің ата-анадан ұрпаққа 
берілуі жөнінде тұжырымдар жасалына бастады. Бұл тұжырымдар 
эксперименттік зерттеу жолымен жасанды нәтижелерге сүйенген. Осылайша 
тұқым қуалаудың корпускулярлық ілімі (Г. Спенсер, Ч. Дарвин), жасушадағы 
арнаулы тұқым қуалау заты болуын (К. Негели идиоплазма), ол материалдың 
жасуша ядросында орналасқанын, одан кейін дәлірек хромосомалар да (А. 
Вейсман, Хуго де Фриз) болатыны жөнінде пікір айтылған. 
А. Вейсман (1834-1914)
 
 
Хуго де Фри (1848-1935) 
 



XIX ғасырдың ортасында Г. Спенсор тұқым қуалау заты өз бетімен 
еселене алатыны жөнінде айтқан болатын, бірақ ол кезде бұл пікірді басқа 
ғалымдар қолдамаған. Бұл ғалымның ойының дұрыстығы тек қана 80 жылдай 
уақыт өткеннен соң ғана тәжірбиелік жолмен дәлелденді. Сондықтан XIX 
ғасырдың алғашқы жартысындағы әртүрлі өсімдіктердің тұқым қуалауы 
жөніндегі жүргізілген жұмыстары (Сажре, Ш. Ноден т.б.) елеусіз қалды. 
Тұқым қуалаудың негізін түсіну үшін 
Грегор 
Мендельдің 
(1822-1884) 
жүргізген тәжірибелерінің маңызы 
үлкен. 
Оның 
өсімдіктерді 
будандастыру 
арқылы 
ашқан 
заңдылықтары осы күнгі зерттеулерге 
де 
арқау болып келеді. Ұлты чех, 
Брюнне (қазір Брно) қаласындағы 
Францискан монастырының монахы, 
табиғаттану сабағын бере жүре 
бағбандықпен айналысқан. Ол көп 
жылдар бойы бос уақытын әр түрлі 
мәдени өсімдіктерді шағылыстырып 
(будандастырып), 
қолдан 
тозаңдандыру арқылы көп тәжірибе жұмыстарын жүргізген. Негізгі тәжірибе 
құралы ретінде ол бұршақтың бір-бірінен әртүрлі белгілері арқылы 
айырмасы бар түрлерін пайдаланған. Осының арқасында Г.Мендель қатаң 
тәртіппен ұрпақтан ұрпаққа берілетін белгілі бірліктер болатындығы туралы 
ілім жасаған. Бұл бірліктерді ол тұқым қуалау әсерлері деген, кейіннен бұл 
әсерлер ген деп аталады. 
Генді зерттеу тарихының атомды зерттеу тарихымен кейбір ұқсастығы 
бар. Әуелі тұқым қуалаушылықтың қарапайым бірлігі болуы керек деген 
болжау пайда болды. Ғылымның дамуына байланысты олардың материалдық 
құрылымы құрамы ашылды, оның адам басқара алатындай өте ұсақ 
бірліктерге бөліне алатындығы анықтады. 
Жеміс шыбыны – дрозофиланың генетикасын зерттей бастағанда 
американ биологы Томас Морган тобы өте көп еңбек етті олар Колумбия 
университетінің шағын зертханасында зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
Дрозофила шыбыны зерттеуге қолайлы нысан болып шықты. Томас 
Морганға жеміс шыбыны мен ғылыми тәжірибе жүргізу жөніндегі ой 1909 
жылы келген. Тәжірибе өте жылдам жүріп, тез арада көптеген нәтижеге 
жетті. 1911 жылдың басында осы зерттеулердің алғашқы қорытындылары да 
белгілі болды. Дрозофиланың барлық белгілері төрт топқа бөлінді. Бұл 
топтар тіркес тұқым қуалау топтары деп аталды. Сөйтіп, тұқым қуалаудың 
тағы бір ерекшелігі тіркестік заңдылық ашылды. Егерде дрозофила 
жасушасын микроскоп арқылы зерттегенде, онда төрт жұп хромосомаларға 
сәйкес болып шықты. Солай болуы да керек, себебі гендер бір хромосомада 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет