Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Грегор Мендель (1822-1884)



Pdf көрінісі
бет7/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Грегор Мендель (1822-1884) 


10 
болса, онда олар бір-бірінен ажыраспай келесі ұрпаққа тіркес берілуі тиіс. 
Осылайша тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы дәлелденді.
Генетиканың дамуына гибридологиялық 
талдау әдісінің үлкен маңызы бар еді. Осы 
бастапқы 
кезеңдердің 
өзінде 
гибридологиялық талдау қорытындылары 
мен цитология жетістіктері нәтижесінде 
цитогенетика ғылымы жарыққа шықты. 
Цитогенетика белгілердің тұқым қуалау 
ерекшеліктері мен мейоздық бөліну 
(жыныс жасушаларының бөліну түрі) 
кезіндегі 
хромосомалар 
әрекетін 
байланыстырды. Хромосома теориясы 
белгілердің 
ажырау 
құбылысына, 
қасиеттердің тәуелсіз тұқым қуалауына 
түсінік берді. Генетиканың дамуында 
генді рентген сәулелерімен зерттеу, 
мутагендік әдістердің ашылуына себеп 
болды.
Томас Хант Морган (1866-1945)
Осының нәтижесінде генді сыртқы әсерлермен өзгертуге болатындығы 
анықталды. Осындай зерттеулер арқасында генетиканың радиациялық және 
химиялық мутагенез саласы дамыды. Бұған совет генетиктері В. В. Сахаров 
(1923), М. Е. Лобашев (1934), С. М. Гершензон (1939), И. А. Рапопорт (1943), 
ағылшын ғалымы Ш. Ауэрбах (1944) зор еңбек сіңірді.
В. В. Сахаров
 
М. Е. Лобашев
С. М. Гершензон
 
Бұл ғалымдар геннің өте күрделі де, нәзік құрылысын зерттеуге жол 
ашты. Ген теориясы дамуында совет ғалымдары А. С. Серебровский мен Н. 
П. Дубинин (1929-1931) еңбектері ерекше орын алады. Олар алғаш рет геннің 
құрылысы жөніндегі теория негізін қалады. 


11 
Генетика Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуына және 
оның дамуына да үлкен үлес қосты. Эволюциялық генетика эволюция 
барысындағы сұрыпталудың генетикалық механизмін, гендер мен ген 
жүйесінің қызметін және мутациялық үдерістерді зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет